Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау


МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . 3

І - Тарау. АНЫҚТАМА МЕН ТЕРГЕУДІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢШЕГІ. ……5

1. 1. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық

қадағалаудың міндеттері, маңызы. . 5

1. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау15

ІІ-Тарау. ТЕРГЕУ ӨНДІРІСІ БАРЫСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҚАДАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ. . 23

  1. Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен негізділігіне қадағалау23

2. 2. Тергеу оргаңдарымен қолданылатын процессуалдық бұлтартпау шараларының заңдылығына қадағалау жүргізу29

2. 3. Тергеу барысында қылмыспен келтірілген материалдық залады өтеуді қамтамассыз етуіне қадағалау. . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ. 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына міне 10-жылдан асты.

Осы уақыт ішінде көптеген заңдар қабылданды. Бұл заңдар құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Ал құқықтық мемлекеттің басты элементтерінің бірі - ол қоғамда заңдардың дәл әрі біріңғай қолданылуы.

Сондықтан, Қазақстан Республикасында заңдар біркелкі қолданылмаса, сақталмаса онда құқықтық мемлекет құру екіталай. Мемлекет заңдарды дәл әрі бірыңғай қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган - прокуратураны ұйымдастырады. Демек прокуратураның қызметі қоғамда үлкен орын алатындығын көреміз. ҚР-сы құқықтық мемлекетті құру жолындағы реформалар прокуратура органдарынан тергеу функциясын алу арқылы және ҚР-сы Президентінің 21-желтоқсан 1995 - жылғы заң күші бар "Прокуратура туралы" Жарлығымен оның, мемлекеттегі заңдардың қолданылуын қадағалауды іске асыратындығын бекітті. Қазіргі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қылмыс деңгсйі айтарлықтай жоғары болып тұғандықтан және қылмыскерді жазалау кезіндегі немесе қылмысты алдын-ала тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұрмалау фактілерінің көптеп кездесетіні бәрімізге аянышты шындық.

Осындай себептер және қоғамдағы құқықтық реформа процесінің кең үрдісі аталмыш тақырыптың актуальдігін көрсетеді біздің диплом жұмысын осы тақырыпқа арнау себеп болады. Біз бұл диплом жұмысында ҚР-сы Ата Заңының 83-бабына, ҚР-сының Президентінің Заң күші бар «ҚР-сының прокуратурасы туралы» жарлығына және кылмыстық істер жүргізу заңдарындағы

прокуратура органдарына берілген құқықтары мен міндеттерінің функцияларының маңызын жеке түсіне отырып аталмыш бітіру жұмысында төмендегідей мәселелерді ашып көрсетуге тырыстық.

Олар анықтама мен алдын-ала тергеу барысындағы прокурорлық қадағалаудың өкілеттіктерін жүзеге асыру барысындағы түсінігі және прокуратура органдарына қойылған міндеттері мен шегі қарастырылады және де алдын-ала тергеу өндірісіндегі прокуратураның прокурорлық қадағалаудың мынадай мәселелері қарастырылады; ол тергеудің сатысында жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштермен хабарларды қабылдағанда және тіркегенде немесе шешкенде заңдылықтың сақталып отыруын тексереді.

Сонымен қатар, прокурордың бұйрық беру өкілеттіктерін дұрыс қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуге заңдылықты сақтауды толықтай қамтамассыз етеді.

Тергеу немесе анықтама жүргізуші органның әрекеттерінде зандылықты сақтауға прокурорлық қадағалауға талдау жасалынады.

Атап айтқанда, қамауда ұстауда ұстау мерзімінің сақталуына; тергеу әрекеттерін жүргізудегі заңдылықтың сақталуына; тінту, бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыстық істі қозғау, қылмыстық істі қозғаудан бас-тарту және тағыда басқа прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуы қарастырылады.

Осы бітіру жұмысьн жазу кезінде процессуалдық әдебиеттерге, заң мақалаларына жәнс прокуратура органдарының практикасына көп көңіл бөлінді.

І - Тарау. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық

қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі.

1. 1. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық

қадағалаудың міндеттері, маңызы.

Біздің Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу заңдылығы және Қазақстан Республикасының заңдық күші бар «Прокуратура туралы» жарлығы прокуратура органының тергеу және анықтама органдарына прокурорлық қадағалаудың тікелей функцияларын және міндеттерін анықтайды.

Тергеу және анықтама органдары қызметінің заңдылығына қадағалау прокурорлар жүзеге асырады, бұл ҚР-сы Президентінің "Прокуратура туралы" жарлығында көрсетілген, сондай-ақ прокурордың нұсқаулары жазбаша формада болады және анықтама жүргізуші органы мен тергеушіге міндетті болатын нұсқау береді. (22 бап. Прокуратура туралы жарлығы) . 1

ҚР-сы Президентінің «ҚР-сы прокуратура туралы» жарлығына сәйкес- прокурор анықтау және тергеу органының қызметінде заңдарды толық орындауына қадағалауды жүзеге асырады деп белгілейді (37 б) .

Тергеу және анықтама органдары заңдарын дұрыс қадағалау ҚР-сы Президентінің «Прокуратура туралы» жарлығына сәйкес прокуратура огандары арқылы жүзеге асырылады. Бұл заңдық күші бар жарлық тергеудің жоғарғы сапасын және мерзімдерінің сақталуына, жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде

ч

зандылықтың сақталуына прокурорларға көп өкілеттіктер берді.

Және көрсетіп кету қажет «Тергеуге қадағалау жүргізу қызметінің объектісі бойынша ғана емес, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың басқа салаларының мәнісін өтінбей-ақ, бұл - заңды дұрыс орындауға қадағалау прокурордың қызметінде ең маңызды бағыт болып табылады. 2

Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурордың қадағалауы- басқа мемлекеттік органдарының, лауызымды тұлғалардың қызметтерінің заңдылығына қадағалаудан ажырататын ерекше қатынастармен сипатталады.

Бұл қасиеттер мыналар:

1) Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурорлық қадағалау тек қана тар мағынадағы қарау емес, сол сияқты осы органмен жүзеге асырылатын тергеуге басшылық болып табылады. Прокурор анықтама және тергеу орындарына жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына байланысты тиісті нұсқаулар беруге құқылы. Бұл жерде прокурорға анықтама және тергеу кезінде шешуші билік беріледі.

Анықтама және тергеу орындарының заңсыз және негізсіз қаулыларын өзгертеді және жояды.

2) Қылмыстық істерді тергеуіне қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурордың жағдайы мен міндеттері барлық тегеу және анықтама органдарына қарағанда бәрі бірдей, яғни, олар прокуратура немесе ішкі істер министрлігіне ҰҚК- ң жүйесіне не басқа органдарға кіру, кірмеуіне қарамастан. 3

Прокурорлық қадағалаудың осы саласындағы осындай спецификалық түсінігіне өз ізін қалдырады. Бірақ бұл жерде де тергеуге прокурорлық қадағалаудың мәнісі - тергеу процесінде заңдылықты үздіксіз сақтауды қамтамасыз ету. қадағалауға жүктелген міндетпен айқындалады.

Анықтама, және тергеу органдарының заңдарды сақтауына қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурордың өкілеттіктері әмірші-бұйрық беру сипаттамада болады. Прокурордың ұсыныстары мен нұсқаулары қылмыстық істі қозғау және тергеу мен байланысты прокурордьң актілері анықтама және тергеу органдарынан лауазымды адамдарға міндетті болады. Прокурор заңды сақтаудың мәнісі бойынша араласуға құқылы, тергеушінің актілерін өзінің актілерімен ауыстыруға немесе өзгертуге әрі жеке тергеу әрекеттерін өзінің өндірісіне алуға құқылы.

Осы әмірші - бұйрық беру сипаты істің мәнсі бойынша тергеу органдарының қай ведомство қатарында болуына тәуелсіз тергеуге процессуалдық басшылықты жүзеге асырады.

Атап айтқанда прокурор тергеуге басшылық жүргізеді, не мұндай басқару осы саладағы прокурорлық қадағалаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

3) Бұл жерде айта кететін: тергеуге прокурорлық басшылық

ету бұл жерде ішкі істер органдарының және басқада

органдарының тергеушілерін ескертіп отырған жоқпыз,

керісінше прокурорлық қадағалау қылмыстық

процессуалдық заңдылықпен жүктелген тергеушінің

процессуалдық дербестігіне жалынбайды.

Кейбір әдебиетгерде тергеуге басшылық етумеы прокурорлық

қадағалауды қарама-қайшы қойюға талаптанып көрген болатын,

сондай-ақ тергеу аппараты ведомстваның қай жүйесінде болуына

байланысты қадағалаушыны бөліп отырады.

В. Царсв және Г. Арзумян көрсеткендей, егер ішкі істер мииистрлігі және ҰҚК органдарындағы тергеуге прокурорлық қадағалауды, процессуалдық әдісті шектесек, онда ол оның жұмыс істеу қабілетін төмендете түседі және ол формальды түрде болар еді. 4

Прокурорлар өз қызметтерінде, сондай-ақ тергеуге бақылау жургізу бойынша тергеу бөлімдерінің бастықтарының қызметін қолдап отырады және тергеу бөлімшесі бастықтарының құқықтарының жетіспеушілігіне назар аударудан бұрын неге олар қылмысты тергеуге бақылау жасау үшін осы құқықтарын толық пайдалана алмайтынына көңіл бөлуіміз керек.

Тергеу жүргізерде прокурордың қадағалауы тергеушінің дербестігін өтінбеуі керек - керісінше прокурор қолдап отыруға кепілдік беруге, оны бекітуге міндетті. Тергеу барысындағы прокурордың қадағалауы оның конституциялық міндеті заңды қолдануына жоғарғы қадағалаудың функциясы болып табылады.

Әбден түсінікті, тегеуге процессуалдық басшылық ету ұсақ жұмыс болмауы қажет, әкімшіліндірілген, тергеушінің құқықтарымен процессуалдық. дербестігін шектемеуі қажет.

Тергеуші қылмыстық процессуалдық әрекеттің белсенді қатысушысы.

Қазақстан Республикасының ҚІЖҚ-64 бабына сәйкес, алдын-ала тергеу жүргізген кездс, заңда көзделген ережелер бойынша прокурордан сакция алу қажет деп белгілеген ретінен . . . басқа жағдайда, тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеіттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен дербес кабылдайды,

және осы әрекеттің заңды түрде дер кезінде жүргізуіне толык, жауапты болады. Өкінішке орай, практикада мынадай жағдайлар

кездеседі, прокурорлар тергеушіге қажетті көмек көрсетудің орнына қадағалау қызметін қажет емес екендігіне айналдырады. Прокурорлық қадағалауды осындай формада жүзеге асыру қылмыстық күресте толық мүмкіндік жасамай қоймай, тергеушінің бастамасын шектейді, сондай-ақ тергеудің сапасына теріс әсер етеді.

Осыған орай профессор Бегалиев К. А. былай деп көрсетеді. Тергеуге қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар мынаны есте сақтаулары қажет тергеуші - дербес процессуалдық тұлға. 5

Қазіргі заңдылық жеткілікті дәрежеде тергеушінің құқықтарын жиыстыруы, бұл жерде прокуратура оны оңай жолмен өзінің пікір айтпайтын және тілалғыш чиновникке айналдырды, міне осыдан сақтануымыз керек.

Тергеуші әрқашан да дербес өзіне меншікті көзқарасы бойынша және жиналған дәлелдемелердің негізінде зерттелетін істің ақиқат жағдайларын тергейді және іске қандай маңызы бар екенін өзі дербес түрде шешеді.

Прокурор тергеушінің творчестволық бастамаларын және тапқырлығын көтермелеуі қажет, тергеушінің ақиқаттылығын құрметтеп, бағалауы қажет. Қылмыскерлерді батылдықпен табанды түрде әшекерлеуге көмектесуі қажет, прокурор тергеушінің дербестігімен бірге әр қылмысты ашуда заңды түрде және дер кезінде тергеу өндірісінің жүргізілуіне толық жауапкершілігін көтеруі қажет.

Прокурордың қызметіндегі негізгі приіцип-заңдылық принципі болып табылады.

Бұл принцип тергеуге қадағалау жүргізуіне қатысты прокурор қылмыстық істі тергеуге қатысушы адамдардың барлық әрекеттері заңға сәйкес жүзеге асырылып отыруын қадағалауы тиіс.

Заңдылық' принципіне сәйкес прокурор уақытында заңның бұзылуын ашып беруге міндетті. Оларды жоюға заңмен көрсетілген шаралар қолдануға міндетті (Проқуратура туралы заң 4 бабы) .

Прокурорлық қадағалау тергеудің процессуалдық формасының іштей сақталуының қадағалауына сәкес келмейді.

Прокурор қылмыстық істерді тергеуде қылмыстық процессуалдық заңдылықпен сәйкес қатаң жүргізілуіне шаралар қолдануға міндетті.

Тергеуге прокурорлық қадағалауы қылмыстық істердің ізін жалғастырушы туралы заңмен белгілеген ережелерді қамтамасыз етуде прокурордың белсенді ролін болжайды. Ол жалғастырушының тәртібін бұзу фактілермен келісе алмайды.

Сонымен қатар, қейбір жағдайларда анықтама органдарының өндірісінен істі алып тергеушіге беруге құқылы.

Дәлелдемелерді бекіту және хабарлау кезінде объективтігінең заңның талаптарын орындауға қүнделікті және тиімділігі прокурорлық қадағалау міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.

Айыптау қорытындысын қараған кезде материалдағы істердің қорытындыларының сәйкес келуіне, айыптаудың

формулировкасының дұрыстығына, процескс қатысушылардың өтініштерін қараудың нәтижесі туралы тергеуішінің берген түсініктерінің заңдылығына және негізділігне көңіл болінуі керек.

Қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту туралы қаулылар ұқыпты түрде тексеріледі. Заң прокурорға қылмыстық істерді тоқтату және қысқартумен байланысты шығарылатын қаулыларді бекітуге міндеттейді.

Бірақ осы процессуалдық актілердің заңдылығы мен дұрыстығына жауапкершілікті шектемейді.

Барлық атап айтылған қаулылар. көшірме түрінде прокурорға ұсынылуы тиіс және қадағалау тәртібімен тексеріледі, ең маңыздысы бұл қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту кезінде жіберілетін қателермен бұзушылықты дер кезінде прокурорлық қадағалау айқындауы және жою болып табылады.

Қадағалаудың маңызды жолы - бұл іздеуден қашып жүрген айыпталушыны немесе сезіктіні таба алмауына байланысты қысқартылған істер бойынша белсенді жұмыстар жүргізу үшін шаралар қолдану.

Прокурор барлық қысқартылған істермен танысуға міндетті, айыпталушыны іздеуде немесе қылмысты ашуда қаншалықты толық және белсенді шаралар қолданып жатқанын анықтауы қажет, қажетті ұсыныстар беруге мерзімдерін белгілеуге және олардың орындалуына бақылауды орнатуға міндетті.

Тергеуге қадағалауды жүзеге асыру барысында ең маңыздысы қылмыстың алдын-алу туралы заңдардың талаптарын қамтамасыз ету болып табылады.

Егер тергеуші заңдық күшінде әр іс бойынша жасалған қылмысқа себепкер болатын ; себептермен шарттарын айқындап отыруға міндетті болса және оларды жоюға қолданылатын талаптарға сәйкес ұсыныстарды енгізуге міндетті болса, прокурордың міндеттері заңның осы талаптарының орындалуына бақылау жасау ғана емес, сондай-ақ осындай ұсыныстарды ғана кең көлемде ескерту шаралары туралы мәселелерді қою үшін сәйкес нәтижелермен жинақтап қорытуы керек.

Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру үшін ең маңыздысы прокуратура органдарындағы нақты лауазымды адамдардың белгілі құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемесе соншалықты бүтіндей прокуратура органдарының жұмыстарына айқындылық және тәртіптілік қамтамасыз етіледі.

Қылмыстарды тергеуінің заңдылығына қадағалау прокуратура қызметіндегі ең маңызды бөлім, ол анықтама және тергеу органдарының процессуалдық басшылығынан тұрады және қылмысты тергеуде осы органдардың заңда көрсетілген тәртіптің дұрыс орындалуын қамтамасыз етуіне бағытталған.

Ерекше жауаптысы прокуратура органдарының тергеу жұмыстары болып табылады, себебі, тергеудің осы сапасы адам тағдырын шешеді. Прокуратура қызметкерлері заңды бұзғандарға қарсы айыптаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар егер азамат жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болса, онда олар азаматты қорғауға міндетті болып алға шығып сөз сөйлейді.

Прокуратура органдары заңның нақты және біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды функциясын жүзеге асыра отырып; Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" заң күші бар жарлығының 3-ші бабында бекітілген басты міндеттерін орындайды. Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметі заңдылықтың құқықтық тәртіптің бекітілуіне және әртүрлі қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған.

ҚР сы Конституциясымен бекітілген Республиканың саяси

және экономикалық жүйелерін;

- меншіктің қай түріне жатуына, бағыныштылығына

қарамастан кәсіпорын, мекеме ұйымдардың құқықтарын

қорғау;

- азаматтар мен адамдардың құқықгары және

бостандықтарын қорғау;

- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық міндеті

мен құқықтық сананы дамыту;

Сөйтіп, қылмыстық істерге қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор заңдылықты қадағалаудың жалпы функциясынан шығатын міндеттерді - қадағалаудың осы саласына ғана сай келетін, тек қана тергеу процесіндегі заңдарды ескермегенде, міндеттерді орындайды,

Тергеу сатысындағы прокурордың міндеттері, тергеу және анықтама органдарындағы лауазымды адамдардың және қылмыстық істерді тергеуге қатысатын басқа да адамдардың қызметіндегі заңдылыққа қадағалаудан тұрады.

Прокурор ең алдымен әр қылмыстың жеке толық ашылуын

қаматамассыз етілуіне жағдай жасайды. Бұл міндет "ҚР-сы

прокуратура туралы" заң күші бар жарлығының 22-ші

бабында және Қазақстан Республикасының ҚІЖК-ң 8-ші

бабында көрсетілген.

Қылмысты ашудың тездетілген түрі қылмыстық репрессияның мергендігін, қылмыспен күресетін табыстылығын қамтамасыз етеді, және тәрбиелеу - ескерту әсерін қолдану ол тергеудің белсенді жүргізілуімен қамтамасыз етіледі.

Қылмысты толығымен ашу дәлелдеме құрамы болып табылатын істің барлық мән-жайларын зерттеу және айқындау - бұл қылмыстың оқиғасын және белгілі бір адамдардың осы қылмысқа байланысты қінәлілігін анықтау жеңілдететін және, ауырлататын мән - жайлар; айыпталушының жеке басын сипаттайтын фактілер; осы қылмысты жасауға әсер еткен жағдайлар мен себептер.

Әр қылмысты толықтай және тез ашу үшін тергеушінің барынша табандылығы мен бастамасы қажет. Сондай-ақ прокурор жағынан белсенді қадағалау және шебер басшылық қажет. Қылмысты ашып болғаннан соң прокурордың жаңа міндсті туады - ол қылмыс, істегені үшін кінәлі барлық адамдарды қылмыстық

жауапкершіліктен бас тартпау не қашып кетпеу үшін заңды шаралар қолдану (4-бап. Прокуратура туралы заң) .

Аса ауыр қылмыс жасағандар қылмыстық жауапкершілікке міндетті түрде тартылуы керек деген талаптар мімдетті болып қалады.

Сонымен қатар, практикада мынадай жағдайлар кездеседі. Қылмыс жасаған үшін кінәлі адамдар негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отыр. Практикадағы мұндай жағдайдың үлгісі болып Алматы облысы Қаскелен қаласы Алматы көшесі Универмаг алдында К-ға қатысты кәнігі бұзақылық жасалды, нәтижесінде орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілді.

Бірақ тергеуші қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қауыл шығарды. Бұл жерде жәбірленушінің өзі болған оқиға туралы мәлімдемеді.

Осыдан байқалатыны, жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 257-ші бабының 1, 2, 3 тармақтарында белгілеріне сәйкес келеді, яғни жеке айыптау қылмысы емес, кәнілігі бұзақылық болып табылады.

Осындай қылмыс жасаған адамды заңсыз босатудаи тек қана прокурор жағынан кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке. тарту туралы заңның орындалуына қадағалау жолымен құтылуға болады.

Қылмыстық процесте тергеудің басты міндеті - қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту, оның кінәсін дәлелдеп сотқа беру үшін қажетті дәлелдемелермен негіздейді.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту өте маңызды және өткір міндет, себебі, оларды орындау үшім әр уақытта барынша көп сақтық және батылдық қажст.

Адамдарды қылмыстық жауапқа тартуда зандылыққа қадағалауды жузеге асыра отырып, прокурор алдында тұрған басқа да міндетті орындайды. Бірде-бір адам негізсіз және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылмауын және жазаға ұшырамауын қадағалап отырады.

Азаматтарды заңсыз қылмыстық - жауапқа тарту, оның құқықтарын қатаң түрде бұзушылық болып табылады, сондай-ақ, нақ қылмыскерлер жазалаусыз қалуы оларға жаңа қылмыстар жасауға мүмкіндік береді.

ҚР-сы Конституциясының 16-шы бабына сәйкес, заңдарда белгіленген тәртіп және негізінде ғана тұлға қылмыстык жауапқа тартылады.

Тергеу органымен осы норманың қатаң түрде орындалуын қамтамасыз ету - прокурордың міндеті.

Тергеудің ең маңызды міндеттерінің бірі - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу болып табылады.

Прокукор тергеушіден өзінің қолынан келетіндей қылмыспен кестірілген залалды толық және тез шешу үшін немесе келтіріліген талапты қамтамасыз ету үшін бәрін істеуді талап етеді. Тергеу әрекетінің тағы да бір маңызды міндеті қылмыстың жасалуына себепкер болатын шаралармен себептерді айқындау және жою болып табылады.

Осы міндет жасалған және әзірленіп жатқан қылмыстардың алдын - ала ескертілуімен жол берілмеуіне процессуалдық заңмен көрсетілген шараларды қолдану жолымен, қылмыс жасауға себепкер болған мән-жайлардың барлық жиынтығын айқындау және жою тергеушімен жүзеге асырылады.

Тергеу барысында қылмыс жасауға мүмкіндік берген шарттармен себептерді анықтаған кезде тергеуші сәйкес мекеме, кәсіпорын ұйымдарға осы шарттармен себептерді жоюға байланысты шараларды қолдану туралы ұсыныс енгізуді мұндай ұсыныстар 1-ай мерзім ішінде тергеуге қолданған шаралар туралы хабарлаумен қаралуы тиіс.

Шарттар мен себептерді жою туралы ұсыныстарды құрастыру қазіргі кезде тергеу практикасына еніп кетті.

Прокурордың тергеу органының қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде міндетін тергеушімен жүргізілген прафилактикалық шаралардың басым көпшілік әрекеттілігіне жету.

Қылмыстық процессте тергеу алдында тағы да бір міндет бар: - азаматтарды барлық зандарды үздіксіз орындау рухында тәрбиелеу.

Алғашқыда бұл қәсіби міндет ең алдымен сот органына жүктелген болатын.

Бұл қылмыстық істерді қараған кезде сот кең аудиторияға бөлінген болатын. Бірақ уақыттың көрсетуіне байланысты, тергеу процесінде тергеу жүргізу органы заңды бұзғандар мен қылмыстылықпен күресу жолында ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізе алады.

Тергеушінің тәрбие қызметі екі ұшты сипатта болады, ол айыпталушының оның психикасына, көзқарастары мен әдеттеріне игі ниетпен өзгерту мақсатымен әсер етеді.

Тергеушінің әрекеті айыпталушы өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігіне көзі жететіндей етіп көрсетілуі қажет. Қоғамдық жөндеу еңбектеріне баулу, зандарды және мораль және этика нормасын құрметтеу мақсатымен жүргізілуі тиіс.

Басқа жақтан тергеуді жүргізу басқа азаматтарға әсер етуі керек, олардың қылмыстардың ашылмай қалуы мүмкін емес

1. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау.

Тергеу органдарының қызметіне қадағалауда ең маңызды орны болып, жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар өтініштермен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын қадағалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі
Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
Прокуратура органдарына қатысты мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz