Имандылық туралы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Имандылық туралы
2. Иман туралы
3. Ислам және Құран
4. Құран Кәрім . Аллаһтың сөзі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: “Оның мінезі – Құран”, – деп жауап берген. Құранда: “Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
2. Қазақ энциклопедиясы, 4-том
3. Ислам, энциклопедия. Алматы, 1995 ж, 65 бет.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Имандылық туралы
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін
белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам
бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық
жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге
келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-
қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық,
инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі
ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет
көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.
Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала
келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған
кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл
қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу
кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін
адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық
иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни
имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла
жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп
саналған.
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді
толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен
имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші
үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан,
сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), –
деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран
Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы
Хазіреті Айша: “Оның мінезі – Құран”, – деп жауап берген. Құранда:
“Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет
бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2277).
Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі
зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық
қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат –
имансыздық.

Иман туралы
Иман – араб тілінен аударғанда сенім деген мағынаны білдіреді. Иманды
болу Құранда әәмәнә деген етістікпен беріледі. Өз кезегінде бұл сөз әмн
қауіпсіздік деген мағынаны білдіреді. Қысқаша айтқанда иманды адам екі
дүниеде қауіпсіздікте болады. Бұл дүниеде тіршіліктің сергелдеңі мен
уайымынан, мәңгі өмірде күйзелтуші мәңгі азаптан аман болады.
Шариғаттағы мағынасында иман: соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу
аләйһи уә сәлләмнің әкелген барлық нәрсесін (Құран, хадистер, құлшылықтар,
әмірлер мен тыйымдар) мойындап, қабылдау, жүзеге асыру.
Абайша айтсақ: әрбір ақылы бар адамға иман парыз, әрбір иманы бар
адамға ғибадат (құлшылық) парыз.
Хадиске жүгінсек: иман тілмен айтылып, жүректе бекіп, дене мүшелерімен
амалға асу керек.
Ардақты пайғамбарымыз өз хадисінде: Иманның жетпістен артық бұтақтары
бар: ең жоғарғысы - Лә иләһә иллә Аллаһ, ең төменгісі – жолдағы кедергіні
алып тастау дейді.
Басқа діндегі адам Ислам дінін қабылдар болса Лә иләһә иллә Аллаһ,
Мухаммәдур расулуллаһ, яғни, Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ,
Мухаммед Алланың елшісі деп айтуы керек. Осы сөзді куәлар алдында айтқан
адам мұсылман болады. Бұл сөзді шын жүректен түсініп айтқан адам өмірде
қателесіп күнәлар жасаған болса, ақыретте күнәларына сай тозақта жазаланған
соң шығарылып, жәннәтқа кіреді. Иманы жоқ адам тозақта мәңгі қалады!
Олай болса бұл сөз біздің мәңгі бақытқа қол жеткізуіміздің кілті екен.
Бірақ, өкінішке орай, мұсылманбыз деп кеуде соққанымызбен көпшілігіміз осы
сөздің өзін біле қоймаймыз. Кейбіріміз айта білгенімізбен мағынасын түсіне
бермейміз. Түсінген күнде де тіршілікте соған сай амал етуге асыға
қоймайтынымыз тағы бар...
Көбіне көпшілік халық мешітке түсіне өмірден өткен жақындары кірсе,
немесе жақын біреу қайтыс болса ғана барады. Соларға Құран оқытып қайтқан
соң мойнынан барлық парыздары түскендей кетіп бара жатады. Сол оқылып
жатқан Құранда не айтылып жатыр, біздерге не бұйырылып жатқанына бас
қатырып жатпайды. Өкінішке орай өз парыздарымызды үйрену мен орындауға
келгенде белсен­ділігіміз бәсеңсіп қалып жататыны рас.
Дүниеде қаншама адамдар иманға келмеген соң жалған дүниенің алдамшы
мақсаттарын қуып, құнды өмірін құнсыз нәрселермен өткізіп жүр. Олардың
жағдайлары неткен аянышты... Шынайы иманға келген адамдар ғана өмірдің
мәнісін түсініп, не үшін жаратылғанын біліп, Жаратушысына құлшылық ету
арқылы жаратылғандарға құл болудан азат етілуде. Осылайша имандылар ғана
барлық жұмыр бастылардың басқа жақтан іздеп таппай жүрген бақытына қол
жеткізуде.
Алла-тағала бізді не үшін жаратқанын Құранда былай хабарлайды: Жындар
мен адамдарды тек қана Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым (Зәрият
сүресі, 56-аят).
Құлшылық қартайғанда қылынатын қарекет емес. Жастық шақта бойда күш
буырқанып тұрғанда сол күшті күнәға жұмсамай тежеп, жақсы амалдарды
атқаруға жұмсау.
Шариғатта балиғат жасы деген түсінік бар. Бұл қыз баланың әйел адамға
тән белгілері, ер баланың еркектік белгілері біліне бастаған кезден
басталады. Яғни, 12-15 жас аралығы. Міне, осы жастан бастап екі жақтағы
періште адамның әр әрекеті мен сөзін жаза бастайды. Құлшылықтар да осы
жастан бастап парыз болады. Олай болса, маған намаз оқуға әлі ерте,
зейнеткерлікке шығайын деуіміз ыңғайсыздау сылтау екен.
Ал кім Аллаға құл болудан арланса немесетәкәппар болса: Кім Оған
құлшылықтан арланып, дандайсыса, сонда оларды тұтас Өз тарапына жинайды.
(Ниса сүресі, 172-аят).
Еліміздің әр азаматы иманды болса арман бар ма? Қоғам имандылыққа қол
жеткізсе жемқорлық, нашақорлық, зинақорлық сияқты қорлықтардан оңай құтылар
едік, алайда бүгінгі қоғамда бәрі басқаша.
Өмірде мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Иманға қарағанда ақша мен дүниені,
сауық-сайран менқызық қууды артық көргендер ақыретте қойылатын сұрақтарға
жауап бере алмай кібіртіктеп қана қоймай, қабір азабы мен тозақ отына душар
болары хақ. Өйткені Алла-тағала бізді Өзіне құлшылық етуіміз үшін осы сынақ
өмірге жіберді. Тіршіліктің түбі өліммен аяқталмасы аян. Адам мәңгі өмір
үшін жаралған. Біреулер бұл дүниеде қиындыққа шыдап, мәңгі өмірдің рахатына
бөленсе, енді біреулер алдамшы да өткінші өмірдің қызықтарына қызығып,
мәңгі жәннәттан құр қалып азапқа сай болады.
Ислам және Құран
Ислам сөзі - мойынсұну, бағыну, берілу, амандықта болу деген ұғымды
білдіреді. Терминдік мағынасы: Ұлы Жаратушы Ие Аллаһқа мойынсұну және
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың дін ретінде әкелген, үйреткен,
жеткізген нәрселерін толықтай қабыл етіп, ұстану.
Құранда иман мен ислам сөздері кейде бір мағынада айтылса, кейде екеуі
екі бөлек мағына екенін білдіретін аяттар бар. Осы аяттардың екі мағынада
айтылуы мұсылман ғалымдарының екі түрлі пікір ұстануына бірден‑бір себеп
болған. Әрбірі, осы екі пікірдің бірін дәлелдеуге тырысады.
Ислам сөзі негізінен өте ауқымды, кең мағыналы термин. Ал иман осы
ауқымды, кең мағыналы ұғымның бір бөлігі ғана. Ислам негізінен берілу,
тәслім болуды білдіреді. Тәсілім болу, мойынсұну үш түрлі жолмен: жүрекпен
сену арқылы, тілмен айту арқылы және дене мүшелерімен құлшылық ету арқылы
жүзеге асады. Бұлардың ең жоғарғы мәртебесі жүрекпен сеніп берілу. Міне,
мұны иман дейміз.
Әшғарилер мен Матуриди ғалымдарының көпшілігі ислам мен иманды бөлек
ұғым ретінде түсіндіреді. Әрбір мумин мұсылман болады. Бірақ, әрбір
мұсылман мумин бола алмайды. Өйткені, тілімен иман еткен мунафиқтар тек
сырт көріністе мұсылман болуда, ақиқатында жүрегінде иманы болмағандықтан
мумин емес. Олар бұған дәлел ретінде Хужурат сүресінің 14 аятын нұсқайды
Әбу Хурайрадан риуаят етілген Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
Жибрил хадисі деген мәшхур хадисінде ислам, иман, ихсан сөздері мен
ұғымдарын үш түрлі мағынада қолданғандығы мәлім: Расулуллаһ бір күні
сахабаларымен бірге отырған кезде бір адам келіп Пайғамбарымызға:
- Иман деген не? - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Иман дегеніміз, Аллаһқа, періштелеріне, Аллаһқа қауышуға,
пайғамбарларына, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену, - деп жауап берді.
Ол кісі қайта:
- Ислам деген не? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Ислам дегеніміз - Аллаһқа құлшылық ету, оған ешнәрсені серік қоспау,
намаз оқу, парыз болған зекетті беру, рамазанда ораза ұстау және Қағбаны
хаж етуің, - деп жауап берді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Имандылық – бақыттың шыңы
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Имандылық адамгершілік тәрбиесі
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Имандылық қастерлі қасиет
Пәндер