Педагог пен оқушы арасындағы іс -әрекеттің тиімді критериялары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Негізгі бөлім.

1. Педагог пен оқушы арасындағы іс -әрекеттің тиімді критериялары.

2. Педагогтың оқу ұйымдастыру іскерлігі

3. Ұйымдастыру іскерлігінің құрлымы мен мәні жөніндегі ақпарат .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

Кіріспе.

Кез-келген іс-әрекетті орындау іскерлігін қалыптастыру үшін ең алдымен мұғалімге іс-әрекет құрлымына талдау жасап, оны орындаудың құрамды элементтерін анықтауы тиіс (мәселен, бақылау, өлшеу, тәжірибе жүргізу әрекеті қандай операциялардан тұрады) . Сонымен бірге әрекет құрлымындағы жеке элементтерді бөліп, оларды орындаудың мақсатты бірізділігін анықтауды және оқушылардың қарапайым әрекеттерді сенімді де автоматты деңгейде орындауын, орындаудың ұйымдастырылуын қамтамассыз ететін жаттығулар жүйесін белгілеуі тиіс.

Көрсетілген жұмыстың нәтижесінде, негізінде мақсатқа сәйкес арнайы таңдалған тапсырмалармен жүзеге асырылатын анағұрлым күрделі іс-әрекетті орындау іскерлігін қалыптастыруға болады.

Күрделі іс-әрекетті орындау кезең бойынша жүзеге асырылатын процесс. Бағыттаудың үшінші типі яғни, жоспарлы оқыту бойынша оқу әрекетінің мынандай үш мативациялық негізін бөледі: бағыттаушылық, орындаушылық және бақылаушылық талдап-қортындыланған іскерліктерді қалыптастыру процесі төмендегідей кезеңдерді қаититындығын А. А. Усова мен А. А. Бабров былай етіп көрсетеді:

  1. Оқушылардың нақты іс-әрекетті орындау іскерлігін меңгерудің мәнін түсінуі (іс-әрекеттің мативациялық кезеңі)
  2. Іс-әрекеттің мақсатын анықтау.
  3. Іс-әрекеттің ғылыми негізін анықтау.

4. Біршама міндеттердің түрлеріне жалпылама болып табылады және сол іс-әрекет орындалатын жағдайлардан тәуелсіз іс-әрекеттің құрлымдық компоненттерін анықтау (мұндай құрлымдық компонненттер іс-әрекеттің тіректі пункттерінің рөлін атқарады) ;

5. Іс-әрекеттің моделін (алгоритмін) құратын операциялардың орындалуы (ұжымдық немесе өз бетінше іздеу жолымен) .

6. Оқушы тарапынан іс-әрекет бақыланатын жаттығулардың бірнеше санын ұйымдастыру;

7. Оқушыларды өзін-өзі бақылау әдісімен оқыту;

8. Егер жағдай өзгерген кезде оқушылардан берілген іс-әрекетті өз бетінше орындау іскерлігін талап ететін жаттығуларды ұйымдастыру ;

9. Анағұрлым күрделі іс-әрекет түрлерінде жаңа күрделі іскерліктерді меңгеру үшін іс-әрекетті орындауда белгілі іскерліктерді қолдану.

Жоғарыда келтірілген іскерлікті қалыптастыру кезеңдері сонымен бірге өз құрамына психологтар анықтаған мақсатты іс-әрекеттің компоненттерін, оқу тапсырмаларын орындаудағы жоғарғы деңгейдегі шығармашылық көзқарастың дамуын қамтамассыз ететін қосымшаларды да қамтиды.

Қарастырылған іскерліктерді қалыптастыру тәсілі оқушылардың жеке операцияларды орындауының рационалды бірізділігі мен құрлымын анықтаудағы белсінді қатынасын қамтамассыз етеді; әрекеттің құрлымы ғылыми тұрғыда негізделеді. Осының негізінде оқушылар іскерлікті игеру, жаңа сетуацияда берілген іс-әректті орындау қабілетін қалыптастырады . Бұл оқу жоспарлы оқыту бағытына сүйенеді. Ол екінші типтегі оқыту бағытына қарағанда көп уақытты талап етеді, бірақ сонымен бірге оқушылар жаңа тапсырмаларға жылдам өтіп, бағытталып, өзге пәндер бойынша тапсырмаларды орындауда қалыптасқан іскерліктерді тасымалдай алады.

Екінші типтегі бағыттау бойынша оқыту аз уақытты талап етеді, оқытушының өзі оқушыларды іс-әрекет құрлымы мен барлық операциялардың орындалу бірізділігін көрсетеді, ал оқушы болса бұл жерде айтылғандарды көшіріп, іс-әрекеттің орындалу маңыздылығы мен бірізділігінің мәнін терең түсінбей оны тек мұғалімнің соңынан қайталайды. Мұндай іс-әрекеттің қайталану нәтижесінде дағдылар қалыптасып, бірақ оқушылар іс-әрекеттің бұлай меңгеруінен жаңа жағдайларға көшуде қиындықтарға тап болады. Сонымен бірге оқытушы операция құрамын біле отырып әрбір қарапайым операцияны орындау іскерлігін жасаудың рационалды үйлесімділігін анықтап, іс-әрекетті толық орындау іскерлігін қалыптастыруды жүзеге асырады. Жеке әрекеттер мен операцияларды орындаудың ғылыми негіздерін түсіне отырып оқушылар игеруі тиіс нақты іскерліктерді жылдам меңгереді.

Оқу еңбегінің жалпы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқу пәндерінің циклінде ұқсас пәндерді оқытуда жалпы танымдық іскерліктерді қалыптастыру барысында пәнаралық байланыс маңызды рөлге ие; білім мен іскерлікке қойылатын талаптың бірлігі; ұғым интерпретациясының бірлігі; ғылыми ұғым мен іскерліктерді қалыптастырудың үздіксіздігінің қамтамассыз етілу сияқты мәселелердің маңызы зор.

Пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуы ғылыми ұғымдарды меңгеру сапасының артуына әсер етіп, танымдық іскерліктер мен практикалық сипаттағы іскерліктердің қалыптасу процесін жеделдетеді.

Егер кез-келген пән бойынша сабақ барысында (мәселен, физика сабағында) оқушылар тәжірибе жазу, бақылау жүргізуде талдап-қортындыланған жоспарлармен танысады, ал өзге пән сабақтарында мұғалім оқушылардан сол жоспарға сәйкес оқу-танымдық міндеттерді шешуде қолдануды талап етеді, ал оқушылар болса соның нәтижесінде сол жоспарлармен жұмыс жасау әдістемесін жылдам әрі терең меңгеріп, танымдық қызметтің сан түрін құрудың жалпы принциптерін игереді. Нәтижесінде аз уақыт жұмсай отырып, сапалы да берік білім алып, ақыл-ой және дене күш-жігерлері дамуы тиіс. Ал осы нәтиженің негізінде оқушыларда міндеттерді шешуде шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда және олардың жан-жақты дамуы мен әртүрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға қажетті уақыт мөлшері қалады.

Педагог пен оқушы арасындағы іс -әрекеттің тиімді критериялары

Оқушылардың педагогикалық тұрғыдан жаттандылығы текст анализімен, мәтіндегі негізгі ойды анықтаумен түсініледі. Сонымен бірге ұй жағдайында жүргізілетін тәжірибелер мен бақылауларды, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды ұйымдастыруға жағдай туындайды.

А. А. Бредтің жүйелеуі бойынша оның еңбегінде оқу іскерліктерінің қалыптасуы процестердің мәнін ашуды, ойлау операцияларының құрамы мен реттілігін орнатуды қамтитындығы айтылып, іскерліктердің кезең бойынша қалыптасатын психологтардың ғылыми тұрғыда дәлелдегені көрсетілген . Оның негізгі кезеңдері ретінде төмендегілер айқындалған:

1. Міндеттердің қойылуы, алдағы жұмыста нені білу керек, не туралы қортынды шығару қажет.

2. Берілген тәсілдің мәні (мәселен салыстыру, классификациялау) мұғалім тарапынан түсіндіріледі немесе әңгіме барысында ашылады.

3. Операциянын құрамын және реттілігін анықтау, әрекет жоспарын құру.

4. Жұмыстың жабдықталуы қалай болуы қажет.

5. Іскерлікті, тәсілді игеруді тексеру.

Семинарларда, әдістемелік бірлестіктер жиналыстарында сабаққа талдау жасаған кезде шәкірттерде жалпы оқу икемділіктерін тез қалыптастыруға мүмкіндік беретін жайыттар анықталған. Мұғалімнің бұл жүйені меңгеруі үшін оқушыларды оқу еңбегін қажетсінуге тәрбиелеп, оқыту принциптерін, әсіресе оқушылар қызметі мен педагогикалық басшылық бірлігі принципін әрдайым сақтап отыруы шарт.

И. Д. Буртовой мен Т. Әбдіғалиева, Ж. Балтабаевалар осы мәселемен шұғылдана отырып, жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасуына әсер ететін жағдайларға қысқаша тоқталып өтеді. Мұнда ең бастысы - мұғалімнің жеке басының үлгісі көрсетілген. Өйткені, ұстаз өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киінуі, сөйлеу жағынан да ықпал етуі тиіс. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларын мұғалімнің рухани жан-дүниесі тартады. Олар өз ұстаздарына еліктейді. Үлкендерге еліктеу - бала мінезінің қалыптасуына әсер ететін ең басты күш.

Ұстаз - ғалымдардың ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, мұғалімдер қызмет түрлерін өзгертуге талпыныс жасады: оқушыларға айқын нұсқау беру, тез және нәтижелі жұмыс жасауға ұмтылдыру, оған ақыл-кеңес беру т. с. с. Сондай-ақ, шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдердің еңбегін бағалаудың өлшемі қандай болуы керек деген мәселе талқыланып, ақырында өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдірудің праграммасы ретінде Ю. К. Бабанский, А. Д. Деминцев және Г. Победонсцевтердің дайындаған өлшемдері мен белгілері пайдаланылған.

Жалпы оқу икемділігтері мен машықтарын қалыптастыру ісінде нәтижеге жетудің бір жолы - оқушылардың оқу еңбегін қажет етуі және соған оларды дайындау. Ал бұл қажеттілік олардың физиологиялық және психологиялық дамуының басты белгісі болып табылады. Оған тән қасиет-айнала қоршаған дүниеден әсер алу, білсем деген ұмтылыс. Бастауыш сынып оқушыларының осындай психологиялық ерекшеліктері жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру. Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеруге қолайлы жағдай туғызады.

Мұғалім бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, оларда оқу еңбегіне деген тұрақты ынтаны қалыптастыратын тәсілдер мен жолдарды табуы тиіс. Ол үшін ең алдымен оқушыларға оқу еңбегін тиімді пайдаланудың пактикалық мәнін түсіндіруі керек.

Олардың басшылыққа алған екінші бағыттары - оқу құралдары мен оқу материалдарын пайдалану әдістерін жетілдіру. Қазіргі оқулықтардың мазмұны баланың құбылыстарды теориялық тұрғыда ұғына білуіне, жекелеген психологиялық қызметке ( есте сақтау, ойлау, елестету, қабылдау т. б. ) жаттықтыратын әңгіме, мақала, ереже, жаттығулардан құралған. Алайда оқулықтар мен оқу құралдарында оқушылардың жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеруіне бағыттайтын материалдар аз.

Тәжірибе жұмыс кезінде мұғалімдер оқу материалдарын кеңінен пайдаланып, шәкірттерді оқуға ұйрететін әдіс-тәсілдерге көп мән берген. Мәселен, 3-сынып мұғалімі Р. Сәкенова сабақ үстінде оқушылардың жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыруға, атап айтқанда, сұраққа жауап беру, текстті бөліктерге бөлу, әңгіменің мазмұнын баяндай білу, оқулықты пайдалану, мәнерлеп оқу т. б. икемділіктерді меңгеруге көп көңіл бөлгендігін атап көрсетеді.

Мұғалімдер сабақ процесінде, ұзартылған күн топтарында оқытудың проблемалық-ізденіс әдісін түрлендіріп отырған. Олар көбіне төмендегі тәсілдерге, оқушыларға міндет қоя білуге көп көңіл бөледі.

Мұғалім жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының практикалық мәні туралы және әрдайымғы қажеттілігі жайында айтады. Тәжірибе барысында проблемалық-ізденіс әдісін жүйелі түрде қолдану оқу материалының мазмұнына, мұғалімнің жеке басына, оның қызметіне, оқушыларды ынталандыра білуіне байланысты екендігі анықталған.

Осыған мысал ретінде мұғалім Ф. Аманжолованың “Жалқы және жалпы зат есімдерді” өтуге арналған сабағын алып көрсетеді. Онда оқушылар тек қана арнайы оқу іскерліктері мен дағдылары емес (жалқы есімдердің бас әріппен жазылатындығы ) жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларына (хат жаза білу, конверт сыртына адрес жазу, логикалық қортынды жасай білу т. б. ) үйретілді. Мұғалімдердің көбі алдымен жаңа тақырыпты өтіп, содан соң қайталау, сұрау, жаңа білімді бекітуді қолданып жүр. Мұғалімдердің еңбегін жеңілдету үшін талап-міндеттер үлгісі дайындалған. Бұл арада Ю. К. Бабанскийдің «Принципы обучения современной общеобразовательной школе» деген мақаласындағы құнды пікірлер басшылыққа алынды.

Бұл авторлар бірнеше сабаққа талдау жасай отырып мынадай жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу барысының негізгі кезеңдерін ұсынады .

1. Оқушыларды қалыптастырылатын оқу икемділіктері мен машықтардың мазмұны және маңызымен таныстыру. Олардың бұл икемділіктерді меңгеру ықыласын туғызу.

2. Негізгі оқу икемділіктері мен машықтары жөніндегі ереже заңдылықтарды түсіндіру .

3. Жалпы оқу икемділіктерінің орындалу тәртібі “үлгісін” көрсету, оны машыққа айналдыру.

4. Оқу икемділіктері мен машықтарын меңгерту үшін жеңіл жаттығулар орындату.

5. Меңгерілген икемділіктерді іс жүзінде қолдану мақсатында жеке және жалпы жаттығуларды белгілі бір жүйемен орындату.

6. Машық пен икемділікті қалыптастыруға бақылау жасау және байқалған кемшіліктерді жою.

Сонымен жоғарыда келтірілген оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың шарттары мен кезеңдерінің түрлері авторлар мен педагогтар тарапына әртүрлі қырынан ұсынылуын біз былай етіп топтастырып көрсетеміз.

Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесінің нәтижесінің, оқушылардың білім сапасының артуына негіз болатын оқу іскерліктерінің барлық түрлерін оқушы бойында қалыптастырудың мынадай дидактикалық шарттарын белгілейміз:

1. Мазмұндық аспектіде (оның ішінде оқу бағдарламаларында, оқулықтағы тапсырмаларда) оқу іскерліктерін қалыптастыру функциясын атқарушы оқу материалдарын, оқу элементтерін (жазу, өлшеу, салыстыру, есептеу, графикалық жұмыстар, шығарма т. б. ) тіркеу.

2. Оқу іскерліктерін қалыптастыруды қамтамассыз ететін оқытудың принциптерін басшылыққа алу.

3. Оқу - тәрбие процесінде оқу іскерліктерін қалыптастырудың әдістері және қалыптасқан іскерліктер мен білімдерді кез-келген қызметте қолдануды қамтамасыз ететін әдістерді пайдалану.

4. Оқу іскерліктерін қалыптастыруда оқытудың ұйымдастырудың формалары.

5. Оқу іскерліктерін қалыптастыру процесінде оқушылардың оқу еңбектеріне деген қызығушылығын қоздырушы факторларды пайдалану.

6. Оқу іскерліктерін қалыптастыру мәселесін конструктивті шешуге қажетті мұғалімнің білімі мен басшылық жасауының болуы.

7. Интеллектуалдық, практикалық, коммуникативтік, ақпараттық және ұйымдастырушылық іскерліктерді сипаттаушы оқу материалдарын, қалыптастырушы мүмкіндіктерін оқушының меңгеруі және іс-әрекеттерді орындау.

8. Оқу іскерліктерін қалыптастыру барысында оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру.

Педагогтың оқу ұйымдастыру іскерлігі.

Қазіргі кезде мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі жоғарыда көрсетілген оқу іскерліктерінің қалыптастырылуына негіз болатын оқу-ұйымдастырушылық іскерлігіне байланысты болып табылады.

Оқушылар үшін өз бетінше жұмысты ұйымдастырудағы қажетті іскерлік оқу-ұйымдастыру іскерлігі. Бұл іскерліктің құрауыштарын мынадай схема түрінде беруге болады.

Әрбір іс-әрекеттің, істің тиімділігі сол сияқты оқу жұмысының

тиімділігі көпнесе оның ұтымды, орынды ұйымдастырылуына байланысты. Ол үшін оқушылар мынадай ұйымдастырущылық кешенді игеруі тиіс: алдағы орындалар істің мақсаты мен міндеттерін анықтау, мақсатқа жету жолдарын, іс-әрекеттің әдістерін (тәсілдерін) және алға қойылған мақсатқа жетудің амалдарын белгілеп отыру; өзін-өзі бақылауды іске асыру және егер қажет болса өз ісіне толықтырулар енгізу. Ұйымдастырушылық іскерліктер жалпы оқу іскерліктерінің тобына жатады, барлық оқу пәндерін зерделеу барысында қолданылады.

Ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру жетістігіне жету белгілі бір шарттарды сқтаумен байланысты: оқушылардың мектептегі және үйдегі оқу жұмысына қалай қарайтынын есепке алу, іскерлікті қалыптастыру процесінде оқытылатын материалға саралау (күрделі затты бөлшектерге бөлу) амалды қолдану; әртүрлі варианттар мен сетуацияларда ұйымдастыру іскерлігін қолдану, қажет болғанда күрделенілген тапсырмаларды пайдалану; ұйымдастыру іскерлігін барлық кешенін бір мезгілде қолдану және оқушыларға іс-әрекеттің барлық түрлерінде дәл бір сетуацияны пайдалану және оларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру; сабақта және ұй жұмысын орындауда оқу формасын бірлікте жүзеге асыру.

Ұйымдастыру іскерлігінің құрлысы мен өзіндік ерекшелігі оны қалыптастыру әдісін ұсынуға мүмкіндік береді. Ол әдістер мынадай кезеңдерден тұрады : оның құрлысы мен мәні жөніндегі ақпарат ; оқу ісінің мақсаты мен міндеттерін анықтау іскерлігінің жетістігі; қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін, іс-әрекетін, жолдарын анықтау; оқу жұмысында өзін-өзі бақылауды іске асыру және қажет болған жағдайда оған өзгертулер енгізу.

Оқу пәніні оқыту процесінде ұйымдастыру іскерлігін қалыптастырудың нақты мүмкіндіктері төмендегідей болғаны дұрыс. Бұл жұмысты оқушылардың пәндер бойынша теориялық материалды меңгерген кейін және тәжірибе жүргізгеннен кейін өткізуге болады.

Ұйымдастыру іскерлігінің құрлымы мен мәні жөніндегі ақпарат .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби дайындықтың кәсіби маңызы
Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Ауызша жауапты бағалау критерийлері
Мектеп жасына дейінгі балаға дамытушы ортаның қажеттілігі
Білім берудің құрылымы
Педагогикалық қарым - қатынас фыўнкциялары
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының мeктeптeгі жүйeлі oқуғa дaярлығы мен зейінін қaлыптacтыру әдіcтeрін тoптacтыру
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz