Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Лекция № 1. Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Лекция №2
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
Лекция № 3
Тақырыбы: Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері.
Лекция №4
Тақырыбы:Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
Тақырыбы: Лекция № 5
Тақырыбы: Жасөспірімдер эндокринологиясы
Лекция № 6. Тақырыбы: Тірек. қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері
Лекция № 7
Ас қорыту органдары, оның жас ерекшекліктері. Зат пен энергияның алмасулары
Лекция № 8. Тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері. Қан айналу органдары
Лекция № 9. Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінің жас ерекшеліктері
Лекция №10. Тақырыбы: Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.
Оқулықтың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1. Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьлықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
4. Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының басқа ғылымдар мен байланысы.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология (яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.

а) негізгі:
1.Химич.Г.З,Суркова.О.А. Возрастная физиология и валеология (1) Павлодар.2003ж
2.Химич.Г.З,Суркова.О.А. Возрастная физиология и валеология (2) Павлодар.2006ж.
3.Дүйсембин.Қ.Д. Алиакбарова.З.М.Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы.Алматы: “Дәуір”2003ж
4.Мектеп гигиенасының негіздері. Алиакбарова.З.М. Екінші басылым. Алматы 2004ж.
5.Смирнов.В.М.Нейрофизиология и ВНД детей и подростков.М.Академия.2000г.
6.Жұмабаев.С.Ж. Жас ерекшілік физиологиясы.1997ж.
7.Рымжанов.К.С.Төленбек.И.М.Адам және жануарлар физиологиясы.Алматы 2000ж.
ә) қосымша
8.Демеуов.Ж.Д, Бекетаев.А.М.Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.Алматы 1997ж.
9.Өмешұлы.Ә. Салауытты өмір- денсаулық кепілі.Алматы; “Білім” 1999ж.
10.Сәтпаева.Х.Қ,Нілдібаева.Ж.Б.Адам физиологиясы.Алматы “Білім”1995ж
11.Дүйсембин:Қ.Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы.Алматы 2001ж
12.Қасыбаева.Қ.Анализаторлардың жас ерекшеліктері.Алматы “Дарын”2002ж
13.Бабашев. А.М.Орталық нерв жүйесінің анатомиясы,физиологиясы және эволюциясы.Алматы 2003ж
14.Демеуов.Ж.Д,Бекетаев.А.М.Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.Алматы.1997ж

9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция № 1
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Жоспары:
1.Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәніне кіріспе, әрі қысқаша
шолу.Бұл пәннің педогогика және психология пәндерімен байланысы және оқу-
тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы туралы.
2.Жас физиологиясы педагогикалық барлық ғылымдардың теориялық негізін
жасайды, әсіресе мектеп гигиенасының ғылыми негізін жасайды.
3.Мектеп гигиенасының оқушылар денсаулығын күшейту мен сақтау үшін
маңызы ерекше, әрі дені сау қаплыптасқан жастарды тәрбиелеудегі орны да
бөлек.Бұл пәндердің бір-бірімен байланыстары және даму сатыларына
сипаттама.
Лекция мақсаты: .Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәніне қысқаша
шолу.
Лекция мәтіні:
1.Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды:
адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің
жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа
байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті
жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты
физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән,
мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері;
олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының
әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән
ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар
мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы,
жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология,
педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және
табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің,
оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау,
сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің
дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті
жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін
күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек
кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән
мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге
арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін
қамтиды.
Оқулықтың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1. Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас
өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьлықтары туралы дұрыс түсінік
қалыптастыру.
Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің
негізімен таныстыру.
Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй
(эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас
ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің
болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі,
талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен
жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының басқа ғылымдар мен
байланысы.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір
саласы.Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен
торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың
функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология
(яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын
организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке
мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен
қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Жасқа байланысты физиология
мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі
педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие
жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің
өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық
ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен
қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының
жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу
мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам
анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен
пайдаланады.
Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының
дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам
организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының
негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды
емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның
организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай
анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан коне
Греция мен Рим империясындағы дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса
оның қызметінде зерттей бастаған. Дегенмен тек қана 1628 жылы ағылшын
ғалымы Уильям Гарвей организмнің негізгі қызметінің бірі - қан айналысын
бақылап, сол арқылы жан-жануарлардың функциясы туралы адам білімінің
алғашқы жаңа негізін қалады.
17 ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организмнің
рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты 19-
20 ғасырларда орыс ғалымдары И. М.Сеченов, И. П. Павлов және олардың
әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты.
Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын
зерттеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Рақышев т. б. ғалымдар мен олардың
шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл
жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ.
И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын
(болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат
салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы
физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен
оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I.
А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен
олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына
әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері
арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер
анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде
өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық
заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың
емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.
Академик Н.О.Базанованың шәкірттері профессорлар Қ. Д. Дүйсембин, Т.О.
Измайлов, 3. Қ. Қожебеков, Б. Н. Никитин, К. Т. Ташенов организмнің ас
қорыту ерекшеліктерін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін,
сүттің пайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердің сүтсіздігін
(агалактия) және оның бала организміне тигізген әсерін зерттеп үлкен
табыстарға жетуде. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары -
нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына
профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Ж.Тілеулин, С.Т.Төлеуханов және олардың
шәкірттері үлесін қосуда.
Мектеп гигиенасы жалпы гигиена (гигея - емдеуші, денсаулық әкелуші)
ғылымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы
ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған
шараларды зерттейтін ғылым.Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтік-
экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы
оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, оларды жүзеге
асырып, бақылайды. Халық денсаулығы, әсіресе халықтың болашағы - балалар
мен жастардың денсаулығы әлеуметтік мақсат болғандықтан, табиғатты қорғау
және табиғи қорларды пайдалануды жонге келтіру, денсаулық сақтауға қажетті
мөлшерлерді жасына сай анықтап, оны іске қосу мәселелерін гигиена ғылымы
шешеді.
Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалап, гигиеналық-санитариялық
жұмысты жонге келтіруге, қоршаған сыртқы ортаны залалды заттардың әсерінен
сақтау мәселелерін шешуде ҚРҮҒА-ның мүше-корреспонденті, медицина
ғылымының докторы, профессор Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов
және олардың шәкірттері көп еңбек етті. Қазақстандық ғалымдар Арал мен
Балқаш, Семей экологиялық жағдайларына коп коңіл боліп, халықтың
денсаулығын сақтау, үлкен қырғынға ұшырататын ауруларды болдырмау жолдарын
іздеуде көп еңбек сіңіріп жатыр.
Профессор Б. А. Атшабаров өзінің шәкірті Б. А. Әбеуов екеуінің ашқан мидың
қан айналыс ерекшелігін зерттеу тәсілінің жаңа түрін, өндіріс
орындарындағы ауыр металдармен улану, оның миға әсерін анықтау жолдарын
ұсынды. Қазірде гигиенаның үлкен мәселелерінің бірі -үлкен өндірістер мен
ірі қалаларда ауыр металдармен уланудың алдын алу мәселелерін шешу.
Академик Т. Ш. Шарманов пен профессор А. А. Алдашев Қазақстан
жағдайында тамақтану ерекшеліктерін ұзақ зерттеп, адамға қажетті
витаминдердің мөлшерін анықтады және авитаминоз ауруларын емдеу тәсілдерін
ұсынды.
2. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы. Анатомия мен
физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене
құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек
басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар
организмін зерттеуден басталады. ондай зерттеулер тек қана 18-19
ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.
Сондықтан да негізгі зерттеулер балалар ауруы мен олардың алдын алу
мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда Н. Ф. Филатов, П. Ф.
Лесгафт секілді дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады. П. Ф.
Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне
байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін
дамытумен байланыстырады.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының
педагогика мен тәрбие жүмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей
бастады.
К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-
тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою
мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов "Балаларды тәрбиелеу мен оларды
дамыту физиологияға негізделуі керек," — дейді.
Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейін П. К. Анохин
дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер
жүйелерінің гетерохронды (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт) түрде болу
негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. Л. К.
Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде
дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы
жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен
әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұлай
бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін,
мықтылығын көрсетеді. Ал мүның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде
көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. П. К. Анохиннің әріптесі
А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі
организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы
екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай
болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы,
оның жеке болімдерінің түрақты қалпына тез келуін қамтамасыз
етеді.Биологиялық жүйелердің беріктілігі онтогенездік даму барысында
бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі.Өсіп, дамып
келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын
бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу зандылықтарына
орыс ғалымдары И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г.
Хрипкова, т. б. олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты
рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің
қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы
ортаның жағдайларына бейімделу заңдары анықталды, балалар мен жастарға
арналған оқулықтар шықты.
С. М. Громбахтың 1975 жылы тапқан мүшелер мен мүшелер жүйелерінің
қызметі әр кезеңде белгілі бір саты жоғары артып, дамуға дайын түратындығы
бала организмін түсінуде маңызы зор. Бүған қоса, 1969 жылы А. А. Маркосян
тапқан физиологиялық жүйелердің беріктігі мен қалыпты тіршілікті сақтау
қабілетінің жоғары дәрежеде болуы, 1975 жылы ұсынған П. К. Анохиннің
бейімделу реакцияларының жүйелі ұйымдасуы туралы қағидасы бала
организмінің даму заңдарын жете түсініп, дұрыс зерттеу, жөндеп тәрбиелеу,
бағытталған тәрбие және оқу жұмыстарын ұйымдастыруда маңызы жоғары болып,
көптеген жаңалықтарды ашуға жол салды. Қазіргі кезде баланың онтогенездік
дамуында жүйкелік және психофизиологиялық қызметтерінің жүйелі дамуын
талдап, мидың қүрылыстық және функциялық жетілуі зерттелді. Орталық жүйке
жүйесінің даму кезеңдері және әртүрлі жастағы балалардың миының қызмет
қабілеті анықталды. оған қоса эндокринді, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару
жүйелерінің, заттар мен энергияның алмасуының жас ерекшеліктері анықталды.
Әсіресе, 12 жасқа дейінгі балалардындене құрылысы мен функциялық
ерекшеліктері бірсыпыра шамада зерттелді.Балалар организмінің қалыпты
физиологиясын білу олардың денсаулығын сақтауда маңызды деректер берді.
(Жасқа байланысты адам денесінің қүрылысы мен қызметін зерттеудің
порменді дамыған мерзімі біздің заманымыздың 60-80-ші жылдары.
3. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс
жүйесінің қызмет ерекшеліктері, газ алмасу ерекшеліктері, жүрек-қан
тамырлары жүйесінің осіп дамуы, балалардың ас қорытуы, олардың зәр шығару
жүйелерінің қалыптасып, осіп жетілуі мен қызмет ерекшеліктері толығынан
зерттелді деуге болады. Жасқа байланысты адам денесінің құрылыс және
қызмет ерекшеліктерін анықтауда бірсыпыра еңбектер спорт пен қара жұмысқа
байланысты зерттеулердің негізінде жасалған организмге ауыртпалық түскенде
мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметінің озгеруін анықтау арқылы бала
организміне молшерлі еңбек пен спорт ойындарымен шұғылданудың тиімді
жолдары анықталды.
Мектеп гигиенасы ғылымының нағыз қалыптасуы мен дәуірлеуі 19 ғасырдың
ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен
эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен
байланысты. осы кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз ғылымдар саласының
бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді. 19 ғасырдың орта шамасында
алғаш рет табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін мол пайдаланып қойған
тәжірибелердің арқасында гигиенаның бүл жаңа саласы күшті дами бастады.
Балаларды тәрбиелеу жағдайларына байланысты олардың денесінің дамуы
анықталды. Жақыннан көру қабілеті баланың сыныптан сыныпқа кошкен сайын
үдеп, көбейе түсетіні көрсетіліп, оны болдырмау шаралары жазылды. Бұл
көздің өткірлігін төмендетпеу үшін сынып бөлмесіндегі жарықтың, мектеп
жиһаздарының әсерін көрсетіп, партаның алғашқы құрылысын жобалау, сабақ
жүргізуге арналған талаптарды ұсынуға мүмкіндік берді. Мектеп гигиенасының
нағыз дамыған мерзіміне XX ғасырдың 70-90-шы жылдар жатады. Бұл кезде
ғьлыми зерттеулер арқылы балалардың өсуі мен дамуы тікелей олардың
денсаулығына байланысты екені анықталды. Нашар өскен балалар дәрігерге жиі
барып, түрлі аурулармен көп ауыратыны белгілі болды. Кейбір созылмалы
аурулар балалар бақшасының ересектер тобында жүргенде пайда болып, олардың
мектептегі оқуына күшті әсер ететіні табылды. осыған орай балалар
бақшасындағы аурудың алдын алу шаралары күшейтілді.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің
қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі, еңбек молшері, күн кестесі,
тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.
Бала организміне әсер ететін жағдайларды зерттеп қана қоймай, сол
әсерлерге қарсы жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Оның ішінде балалардың
түрлі жағымсыз жағдайларға бейімделу қабілетін анықтап, организмнің
мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын тауып, мектепке дейінгі балалар
мекемелері мен мектептерде санитариялык жүмыстарды жонге келтіру қажет.
гигиенистердің қосқан үлесі айтарлықтай деуге болады. Гигиеналық
зерттеулердің негізінде 90-жылдардағы мектеп реформасында, оның қойған
мәселелері іске асырылды.
Соңғы кезде толық зерттелген балалар мен жас оспірімдердің
организмдерінің шынығуы, оның корсеткіш-тері және қажетті жағдайлары
гигиена ғылымының, әсіресе мектеп гигиенасының негізгі мәселелері болып
отыр. Баланың өсуі мен дамуы жоне оған қажетті жағдайларды А. А. Маркосян,
Б. Н. Никитюк, балалардың жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері мен жете
дамуына қажетті жағдайларды М. В. Антропова т. б. ғалымдар зерттеді. Сол
зерттеулердің негізінде бүрынғы Кеңес одағыңдағы елдерде және біздің
елімізде де байқалған балалар мен жастардың өсіп дамуының акселерациясы,
оның белгілері мен себептері анықталды.
Ең алдымен Мәскеу облысының Глухово ауылындағы балалардың бойын,салмағын
және басқа дене көрсеткіштерін салыстырғанда 1962 жылы 1880 жылдан 15
жастағы балалар 21 см ұзын екені анықталғаннан кейін белгілі болды. ХХ
ғасырдың 70-ші жылдары сол кездегі Кеңес одағының түкпір-түкпірінде өмір
сүріп жатқан балалардың дене көрсеткіштерін өлшеп, көпшілік жерде, әсіресе
ірі қалаларда балалардың өсуі мен дамуы жылдамданғаны 1970-1990 жылдары
дәлелденді.
Мүндай зерттеулер Қазақстанда да жүргізілді. Айталық, Алматы қаласы мен
облысы бойынша 1950 жылмен салыстырғанда 1970-1980 жылдары 13, 15, 17
жастағы ер балалар мен 11-12, 15, 16 жастағы қыздардың дене көрсеткіштері
анағұрлым артты. Яғни жыныстық жетілу қыздарда 9 жастан, ұлдарда 12-13
жастан, бұрынғыдан 1,5-2 жылдай ертерек басталды (Алиакбарова, Адеева,1980
Алиакбарова 1993 ).
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы
бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи жоне
лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия,
антропометрия т. б.
Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме
барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық
және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі
физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П.
Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі "тек қана табиғаттың ұсынғанын
жинайды". Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бүл әдіс
басқа зерттеу әдістері мен бірге организмнің жас ерекшеліктерін аныктауға
көмектеседі.
Табиғи тәжірибе – мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи
жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда
қолданады. Айталық, баланың кору қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның
көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын
аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы
бар. Мүнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді.
Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да,
оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып
саналатын функциялық ж ү к т е м е немесе с ы н а у әдісі кеңінен тарады.
Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған
мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын
немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды.
Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бала
организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту,
температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орынын өзгерту т. с. с.
функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары молшерленген дене
жоне ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында
жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м жер жүгіріп
өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға
берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде
жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия, яғни эргометр аспабын
қолдану арқылы, жүктеменің молшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. ой
еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық е с епті
шыгару әдісі қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс
қабілеті (айталық, жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып
жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары
балалар мен жас өспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына, жасына
сай топталған ер жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін
орта шамамен зерттеуге бағытталған. (Мысалы, әртүрлі жастағы ер балалар
мен қыз балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау). Бүл әдіс әркімнің
жеке басының даму ерекшеліктерін орташа корсеткішпен салыстыру мүмкіндігін
береді.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия-
радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен
қашық жерде түрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас
өспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын,
оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл
әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде
маңызды орын алды.
Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық,
радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар
бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық
көрсеткіштерін олшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын,
кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғаңда және тыныштық
кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене
салмағын таңертең, үйқысынан түрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін),
тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.
Жасқа байланысты физиологияның әдістерінің нәтижелерін электрондық-есеп
аспаптарымен жоне математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы
түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жиһаздар, т. б.) бала организміне
әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.
Бақылау сұрақтары
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы нені және қалай зерттейді?
Қазақстан және шет ел ғалымдарының жасқа сай физиология мен мектеп
гигиенасына қосқан үлестері қандай?
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының өзара және басқа пәндермен
байланысы қандай?
4.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қалай дамыды?
5.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қандай зерттеу әдістерін
пайдаланады?
Лекция №2
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
Жоспары:
1.Организм және оның біртұтастығы. Организм мен қоршаған орта.Нерв жүйесі
мен ішкі секрециялық бездердің организмнің біртұтастығын қамтамасыз
етудегі ролі.Организм қызметтерінің нейрогуморальдық реттелуі.Гомеостаз
және он анықтаушы факторлары.Организмнің даму этаптары.Дамудың
гетерохрондылығы.
2.Дене шынығу көрсеткіштерінің жастық және жыныстық заңдылықтары.Дене
шынығуы - адам саулығының және тіршілік жағдайларының әлеуметтік
көрсеткіші.Дене пропорциясының онтогенезі әртүрлі кезеңдердегі
өзгерістері.
3.Өмір тіршілік жағдайларының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына
тигізетін әсерлері.
Лекция мақсаты: Балалар мен жастардың организмінің өсіп дамуын
үйрету.
Лекция мәтіні:
1. Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады.
Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене
көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
1.Бойы - (адамның денесінің ұзындығы),
2.С а л м а ғ ы
3.Кеуде шеңберінің өсумен қатар организмде даму жүріп жатады.
Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан
көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп
белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке
мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жоне функциялық дамуы.
Ф изикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің
ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты
әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық
немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу,
кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп,
организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру
арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе д амып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың
жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы,
яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік
қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету
қабілеттері жатады.
Ж ы н ы с т ы қ ж е т і л у қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста
басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста
толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни
кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:
Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
Өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық
беріктігі немесе мықты болуы;
5) Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның
жағдайларына теуелділігі;
6) Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір
жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста
нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен
дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт).
Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:
1.Туғаннан З жасқа дейін.
2.3-7 жас арасында.
3.Жыныстық жетілу кезеңінде.
Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің
өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы
тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте
миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының
80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы
негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің,
әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа
ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп
жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен
қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами
қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады.
Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу
қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап
етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады,
көмірсутегісі көп тағамды талғайды.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның
жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге
байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады.
Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян
келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып,
16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты,
дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі
бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның
жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның
жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге
болады.
2. Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың
денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынды, жеке мүшелер жүйесінің
жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың
антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары
болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы,
бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер
балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан
жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады.
Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың
жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-
тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанды еске алып, жынысына қарай
мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шұғылдануға болмайды,
айталық, ауыр атлетика т. б. олардың болашақ ана екенін естен шығармау
керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі кажеттіліктен
анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше
мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару, өкпе,
бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті
жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатында
түзіледі, т.с.с.). Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін
сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене
еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Әйтпесе бала организмі
жан-жақты дамымайды. осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие
жұмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы
қағида ұсынды. Бұл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың
жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген.
(Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының
өзгеруі жатады. Дене пропорц и я с ы деп адамның басты, тұла бойы мен
аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа
туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады да,
олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының үзындығы 2:4,
аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мүңдай пропорция 1 жасқа дейін сақталады,
ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу
қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы
баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5, 2:5. Екі жастан әрі
қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де 6 жаста дене пропорциясы 1:6,
2:6, 3:6, яғни баланың аяқтарының ұзындығы тұла бойынан артық бола
бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып жалпы ұсқыны өзгереді. 6
жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді,
соңдықтан 7 жастағы баланың басының ұзындығы 1:7, тұла бойы 3:7, аяқтары
3:7 қатынасында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен тұла бойының
ұзындығы теңеседі. Одан әрі қайтадан жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп,
12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады. Бұл
пропорция дұрыс өсіп жетілген ересек адамның дене пропорциясы болып қала
береді. Яғни ересек адамда аяқтарының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең
болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мұндай жақсы пропорция
барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сыртқы ортаның түрлі
жағдайлары әсер етеді. Айталық, баланың бас сүйегі жылдам өсіп келе
жатқанда бала ауырып қалса немесе жілік сүйектері тез өсетін кезде баланың
тамағының құрамында сүйектің өсуіне қажетті кальций мен фосфор аз болса,
оның дене пропорциясы жасына сай дұрыс болмайды Баланың өсуі мен дамуы
оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның
жағдайларына байланысты. Организмнің өсу жөне даму қарқыны, жыныстық
геморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау
қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты
ауытқуы да мүмкін. Бірақ егіздерді зерттеу әдісімен табылған мәліметтер
бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 1990) сыртқы ортаның жағдайлары
негізгі тұқым қуалайтын зандылықтардан онша асып кете алмайды, яғни
балалар мен жастардың өсуі мен дамуы белгілі биологиялық зандылықта сыртқы
ортаның әсеріне байланысты болады Сондықтан балалардың денсаулығын
сақтау, жан-жақты жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда ол
зандылықтарды міндетті түрде ескеру керек.
1960-1990 жылдары байқалган еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен
дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамрақ болуын есу мен
дамудың а к с елерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың
белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен
ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау
үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның
көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе
сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың оңаша көрсеткіштерімен салыстырады.
Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930
жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. XX ғасырда өмір сүрген
Германиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі
керсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағұрлым артық болған.
Мұндай мәліметтер қазақ балаларының өсуінде де кездеседі. Айталық, 1976
жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см,
салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993,1995),
1950 жылдары ол керсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960)
болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін керуге
болады.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
1. Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған
нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг
ауыр); белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі
болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мөліметті қараңыз); ерте жыныстық
жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте
басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің
10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің
өсуі);
2.Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт
тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай
еңбегі ерте жабылады.Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда
жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі); жастардың бойының өсуі ерте
тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста
бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу
2 жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын
жастарды акселерат деп атайды), Яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста,
қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Өсу мен дамудың
акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық,
гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, әлеуметтік-экономикалық, т.б.),
бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық
дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың
акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады
деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
3. Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда
балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі
жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі
бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас
кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.
Өсу жас кезеңдері деп өсу мен дамуыға ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері
бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.Белгілі бір жас кезеңінде организмнің
даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі
басталады. Осыны ескере отырып 1965 ж адам организмін зерттейтін түрлі
ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер,
психологтар, философтар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында
болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық
өмірін 12 кезеңге бөлген:
1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
3.Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);
4.Бірінші балалық шақ (4-7 жас);
5.Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, үлдар 8-12 жас);
6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, ұлдар 13-16
жас);
7.Кәмелеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21
жас);
8.Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35,
ерлер 22-35 жас);
9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);
10.Егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);
11.Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);
12. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).
Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету жөне оқыту жағдайларын ескеріп
педагогтар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:
1.Жаңа туған сәби (1 ай);
2.Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);
3.Жас немесе балбөбектер тобы (1 - 4 жас);
4.Мектепке дейінгілер тобы (5-7жас);
5.Мектеп жасындағылар:
6..Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11 жас);
7.Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
8.Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас).
Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. Ғалымдар
алға қойған мақсаттарына байланысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп,
адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынды. Олардың кейбіреуі ескіріп, қазіргі
жағдайларға сай келмейді, кейбіреулері бір жақты болып, жан-жақты түсінік
бермейді. Физиологиялық түрғыдан алғанда үсынылып отырған Мәкеулік 1965
жылғы топтастыру ғылыми негізделген және организмнің ерекшеліктеріне
сәйкес деуге болады Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері
болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру м е з гі л і
немесе ауысу мерзімі деп атайдьі (кейбір зерттеушілер ауысу мерзімін
мүшелі жас деп ұран құру бірақ оның жас кезеңдері қазақтың мүшелі жасымен
сәйкес келмейді, дегенмен белгілері үқсайды). Өзгеру мезгілі әр кезеңде де
ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіңдеп жиналған
өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам
организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін
қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне
түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы
ұлғайған сайын қиын болады.Жас кезеңдерінің уақыттары әртүрлі шектелген.
Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Дегенмен ұсынылған
жас кезеңдерінің әлі де жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам
организмі жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап етеді.
Жас кезендерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциялық
көрсеткіштері болсын әлеуметтік жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған
жөн. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің
жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс
жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі болады.
Бақылау сұрақтары:
Өсу мен дамудың көрсеткіштері қандай?
Дамудың түрлері қандай?
3.Баланың өсу қарқыны неше кезеңнен түрады жөне оның қаңдай себептері бар?
4.Өсу мен дамудың акселерациясы деген не?
5.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері қаңдай және оларды қалай
анықтайды?
6.1965 жылы Мәскеулік жиналыста адамның жасын қандай кезеңдерге және қандай
белгілеріне сүйеніп бөлген?
7.Өзгеру мезгілі деп нені айтады, оның ерекшеліктері қандай?
Лекция № 3
Тақырыбы: Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас
ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Нерв жүйесінің маңызы.Нерв құрылымдарының морфологиясы.Нерв жүйесінің
ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу, түрліше организм реакцияларын
ұйымдастыру, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі ролі.
2.Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Тітіркену, тітіркендіргіш, қозу,
қозғыштық, тежелу ұғымдары. Нерв талшығы және оның қасиеттері.Нерв
талшықтарының
жас ерекшеліктері және олардың миеленденуі. Нейрондар арасындағы байланыс.
Синапстар.
3.Орталық нерв жүйесіндегі қозудың берілу механизмі.Нерв орталығы және
оның қасиеттері.
Рефлекс нерв әрекетінің негізі. Орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу
және олардың өзара әрекеті.
4.Автономиялық нерв жүйесі.Сеченов.И.М. пен Павлов.И.П.-жоғары нерв
әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар.
Лекция мақсаты: Нерв құрылымдарының морфологиясымен таныстыру.
Лекция мәтіні:
1.Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв клеткасы немесе
н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар
қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв
клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы
қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан
анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де
кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың
үлесі көбейеді.
Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен
органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің
көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар.
Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады;
Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады.
Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап,
жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын
молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта
кетуі мүмкін.
2.Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша,
ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз
тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады.Ұзын
талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа
талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын
қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан
түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон
арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв
импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв
ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып
келеді: сезгіш ұштар рецепторлар және қозғаушы ұштар - эффекто р л ар.
Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің
әсерін нерв импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық
жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап
бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді.
Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі
аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге
дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар -
шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы
ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық
(сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер.
Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана
нейрон аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс
түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп
аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада
жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің
қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық
мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ ы болады. Ол клетка аралық
сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше
мыңға дейін болуы мүмкін. Ал өрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс
түзей алады.,
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар
екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке
жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор
болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының
қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін
атқарады деген болжам бар.
Әрбір нерв ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz