АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904) туралы ақпарат



- Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев — өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақыл. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет ұранынна үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын ашты. Абайдың шығармалары — өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, ағартушылық гуманистік мазмұнға бай, ізгі ниеттер мен терең ойға толы, шебер тілді көркем
туындылар.
Амал не, Абайдың осы асыл мұралары өзі тірі кезінде, бүгінгідей жоғары бағаланып, кең танылып кете алмады. Абай шығармалары (бір-екі өлеңнен басқасы) қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.
Ресей географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере бастады. 1906—1907 жылғы „Хабарларында" ақынның суретін және ол туралы Әлихан Бөкейхановтың көлемді мақаласын жариялады. Ал 1914 жылы сол қоғам А. Н. Веселовскийдің құрметіне арнап шығарылған „Шығыс жинағының үшінші бөлімінде ақынның кейбір өлеңдерін бірінші рет орыс тіліне аударып басты. XX ғ. басында өмір сүрген ұлы жазушылар — Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт т. б. ақынның ерекшелігін танып оны „Қазақтың бас ақыны"—деп ардақтады, үлгі тұтты. Кейін ақын шығармашылығы жаңадан жаңғырғандай болды. Оның шығармалары толық жинақ түрінде де, жекелеген кітаптар түрінде де әлденеше рет баспа бетін көрді, ту-ысқан халықтар тілдеріне аударылды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)

- Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері
мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев — өз
ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ
поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты
мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақыл. Ол
халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет ұранынна үндеді.
Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп елінің әдебиет
көшін зор мақсатқа меңзеді.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша гуманистік әдеби
еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі
мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын ашты. Абайдың
шығармалары — өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін,
ағартушылық гуманистік мазмұнға бай, ізгі ниеттер мен терең ойға толы,
шебер тілді көркем
туындылар.
Амал не, Абайдың осы асыл мұралары өзі тірі кезінде, бүгінгідей жоғары
бағаланып, кең танылып кете алмады. Абай шығармалары (бір-екі өлеңнен
басқасы) қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана
таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов
бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы бойынша
Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.
Ресей географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере
бастады. 1906—1907 жылғы „Хабарларында" ақынның суретін және ол туралы
Әлихан Бөкейхановтың көлемді мақаласын жариялады. Ал 1914 жылы сол қоғам А.
Н. Веселовскийдің құрметіне арнап шығарылған „Шығыс жинағының үшінші
бөлімінде ақынның кейбір өлеңдерін бірінші рет орыс тіліне аударып басты.
XX ғ. басында өмір сүрген ұлы жазушылар — Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт т. б. ақынның ерекшелігін танып оны
„Қазақтың бас ақыны"—деп ардақтады, үлгі тұтты. Кейін ақын шығармашылығы
жаңадан жаңғырғандай болды. Оның шығармалары толық жинақ түрінде де,
жекелеген кітаптар түрінде де әлденеше рет баспа бетін көрді, ту-ысқан
халықтар тілдеріне аударылды.
Кейінгі жылдары республикамыздың ғылыми-зерттеу орындары мен
әдебиетшілері Абай шығармашылығын игеруде жаңа қадамдар жасады. Күнделікті
баспасөз бетіндегі мақалаларды былай қойғанда, көлемді монографиялық
зерттеулер де жарық көруде. Бұл еңбектер, сөз жоқ абайтану тарихында жаңа
бір белес биігін танытады.
Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымды
негіздеудегі аса көрнекті ғалымымыз М. О. Әуезовтің еңбегін ерекше атап
көрсету қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образын жасаумен
қатар, терең ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін
салды. Ақын шығармаларын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды,
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы фактілерге бай ғылым тұжырымдары
дәйекті де терең, көлемді монография жариялады. Үзақ жылдар бойына еңбек
етіп, Абай шығармашылығының келелі мәселелері туралы көптеген зерттеулер,
мақалалар да жазды.
Бүгінде Абай мұралары жанрлық жағынан да, поэтикалық тілі, көркемдігі
мен халықтығы жағынан да жан-жақты әрі тиянақты зерттелуде. Абай
шығармашылығының арналары басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде классикалық
әдебиеттермен байланысты қаралып, одан ақынның үйрену, аудару тәжірибелері
мол зерттеулер тұғызыш отыр. Абайдың дүниеге көзқарасы, қоғамдық ойлары,
оның орыстың озық, ілгерішіл идеясымен байланысты сияқты мәселелердің де
беті ашылды. Абайды зерттеуге тілшілер де, экономистер де, философтар да,
тарихшылар да, заң-хұқық қызметкерлері де белсене ат салысуда. Бұлардың
еңбектері өзінің жақсы нәтижелерімен жұртшылық көңілінен шығып отыр.
Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі
болмай, бүкіл жер жүзі ғалымдарынның төл ісіне айналып кетті.
Абайдың қарасөздері мен нақылдары — ақын шығармашылығының елеулі
саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін
маңызды шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза,
публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.
Өлеңдерін туғызған тарихи әлеуметтік жағдайлар қарасөзінің тууына да
себепкер. Ол — өлеңдерінде де, қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың
арманын, болашақ қамын көздеген жазушы. Өзі айтқандай: „Қыранша қарап
Қырымға, мұң мен зарды қолға алды, Кектеніп надан зулымға, шиыршық атты
толғанды".
Абайдың қарасөзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездейсоқ емес,
керекті заңды бетбұрыс еді. Таланттың өзін туғызатын тарихи әлеуметтік
жағдай, халықтың қалың ортасының керегі болса, оның творчестволық
ізденістеріне бастау да сол.
Көңіліндегі көрікті ойдың өңін қашырмай халыққа жеткізу, өнеге қалдыру,
ақыл айту, оны терең толғантты, қиялы қанаттанып, шабыт биігіне көтерілді.
Айтар сырларын, арман-ойларын түгел баяндап, тыңдаушысын тәнті етіп,
оқушысының сусынын әбден қандыру үшін тек поэзия аздық ететіңдей, прозаға
да бет бұрды. Кейбір тарихи не философиялық пікірлерін жеткізе айту үшін
оған поэзиядан гөрі қарасөздің мүмкінпгілігі мол сияқты сезілді.
Бірақ Абай алдында әзір турған проза үлгісі қазақ әдебиетінде болған
жоқ. Бұрынғы ауыз әдебиетіндегі түрлі тақпақ, ертегі аңыз-әңгіме түрлері
де, шешенсіген би сөздері де Абайға көркемдік үлгі болып кете алмады. „Ескі
бише отырман бос мақалдап",— деп қазақтың ескі билерінің түр қуған бос
сөздеріне сын айтты. Абай өз сөздерін халықтық терең идеяға құрып, оған
көркем түр бере түзеп, тыңдаушыларын да түзелуге шақырды. Ол қандай шығарма
жазбасын бәрінде де түр қуаламай, мазмұнға ерекше мән беруді мақсат тұтты.
Сондықтан да өз шығармаларының түрі мен мазмұнын қабыстырып, терең
мазмұнына сай өзінше түр тауып қолданды.
Ол үшін, Абай өзіне әбден таныс қазақ ауыз әдебиеті, Батыс әдебиеті,
Орта Азия әдебиеті Жасаған әзір үлгілерді білсе де оның барлық белгілі
түрлерін қабылдай алған жоқ. Ертегі, аңыз шежіре, хикая тағы басқа жазған
жоқ. Ол өзінше жазды. Ақындық жолындағы ізденістері нәтижесінде лириканың
көптеген жаңа түрлерін дамытқан Абай прозаның қолдануға ыңғайлы, жетімді
түрін іздестірген сияқты. Құлаққа жеңіл, жатқа айтуға да көнерлік, сол
тұстағы қауым талғамына сай өзіндік стиль тапты. Осылайша қазақ әдебиетінің
тәжірибесіне әлі сіңбеген прозалық шығарма жазуды бастады. Бұл салада алғаш
қадамдар жасады. Ол өз кезіне лайық жаттап алуға, ойға салып, тәлім алуға
мүмкіндігі мол қарасөз түрін тапты. Сол сөздер арқылы Абай өлеңдерінде
қозғаған алуан түрлі жаңа пікірлерін, ішін кернеген ой толғауларын жазып
қалдырды. Келешектің кәдесіне жарарлық өсиет, кезіне керекті насихат, жас
буынға ой саларлық ғақыл, өмір ережесі етіп тұтарлық шешен нақыл сөздер
тізді.
„Ақыры ойладым,— дейді Абай,— осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын,кім ішінен керекті сөз
тапса, жазып алсын, я оқысын, "керегі жоқ" десе, өз сөзім өзімдікі". Осы
ойға кіріскен Абай, өзінің көтерген мәселесін ұзақ желіге құрып, оқиғасын
көркем бейне арқылы ашуды мақсат қылмайды. Ол өзінің айтпақ болған ойларын,
өлеңдеріңде көтерген мәселелерін көлемі шағын, мазмұны бай, сөзі орамды,
тілі өткір қарасөздер арқылы қысқа ғана әңгімелеп береді.
Абай өзінің өсиет сөздерін, ғақияларын тұтас бір шығарма ретіңде шығару
жолында өзіне әзір стилдік үлгі болар туындыны, біздің кейінгі кездегі
болжамымыз бойынша батыстан да емес (біз бұрынғы зерттеуімізде А. С.
Пушкиннен тапты дегенбіз), шығыстан, парсы ғұламаларының еңбектерінен
тапқаны анық. Ондай ойға біз „Кабус наманың" қазақ тілінде бөлек кітап боп
шыққан кезінен келгенбіз. Байыптап қарасақ Кей қауыстың „Кабус намасы"
өзінің сыртқы түрі мен стилі жағынан өте жақын туындылар екен. Екеуінде де
қырық бес өсиет сөздер тізілген. Айырмасы мазмұнында екен. Кей қауыс өзінің
„Кабус намасын" (өсиет кітабын) өзінің туған ұлына арнап, соның болашағы
үшін керекті ақылдарын айтады. Өз басының тәжірибесін қорытып, болашақта
қажет болар деген ниетпен, баласына өсиет етеді. Өмір тәжірибесін түйіп,
жақсылық, әділдік жолдарын меңзейді. Аллаға, дін ісіләм қағидаларына берік
болудан бастап, үкімет билігін қалай жүргізу, адал адамгерпгілік, ақыл иесі
болу жолдарын, өнерлі, өнегелі іс қыла білуді әңгімелеген. Ал Абай болса,
бір адамға емес, ақылдарын барлық қазаққа, қала берді бүкіл адам баласына
қарата айтады. Қазақ елінің, ұлтының шындығынан алып сөз қозғаңды. Елінің
мақсат, мүддесін көздеп, оның парасатты ұрпағына жөн-жосық көрсетеді. Керек
жерінде сын айтып, керексіз әдеттер мен мінездерден сақтандырады. Жалпыға
ортақ ойлар түйіндейді.
Сондықтан, Абай сөздері сырт формасы жағынан „Кабус намаға" өте ұқсас
болса да, мазмұны мулде бөлек. Бұл тұста біз Абайдың аталмыш шығарманы
оқығанын және түрі, стилі жағынан болса да үлгі тұтқанын айтаақпыз.
Жанрлық іздену жолында ол шығыстың ғылыми трактат, тастих ретіндегі
шағын үлгілерін, Жәмидің қарасөзді ғақлияларью есте ұстағаны даусыз.
Қазіргі қолданылып жүрген мағынасында көркем проза жанрын тікелей
Абайдан іздеп, соның біріне оның ғақлия қарасөздерін жатқыза салам деудің
реті келе бермейді. Мысалы, көркем прозаны алсақ, оның қазір көлемді түрі
және шағын түрлері қалыптасты. Көлемді түрі: роман, повесть, шағын түрі:
әңгіме, новелла, очерк, т. б. Көркем публицистика түрлері бар. Бұлардан тыс
әдебиет қорына қосылатын жанама шағын формалардан — сын, мақала, деректі
әңгіме, қызықты памфлет,фельетон, ғылыми-философиялық мәні бар эссе,
трактат, сұхбат, суреттеме, өсиет сөз, нақыл сөз, т. б. атауға болады.
Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де, ғылыми мақала да, ойшылық
трактат та, өткір сын, мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме де,
адамгершілік өсиеттер де (дидактикалық рассуждение), публицистикалық
насихат түрлері де, шешендік әңгіме кеңестері де бар. Тек көлемді көркем
проза жазбаған.
Қысқасы біз: 1) Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп
атау керек, 2) Абайдың қарасөздерінде шағын прозаның мынадай түрлері бар
деп білу керек демекпіз:
1. Өсиет ғақлияға Абайдың адамгершілік мораль, мінез- құлық туралы
мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни
ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: „Он үшінші",
„Жиырмасыншы", „Жиырма сегізінші", „Отыз сегізінші" сөздері деуге болады.
Абай өсиет ғаклия ретті эссені тек түр ретінде өз мақсатына сай жаңа
мазмұн бере отырып, пайдаланған. Мұны Абай ағартушы насихатшылық талабына,
өнеге, ақыл айтып кету арманына сай жазған. Сондықтан оны түр ретінде
пайдаланудан қашпаған.
2. Тастих (утверждение) немесе философиялық трактат. Бұған Абайдың
философиялық ойларын, дүниеге көзқарастарын білдіретін ғылыми пікірлер
айтқан эсселері жатады. Мысалы, „Жетінші сөз" „Он жетінпгі сөз",
„Қырық үшінші сөз", „Қырық бесінші сөз".
Бүдан басқа „Жиырма жетінші сөзі" мен „Отыз сегізінші сөзі" де трактат
үлгісіне үқсайды. Бірақ олар те-рең ойлылығы жағынан жақын болса да, түрі
жағынан біраз алшағырақ. Сондықтан бүл сөздерді өсиет ретіндегі диалог-
кеңес сөз үлгісіне (поучение,, сүхбат формасына) жатқызған жөн.
3. Нақыл түспал сөз (Афоризм, изречение). Абайдың өлеңдерінде де,
қарасөздерінде тауып айтқан түжьфымды, үлгілі деп аталып жүрген сөзі
түгелдей афоризм (23 афористік сөз), түспал сөздер де көп. Осындай афоризм
тізімі „Кабуснамади" да кезігеді. Қарасөздердің ішінде „Отыз
жетінші сөзде", бүдан өзге де афоризмдері көп. Олар әр жерде шашылып жатыр,
өлеңінде дег қарасөздерінде де, әркімнің еске алған сөздерінде де
кездеседі. Оларды өз алдына тізсе, мол дүние болып шығады.
Мысалы: „Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық", „Дүние бір
қалыпты түрмайды, адамның қуаты бір қалыпта түрмайды. Ендеше көңіл қайдан
бір қалыпта түра алады" (ЛОіырмасыншы сөз). Осылайша, түспал сөзбен ақыл
айтып, түжырымды ой беріп, әдебиетте түспал мәтел сөз формасын дамытты.
Әңгіме, кеңес ретіндегі диалогг монологтарында Абай кейде екі адаі^еды не
адам мүшелерін сөйлестіріп, кеңестіреді. Кейде өзі әңгіме-дүкен қүрып,
тыңдаушысы мен не өзімен өзі кеңесіп отырады. Біреуге сүрау қойып, жауап
күтеді, не өзі екінші кісінің ролінде толғанады. Жауабы өзінен-өзі белгілі
сүрақтар қояды. Мысалы: „Төртінші", „Бесінші11, „Сегізінші11, „Тоғызыншы",
„Оныншы", „Он екінші", „Он алтыншы", „Он тоғызыншы", „Жиырма бесінші11,
„Жиьфма жетінші", „Отыз бірінші", „Отыз екінші", „Қьфқыншы" сөздері.
Публицистикалары: „Бірінші", „Екінпгі11, „Үшінші", „Он төртінші", „Жиырма
төртінші", „Жиырма алтыншы", „Жиырма тоғызыншы", „Отыз
үпгінпгі11, „Отыз тоғызыншы", „Қырық бірінші11, „Қырық екінші" сөздер
және „Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы"
мақаласы.
Публицистика — мерзімді баспасөздің шығуына байла-нысты пайда болған
белсенді жанр. Онда саяси-әлеуметтік, мемлекеттік, қоғамдық маңызы бар
мәселелер қозғалады. Жағымсыз қүбылыстарг мінездер сыналады. Кейде ғылыми
мәселелер көтеріледі. Абайдың „Екінші", „Үшінші11, „Бесінші", „Тоғызьшшы",
„Отыз үшінші11, „Қырық екінші" сөздері мен „Біраз сөз қазақтың қайдан
шыққаны тура-лы" сөздері — ғылыми мақала ретінде жазылған публици-стикалық
еңбек. Онда Абай алуан түрлі қоғамдық саяси-әлеуметтік, ғылыми мәселелерді
қозғайды. Бүл сөздердің мақалалық сипаты айқын байқалады. Күнделікті бір
мәселені қысқаша жай ғана баяндап берушілік, оған
әлеуметтік мән бере сөйлеу — мақалаға үқсататын қасиеттер.
Абай қазақтың болыс, билерін, байларын келеке етті, елдегі қырсыздық,
еңбексіздік, надандық тағы басқа жағымсыз істерді сынай сөйлеп, „Алтыншы",
„Он бірінші11, „Он төртінші", „Жиырма екінші", „Жиырма тоғызыншы", ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) жайлы ақпарат
Абай дана Абай дара
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Алматының көрнекі орындары
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Абай Құнанбаев - өмірі, шығармашылығы
Абай Құнанбаев-ақын
Абайтану ғылымы
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Пәндер