Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Кіріспе
I Бөлім Алматы қаласының және Алматы облысының қазіргі дамуы
1.1 Алматы қаласының ағымдағы мамандануы және дамуы
1.2 Алматы облысының ағымдағы мамандануы және дамуы
II Тұжырымдаманың мақсаттары мен негізгі міндеттері
2.1 Алматы қаласын және Алматы облысын ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі негізгі бағыттары
2.2 Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
2.3 Күтілетін нәтижелер
Пайдаланылған әдебиеттер

Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) болашақта Алматы қаласын және Алматы облысын бірыңғай Алматы өңірі ретінде дамытудың және ұстанымдаудың жалпы көрінісін, негізгі бағыттарын, сондай-ақ алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің тетіктерін айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының, Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері елдің мынадай негізгі стратегиялық құжаттарында белгіленген басымдықтарға: Президенттің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясына, Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына жауап береді.
Перспективаға арналған дамудың негізгі бағыттары, сондай-ақ әрбір өңірдің қойылған міндеттерді шешу жолдары мен қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешені 2007 жылғы 31 қарашадағы № 22 қалалық мәслихаттың IV сессиясының шешімімен қабылданған Алматы қаласын дамытудың 2015 жылға арналған стратегиясында және 2007 жылғы 25 шілдедегі № 41-307 облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен қабылданған Алматы облысын дамытудың 2015 жылға арналған стратегиясында егжей-тегжейлі жазылған.
Осы Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі Алматы өңірін іскер, өнеркәсіптік және сервистік орталық ретінде дамытудың бірыңғай ұзақ мерзімді тұжырымдамасының жоқтығынан туындайды. Тұжырымдама қолданыстағы мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарда көзделіп жүзеге асырылатын жобалар мен іс-шаралар шеңберінде Алматы өңірін дамыту, сондай-ақ өңірде бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру, кластерлік ұстаным негізінде салааралық және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік беретін қорытындылау (байланыстыру) сипатына ие.
Құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарының аумақты тиімді дамыту жөніндегі бұдан былайғы іс-қимылдары үшін бағдар болып табылады және Алматы өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әрі оны елдің серпінді дамитын «озық» өсу аймақтарының бірі етіп қалыптастыруға бағытталған.

Тақырыбы: Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың
2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Жоспар
Кіріспе
I Бөлім Алматы қаласының және Алматы облысының қазіргі дамуы
1.1 Алматы қаласының ағымдағы мамандануы және дамуы
1.2 Алматы облысының ағымдағы мамандануы және дамуы
II Тұжырымдаманың мақсаттары мен негізгі міндеттері
2.1 Алматы қаласын және Алматы облысын ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі
негізгі бағыттары
2.2 Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
2.3 Күтілетін нәтижелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015
жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)
болашақта Алматы қаласын және Алматы облысын бірыңғай Алматы өңірі ретінде
дамытудың және ұстанымдаудың жалпы көрінісін, негізгі бағыттарын, сондай-ақ
алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің тетіктерін айқындайтын құжат болып
табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28
тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі аумақтық даму стратегиясының, Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1
наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
(Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске
асыру мақсатында әзірленген.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері елдің мынадай негізгі стратегиялық
құжаттарында белгіленген басымдықтарға: Президенттің 1997 жылғы 10
қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған 2030 жылға дейінгі
Қазақстанның Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003
жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған
стратегиясына, Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы жыл сайынғы
Қазақстан халқына жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2006 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу
тұжырымдамасына жауап береді.
Перспективаға арналған дамудың негізгі бағыттары, сондай-ақ әрбір
өңірдің қойылған міндеттерді шешу жолдары мен қол жеткізу жөніндегі іс-
шаралар кешені 2007 жылғы 31 қарашадағы № 22 қалалық мәслихаттың IV
сессиясының шешімімен қабылданған Алматы қаласын дамытудың 2015 жылға
арналған стратегиясында және 2007 жылғы 25 шілдедегі № 41-307 облыстық
мәслихаты сессиясының шешімімен қабылданған Алматы облысын дамытудың 2015
жылға арналған стратегиясында егжей-тегжейлі жазылған.
Осы Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі Алматы өңірін іскер,
өнеркәсіптік және сервистік орталық ретінде дамытудың бірыңғай ұзақ
мерзімді тұжырымдамасының жоқтығынан туындайды. Тұжырымдама қолданыстағы
мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарда көзделіп жүзеге
асырылатын жобалар мен іс-шаралар шеңберінде Алматы өңірін дамыту, сондай-
ақ өңірде бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру, кластерлік ұстаным
негізінде салааралық және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелерін
кешенді шешуге мүмкіндік беретін қорытындылау (байланыстыру) сипатына ие.
Құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарының аумақты тиімді
дамыту жөніндегі бұдан былайғы іс-қимылдары үшін бағдар болып табылады
және Алматы өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әрі оны елдің
серпінді дамитын озық өсу аймақтарының бірі етіп қалыптастыруға
бағытталған.
I Алматы қаласының және Алматы облысының қазіргі дамуы
Алматы қаласының және Алматы облысының өзара тығыз экономикалық
байланысының тарихи тамыры бір. Қала ондаған жылдар бойы Алматы облысының
орталығы болды. Осыған байланысты бұрынғы астана мен оған іргелес
орналасқан елді-мекендер, бірінші кезекте Талғар, Есік, Қапшағай қалалары
арасындағы қалыптасқан тауар және еңбек ағындары қарқынды сипатқа ие.
1.1. Алматы қаласының ағымдағы мамандануы және дамуы
Алматы қаласы – елдің қаржылық, мәдени, туристік, білім беру орталығы болып
табылатын ірі мегаполис. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күш-жігері Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі өңірлік қаржы және мәдени
орталық ретінде одан әрі дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығымен бекітілген Алматы
қаласын дамытудың 2003 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
іске асырылуда. Алматы қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы
қабылданды.
Жыл сайын республикалық бюджеттен білім беру объектілерін салуға және
қайта жаңартуға, жаппай жеке тұрғын үй салу аудандарында көлік
инфрақұрылымын, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамытуға айтарлықтай
қаражат бөлінуде, тұрғын үй құрылысына кредиттер бөлінуде. Мысалы, көлік
инфрақұрылымын дамытуға 2007 жылы 58 млрд. астам теңге көлемінде бюджеттік
қаражат инвестицияланды.
2007 жылы энергия кешенін және инженерлік коммуникацияларды дамыту үшін
жалпы алғанда 53 млрд. теңге инвестициялау жоспарланды, оның ішінде
қаражаттың жартысынан астамы жеке инвесторларға тиесілі.
Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығын FITCH (ВВ+
рейтингі тұрақты) халықаралық агенттіктерінің оған берген рейтингтері
растайды.
Алматының экономикасы тұрақты дамуымен ерекшеленеді. Өнеркәсіптің азық-
түлік, машина жасау және басқа да салаларындағы, сондай-ақ қызмет көрсету
саласындағы жылдам өсу қарқыны өнеркәсіптегі орташа 15 %-дық, тұрғын үй
құрылысындағы – 11 %-дық, инвестициядағы – 14 % -дық жыл сайынғы өсімді
қамтамасыз етті.
Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі номиналды мәнде 1995
жылдан бастап 10 есеге ұлғайды, ал оның қала тұрғындарының жан басына
шаққандағы көрсеткіші республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары. Бұл ретте,
ЖӨӨ құрылымында әр түрлі қызмет түрлерінің үлесі барынша көп (85%).
Көлік, құрылыс және қаржы қызметтері неғұрлым жылдам қарқынмен дамуда.
Алматының дамыған зияткерлік-ғылыми базасы бар. Мұнда 47 жоғары оқу орны,
700 ғылыми-зерттеу ұйымы бар, ядролық медицина, ғарыштық технологияларды,
жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту, ресурс үнемдейтін
технологияларды дамыту және басқа салаларда іргелі зерттеулер жүргізіледі.
Инновацияларды қолдау инфрақұрылымы – технопарктер, бизнес-
инкубаторлар, инновациялық кәсіпкерлікті қолдау орталықтары едәуір дамуда.
Бұл болашақта Алматы қаласына Алматы өңірінде де, тұтастай алғанда
республикада да ғылыми идеялардың, инновациялардың, сондай-ақ технологиялар
трансфертінің бас генераторы мәртебесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Алматы
қаласында бірқатар серпінді жобалар іске асырылуда.
Алматы қаласына жақын жерде Alatau IT City ақпараттық технологиялар
паркін құру және дамыту неғұрлым ірі инновациялық жобалардың қатарына
жатады, оның базасында сұйық кристалды панельдер, радио жүйелерін және
ілеспе аксессуарларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіру жөніндегі
зауыт салу жобасын іске асыру басталып кетті.
Alatau IT City жұмысына ақпараттық технологиялар және коммуникациялар
саласындағы жетекші әлемдік компаниялар қатысады: Microsoft, Hewlett
Packard, Siemens, Cisco Systems, Thales Internationals, LG, Sun
Microsystems, Samsung және басқалары.
Қаржы және банктік қызметтер секторы қарқынды дамуда. Алматы қаласында
елдің негізгі қаржы институттары мен ресурстары шоғырланған. Қалада Ұлттық
Банк, Қазақстан қор биржасы, екінші деңгейлі банктердің, олардың елдегі
жалпы санының 88 %-ы, Қазақстанның 14 жинақтаушы зейнетақы қорының – 11-і,
40 сақтандыру компаниясының – 31-і, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компаниялардың көпшілігі қызмет етеді.
2006 жылдан бастап Алматы қаласында Өңірлік қаржылық орталығы (АӨҚО) жұмыс
істей бастады. Қазіргі уақытта АӨҚО-да сауда-саттық көлемі 40 млн. АҚШ
долларын, акциялардың нарықтық капиталдануы – 5,3 млрд. АҚШ долларын,
облигациялар – 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Алматы қаласының тау сілемдерi баурайындағы Ұлы Жiбек жолының бойында
орналасуынан, сауықтыру және спорттық туризмді дамытуға ықпал ететiн табиғи-
климаттық жағдайларының алуан түрлiлiгi жөнінен қуатты туристік-
рекреациялық әлеуеті мол.
Әлеуеті мен өсу қарқыны тұрғысынан спорттық сипаттағы келу туризмі мен
рекреациялық сипаттағы ішкі туризм, сондай-ақ Қазақстанның ойын бизнесінің
орталығы ретінде Қапшағай қаласын дамытуға байланысты Алматы қаласында
туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бар. Қазіргі уақытта
туристік кластерді дамыту шеңберінде Медеу және Шымбұлақ кешендерін
жаңғырту жобалары іске асырылуда.
Алматы қаласы 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізу орны ретінде
таңдалды. Осыған орай, бизнесті тиімді жүргізу, туризмді дамыту және қысқы
Азия ойындарын, болашақ Олимпиада ойындарын, сонымен қатар басқа да
халықаралық спорттық жарыстарды тиімді өткізу үшін дамыған инфрақұрылымы
бар халықаралық маңызды өңірлік орталық ретінде Алматы агломерациясының
жағдайын нығайту мәселелері өткір қойылып тұр.
Алматы қаласы ірі мегаполис бола тұра, өзіне жақын маңдағы кіші қалалар
мен ауылдық жерлерден ғана емес, тұтастай республикадан еңбек ресурстарын
тарта отырып, өңірдегі урбанизация процестеріне объективті түрде
айтарлықтай ықпал етеді. Статистика органдарының деректері бойынша қалаға
көшіп-қонушылардың саны 2006 жылы 38 мың адам болды. Көшіп-қонушы халықтың
негізгі құрамы өңіраралық көшіп-қонушылардан тұрады, қалаға келушілердегі
олардың үлесі 90 %-ды құрайды.
Алайда, қазіргі әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым және еңбек нарығының
мүмкіндіктері ескерілмей, елдің басқа өңірлерінен халықтың ағыны жүйесіз
сипатқа ие болуда. Осыған байланысты қазіргі уақытта Алматы қаласында
халықтың шамадан тыс қоныстануы және мүмкіндігінен тыс жүктемесі, қоршаған
табиғи орта сапасының төмендеуі, ішкі көшіп-қонушылар ортасында жұмыссыздық
деңгейінің жоғары болуы және қалаға стихиялы түрде келушілер үшін тұрғын
үйдің қол жетімділігі оның негізгі проблемалы мәселелері болып табылады.
Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының
жер мәселелерін реттеудегі келісілмеген іс-қимылы Алматы қаласының маңына
заңсыз жаппай қоныстануға себеп болуда.
Қазіргі таңда Алматы қаласының дамуы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Бас
жоспардың негізгі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл ретте, Бас
жоспарда Алматы қаласының аумағын перспективті дамыту қалалық аумақтармен
жалпы инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар оның қала маңы
аймағын өзара үйлестірімді дамытуға бағытталған, бұл Алматы қаласы мен
Алматы облысы әкімдіктерінің өзара жұмыс істеу және құрылыс салу
мәселелері бойынша келісілген іс-қимылын алдын ала айқындайды.
Алайда, қазіргі уақытта қаланың қала маңы аймағына және ерекше қала
құрылысын реттеу аймағына құрылыс салу Астана қаласының және республикалық
маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердің пайдалану ережесi
мен режимiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18
желтоқсандағы № 1269 қаулысының нормалары сақталмай жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты қазіргі уақытта қала маңы аумағын оның инженерлік-
геологиялық және табиғи жағдайларын ескермей жүйесіз игеру байқалуда.
Бұл, бірінші кезекте қала маңы аймағында қала құрылысын дамытудың
кешенді жобасының жоқтығына байланысты, яғни қала маңы аумағы мен тек
қана қала құрылысын реттеу аймағына толығынан жобалау-жоспарлау
құжаттамасының болмауынан қала маңына құрылыс салу процестерін реттеу
тетігі жоқ.
Алматы қаласының проблемасын шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
Алматы облысының аумағында серіктес қалалар қалыптастыру жолымен Алматы
агломерациясын кешенді дамыту, қала мен қала маңы аумақтарын салу бойынша
жол берілген заңсыздықтарды жою, Алматы қаласының мемлекеттік қала құрылысы
кадастрын құру, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шараларды
іске асыруды бастады.
Алматы облысының ағымдағы мамандануы және дамуы
Аумағы 224,0 мың ш.км. (ел аумағының 8,2 %) және 2007 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша 1642,3 мың халқы бар Алматы облысы еліміздің ең
ірі өңірлерінің бірі болып табылады.
Облыстың қолайлы табиғи-климаттық аймақта географиялық орналасуы, құнарлы
жерлер мен су ресурстарының болуы, оның аумағымен көлік дәліздерінің өтуі,
сондай-ақ көршілес елдер аумақтарына жақын орналасуы облыстың ағымдағы
мамандануын айқындайды.
Алматы облысы экономиканың аграрлық-индустриялық бағытымен сипатталады және
іс жүзінде Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып табылады. Облыстың
ауыл шаруашылығы республикадағы жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 13,0 %-ын
өндіреді. 2007 жылы жалпы ауыл шаруашылық өнімі 146,0 млрд. теңгеге немесе
алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда 104,3 % өндірілді.
Облыста барлығы ауылшаруашылық дақылдарының шамамен 60 түрі өндіріледі.
2007 жылдың қорытындылары бойынша жүгері, қант қызылшасы, соя, темекі,
картоп, көкөніс өндірісінде облыс республикада бірінші орын, күнбағыс,
жеміс-жидектер, жүзім өндірісінде екінші орын алды.
Қазіргі уақытта облыс ет, сүт, жұмыртқа және жүн өндірісі бойынша алдыңғы
қатарлы орынды иеленген.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің үлес салмағы өнеркәсіп өндірісінің
жалпы көлемінде 59,5 %-ды иеленеді. Облыс жүзім шараптарының, темекі
өнімдерінің, ашытқының ішкі тауар нарықтарында алдыңғы қатарлы орынды
иеленген.
Алматы облысында ПлодЭкс акционерлік қоғамының базасында қазіргі уақытта
жеміс-көкөніс кластері қалыптасуда. Облыс көкөніс пен жеміс-жидектерді
қайта өңдеуде басым әлеуетке ие. Облыс үлесіне республикада өндірілетін
көкөніс өнімінің жалпы көлемінің 27 % тиесілі, орташа алғанда жылына 664,4
мың тонна көкөніс жеміс дақылдары өндіріледі.
Облыста Қазақстанның таулы өзендер су энергиясы ресурстары қорының
65 %-ы шоғырланған. Су электр станцияларын салу мүмкін болатын таулы
өзендердің перспективалы учаскелері бар, 15 су электр станциясы мен 5 жел
электр станциясын салудың неғұрлым перспективалы жобалары Республиканың
Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілді.
2006 жылы Қазақстанның Даму Банкі АҚ арқылы Шарын өзенінде Мойнақ СЭС-
ының бірінші кезеңін салу жобасын қаржыландыру басталды.
Жел энергетикасын дамыту үшін қуатты жел дәліздері бар. Алакөл ауданындағы
Жоңғар қақпасы ауданында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ және Кербұлақ
аудандарындағы Шелек дәлізіндегі желдің энергетикалық әлеуеті әлемде
үздік деп танылды.
Облыстың туристік әлеуеті табиғи-рекреациялық ресурстардың (Іле және Жоңғар
Алатауының ландшафтары, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, тау
көлдері, Іле өзені және көптеген басқа да сулы, таулы және жазықтық
артерияларды, минералды су және емдік саз балшық көздері, тірі табиғат
ескерткіштері, қайталанбас флора мен фауна және мәдени-тарихи (қорғандар)
кешендер және тас үстіндегі бейнелер, мұражайлар және театрлар, кесенелер
және мазарлар, бұрынғы кезеңдегі сәулет құрылыстары) бар болуымен
сипатталады.
Қазіргі таңда Алматы облысында 2007 – 2011 жылдарға арналған туризмді
дамыту бағдарламасы әзірленді және 2006 жылғы 12 желтоқсандағы облыстық
мәслихат сессиясының № 34-252 шешімімен бекітілді. Туризм кластерін
дамытудың мастер-жоспары әзірленді және бекітілді.
Туристік индустрияны жедел қалыптастыру, сондай-ақ жалпы республика
экономикасының туристік секторын жандандыру мақсатында Алматы облысының
Қапшағай қаласында туристік орталық құру жөнінде шаралар қабылдануда.
Облыс Қытай Халық Республикасымен және Қырғыз Республикасымен шекаралас
жатқандықтан, қазіргі кезеңде Алматы облысын дамытудың басты мәселелері
өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және маңызды халықаралық экономикалық
ынтымақтастық аймағы ретінде шекаралық аумақтардың рөлін өңір арқылы өтетін
көлік бағыттарын, сондай-ақ шекаралық сауда орталықтары инфрақұрылымын
дамыту жолымен күшейту болып табылады.
Облыс аумағында Батыс Қытай – Батыс Еуропа жобасы шеңберінде
халықаралық көліктік-коммуникациялық дәліздер – Достық-Алматы және Қорғас-
Алматы бағытындағы елдің Оңтүстік көліктік дәлізі дамитын болады.
Орталық Азия республикаларының экспорттық-импорттық операциялары облыстың
үш елді-мекені – Қытай Халықтық Республикасымен шекаралас орналасқан
Достық, Қорғас және Көлжат бойынша жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының
қызметін қамтамасыз ету мақсатында оның көліктік және сервис-сауда-
өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Көліктік логистика кластерін қалыптастыру шеңберінде Іле ауданындағы
Первомайск және Өтеген батыр кенттерінде көліктік-логистикалық кешен
құрылған болатын.
Достық бекетін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңір
қажеттілігін қамтамасыз ету және транзитті контейнерлік жүктерді өңдеу,
Достық теміржол өткелінің өткізу мүмкіндігін кеңейту үшін Достық шекаралас
өткелінің базасында ірі көліктік-логистикалық орталық құру қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі
№ 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес көліктік-логистикалық орталық
арқылы транзитті жүк тасымалы үлесін ұлғайта отырып, халықаралық көліктік
дәліздерінің белсенді әрекет ететін көліктік-логистикалық торабы ретінде
Достық шекаралас өткелін одан әрі дамыту жоспарланған.

Тұжырымдаманың мақсаты қаржылық, инновациялық-білім беру, көліктік-
логистикалық, сауда, қызметтік-технологиялық және туристік қызметтерді
ұсынатын елдің экономикалық өсуінің бірыңғай орталығы ретінде Алматы
қаласын және Алматы облысын ұстанымдаудың негізгі бағыттарын анықтау болып
табылады.
Тұжырымдаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Алматы қаласын және Алматы облысын дамытуды ықпалдастыру;
Алматы өңірін экономикалық мамандандырудың перспективті тауашаларын анықтау
және дамыту арқылы Алматы өңірін республикалық, өңірлік және әлемдік
нарықтарға біріктіруді қамтамасыз ету;
кластерлік тәсіл негізінде Алматы қаласының және Алматы облысының
өңіраралық және салааралық өзара әрекет жасауына ықпал ету;
өңірдің дамуына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және даму
институттарымен серпінді жобаларды іске асыру;
Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі шеңберінде Алматы
өңірі бизнесінің дамуына ықпал ету;
тұрғындардың сапалы өмір сүруін жоғарылатуға және өңірдің өңірлік және
халықаралық тартымдылығын өсіруге бағытталған өмір сүруді қамтамасыз етуші
инфрақұрылымның озық дамуы;
халықаралық ынтымақтастықтың шекаралас пункттерін дамыту;
Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері жанындағы Бәсекеге
қабілеттілік жөніндегі кеңестер мен Бәсекеге қабілеттілік және экспорт
жөніндегі ұлттық кеңестің өзара белсенді әрекет арқылы өңірлік даму
саласындағы өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
облыс аумағы бойынша өндірістік күштерді ұтымды бөлу есебінен өңірдің
әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету (серіктес қалаларды қоса алғанда,
Алматы облысының қала құрылысын дамытудың кешенді схемасының тұғырнамалық
негіздерін әзірлеу).
Алматы қаласын және Алматы облысын ұстанымдаудың 2015
жылға дейінгі негізгі бағыттары
Алматы қаласын және Алматы облысын бірыңғай Алматы өңірі ретінде дамыту
біріккен тездетілген өзара байланысты және кешенді дамыту үшін қосымша
импульсті алуға мүмкіндік беретін, ерекшелігі жағынан қала мен облысқа тән
қазіргі бар және әлеуетті іске асырылатын бәсекелестік артықшылықтарға
жүгінетін болады.
Ұлттық және әлемдік нарықтарда Алматы өңірі – көлік, логистика, халықаралық
сауда саласындағы, халықаралық оператор және қаржылық қызмет, сауда,
туризм, шағын және орта бизнес, жоғары технологиялар, білім беру, медицина
саласындағы қазіргі сервистік орталық ретінде ұстанымдануы қажет.
Өңірдің халықаралық және ұлттық деңгейлерде өзін:
Алматы өңірінің барлық аумағы бойынша туристік және спорт инфрақұрылымы
объектілерін орналастыру арқылы туристік және спорттық орталық;
көліктік және сервистік-логистикалық инфрақұрылымның жалпы өңірлік жүйесін
дамыта отырып, көліктік-логистикалық қызметтер орталығы;
ірі өндірістік және сервистік орталық;
іргелі және қолданбалы ғылым орталығы ретінде мәлімдеуге барлық алғышарттар
бар.
Сонымен бірге облысқа қарағанда Алматы қаласында оған ұлттық және әлемдік
нарықтарда халықаралық қаржы орталығы ретінде дербес ұстанымдануға
мүмкіндік беретін жеке бәсекелестік артықшылықтары бар екендігін атап өту
қажет.
Бұл басымдықтар қаланың және тұтастай Алматы агломерациясы дамуының
серпінді салаларының, қозғаушы күштерінің рөлін атқарады, ал олардың
жоғары серпінді өсу қарқынын құрылыс, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету
инфрақұрылымы және қызметтер саласындағы кәсіпкерлік сияқты салалар
қолдайды.
Әлемдік деңгейде өңірдің қазіргі кездегі ұстанымы төмен, себебі Алматы
мегополисінің ұстанымдануының әр түрлі бағыттары бойынша (қаржы, инновация,
сауда, туризм) әлемде кемінде оннан бірнеше жүздеген бәсекелестік өңірлер
бар.
Бәсекелестіктің жоғары деңгейі маманданудың таңдалған салаларына неғұрлым
нақты бағытталудың қажеттілігін негіздейді – дамудың іріленген саласымен
қатар (туризм немесе инновация) мамандандырудың неғұрлым ықшам науашасы да
таңдалуы қажет, себебі біріншіден, Алматы өңірінде қосымша бәсекелестік
артықшылықтары бар немесе құрылуы мүмкін және екіншіден, халықаралық
нарықтарда бәсекелестіктің төмен деңгейі байқалады. Сонымен бірге Алматы
қаласы және Алматы облысының бәсекелестік артықшылығы туризмді дамыту
саласында кластерлік бастамашылықты іске асырудан тұрады. Әсіресе, осы
жерде қонақ үйлер, демалыс орындары, ойын-сауық объектілері, табиғат
қорықтары және саябақтар барынша шоғырланған және туристер үшін өңірдің
жалпы тартымдылығын жоғарылатуға жеке бизнес өкілдерінің шынайы дайындығы
байқалуда.
Бұдан басқа, Алматы облысының ауылшаруашылық басымдылығын ескере отырып,
Алматы қаласы Ресейдің Сібіріндегі нарықтарда дайын тауарларды
дистрибуциялау арқылы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша қуатты
орталық ретінде одан әрі дамуы қажет.
Өңірлік деңгейде негізгі міндет ретінде Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын
нығайтуға бағытталған өңірге және елге ресурстар мен іскерлік белсенділікті
тарту орталығын қалыптастыру болып табылады.
Әлемдік экономика деңгейінде Алматы өңірін ұстанымдандырудың негізгі
міндеті өндірістік-коммерциялық қызметтің ауқымы мен тиімділігін ұлғайту,
қала кәсіпорындарының, Алматы агломерациясының және тұтастай Қазақстанның
мол пайда табуы, сонымен қатар шетелдік ресурстардың (санаткерлік,
қаржылық, технологиялық) көмегімен қала мен облыс экономикасының жоғары
технологиялық өндірістерінің озық дамуы мен жаңғыру мүмкіндіктерін іске
асыру болып табылады.
1) Алматы өңірі туристік және спорт орталығы ретінде
Қала Алматы облысымен бірге, өңір үшін төмендегі бірегей бағыттар бойынша
туристерді тарту орталығы болуы мүмкін: спорттық шаралар (2011 жылғы
қысқы Азия ойындары, қысқы спорт түрлері бойынша әлем кубоктарының
кезеңдері) және қаланың спорт объектілерінің қызметтері (Шымбұлақ, Медеу);
рекреациялық қызметтер (Іле Алатауында орналасқан санаторийлік-курорттық
кешендер); табиғаттағы туристік бағыттар (Шарын, Түрген, Есік, Шымбұлақ,
Үлкен Алматы көлі, Ыстықкөл), халықаралық ауқымдағы маңызды мәдени іс-
шаралар (джаз фестивалі, қазіргі заманғы өнер биенналесі), мамандандырылған
туристік қызметтер (Жаңа Іле серіктес қаладағы ойын бизнесі орталығы, тау
туризмі, альпинизм, рафтинг, салт атпен серуендеу және т.б.)
Бәсекелестік артықшылықтар: қолайлы климаттық жағдайлар, Алматы облысының
аумағында бірқатар бірегей ландшафт объектілері мен бірнеше табиғи-
климаттық аймақтардың болуы. Облыс аумағында тарихи сауда бағытының – Ұлы
Жібек жолының өтуі, Алматыда болған кезде баруға мүмкіндік беретін
Ыстықкөлге жақындығы. Қаладағы демалыс және бос уақытты өткізу орындарының
жоғары дамыған инфрақұрылымы.
Еуропалық туризм орталықтарымен салыстырғанда Алматы өңірінде болу құнының
төмендігі. Көптеген шетел туристері үшін Орталық Азия өңірінің аз
зерттелгендігі және экзотикалығы. Қалада көрсетілген магистралды бағыттар
бойынша жүріп өтетін шетелдік туристердің транзиттік аялдамалары үшін
алғышарттар жасайтын Еуропадан Азияға көлік ағындары қиылысында Алматының
қолайлы орналасуы.
Алматы облысында аса бай термалды су көздерінің, емдік балшық көлдерінің,
қорықтардың, ұлттық парктер, Балқаш және Алакөл көлдерінің, Қапшағай су
қоймасының және басқа да рекреациялық ресурстардың болуы облыс аумағында,
Алматы қаласында да қосылған құн тізбегіне кіретін компанияларды
орналастыра отырып, туристік кластерді дамытуды қамтамасыз етеді.
2) Алматы өңірі көліктік-логистикалық орталық ретінде, өңіраралық көлік
ағындарын жүйелендіру және өңірдің экономикалық белсенділігін ынталандыру
үшін құрылатын және көлік торабынан, жүктерді өңдеу және оларды топтастыру,
партияларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz