Иса Қазыбек


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Иса Қазыбек

Қазыбек Жарылқасынұлы 1962 жылы (бұрынғы Киров) Мақтарал ауданындағы «Бірінші май» ауылында туған. 1969 жылы Шардара ауданындағы «Восход» орта мектебіне барып, 1979 жылы «Қызылқұм» орта мектебін бітіреді. 1979-84 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «көркемсурет- графика» факултетін бітіріп шығады. 1984-91 жылдары «Қызылқұм» орта мектебінде ұстаздық етеді. 1991 жылы Алматыдағы республикалық «Жас қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі, 1993 жылы «Өркен» газетінің бөлім редакторы, 1999 жылы «Қазақпарат» баспа корпорациасының вице-президенті, 2000 жылғы мамырдан «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, «Жас қазақ» ТГР ЖШС - нің бас директоры.

Ақынның жырлары 1984 жылы «Аудитория» 1988 жылы «Тоғыз перне» деген ұжымдық жинақтарға енген. 1996 жылы «Керімсал» деген жеке кітабы шықты.

Ақын1998 жылғы республика президенті стипендиясының иегері, Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдығына байланысты 1999 жылы өткен мүшайраның үшінші жүлдегері, Түркістанның 1500 жылдығына орай өткен халықаралық мүшәйраның үшінші жүлдегері. Қазқстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазыбек Иса Алматы да тұрады.

« Жас қазақ үнін» бар қазақ үніне айналдырды

Кеше ғана секілді еді, газет ашсақ деген идеямен Ұлы Абай ескерткішінің алдына жиналғанымыз. Енді ғана, он жылдан соң ойлап отырсам, Абайдың қасына бекер жиналмаған екенбіз-ау. Газетіміз содан үш айдан соң, тура Абайдың туған күнінде 10 тамызда дайын болды. Ұлы Абаймен қабаттаспайық деп, 11 тамыз күнін қойып едік.

Қасымдағылар қазақтың қалам ұстаған өрімдей жастары Әмірхан Балқыбек, Ақеділ Тойшанұлы, Болатбек Төлепбергендер еді… Енді жұмысты бастағанда Өзбекстаннан Қонақбай Саттаров келді. КазГУ-де оқып жүрген Гүлбиғаш Омарова сабақтан бос уақытында қатысып жүрді. Жанарбек Әшімжан мен Әлібек Шегебай ойлы мақалаларымен ат салысып тұрды.

Газеттің тіркелуі біраз жыр болды. «Жас қазақ» деген атты тіркете алмаған соң, үш айдан кейін «Жас қазақ үні» болып тіркелуге тура келді. Сол кездегі министр «Жас қазақ» деген атты қимады бізге, әйтеуір… Әлі тіркелмеген «Жас қазақ» пен жас министрдің арасында айтыс басталып кетті. Сол кезде енді шыға бастаған, қазақтың көрнекті ақыны Мейірхан Ақдәулетов басқарып отырған «Алтын орда» газеті мен жаңадан ашылған тұңғыш интернет-газет «Навигатор» мен КТК арнасы бізді қолдап, материалдар берді. Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбайға хат жаздық… Әйтеуір, тіркелдік-ау. Сөйтіп жүргенде Абайдың да туған күніне тура келіппіз… Кейін бір кездескенде әлгі министрдің «Жас қазақ үні» газетінің бөлім редакторы Болатбек Төлепбергенге «елді шулатып алып, шығып жатырсыңдар ма?»- дегені бар еді…

Тұңғыш нөмірімізде қазақтың қас батыры Қасым Қайсенов ақ батасын беріп, заңғар заңгер Салық Зиманов бастаған тарландар ақ жол тілеген еді. Талай тұлғалар газетімізге ықыласын танытып жатты. Алғашқы кездегі қиындықтар мен қаржы тапшылығынан жастарымыз біраз қиналды. . Бұл кезде «Жас қазақтың» бетінде жарқырап көріне бастаған оларға үлкен газеттер де «құда түсе бастады».

Өсіп бара жатқандарды, әрине, тоқтатқан жоқпыз. Қазір бәрі белгілі басылымдардың белді қызметкерлері, талантты қаламгерлер ретінде елге танымал.

Тұңғыш нөмірде-ақ жарқ ете қалып, өзіндік ой-пікірімізбен даралана бастадық. Облыс әкімі З. Тұрысбеков пен Мәжіліс депутуты Т. Қосмәмбетовтен майдангерлердің қолды болып кеткен 250 жеңіл көлігін сұраған мақаламызды орыс тілді баспасөз «ерекше батылдық» деп бағалады. «Рахманқұл Бердібай бастаған тарландар салмақты дүниелерін «Жас қазаққа» бере бастады… Ол кісінің «Хазария қасыретін» орыс тілді басылымдардың айыптағандары көп болды. Газеттің әр нөмірі қиындықпен шығып жатты. Сол кездегі он шақты газеттер, партиялар мен қаржылық топтардың да басылымдары бар, қазір жоқ, жабылып қалған. Бізді, ұлт мүддесін қорғаушы газетті жабылып қалудан аман сақтап келе жатқан да, ұлттық намыс еді… Сонымен бірге газет шықпай жатып, «ертең-ақ жабылып қалады», - деген мысықтілеушілерге деген қарсылық болатын. Соған қарағанда олардың да пайдасы бар ғой деймін…

Әрине, Ислам Әбішев бастаған қазақы қаны бар қайраткер азаматтар қам­қорлық көрсете білді. Газеттің екінші тынысы 2003 жылы сол кездегі Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, руханиятқа қамқор рухы биік қайраткер Мұхтар Құл-Мұхаммедтің азаматтығы арқасында ашылды. Қабылдауына кіргенде «мемлекеттен бір тиын алмасаңдар да, мемлекеттік мүдде мен ұлт намысын қорғап келе жатырсыңдар, тендерге қатысыңдар», - деген бір ауыз сөзі бізге үлкен жігер берді. Содан бері әр жылда министріне байланысты бірде көп, бірде аз мемлекеттік тапсырыс алып келеміз. Бірақ тапсырыстың тасасында қалып қойған жеріміз жоқ. Айтарымызды ащы да болса, ашық айтып келе жатқанымызды оқырман қауымы жақсы біледі. Иә, әрине, белгілі қаламгер-баспагер Ырым Кененбаев секілді үлкен жүректі атпал ағаларымыздың да шарапаты көп тиіп келеді.

«Жас қазақ үні» газетінің жарқырап көрінген тұсы - 2004 жылы қазақ тіліне қарсы шыққан парламент депутаттарын сойып салып, қара тізімін жариялаған «Мемлекеттік тілді табанға таптаған Парламент таратылуы тиіс!» атты мақала еді. Сең қозғаған сенсациялық мақала қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Бұны барлық қазақ газеттері көшіріп басты. Жазушылар Одағына бүкіл зиялы қауым жиналып, Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдады. «Егемен Қазақстанның» өзінде Шерхан Мұртаза : «Кімнің кім екенін білгің келсе - «Жас қазақ үнін» оқы!» деген әйгілі сөзін айтып, үлкен мақала жазды. «Қазақ әдебиеті газеті»: «Жас қазақ үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты», -деп жазды. Оянған ел бүгінде қоғамда рөлі партиялардан да үлкен «Мемлекеттік тіл» атты мұзбалақ ақын Мұхтар Шаханов басқаратын қозғалыс құрды. 2004 жылғы сайлауда осы тізім бүкіл депутаттардың алдынан шықты. «Қазақ тіліне қарсы шығып, не бетіңмен келіп отырсың?» дегенді 90 пайыз депутат естіді. Бірақ олар бәрібір қайтадан сайланды… Себебі бізде сайлауды «тағайындау» десе де болады. Оның үстіне олар қазаққа қарсы шықты ғой… Бізде қазаққа қарсы шыққандар министр болады, депутат болады… Ал қазақты қорғағандар теперіш көреді… Жазылмаған заңымыз сондай. Кеше ғана елді дүрілдеткен Ұлттық доктрина кезінде де «Жас қазақ үні» жасындай жарқылдады. Бас директоры да, бас редакторы да, бөлім редакторы да аштық жариялауға бекініп, мәлімдеме жасаған жалғыз басылым - «Жас қазақ үні» болды.

«Жас қазақ үні» десе, жастықтан басын жұлып алатын шенеуніктер мен мәңгүрттер газетімізді оқымақ түгілі алуға қорқатынын байқадық алаңда сол кезде …

Президент, Парламент сайлауларына белсене қатысып, 100 мыңдаған данамен тарадық. Ұлт мүддесіне, қазақ тіліне қарсы болған, шектен шыққан шенеуніктерді, министрлерді, әкімдерді аяған жоқпыз. Кейбіреулерін орындарынан кетіруге де үлес қостық деуге де болады. Тілімізді, дінімізді, ділімізді қорғап келеміз. Бұл жолда ешкімнің шен-шекпені мен атақ-абыройына қараған жоқпыз.

Интернетте жазылып, ел ішінде айтылып жүрген «Жас қазақ үні» - нөмірі бірінші ұлтшыл басылым, »- дегенді де, «Қазыбек Исаның мақалаларын оқысаң, Ақорданың алдында асылып өлгің келеді…» (Abai. kz) дегендерді де біз қатты айыптау емес… нақты байыптау деп қабылдаймыз. Ұлттық мүдде жолында ханға да, қараға да қарамай, әділін айтып келеміз. Соның арқасы болар, газетіміздің аты естілсе, ерекше ықыласын жаудыра жөнелетін ел көп. Ұлттық қаны бар саясаткер Ерлан Қариннің «қазақ газеттері саяси партиялардың рөлін атқарып отыр»- деген сөзі дәл қазақ баспасөзіне дәл берілген баға деп білеміз.

Қазақтың қалың мұңы мен қаптаған әділетсіздікке қарсылығын және өздеріне деген ойымызды қазақ тілін білмейтіндер де білсін деп, бір жарым жылдан бері біраз беттерімізді орыс тілінде де шығарып келеміз. Соның арқасында орыс тілді авторларымыз да көбеюде. Аллаға шүкір дейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасиетті сандар
Киелі сандар
Қазақтың ұлдары
Киелі сандардың қасиеті
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ НҰРҒИСА
Ономастикалық атаулар жаңа қазақ әліпбиі кеңістігінде проблематикалық мәселелері және шешу жолдары
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Қазіргі шешендік сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz