Жер құқығының түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті: Заң

Кафедрасы: Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу

СӨЖ

Тақырыбы: Жер құқығының түсінігі

Қабылдаған: Абдикарим Е.

Орындаған: Тухтабаев А.

Түркістан 2013

Жоспары:

1. Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.

2. Жер құқығының әдістері мен қағидалары.

3. Жер құқығының қайнар көздері.

4. Жер құқық қатынастары.

Жер құқығының түсінігі.

Жер құқығы - жер құқықтық қатынастардың айнасы болып табылады. Мемлекет жер қатынастарын реттеуге оны құрал ретінде пайдаланады, оған бағыт береді, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп беріп отырады. Соған қарай жер құқығы табиғат обьектісі ретінде жердің меншік түрін анықтап, жер құқық қатынастарын реттей отырып, жерді пайдалану құқығы мен жерді қорғау міндеті алдында барлық субьектілердің ынта-жігерін, қызығушылығын тең қарайды.

Жердің тіршіліктегі экономикалық маңызы мен әлеуметтік мәні ерекше қасиетке ие. Сондықтан да жер құқығының реттеуші тенденциялы нормалары құқық салаларының ішінде басты қоғамдық қатынас қатарындағы шаруашылық мәселелеріне үстемдік құрап отырады. Жер құқығының нормаларымен реттелетін жүйелі қоғамдық қатынастар жер құқығының өз кезегінде пәнін құрайды. Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Сондықтан жер құқық қатынастары - меншіктің ерекше обьектісі ретінде жерді халықтың пайдалану саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндылығының заңдық нысаны және иделогиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.

Сонымен жер - заттық құқық обьектісі болғанымен, оның құқықтық қатынастарын таза азаматтық құқықтық қатнастармен бірдей деуге болмайды. Жер мүліктік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән құқықтық қатынастар жүйесі бар. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге деген құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында жариялылықты, заңдылықты нығайту болып отырғандығын ұмытпаған жөн.

Жер құқығы құрылымына қарай, оның өзіндік жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімі жер құқығының салалық құрылымды жалпы ережелерді, құқықтық нормалардың мазмұнды түсініктерін, ал ерекше бөлімі жекеленген жер қатынастарының реттелу нормаларын қамтиды.

2-сұраќ. Жер құқығының реттеу әдістері - жер қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормаларды жүзеге асыру қызметін атқарады. Қазірге дейін жер құқық қатынастарында жердің тек мемлекеттік меншікті болып келуі императивтік (өтем) әдістің қолдану аясын басым бағытта қарастырғаны белгілі.

Бұл дегеніңіз мемлекеттің мүддесін көздейтін міндеттеу, шек қою, тиым салу және жер құқықтық жауапкершілікті негізге алатын тәсілдер жиынтығын басты назарға алуды көрсетеді. Жер құқықтық қатынастардың нарықтық экономикалы жағдайы бүгінгі күнде жерге жеке меншік институтын да қалыптастырды. (ҚР Жер кодексінің 3, 20-баптары) .

Соған орай жер қатынастарын дизпозитивтік әдіспен реттеу мүмкіншілігі де бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Мұның мәні жер реформасының жүргізілу бағыты халықтың жерге деген қызығушылығы мен конституциялық мүмкіндікті құқықтарын тең қорғауға кепілдік беруді көздейді. Сонымен қатар диспозитивтік (келісім) әдісінің жүзеге асырылу аясы тек жерге деген пайдалану, иелену және билік етуді қамтамасыз етудегі шарттарда ғана маңызы айқындалып қалмайды, ол жер құқықтық процессуалдық нормаларда да жер дауларын шешуде нақты пайдаға асады. Яғни, бұрындары кеңестік режимді кезеңде жер дамуының көпшілігі әкімшілік-әміршілдік әдіспен реттеліп отырса, бүгінгі күнде қандай да бір болмасын жер дауы соттың қарауына жатады.

Жер құқығының қағидаларына тоқталсақ, олар барлық жер қатынастары түрлерін бастамашы реттегіш қабілеттегі негіздемелер. Және олар жер заңдары нормаларын жүзеге асыру қызметінде өз маңыздылығын айқындап береді. Сонымен жер құқығының қағидаларын төмендегіше жіктеп көрсете аламыз:

- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

- Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- Жерді нысаналы пайдалану;

- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің басымдығы;

- Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;

- Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

- Жерді ақылы пайдалану.

3-с±раќ. Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз - қоғамдық жер қатынастарын реттеуге қабілеті бар нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық актілер.

Олар өз құрылымында әртүрлі үлгіде жасалуы мүмкін. Мәселен, заңдар, Президент жарлығы немесе кодекс ретінде. Бұған қоса жер қатынастарын реттейтін заң асты құқықтық актілер де, яғни үкімет қаулылары мен ережелері, инструкциялар, жергілікті жер қатынастарына шыққан шешімдер мен жасалған келісім-шарттар да жер құқығының қайнар көздері болып табылады. Ең басты қайнар көз ретінде жер құқықтық қатынастарын реттеуші мүмкіндікте Қазақстан Республикасы Конституциясын танимыз (1995 ж. 30 тамыз) . Одан кейінгі негізгі қайнар көз болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым) танылады. Жер кодексіміз 5 бөлім, 21-тарау 170-бапты мазмұннан тұрады.

Бұл Жер кодексінің өз алдында қолданыста болып, бүгінде күшін жойған жер заңдарынан ең басты ерекшелігі, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер санатын нарықтық айналымға түсіруде. Яғни, жерге жеке меншік институтының қалыптасуында деп білеміз.

4-с±раќ. Жер құқық қатынастары деп - Қазақстан Республикасының табиғи байлығы - жерге мемлекеттік меншік құқығының және заңдарда белгіленген шарттармен шектерде жеке меншікте болу негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрнісін беретін қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Мұнда жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында жерді пайдаланудың азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді.

Жер құқық қатынастарының түрлері мыналар болып табылады:

- жерге меншік және мүліктік қатынастар;

- жер қорын басқару органдарының қызметтері;

- жерге меншік және пайдалану құқығы иелерінің құқықтары мен міндеттері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Жерге меншік құқығы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Экология құқығының дәрістері
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz