XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы


XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы
XVII ғасырдың екінші жартысыңда, әсіресе, Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, онда сауат ашу, ескі славян және грек грамматикасы риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.
1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары, академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар XVIII ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсенді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында VIII ғ. бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М. ВЛомоносов, белгілі жазушы АД. Кантемир, архитектор және басқада белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды.
1755 жылы Москва университеттің ашылуымен жоғарғы оқу орны ретінде академия өз мәнін жойды және діни академияға айналды.
Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өcyi, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбейе түсті. Көп тиражбен әліппелер және т. б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.
Бірнеше рет қайта бастырылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XVII ғ. екінші жартысында Епифаний Славинецкий "Балалар тәртібінің ережелері" атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.
Епифаний Славинецкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қызықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі мектеп пен педагогикалық ой-пікір
XVIII ғ. басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан ол Батыс Еуропамен салыстырганда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы монғол-татарлар езгісінің салдарына байланысты түсіндіруге болады.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту максатында XVIII ғ. басында шешуші қаламдар алынған болатынды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет кайраткері Петр I тұрды. Өндіріс мекемелерінің күрылысы кең канат жайды, каналдар салынды. сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыңы. Білімнің практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырапия, минералогия, геодезия және математика сияқты салалары дамыды.
Бұл кезендегі ел еміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва обсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуға жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басып шығару, бірінші орыс газетін "Әскери және басқа істер туралы хабаршы" шығаруға шешім алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардын мектебі ашылды. Оның құрамына жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан баска арнаулы ғылымдармен танысты: навигация - теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғыльш, астрономия, жағырапия жоне жеролшсу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтии Магницкий жұмыс істеді. Ол математикадан алғашкы оқу құралын құрастырған, өз кезінін мәдениеттті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды - математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің мұғалімдерді және оқулықтарды жасаушыларды даярлады.
1715 жылы математикалық және навигациялық, ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы - теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі баска қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда - навигациялық және грамматикалық мектептер хирургиялық мектептер де ашылды.
XVIII г. басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В. Н. Татищевтің ұйымдастыруымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрылды. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың орынды ұштасып келуі, болып табылады.
Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге үмтылды. Бұл ұмтылыс Петр I өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінен жабық оқу орындарын ашуға ұлықсат алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік әскери мекеме - кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлауға тиіс болды.
М. В. Ломоноаштың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындагы ролі (1711 - 1765)
Ресей ғылимы мсй ага рту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдіц грамматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.
Ол 19 жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбексүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 32 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жолдама алады, содан кейін білімін жалғастыру үшін шет елге жіберіледі.
1741 жылдан М. В Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А. С. Пушкин өте орынды бағалады: "Ғажайып күш-жігерді ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының дәмін татты. Ғылымға деген шөлдеу жандүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минеролог, суретші және ақын - ол бәрін сынап көрді бәріне бойлай білді".
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстану негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы - материя мен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М. В. Ломоносовтың ғылымга сіңірген енбегін европа ғалымдарының - замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясының құрметті мүшесі (1760ж. ) және Балон академиясьшың құрметті мүшесі болып (1763ж. ) сайлануы, ал француз ғалымы Н. Леклерктің мойындауынша, М. В. Ломоносовтың есімі "адамзат ақыл-ойының жылнамасында бір дәуірді құрайды" деп жоғары баға берген болатын.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға токталды.
Ломоносонтың айтуынша, жоғары мектептін, өзінің "Регламенті" (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі кажет.
М. В. Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан-теңіз.
"Эксперименталдік физика" (латын тілінен аударылған), «Риторикаң, "Ресей грамматикасы" - орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. "Ресей грамматикасымен " орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыды.
Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы
XVIII ғасырдың II жартысында көптеген орыс зиялылары арасында М. В. Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогресивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде оте негізгі мәселе ретінде "табиғи ресейліктерден" ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне койылды.
Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастырылуы қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.
1755 жылы сәуірде М. В. Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz