Тұлғаның денсаулық жағдайының ерік сапаларымен байланысы жайлы теориялық тұрғылар


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ТҰЛҒАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРІК САПАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫЛАР . . . 9

1. 1 Тұлғаның денсаулығының ерік сапаларымен қатысын сипаттау . . . 9

1. 2 Ерік және тұлғаның ерік сапаларының психологиялық негіздері . . . 19

1. 3 Ерік сапаларын арттырудың психологиялық педагогикалық ахуалы . . . 45

2 ЖАНТАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРІК САПАЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ҚАТЫСЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ . . . 51

2. 1 Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын эксперименталды зерттеу әдістемесі мен процедурасы . . . 51

2. 2 Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын анықтаушы эксперименталды зерттеу нәтижесі . . . . 61

2. 3 Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі . . . . 81

2. 4. Ұсыныстар . . . 100

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 103

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 105

ТІРКЕМЕ А . . . 109

ТІРКЕМЕ Ә . . . 110

ТІРКЕМЕ Б . . . 111

ТІРКЕМЕ В . . . 112

ТІРКЕМЕ Г . . . 113

ТІРКЕМЕ Ғ . . . 115

ТІРКЕМЕ Д . . . 119

ТІРКЕМЕ Е . . . 121

ТІРКЕМЕ Ж . . . 122

ТІРКЕМЕ З . . . 123

ТІРКЕМЕ И . . . 124

ТІРКЕМЕ К . . . 125

ТІРКЕМЕ Қ . . . 129

ТІРКЕМЕ Л . . . 133

РЕФЕРАТ

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік экономикалық жағдай, тіршілік деңгейі және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына әсерін тигізуде. Студенттердің денсаулық жағдайын нығайту олардың бойындағы қуаттылығымен, табандылығымен, шыдамдылығы және тағы басқа ерік сапаларымен тығыз байланысты. Жас буынның ерік сапалары арқылы денсаулықты нығайту өзекті.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайымен қатынасын анықтау.

Зерттеу обьектісі: жантанушы студенттердің тұлғалық ерік сапалары мен денсаулық жағдайлары.

Тірек сөздер:денсаулық, физикалық денсаулық, психологиялық денсаулық, психологиялық денсаулық критерийлері, ерік, ерік сапалары, шыдамдылық, қайсарлық, табандылық, өзіндік бақылау, жинақылық.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, валеология әдебиеттерінің ілімін сараптап, талдау. Әдістемелер:Н. Н. Обозовтың «Ерік күшін бағалау» әдістемесі; Г. С. Никифорованың «Мінез-құлықты бақылау» әдістемесі; Е. П. Ильин және П. А. Коволевтың «Агрессиялық мінез-құлық»әдістемесі; Е. П. Ильин және Е. К. Фещенконың «Жасқаншақтықты, ұялшақтықты анықтау», «Табандылықты бағалау», «Шыдамдылықты бағалау»; «Қайсарлықты бағалау» әдістемелері; Шуберттің «Тәуекелділікке дайындық»R. S. K әдістемесі; Р. Кеттелдің көп факторлы әдістемесінің (фактор Н) бір бөлігі «Әлеуметтік батылдық» әдістемесі; «Өз денсаулығыңызға қалай қарайсыз?» анкетасы; Ч. Д. Спилберг және Ю. Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі; К. Роджерс және Р. Даймондтың «Әлеуметтік психологиялық бейімделу шкаласы» әдістемесі; К. Роджерстің өзін-өзі қабылдау межесі әдістемесі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы : денсаулық пен ерік сапаларың мәні анықталды, ерік сапаларының денсаулықты нығайтудың негізі екендігіне зерттеулердің нәтижесінде талдау жасалды, денсаулықты нығайтудың негізгі критерийі ретінде ерік сапаларын дамыту үшін педагогикалық - психологиялық қажетті шарттар белгіленген.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: денсаулықтың және ерік сапаларының көрсеткіштерінің жиынтығы құрылып, оларды дамытудың педагогикалық негізде ерекшеліктері мен бағыттары анықталып, белсенді әдістері ұсынылды. Тақырыпқа байланысты мақалалар жарық көрді. Эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, диагностикалық әдістемелер таңдалып алынды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер сарапталып, нәтижелілігі тексеріліп, әдістемелік ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелері бір жүйеге келтіріліп, диссертация түрінде баяндалды. Зерттеу жұмысы реферат, кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (82) және қосымшалардан тұрады. Сондай-ақ жұмыс 27 кесте және 35 суреттен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі 135 бет.

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек қорғаныс және мәдени әлеумет болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік экономикалық жағдай, тіршілік деңгейі және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына әсерін тигізуде.

Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» Жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі- «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты» тармағында « . . . азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған орта таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу, халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп туғызуда. Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн. балалар мен жасөспірімдер диспансерлік есепте тұр. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын зерттегенде, олардың 85 %-ы созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану деңгейінің 91%-ға жеткендігі анықталды. Ұлт денсаулығы және оның интеллектуалды потенциалы кез келген ауқатты елдің тек стратегиялық емес, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілдігі болып табылады.

Студенттер мен жастар халықтың белсенді еңбекке қабілетті бөлігін құрайды. Олар еліміздің болашақ экономикалық, қорғаныс және мәдени потенциялы. Біз жастарға қандай білім және мәдениет қалыптастырамыз, олардың денсаулығын қалай сақтаймыз, міне, тәуелсіз Қазақстанның болашағы осыларға байланысты.

20 %-дан көп студенттер созылмалы аурудың екі-үш формасымен

ауырады. Ең жиі кездесетін потологияларға тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту, зәр айдау жүйесінің ауруларын жатқызамыз. Туберкулез, вирусты гепатит, ішек инфекцияларының деңгейі де жоғары.

Студенттердің 80 %- ы шылым шегеді, 70 %-ға дейін алкоголь қолданады, 17%- ға дейін есірткі мен токсиндердің «дәмін» тартқан. Наркомания, алкоголизм, туберкулез біздің қоғамымыздың диагноздарына айналды.

Көрсетілген дәйектермен аурулардың 62 %-ы, ерте өмірден кетудің жарты оқиғалары, физикалық дұрыс дамымаудың 60 %-ы байланысты болып келеді және өмір ұзақтығының орта есеппен 5-7 жылға қысқаруына әкеледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша, халықтың денсаулығының 55 %-ы -өмір сүру салтына, 18 %-ы генетикалық және тұқым қуалаушылық факторларына, 17%-ы экологиялық және табиғи- климаттық факторларға, тек 10 %-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді. Балалар мен жастар арасында санының өсуіне байналысты қазіргі уақытта олардың денсаулығын сақтау жөнінде жаңа амалдар қолданылуда. Өз денсаулығын сақтауға арналған шараларды ойдағыдай жүзеге асыру адамның мықты ерік - жігеріне байланысты. Денсаулықты сақтаудың бір жолы адам бойындағы ерік сапаларын дамыту болып табылады.

Студенттердің денсаулық жағдайын нығайту олардың бойындағы қуаттылығымен, табандылығымен, щыдамдылығы және тағы басқа ерік сапаларымен тығыз байланысты. Студенттердің бойындағы осы ерік сапалары қоғамымыздың алдыға қойған мақсаттары - физикалық және психологиялық сау тұлға болуларын қамтамасыз етеді.

Психология ғылымында ерік өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тұлғаның ерік сапалары жайлы теориялар бірнеше кезеңдерден тұрады. Ғалымдар Августин, И. Д. Скотт, А. Шопенгауер, Э. Гартман ерікті философиядағы идеалисттік бағыт волюнтаризммен байланыстырса, Б. Спиноза, У. Джеймс ерікті таңдау мен түрткілер арасындағы қайшылықтар мәселесі ретінде қарастырады.

Ал, Г. И. Челпанов, Ф. Лерш, В. Е. Франкл ерікті қиындықтар мен кедергілерді жеңу механизмі ретінде қарастырса, Л. С. Выготский ерікті таңдау еркіндігімен байланыстырады. Осы көзқараста В. М. Аллахвердиев, П. В. Симонов болған. Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э. Мейман, С. Л. Рубинштейн, К. М. Гуревич, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, В. А. Иванников қарастырды. Сонымен қатар ерік мәселесі туралы Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Сәбет Бап-Баба еңбектерінде жазылған ерік мәселесі жайлы көзқарастар, эксперименттер теория, әрі практика үшін өте маңызды.

Демек, психологиялық, педагогикалық теория мен практикада ерік сапалары жайлы аз зерттелінбеген көрінеді. Алайда, қазіргі кездегі кәсіби білім алушы студенттердің ерік сапаларындағы өзгерісі, дамуы, жетілуі мәселелері шешілмеген. Ал, енді, жоғары оқу курсына байланысты қазақ студенттерінің ерік сапаларындағы денсаулық жағдайымен қатынасы тіптен дағы тың мәселе болып табылады. Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған ойларды жүйелеп, жас буынның ерік сапалары арқылы денсаулықты нығайту өзекті дей отыра, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазақ жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайымен қатысы» деп алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайымен қатынасын анықтау.

Зерттеу обьектісі: Жантанушы студенттердің тұлғалық ерік сапалары мен денсаулық жағдайлары.

Зерттеу пәні: Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулықпен байланысы.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер жантанушы студенттердің ерік-жігерін дамытудың педагогикалық, психологиялық ахуалы оңтайлы жасалса, онда олардың ерік-жігеріне тән саулығы мен жансаулығы тура байланысты анықталады.

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Педагогикалық ықпалмен ерік сапаларын дамыту арқылы денсаулықты нығайтудың психологиялық - педагогикалық негіздерін ашу.

Зерттеу міндеттері:

1. Денсаулық критерийлері және ерік сапаларының ғылыми теориялық негіздерін ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерден жан - жақты зерттеп, теориялық негіздерін анықтау.

а) Денсаулыққа анықтама беру;

б) физикалық денсаулық ерекшеліктері;

в) психологиялық денсаулық критерилері.

2. Ерік және ерік сапаларына сипаттама беру.

3. Студенттердің ерік сапаларын дамытудың педагогикалық, психологиялық негіздерінің мәселелерін ашу.

4. Студенттердің ерік сапалары мен денсаулығын диагностикалау әдістерін даярлау.

5. Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын анықтаушы эксперименталды зерттеуді нәтижелеу және осы мәселеге байланысты психологиялық әдістемелік нұсқау жасау

6. Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеуді талдау, қорытынды жасау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Денсаулық, ерік сапалары жайлы жазылған психологтердің, әдіскерлердің ғылыми еңбектері, психология ғылымының негізгі қағидалары, ерік -жігерді қалыптастыру, денсаулықты нығайту жағдайындағы психологиялық, философиялық ілімдер зерттеу жұмысына әдіснамалық негіз болды.

Зерттеудің көздері: Денсаулықты нығайту үшін ерік сапаларын қалыптастыру және дамыту саласындағы ғылыми еңбектер, білім беру саласындағы заңды және нормативті құжаттар, оөу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар, педагогтардың және психологтердің, валеолог, философтардың зерттеулері мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары және білім беру мекемелерінің іс- тәжірибе жұмыстары.

Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, валеология әдебиеттерінің ілімін сараптап, талдау.

Ерік сапаларын және денсаулық көрсеткіштерін зерттеуге арналған психологиялық әдістемелер:

Н. Н. Обозовтың «Ерік күшін бағалау» әдістемесі;

Г. С. Никифорованың «Мінез-құлықты бақылау» әдістемесі;

Е. П. Ильин және П. А. Коволевтың «Агрессиялық мінез-құлық»әдістемесі;

Е. П. Ильиннің «Жасқаншақтықты, ұялшақтықты анықтау» әдістемесі;

Е. К. Фещенконың «Шыдамдылықты бағалау» әдістемесі;

Е. П. Ильин және Е. К. Фещенконың «Қайсарлықты бағалау» әдістемесі;

Шуберттің «Тәуекелділікке дайындық»R. S. K әдістемесі;

Р. Кеттелдің көп факторлы әдістемесінің (фактор Н) бір бөлігі «Әлеуметтік батылдық» әдістемесі;

Е. П. Ильин және Е. К. Фещенконың «Табандылықты бағалау» әдістемесі;

«Өз денсаулығыңызға қалай қарайсыз?» анкетасы;

Ч. Д. Спилберг және Ю. Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі;

К. Роджерс және Р. Даймондтың «Әлеуметтік психологиялық бейімделу шкаласы» әдістемесі;

К. Роджерстің өзін-өзі қабылдау межесі әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: Студенттердің денсаулығын нығайту үшін ерік сапаларын арттыру қажеттілігі дәләлденген: денсаулық пен ерік сапаларың мәні анықталды, ерік сапаларының денсаулықты нығайтудың негізі екендігіне зерттеулердің нәтижесінде талдау жасалды, денсаулықты нығайтудың негізгі критерийі ретінде ерік сапаларын дамыту үшін педагогикалық - психологиялық қажетті шарттар белгіленген.

Зерттеудің атқару тәртібі мен кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңнен жүргізілген.

Бірінші кезеңде (2005жыл) зерттеу тақырыбы алынып, оның мақсаты, обьектісі, пәні және міндеттері айқындалды. Осы мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық, валеологиялық, философиялық әдебиеттердегі оқу - ағартушылардың еңбектеріне шолу жасалынды. Денсаулық және ерік сапаларының ғылыми теориялық негіздері зерттелінді.

Екінші кезеңде (2005-2006жыл) жиналған материалдар, дерек көздері педагогика- психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып, жүйеленді. Денсаулықтың және ерік сапаларының көрсеткіштерінің жиынтығы құрылып, оларды дамытудың педагогикалық негізде ерекшеліктері мен бағыттары анықталып, белсенді әдістері ұсынылды. Тақырыпқа байланысты мақалалар жарық көрді.

Үшінші кезеңде (2006жыл) Эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, диагностикалық әдістемелер таңдалып алынды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер сарапталып, нәтижелілігі тексерілді. Ғылыми болжам дәлелденіп, әдістемелік ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелері бір жүйеге келтіріліп, диссертация түрінде баяндалды.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Зерттеу қағидаларының психология ғылымының жетістігіне сүйенумен алынған қорытындыларымен, қазіргі «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешені» бағдарламасына сәйкестігімен және олардың теориялық, әдіснамалық тұрғыдан негізделумен, зерттеу әдістерін тиімді пайдаланумен жүргізілген эксперименттің нәтижелерімен қамтамасыз етілген.

2005жылы Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Орталық Азия Республикалары мен ТМД елдеріндегі түркі тілдес халықтардың этнопсихология мен этнопедагогикасының қазіргі жағдайы, олардың даму перспективалары» атты ІІІ - халықаралық ғылыми - теориялық конференцияда «Қазақ студенттерінің ерік сапаларының ерекшеліктері» тақырыбымен, 2005жылы «С. Аманжолов оқулары» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда «Студенттердің ерік сапаларын зерттеудегі теориялық тұрғылар» және «Студенттерде көрінетін ерік сапаларының психологиялық сипаттамасы» тақырыптарымен, 2006жылы «Жас ғалым» атты ғылыми практикалық конференциясында «Ерік сапаларының адамгершілік қасиеттерімен байланысы» тақырыбымен баяндамалар жасалынып, мақалалар жарық көрді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, тараулар тараушалардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ТҰЛҒАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРІК САПАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫЛАР

1. 1 Тұлғаның денсаулығының ерік сапаларымен қатысын сипаттау

Әр уақытта бүкіл әлем жұртшылығының және қоғамның өзгермейтін құндылығы физикалық және психологиялық денсаулық болып табылады. Ерте кездің өзінде оны дәрігерлер мен философтар адамның еркін іс-әрекеті, оның жетілуі ретінде түсінді. Бірақ үлкен құндылығына қарамастан, «денсаулық» түсінігі нақты ғылыми анықтамаға ие болған жоқ. Қазіргі кезде оның анықтамасын түсіндіретін бірнеше көзқарастар бар.

Көптеген авторлар: философтар, дәрігерлер, психологтер (Ю. А. Александровский, 1976 ж. ; В. Х. Василенко, 1985ж; В. В. Николаева, 1991ж. ; В. М. Воробьев, 1995ж. ) денсаулық анықтамасына қатысты бір-бірімен келісетін бір мәселе - ол қазіргі кезде жалпы қабылданған ортақ ғылыми негізделген «индивид денсаулығы» түсінігінің жоқтығы /1, б. 364/

Ең алғашқы денсаулық анықтамасы - Алкмеон анықтамасы қазіргі кезге дейін өз жақтаушыларына ие: «Денсаулық қарама-қарсы бағытталған күш үйлесімділігі».

Цицерон - денсаулықты әртүрлі рухани жағдайлардың дұрыс қатынасы ретінде сипаттайды.

Стоиктар мен эпикурлықтар денсаулықты барлығынан жоғары қойып, оны интузиазммен барлық шексіздікпен қауіптілікке қарсы қойды. Эпикурлықтардың пікірінше, денсаулық - бұл барлық қажеттіліктердің толық қанағаттануына байланысты ляззат алу. К. Ясперстің ойынша, психиатрлар денсаулықты «адамның тума потенциалдарын» жүзеге асыру қабілеті ретінде қарастырды.

Басқа да көзқарстар бар: денсаулық - адамның «Менін» жүзеге асыру, адамдардың қоғамына толыққанды және үйлесімді араласуы. К. Роджерс, денсаулығы сау адамды қозғалымпаз, ашық, қорғаныс реакцияларын қолданбайтын, сыртқы әсерден тәуелсіз, өзінен тірек іздеуші адам ретінде қабылдайды. Оптималды актуализанцияланған мұндай адам өмірдің әр сәтімен қанағаттанады. Мұндай адам қозағалымпаз және өзгермелі жағдайларға жақсы бейімделуші, басқаларға шыдамды, эмоционалды және рефлексивті /2, б. 155/.

Ф. Перлз адамды біртұтас психикалық денсаулығын өзінің қажеттіліктерін саналау қабілеттілігі мен көрінетін тұлғаның жетілуімен байланыстырады және конструктивті мінез-құлық, сау бейімделушілік және өзі үшін жауапкершілікті қабылдау шеберлігі ретінде қарастырады. Жетілген және сау тұлға аутентті, спонтанды және іштей еркін /3, б. 360/.

З. Фрейдтің пікірінше, психологиялық сау адам - бұл қанағаттанушылық принципін шындық принципімен үйлестіре алушы адам.

К. Г. Юнг бойынша, өзіңнің санасыздығыңнын мазмұнын ассимиляциялаған және қандай да бір архитептің шырмауынан еркін адам ғана сау бола алады.

В. Райха көзқарасынша, неврологиялық және психосоматикалық бұзылулар биологиялық қуаттың тұрып қалуынан туындайды, яғни саулық жағдайы қуаттың еркін өтуімен сипатталады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережесінде, денсаулық тек қана ауырудың және физикалық кемшіліктердің болмауы ғана емес, сонымен бірге толық әлеументтік және рухани үйлесімділікті көрсетеді.

БМЭ -нің екінші басылымының сәйкес томында денсаулық адам ағзасының күйі ретінде анықталады, мұнда қандай да бір ауыру туғызған өзгерістер жоқ және ағза мүшелерінің функциялары сыртқы орта жүйесімен тұтастылықта болады. Берілген анықтаманың негізіне денсаулықты үш белгі бойынша бағалайтын категориялар кіреді.

Олар:

  • әлеуметтік;
  • соматикалық;

тұлғалық /4, б. 40/.

Әлеуметтік адамның әлемге әркетті қатынасы, әлеуметтік белседілік, еңбекке қабілеттілік мөлшері.

Соматикалық - қоршаған ортаға жоғары деңгейде бейімделу физиологиялық процесстердің үйлесімділігі, ағзаның өзін-өзі реттелуінің жетілуі.

Тұлғалық белгі - өмірлік жағдайларды басқара алу деңгейі, адам өмірінің стратегиясын білдіреді.

И. А. Аршавский ағза өзінің даму барасында қоршаған ортамен тепе-теңдікте болмайды, керісіше, тұрақсыз жүйе бола отырып ағза өзінің даму барысында қоршаған ортамен өзара әрекет формаларын өзгертеді /5, б. 49/.

Г. Л. Апанасенко адамды психика, дене және рухани элементтерінен тұратын жүйешелердің пирамидалы құрылымымен сиптталатын, биоэнерго ақпаратты жүйе ретінде қарастырады. Бұл жерде денсаулық түсінігі берілген жүйенің үйлесімділігін білдіреді /5, б. 60/.

Кез келген деңгейдегі бұзылулар ағзаның тұрақтылығына әсер етеді. Г. А. Кураев, С. К. Сергеев және Ю. В. Шленовтар көптеген денсаулыққа байланысты анықтамалар адамның ағзасы өзінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сақтауға, төзімді болу және бейімділік көрсетіп, қарсы тұра алу керек деген көзқараста болды. . Авторлар денсаулықты осылай түсіну адамды агрессивті табиғи және әлеуметтік ортада тұратын күрескер тіршілік иесі ретінде қарастыруға әкелетіндігін көрсетті.

Зерттеушілер адам ағзасының незігі функциясының жұмыс істеуіне байланысты денсаулықты анықтауды ұсынады. Ағзаның өзара әрекеттесуші жүйелерінің қабілеті ретінді өмірдің әлеуметтік және мәдени аймақтарына бағытталған фенотиптік мінез-құлық пен адам ақыл-ой іс-әрекетін, генеративті функцияларды, инстинктивті процестерді шартсыз рефлекторлы генетикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Денсаулықты философиялық тұрғыдан түсіндірсек, онда ол құбылыстардың негізінен шығатын, қажеттілікті бейнелейді, ал ауру - бұл ортақ сипаты жоқ кездейсоқтық, сондықтанда қазіргі заманғы медицина заңды және қажетті болып табылатын денсаулықпен емес, кездейсоқ құбылыстар - аурулармен айналысады /6, б. 40/.

И. А. Гундаров пен В. А. Палесский «денсаулыққа анықтама бергендеденсаулық пен ауру өзара дихатомия принципі бойынша қарастырылмайды деген пікірді ұсынды:не адамның дені сау, не адам ауру.

Денсаулық 0- ден 1-ге дейінгі өмірлік континиуум түрінде беріледі. Тіпті қатты ауру адамда өте аз болса да денсаулықтың бір мөлшері болады. Денсаулықтың толығымен болмауы өліммен тең» /6, б. 206/.

Көптеген жұмыстарда абсолютты денсаулық абстракция болып табылады делінген. Адамның денсаулығы медико-биологиялық ғана емес, сонымен қатар алдыменен қоғамдық өндірістің тәсіліне тәуелді әлеуметтік факторлар мен шарттардың, қатынастардың сипаты мен шығу тегін анықтайтын әлеуметтік категория болып табылады.

Н. В. Яковлева қолданбалы зерттеулерде көрініс берген, денсаулықты анықтайтын бірнеше келістерді бөліп көрсетеді. Солардың бірі қарама-қайшылық келісі, онда денсаулық аурудан арылу ретінде қарастыралады. Осы келістердің негізінде медициналық психологиямен тұлға психологиясында зерттеулер жүргізілген. Шындығында да денсаулық феноменін осылайша қарастыру, соңғы бола алмайды. Әртүрлі авторлар денсаулықты осылай түсіндіруде келесі кемшіліктерді келтіреді:

1) денсаулықты ауру емес ретінде қарастырудың өзінде логикалық қателік жатыр, себебі, түсінікке терістеу арқылы анықтама беру болып есептелмейді;

2. берілген кеміс субъективті себебі, мұнда денсаулық барлық белгілі ауруларды терістеу ретінде қарастырылады, бірақ белгісіз аурулар анықталмай қалады;

3. мұндай анықтаманың сипаттамалы және механистикалық сипаты бар, мұның өзі индивидуалды денсаулық феноменінің негізін оның ерекшеліктерінің динамикасын ашуға мүмкіндік бермейді /6, б. 298/.

Ю. П. Лисицын былай дейді: «Денсаулық бұзылыстар мен аурулардың болмауынан да маңыздырақ, бұл - толыққанды еңбек ету, демалу, бір сөзбен адамға тән функцияларды іске асыру, еркін көңілді өмір сүру» деген қорытынды жасайды /6, б. 346/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Қарым - қатынас феноменологиясы
Мотивацияның психологиялық теориялары
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде зерттеу пәні және мәселелері
Басқару теориясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz