Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары көрініс табады.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мысалы, азаматтың қандай да болмасын бір инстанцияларға ұсыныс, арыз және шағым беру туралы өтініш жасау құқығы), не тек міндеттер ғана (мысалы, жол жүру ережелерін сақтау), не құқықтар мен міндеттер болады (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтың іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады (мысалы, азамат аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды), ал озге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан қалыптасады (мысалы, ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға тартылады да полицияға жеткізіледі).
Төртіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, өрт қауіпсіздігі ережерелін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай-ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды (мысалы, босқындар немесе амалсыздан қоныс аударғандар болып табылатын адамдар).
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып табылады. Ол әр түрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Бірінші, құқықтар мен міндеттердің аса маңызды бөлігі тұлғаның, адамның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі болып саналады. Қазақстан мемлекетінде тұлғаның, адамның жағдайын құқықтық реттеу негізгі, басым орын алуєа тиіс, ойткені құқық пен мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары қоғамға, әрбір тұлғаға, әрбір адамға қызмет етеді деген идеяны білдіреді. Дәл осы пікір Конституцияның 1-б-да бекітілген ҚР-ның «ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дегеннен көрініс тапқан.
Конституцияның 1-ші және басқа баптарында тұжырымдадған тұлға мен мемлекеттің қарым-қатынастарының сипаты дүние жүзінің көптеген мемлекеттері үшін жалпы танылған болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық ұйымдардың қабылдаған аса маңызды актілерінде бекітілген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

‭ ‬Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

АЗАМАТТЫҚ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден,‭ ‬оның күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен‭ ‬қоғамның,‭ ‬азамат пен мемлекеттің,‭ ‬жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық,‭ ‬азаматтық,‭ ‬қаржы және басқа‭ ‬құқық салаларының нормалары көрініс табады.
Екіншіден,‭ ‬нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек‭ ‬құқықтар ғана‭ (‬мысалы,‭ ‬азаматтың қандай да болмасын бір инстанцияларға‭ ‬ұсыныс,‭ ‬арыз және шағым беру туралы өтініш жасау‭ ‬құқығы‭)‬,‭ ‬не тек міндеттер‭ ‬ғана‭ (‬мысалы,‭ ‬жол жүру ережелерін сақтау‭)‬,‭ ‬не құқықтар мен міндеттер болады‭ (‬мысалы,‭ ‬әкімшілік‭ ‬құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтың іс бойынша қабылданған‭ ‬қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады‭)‬.
Үшіншіден,‭ ‬азаматтың‭ ‬әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда‭ ‬қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады‭ (‬мысалы,‭ ‬азамат аң аулау мылтығын алу‭ ‬үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға‭ ‬өтініш жасайды‭)‬,‭ ‬ал озге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан қалыптасады‭ (‬мысалы,‭ ‬ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға тартылады да полицияға‭ ‬жеткізіледі‭)‬.
Төртіншіден,‭ ‬азаматтың әкімшілік‭ ‬құқықтың субъектісі ретінде‭ ‬құқықтық мәртебесі барлық азаматтар‭ ‬үшін жалпы болып табылатын‭ ‬құқықтар мен міндеттерді‭ (‬мысалы,‭ ‬өрт‭ ‬қауіпсіздігі ережерелін сақтау міндеті‭)‬,‭ ‬азаматтардың тек‭ ‬қандай да болмасын бір санатына‭ ‬ғана тиісті‭ ‬ болатын‭ ‬құқықтар мен міндеттерді‭ (‬мысалы,‭ ‬автомобиль көлігін жүргізушілерге,‭ ‬кәсіпкерлерге,‭ ‬аңшыларға‭)‬,‭ ‬сондай-ақ нақты жеке адамдардың‭ ‬құқықтары мен міндеттерін‭ ‬қамтиды‭ (‬мысалы,‭ ‬босқындар немесе амалсыздан‭ ‬қоныс аударғандар болып табылатын адамдар‭)‬.
Азаматтың‭ ‬әкімшілік-құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып табылады.‭ ‬Ол әр түрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Бірінші,‭ ‬құқықтар мен міндеттердің аса маңызды бөлігі тұлғаның,‭ ‬адамның‭ ‬әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі‭ ‬құқықтық мәртебесі болып саналады.‭ ‬Қазақстан мемлекетінде тұлғаның,‭ ‬адамның жағдайын‭ ‬құқықтық реттеу негізгі,‭ ‬басым орын алуєа тиіс,‭ ‬ойткені құқық пен мемлекет,‭ ‬оның органдары мен лауазымды адамдары қоғамға,‭ ‬әрбір тұлғаға,‭ ‬әрбір адамға қызмет етеді деген идеяны білдіреді.‭ ‬Дәл осы пікір Конституцияның‭ ‬1-б-да бекітілген ҚР-ның‭ ‬ең қымбат қазынасы‭ ‬-‭ ‬адам және адамның‭ ‬өмірі,‭ ‬құқықтары мен бостандықтары‭ ‬дегеннен көрініс тапқан.
Конституцияның‭ ‬1-ші және басқа баптарында тұжырымдадған тұлға мен мемлекеттің қарым-қатынастарының сипаты дүние жүзінің‭ ‬ көптеген мемлекеттері‭ ‬ үшін жалпы танылған‭ ‬болып табылады,‭ ‬ол Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық ұйымдардың қабылдаған аса маңызды актілерінде бекітілген.
ҚР-ның Конституциясы және соған негізделген заңнамалар бойынша тұлға,‭ ‬адам оның Қызмет,‭ ‬қоғамдық немесе мүліктік жағдайына,‭ ‬ұлтына,‭ ‬діни сеніміне,‭ ‬т.б.‭ ‬қарамастан,‭ ‬қазақстанда құқықтың барлық салаларының‭ ‬субъектісі болып табылады,‭ ‬сол үшін тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияда бекітілген,‭ ‬сонымен бірге адамның бұл мәртебесінде әкімшілік құқық нормалары да маңызды орын алады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесін құрайтын және қандай да болмасын бір шамада әкімшілік-құқықтық реттеудің аясында болатын негізгі құқықтар мен бостандықтардың ішінде,‭ ‬мысалы,‭ ‬мыналарды атауға болады:‭ ‬әркімнің өмір сүруге құқығы‭ (‬15-6‭)‬,‭ ‬әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы‭ (‬16-6‭)‬,‭ ‬әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы,‭ ‬өзінің және отбасының құпиясына,‭ ‬ар-намысы мен абыройлы атының қорғалу құқығы‭ (‬18-6‭)‬,‭ ‬әрбір адам,‭ ‬заңда көрсетілгеннен басқа реттерде,‭ ‬ҚР-ның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға,‭ ‬Республикадан тыс жерлерге‭ ‬кетуге,‭ ‬Республика азаматтарының Қазақстанға кедергісіз қайтып оралуына құқығы‭ (‬21-6‭)‬,‭ ‬тұрғын үйге қол сұғылмайтын құқығы‭ (‬25-6‭)‬.
Конституция тұлғаның құқықтарын ресми түрде жариялай отырып,‭ ‬адам үшін белгілі бір міндеттер мен тыйымдар тағайындайды,‭ ‬мысалы,‭ ‬занды түрде белгіленген салықтарды,‭ ‬алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу‭ (‬35-6‭)‬,‭ ‬табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау‭ (‬38-6‭)‬,‭ ‬еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі‭ (‬24-6‭)‬,‭ ‬монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі.‭ ‬Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады‭ (‬26-6‭)‬.
Сонымен бірге Конституция‭ (‬39-6.‭ ‬1-т.‭) ‬адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектеліуі мүмкіндігін бекіткен,‭ ‬әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық нормалар әдетте әкімшілік-құқықық сипатта болады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқықты‭ ‬ҚР-ның ішкі істер‭ ‬органдары туралы‭ ‬1995‭ ‬ж-ғы‭ ‬21-желтоқсандығы заңның‭ (‬11-б.‭ ‬1-т‭) ‬ қылмыскерді іздегенде,‭ ‬егер пәтерде не тұрғын үйде адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса,‭ ‬өрт болған және өзге де жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық мәртебенің екінші құрамдық бөлігі ҚР-сы азаматының мәртебесі больш саналады.‭ ‬Әрбір азаматғын әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде өзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді.‭ ‬Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға,‭ ‬жиналыстар,‭ ‬митингілер мен демонстрациялар,‭ ‬шерулер өткізуге және тосқауылдаріға тұру құқығы‭ (‬Конституция-ның‭ ‬32-бабы‭)‬,‭ ‬мемлекет ісін басқаруға қатысу туралы нормалар‭ (‬33-б‭)‬,‭ ‬әскери қызмет атқару міндеті‭ (‬36-6‭)‬,‭ ‬т.б.‭ ‬Одан кейін‭ ‬-‭ ‬бұл азаматтың шаруашылық‭ ‬-‭ ‬еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар,‭ ‬мысалы,‭ ‬Республикада жеке меншік,‭ ‬оның ішінде жерге де танылады және ол мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалады‭ (‬6-бап.‭ ‬1,3-т.‭)‬,‭ ‬занды тұрде алған қандай да болмасын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады,‭ ‬сонымен‭ ‬бірге соттың шешімінсіз ешкімді де оз мүлкінен айыруға болмайды‭ (‬26-6.‭ ‬1,3-т‭)‬,‭ ‬әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне,‭ ‬өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы‭ (‬26-6,‭ ‬4-т‭)‬,‭ ‬еңбек ету бостандығына,‭ ‬қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы‭ (‬24-6,‭ ‬1-т‭)‬.‭ ‬Ақыр соңында,‭ ‬азаматтың қоғамның мүдделерін қозғамайтын жеке немесе отбасы аясындаєы јкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар,‭ ‬олардың ішінде әдебиет,‭ ‬сурет,‭ ‬ғылыми,‭ ‬техникалық шығармашылықтарға құқығы,‭ ‬фамилиясын өзгертуге құқығы.
Жеке адам тұлға,‭ ‬сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға әкімшілік-құқықтық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады.‭ ‬Ол азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айналысу,‭ ‬оқу,‭ ‬Қарулы Күштер құрамында қызмет атқару,‭ ‬т.б.‭ ‬үшін қажет.‭ ‬Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде жұмысшының,‭ ‬қызметшінің,‭ ‬оқушының,‭ ‬әскери қызметшінің,‭ ‬зейнеткердің,‭ ‬т.б.‭ ‬құқықтық мәртебесін бөлуге болады.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше мәртебе деп атайды,‭ ‬ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен,‭ ‬жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен міндеттерді қамтиды.‭ ‬Бұл,‭ ‬мысалыэ‭ ‬әуесқой-аң аулаушылар,‭ ‬әуесқой-жүргізушілер,‭ ‬кәсіби емес‭ ‬-‭ ‬спортшылар,‭ ‬туристер,‭ ‬коллекция жинаушылар,‭ ‬т.б.‭ ‬Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады,‭ ‬сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен міндеттер тағайындалєан.
Жеке адамның‭ ‬демократиялық құқықтары мен бостандықтарын,‭ ‬сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бір ғана ресми түрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді.‭ ‬Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды,‭ ‬ірі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын,‭ ‬бостандықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде атқарушы биліктің рөлі туралы мәселе қою сөзсіз туады.‭ ‬Бұған барлық қажетті негіздер бар.
Ең алдымен атқарушы биліктің атқаратын қызметін ескере отырып былай деп айтуға болады,‭ ‬мемлекеттік басқару аясы қолданылып жүрген заңнамалармен бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін өте үлкен кеңістік болып табылады.‭ ‬Өйткені атқарушы биліктің негізгі функциясы‭ —‬аткару,‭ ‬яғни заңдардың талаптарын жүзеге асыру.
Сосын,‭ ‬атқарушы биліктің механизмі‭ ‬-‭ ‬мемлекеттік аппараттың күнделікті және қоғамдық өмірдің нағыз әр түрлі салаларында қызмет атқаратын ең көп санды және тармақтанған бөлігі.‭ ‬Осы себепті нақ осы тиісті атқарушы билік‭ ‬органдарымен‭ (‬лауазымды адамдармен‭) ‬және азаматтардың арасында көптеген нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар қалыптасады,‭ ‬олар азаматтардың субъективтік құқықтарын жүзеге асыру жөнінде жиі туындайды.
Тағы бір маңызды‭ ‬жағдай.‭ ‬Атқарушы биліктің субъектілері мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердіә қызметін реттейді,‭ ‬олардың құрамында мыңдаған адамдар жұмыс істейді.‭ ‬Тап осы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек,‭ ‬білім,‭ ‬денсаулық сақтау,‭ ‬әлеуметтік қамтамасыз ету,‭ ‬тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық-қажет қызмет көрсету,‭ ‬мәдениет,‭ ‬т.б.‭ ‬салаларында азаматтарға берілген субъективтік құқықтар жүзеге асырылады.
Одан соң,‭ ‬атқарушы билік механизміне арнаулы құқық қорғау органдары кіреді,‭ ‬олардың негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін әрі бақылау жасау,‭ ‬әрі оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Осының бәрі азаматтардың қандай да болмасын құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,‭ ‬егер негізінен болмаса да,‭ ‬едәуір‭ ‬шамада мемлекеттік басқыру аясында жүзеге асырылатындығын дәлелдейді.‭ ‬Бұл шындығында да солай.‭ ‬Мысалы,‭ ‬жұмысқа тұру үшін,‭ ‬яғни өзінің еңбек ету құқығын жүзеге асыру үшін,‭ ‬азамат кәсіпорынның,‭ ‬мекеменің әкімшілігіне өтініш жасауға тиіс,‭ ‬ал жұмысқа не қызметке алу әкімшіліктің бұйрығымен,‭ ‬яғни басқарушылық актімен рәсімделеді.‭ ‬Азаматтың зейнетақы алуы да оның зейнетақы тағайындауға‭ ‬өкілетті тиісті атқарушы органдарға өтініш беру керектігін болжайды,‭ ‬т.с.с.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизмі,‭ ‬сонымен,‭ ‬әдетте,‭ ‬екі міндетті сатыдан тұрады:
а‭) ‬азаматтың ерік білдіруінен‭;
ә‭) ‬өкілетті атқарушы органның‭ (‬лауазымды адамның‭) ‬бұл ерік білдіруге ресми көңіл‭ ‬бөлуінен.
Соңғы саты шешуші рөл атқарады,‭ ‬өйткені бұл орган азаматтың ынтасы бойынша пайда болған мәслелені біржақты заңдық биліктік тәртіппен шешуге құқылы.
Әрине азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда атқарушы билік органдары ерекше рөл атқарады деп түсінуге болмайды.‭ ‬Мемлекеттік‭ —‬биліктік механизмнің өзге буындары‭ (‬мысалы,‭ ‬сот билігінің субъектілері‭)‬,‭ ‬сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де бұл процеске белсенділікпен қатысады.‭ ‬Дегенмен де нақ сол атқарушы органдардың қолында бұл үшін қажетті ұйымдық‭ ‬-‭ ‬құқықтық сипаты бар тетіктер тікелей жинақталған.
Егер конституциялық нормаларда азаматтың жалпы мәртебесі өзінің саяси-зандық көрінісін табатын болса,‭ ‬онда әкімшілік-құқықтық нормалар,‭ ‬құқықтың өзге салаларының нормалары жеке адамның,‭ ‬мысалы,‭ ‬азаматтық-құқықтық,‭ ‬еңбек және өзге қатынастардағы,‭ ‬мәртебесін ресімдеу сияқты,‭ ‬олардың нақты-заңдық‭ ‬мәртебесін бекітеді.‭ ‬Осылай жалпы құқықтық мәртебені нақтылау іске асырылады,‭ ‬ол өзінің көрінісін,‭ ‬мысалы,‭ ‬азаматтың әкімшілік-құқықтық‭ ‬мәртебесінен табады.‭ ‬Соңғы конституциялық құқықтар мен бостандықтардың,‭ ‬сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік басқару аясында заңдармен және заңға тәуелді актілермен берілетін және солармен кепілдендірілетін өзге де құқықтардың жиынтығынан құралады.
Сонымен,‭ ‬біріншіден,әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары нақтыланып,‭ ‬айқындалады және,‭ ‬екіншіден,‭ ‬бұл нормалар олардың ең елеулі және күнделікті кепілдіктерінің жүйесін құрайды.
Азаматтардың әкімшілік‭ ‬құқық субъектілігінің жалпы сипаттамасы осы оқулықтың‭ ‬2-тарауында берілген болатын.‭ ‬Бұл жерде тек мынаны ғана еске салайық.‭ ‬Бұл сияқты құқық субъектілігі деп мемлекеттің танитын азаматтың нақты әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі бола алатын,‭ ‬әкімшілік-құқықтық сипаты бар субъективтік міндеттер мен құқықтарды иеленетін және іс жүзінде асыра алатын шынайы мүмкіндігі түсініледі.‭ ‬Ол азаматтың туған кезінен бастап пайда болады да,‭ ‬өлгеннен соң тоқтатылады.‭ ‬Азаматтың әкімшілік құқық және әрекет қабілеттіліктің көлемі мен мазмұны әкімшілік құқық нормаларының көмегімен белгіленеді және өзгертіледі.‭ ‬Сонымен бірге құқық қабілеттілікті иеліктен алуға немесе басқа біреуге беруге болмайды.‭ ‬Өз еркімен одан бас тартудың күші болмайды.‭ ‬Бірақта қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда және белгіленген тәртіппен ол ішін ара немесе уақытша шектелуі мүмкін‭ (‬мысалы,‭ ‬қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде‭)‬.
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі өздерінің жеке іс‭ ‬-‭ ‬әрекеттерімен мемлекеттік басқару аясында оларға жүктелетін әкімшілік-құқықтық міндеттерді жүзеге асыруды және құқықтар иеленуді болжайды.‭ ‬Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігінің пайда болатын кезі біркелкі белгіленбеген‭ (‬16-18‭ ‬жас шегінде‭)‬.‭ ‬Адамды ішін ара немесе толығымен әрекет қабілетсіз деп тану мүмкін‭ (‬психикалық ауру,‭ ‬ақыл-есі кем‭)‬.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда азаматар‭ ‬әр түрлі рөлде болулары мүмкін.‭ ‬Бұл сияқты құқық қатынастар мыналарға:
а‭) ‬азаматтардың заң бойынша өздеріне тиісті субъективтік құқықтарын жүзе асырумен‭;
ә‭) ‬заңмен оларға жүктелген міндеттерді орындаумен‭;
б‭) ‬азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін атқарушы органдардың‭ (‬лауазымды адамдардың‭) ‬бұзуымен‭;
в‭) ‬азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы өздерінің құқықтық міндеттерін бұзуымен байланысты пайда болуы мүмкін.
2.‭ ‬Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқыұтары мен міндеттері
Бұл жөнінде мынаны ескеру керек,‭ ‬азаматтардың құқықтары мен бостандықтары не атқарушы билік субъектілерінің қызметі аясында тікелей жүзеге асырылады,‭ ‬не осы билік субъектілерінің практикалық қызметімен табиғи байланысты,‭ ‬не,‭ ‬конституциялық құқықтар мен бостандықтардан туындайтын болғандықтан,‭ ‬олар өздерінің мемлекеттік‭ —‬басқарушылық қызмет аясындағы іс-қимылдарына байланысты ие болады.‭ ‬Осыған сәйкес аталған аяда көрініс табатын азаматтарды құқықтары мен бостандықтарын нақты білдіретін төмендегі түрлер туралы айтуға болады.
1.‭ ‬Жеке адамның жалпы құқықтық мәртебесіне жататын және мемлекеттік басқару аясында жүзеге асырылатын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
Бұл жерде мынадай құқықтар мен бостандықтар көзделіп отыр,‭ ‬олардың шындығында болатындығы атқарушы билік механизмінің қандай да болмасын бір буынын іске қосумен кепілдендіріледі.‭ ‬Бұлар,‭ ‬мысалы,‭ ‬еңбек етуге‭ (‬Конституцияның‭ ‬24-6‭)‬,‭ ‬әлеуметтік қамсыздандыруға‭ (‬28-6‭)‬,‭ ‬денсаулық сақтауға‭ (‬29-6‭)‬,‭ ‬білім алуға құқығы‭ (‬30-6‭)‬,‭ ‬т.б.
Бұл орайда ең маңыздысы мынада,‭ ‬бұл сияқты құқықтарды жүзеге асыру азаматтың тиісті мемлекеттік‭ ‬-‭ ‬басқарушылық инстанцияға өтініш жасау қажеттігін болжайды,‭ ‬оның мақсаты заңдық биліктік шешім алу‭ (‬мысалы,‭ ‬қызметке тағайындау туралы бұйрық,‭ ‬зейнетақы тағайындау туралы шешім,‭ ‬пәтер беру туралы шешім,‭ ‬т.б.‭)‬.‭ ‬Білім,‭ ‬денсаулық сақтау,‭ ‬тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,‭ ‬т.с.с.‭ ‬мекемелері мен ұйымдарының жүйесін мемлекет құрады және тікелей атқарушы органдардың қарауында болады.‭ ‬Ал бұл түрдегі‭ ‬мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдар туралы сөз болатын болса,‭ ‬онда олардың азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға байланысты қызметі мемлекеттік органдар жағынан бақылауда‭ (‬қадағалауда‭) ‬болады.
Атқарушы органдардың еншісіне азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру процесінде пайда болатын дағдарыс жағдайларды жеңіп шығу да жатады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬халықты‭ ‬жұмыспен қамту қызметі жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы,‭ ‬жұмыссыздықтың жағымсыз салдарларын жою туралы шараларды жүзеге асырады.
Атқарушы билік органдары мен лауазымды адамдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұл тобын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктері,‭ ‬әдетте,‭ ‬олардың қызметін реттейтін нормативтік актілерде бекітіледі‭ (‬мысалы,‭ ‬ережелерде,‭ ‬лауазымдық‭ ‬нұсқаулықтарда‭)‬.
2.‭ ‬Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
Бұл жағдайда азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру процесі мәнінің өзімен тікелей байланысты мына сияқты құқықтары мен бостандықтары туралы айтуға болады.‭ ‬Соған сәйкес олардың азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесімен тікелей байланысын көреміз.
Бұл тұрғыдан,‭ ‬мысалы,‭ ‬мемлекет ісін басқаруға қатысу‭ (‬Конституцияның ЗЗ-б‭)‬,‭ ‬әркімнің жеке өміріне‭ (‬18-6‭) ‬және тұрғын‭ ‬үйіне‭ (‬25-6‭) ‬қол сұғылмауына,‭ ‬еркін жүріп-тұру‭ (‬21-6‭) ‬және т.б.‭ ‬құқығын бөліп айтуға болады.‭ ‬Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар неге‭ ‬бөлек топқа бөлінген‭? ‬Олай болатын себебі,‭ ‬әкімшілік құқықтың нормалары оларды жүзеге асыру атқарушы органдардың‭ (‬лауазымды адамдардың‭) ‬тиісті іс-әрекеттерімен тікелей байланысты болатындығын болжайды.‭ ‬Сол бір мезгілде бұл сияқты іс-әрекеттерді әкімшілік-құқықтық регламентациялау жүзеге асырылады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬тұрғын үйге қол сұғылмауды ішкі істер органдары туралы заңнамалармен белгіленген жағдайларда оның қызметкерлері бұзуы мүмкін‭ (‬қылмыс жасады деп күдіктенген адамдарды‭ ‬қудалаған кезде‭)‬.‭ ‬Тұрғын үйге басып кіруге,‭ ‬оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.‭ ‬ӘҚБтК-те‭ (‬36-тарау‭) ‬азаматтарды әкімшілік‭ ‬үстаудың тәртібі мен мерзімі регламенттелген‭; ‬жүріп-тұру бостандығы әділет органдарының тиісті тіркеу қызметін атқаруды көздейді,‭ ‬т.с.с.
3.‭ ‬Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілерімен белгіленетін және кепілденетін құқықтары.
Конституциялық корінісі мен маңызы бар құқықтардан басқа,‭ ‬азаматтар тікелей мемлекеттік‭ —‬басқарушылық қызмет аясында жалпы немесе нақты сипаты бар бірнеше өзге құқықтарды пайдаланады.‭ ‬Солардың көмегімен азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі одан‭ ‬әрі дамытылады.‭ ‬Бұл құқықтар заңдармен де,‭ ‬сондай-ақ атқарушы биліктің өкілетті органдардының заңға тәуелді нормативтік актілерімен де тағайындалады және кепілдендіріледі.
Мысал ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын азаматтардың процессуалдық құқығын айқындайтын ӘҚБтК‭ ‬-тің нормаларын айтуға болады.‭ ‬Азаматтардың минтингілер,‭ ‬демонстрациялар өткізу құқығы‭ ‬ҚР-да бейбіт жиналыстар,‭ ‬митингілер,‭ ‬шерулер,‭ ‬пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы‭ ‬1995‭ ‬ж.‭ ‬17-наурыздағы заңның негізінде жүзеге асырылады.‭ ‬Конституциялық еңбек ету бостандыңына құқық‭ ‬Мемлекеттік қызмет туралы‭ ‬1999‭ ‬ж.‭ ‬23-шілдедегі заңмен нақтыланған,‭ ‬бұл азаматтарға мемлекеттік қызметке лауазымға орналасуға мүмкіндік береді.‭ ‬ҚР-ның Үкіметі азаматтардың уақытша тұруға келген жері бойынша және тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығарудың тәртібін белгілейді.
Азаматтардың аты мен фамилиясын өзгертумен,‭ ‬олардың кәсіпкерлік немесе өзге қызметімен,‭ ‬Қазақстаннан тыс жерлерге кету және Қазақстанға қайта келумен,‭ ‬паспорт жүйесін қолданумен,‭ ‬т.б.‭ ‬байланысты құқықтары заңдық немесе заңға тәуелді актілер түрінде регламенттеледі.‭ ‬Арнайы сипаты бар коптеген құқықтарды‭ (‬мысалы‭ ‬мәдениет,‭ ‬білім,‭ ‬ақпарат,‭ ‬мемлекеттік құпияны сақтау,қару-жарақ иелену мен пайдалану жөніндегі‭) ‬азаматтар мемлекеттік‭ –‬басқарушылық қызметтің‭ ‬жекелеген салалары мен аяларының шегінде жүзеге асыра алады.Азаматтардың аткарушы билікті жүзеге асыру аясындағы міндеттері.Азаматтың‭ ‬әкімшілік-құқықтық мәртебесі оның,‭ ‬конституциялық та,‭ ‬сондай-ақ заңдармен және заңға тәуелді құқықтық актілермен‭ ‬де белгіленетін,‭ ‬белгілі бір заңдық міндеттерді орындауын болжайды.
Бұлар ең алдымен жалпы конституциялық міндеттер:‭ ‬салықтарды төлеу‭ (‬35-6‭)‬,‭ ‬Отанды‭ ‬қорғау‭ (‬36-6‭)‬,‭ ‬табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау‭ (‬38-6‭)‬.‭ ‬Бұл сияқты міндеттер заңдарда және заңға тәуелді құқықтық актілерде нақтыланады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬азаматтар ішкі істер саласында қоғамдық тәртіптің,‭ ‬жол жүру қауіпсіздігінің ережелерін‭; ‬тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында‭ —‬тұрғын үйді пайдаланудың ережелерін‭; ‬әділет‭ ‬саласында‭ —‬азаматтық‭ ‬хал актілерін тіркеу,‭ ‬паспорт жүйесінің ережелерін,‭ ‬т.с.с.‭ ‬сақтауға міндетті.
Бұл орайда ең маңызды жәйт мынада,‭ ‬азаматтардың салалық немесе ведомстволық міндеттерінің нақты көлемі атқарушы биліктің қандай да болмасын органының‭ (‬лауазымды адамының‭) ‬қалауы бойынша емес,‭ ‬қолданылып жүрген құқықтық нормалармен белгіленеді.‭ ‬Азаматтар үшін занда қаралғаннан тысқары міндеттер белгілеу қатал жазалануға жатады.
Ал азаматтың өзінің‭ ‬міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы оның жауапкершілігін туғызады.‭ ‬Әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда бұл,‭ ‬негізінен,‭ ‬әкімшілік жауапкершілік.
3.‭ ‬Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы‭ ‬құқықтарының кепілдіктері
Азаматтардың заңды құқықтарының,‭ ‬міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар түсініледі.
Мұндай кепілдіктердің толық түрдегі механизмі өкілетті мемлекеттік органдардың атқаратын мынадай заңдық маңызы бар әрекеттерінен құралады:
а‭) ‬азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қаматамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін‭ ‬орындау‭;
ә‭) ‬оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау‭;
б‭) ‬олардың жүзеге асырылуына ұдайы байқау және бақылау‭ ‬жасау‭;
в‭) ‬азаматтардың‭ ‬құқықтары мен бостандықтарын қорғау‭;
г‭) ‬оларды бұзған жағдайда санкциялар‭ ‬қолдану.
Бұл сияқты кепілдіктердің бәрінің мемлекеттік сипаты бар.‭ ‬Олай болатыны Конституциямен және заңдармен барлық мемлекеттік органдарға азаматтардың‭ ‬құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырумен байланысты міндеттер жүктеледі.‭ ‬Атқарушы билік органдарының осы сияқты міндеттерді орындауы‭ ‬әкімшілік-құқықтық кепілдіктердің мазмұнын‭ ‬құрайды.‭ ‬Олардың‭ ‬әр түрлі сипаты болады,‭ ‬сондықтан мемлекеттік-басқарушылық‭ ‬қызметтің процесінде көрініс табатын олардың негізгі екі бағытын бөлуге болады.
1.‭ ‬Азаматтардың‭ ‬құқықтары мен бостандықгарын жүзеге асырудың әкімшілік‭ ‬-‭ ‬құқықтық‭ ‬кепілдіктері.‭ ‬Бұл жағдайда атқарушы органдардың‭ (‬лауазымды адамдардың‭) ‬азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруды‭ ‬қамтамасыз ету жөніндегі де,‭ ‬сондай-ақ жүзеге асырудың жағдайларын‭ ‬жасау жөніндегі де заңдық міндеттері түсініледі.‭ ‬Бұл кепілдіктер тиісті‭ ‬құқықтық нормаларда осы міндеттерді бекітуден көрініс табады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬ҚР-ның‭ ‬Үкіметі туралы‭ ‬1995‭ ‬ж.‭ ‬18-желтоқсандағы Конституциялық заң‭ (‬1997‭ ‬ж.‭ ‬24-ақпандағы және‭ ‬1999‭ ‬ж.‭ ‬6-мамырдағы‭ ‬өзгерістер мен толықтыруларды қоса‭)‬,‭ ‬негізгі принциптердің,‭ ‬олардың ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын‭ ‬қамтамасыз ету принципінің негізінде‭ ‬қолданылады.‭ ‬Үкімет азаматтардың‭ ‬әлеуметтік‭ ‬қорғау саласындағы конституциялық‭ ‬құқықтарын жүзеге асыруды‭ ‬қамтамасыз етеді‭; ‬азаматтардың еңбек етуге бостандығы‭ ‬құқықтарын және олардың денсаулығын‭ ‬қорғау‭ ‬құқықтарын жүзеге асыру жөнінде,‭ ‬халықтың‭ ‬ санитарлық‭ ‬– эпидемиологиялық салауаттылығын‭ ‬қамтамасыз ету туралы шаралар‭ ‬қабылдайды‭; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
ҚР-ның сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебе
Сот билігінің ұғымы
Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер