Құстар
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе.
ІІ. Құстарға биологиялык сипаттама.
III. Оңтүстік Қазақстанда сирек кездесетін құстарға
жалпы сипаттама.
IV.Құстарды қорғау.
V.Фенологиялық бақылаулар.
VI. 7.8 сыныптарының жануартану
пәніндегі «Құстардың шығу тегі» (54)
тақырыбына сабақтық жоспар.
VII.Қорытынды.
VIII.Пайдаланыған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аймағамбетова Қ.Махмұтов С.Табиғаттану кітабы. Алматы, "Мектеп", 1976.
2. Әлиев Ш. Бекенов А., Қыдырбаев X. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Алматы, "Қайнар", 1975.
3. Әмірғазиев Қ. Биологиялық жұмбақтар. Алматы, "Мектеп", 1972.
4. Бекенов А. Қазақстанның бағалы аңдары. Алматы, "Білім", 1972.
5. Жақыпов А. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі, Алматы, "Қайнар", 1989.
6. Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. Алматы, "Қайнар", 1982.
7. Жүмаділов Ә., Бекенов А., Қыдырбаев X. Қазақстан қорықтары. Алматы, "Қайнар", 1980.
8. Иоприш И. Бал - тағам, бал - шипа. Алматы,"Қазақстан" 1965.
9. Исмағұлов М. И., БекеновА. Зорман — терісі бағалы аң. Алматы, "Қайнар", 1971.
10. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. Алматы, "Мектеп", 1979. П.Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы, "Қайнар", 1981.
12. Қайымов Қ. Биология және техника. Алматы "Қайнар", 1985.
13. Қайымов Қ. Бионика — табиғат перзенті. Алматы, Қайнар, 1977
14. Қайымов Қ. Зоологияжәне танымдық ойындар. Алматы, "Мектеп", 1973.
15. Қайымов Қ. Қызықты зоология. Алматы, "Мектеп", 1974.
16. Қайымов Қ. Суасты әлемінің айнасы. Алматы, "Қайнар", 1989.
17. Қыдырбаев X., Бекенов А., Қазақстанның хайуанаттар әлемі. Алматы, "Қазақстан", 1977.
18. Махмұтов С. Жаратылыстың құпия сырлары. Алматы, 1989.
19. Махмұтов С.М. Қазақстан қорықтары, Алматы, "Білім", 1981.
20. Молдабергенов А. Атамекен. Алматы "Қайнар", 1983.
21. НогаГ.С. Зоологиядан жүргізілетін бақылаулармен тәжірибелер. Алматы, "Мектеп", 1985.
22. Салғарин Қ. Қасапшылық. Алматы, 1991.
23. Суворов П.И., Арбузова З.А., Эсмонт В.Н. Ағаш пен бұтада болатын пайдалы және зиянды насекомдар. Алматы, "Мектеп", 1985.
24. Хроков В. Қорғалжын. Алматы, "Қайнар", 1984.
25. Шайкенов Б. Табиғаттағы биологиялық тепе-теңдік. Алматы, "Қайнар", 1976.
26. Ысқақов С. Табиғатты қорғау дәстүріміз. Алматы, "Қайнар", 1973.
27. Атмосфералық ауданы қорғау туралы. Алматы, Қазақстан, 1981.
28. Бекенов А.,Қыдырбаев X.Сирек кездесетін Хайуанаттарды қорғау. Алматы, Қайнар, 1975.
29. Бекенов А., Махмұтов С. Қазақстанның аша тұяқты аңдарын қорғау және пайдалану. Алматы, Қайнар, 1983.
30. Жамалбеков Е. Жер құнары - Өмір нәрі. Алматы, Қайнар, 1987. Кененбаев Ы.С. Інжу маржандар. Алматы, Жалын 1980.
31.Қаженбаев С. Өнеркәсіптік негізде балық өсіру. Алматы

VI. 7-8 сыныптарының жануартану
пәніндегі Құстардың шығу тегі (54)
тақырыбына сабақтық жоспар.
VII.Қорытынды.
VIII.Пайдаланыған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше
маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге
жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын
белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан
олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)
денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің
дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына
әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я
өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы
және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына
қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына
мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-
нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-
да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар
28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін
құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның
және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
2. Құстарға биологиялық сипаттама
Тері жамылғы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы
эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатына ешқандай бездері және
сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында
құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап,
оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған,
құрылықта тіршілік ететін құстарда болмайды.
Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен
түрлі мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен
сирақтарының сыртын мүйізді қабыршықтар қаптаған. Құстардың көпшілік
түрелірінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар
жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін
жерін аптерия деп атайды.
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше
болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол
негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті
пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин)
қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы
деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші
дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы
ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты — контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл
қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене
жылуының азаюынан сақтайды. Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан
қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға
бөледі. Мысалы, екі қанаттың артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды
- қақпа (маховые) қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы
(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын қауырсындары - қанат
үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырысындардың астыңғы жағында ұсақ - мамық қауырсындар
орналасады. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ
мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар
қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады,
сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады.
Мұндай мамық қауырсындарды — нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және
нағыз мамық қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететін
құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды
жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді
қауырсындар да кездеседі. Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары
да болады. (ешкіемер, қарлығаш). Ауада ұшып жүріп қорегін ұстайтын насеком
жемдердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып
алу мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз
байланысты екенін байқатады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1-3-ке
дейін түлейді.
Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне
байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға
амфибилерге және рептилелерге қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама
жіктеліп, барып күрделенген. Ол үшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге
өрмелеуте және тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын
қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер денес келетіне орналасып, екінші
сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары
атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің
арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс
сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар
аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы
салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады.
Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да қанатты жоғары
көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі
бұлшық еттері болады. Бұлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды
бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп,
тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан
саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп
қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын
иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Құс неғұрлым
төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек
созыла түседі де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта
қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.
Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақтарының
автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтардың қалыңырақ қабатта
жатқан игіш бұлшық еттің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі
саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген
бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде
көлденең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақтарымен
бұтақты бүргенде, сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен,
қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының
нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, бұл бұтаққа ешбір бұлшық
еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді қүс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері,
қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.
Скелеттің ұшуға бейімделуіне және құрылықта жүруіне байланысты өзіндік
ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас
белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; терінің жеңіл болуы көптеген
сүйектерінде қуыстың болуынан, терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады.
Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.
Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз жөне құйымшақ-құйрық
бөлімдерінен қалыптасады.. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі
құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан
мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын
гетероцелъдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне
ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез қимыл жасауын да қамтамасыз
етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас
сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқаларының
құрылысына үқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және
құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс
сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері
болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп,
денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мүндай құрылыста
болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа
жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде
көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйетерімен және сегізкөз
омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары
сегізкөз-құйымшақ омыртқалармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22)
тек қана құстарған тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, жая
омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен
жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі
сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы қүйрық
омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады
— мұны құйрық сүйек немесе пигостилъ деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше
құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін
тірегі болып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне
мүмкіндік береді.
Құстардың бас сүйегінің - құрылысы рептилилердің бас сүйегінің
құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір
және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу
ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек
құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің үстіңгі жағынан - қос
танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы -
жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт
жағынан — бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы
сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын
құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы
рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты — буынды сүйектен және тері тектес —
тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек
доғасының бірінші парына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас
сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп
өзгешеліктері де бар. Құстардың бас сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне
ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешіліктері де бар: құстардың миының
көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да
үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да
шұңқыры үлкен болады; құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады.
Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті
аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ,
сондықтан дами сауыты мықты және жеңіл болады.
28 - с у р е т. Көгершіннің канкасы:
1 - мойын омыртқалар; 2 - көкірек (кеуде) омыртқалар; 3 - құйрық
омырткалар: 4 - құйыршық сүйек; 5 - ілмек өскіні бар қабырраның жоғарғы
бөлімі: 6 - қабырғаның кұрсақ бөлімі; 7 - тес; 8 - төс қыры; 9 - жауырын;
10 - коракокд; 11 - бұғана; 12 - ток.пан жілік; 13 - кәрі жілік; 14 -
шынтақ сүйек; 16 - алақан сүйек; 6-1 - саусақ; 17 - 11 - саусақ; 18 - III -
саусақ; 19 - мықын сүйек; 20 - шонданай сүйек; 21 – шап сүйек; 22 - ортан
жілік; 23 - асықты жілік; 24 - сирақ: 25 - артқы аяғының 1 - саусағы; 26 –
артқы аяғының IV - саусағы;
Қанаттары және иық белдеуі - ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері
болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады.
Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты
қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол
қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Каракоид
өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы
тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң жақ және сол жақтағы бұғаналары
бірігіп кетеді — мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік
қасиет береді.
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден
құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері өзгермеген, керісінше нашар
дамыған.
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы,
артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар
өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен
мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып
орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі
шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді
болады. Олар шонадай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің
ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, оң
және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне
қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп
атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қапталған жұмыртқа тууына
байланысты болған.
Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан
түрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен
сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі -
сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас
жағы келіп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады.
Эмбриондық даму кезінде осы жоғарыда көрсетілген сүйек — табан сүйектердің
және толарсақ сүйектердің бірқатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны
байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек
кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі
болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты
мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену
тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да
түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген,
тұмсығының көпішілк жері қалың мүйізді дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің
нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты
мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде
ұстаған балықтарын салатын тері "қалтасы" болады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан
түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, әрі қатты болса,
қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі - өте ұзын, жіңішке
болады. Оның ұстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып
алады.
Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың
сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкі емерде). Сүр қарлығаш
өздерінің сілекей бездерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды. Оны жүрт
"қарлығаштың ұясы" деп дұрыс атамайды. Жыртықш құстардың сілекейлері,
қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей,
бөгетсіз жылжуына себепкер болады.
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т.б.) өңешінде азықтық
заттарын уақытша сақтайтын және аздап қортылатын (қуыс) кеңістік болады,
оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде,
жемсауының ішкі қабатынан "сүт" деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат
шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның
ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Бұл ас қорыту
шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар
қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді
қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі
қоректік заттарды үгуге, біріншіден — етті қарынның қабыршағы себепші
болса, екіншіден - құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның
дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады.
Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған.
Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген.
Өсімдіктердің ірі, жас бөліктермен қоректенетін тауық тұқымдас құстардың
қарыны басқалармен салыстырғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың аш
ішегі едәуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан.
Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-біріне ажырату
қиын. Көпшілік құстардың аш және тоқ ішектерінің артқы бөлімінің ұштасқан
жерінде, екі кішкене тұйық өсінді болады, оны фабрициев қалтасы деп атайды.
Бұл өсінділердің атқаратын жұмыстары әлі толық анықталмаған, ал кейбір
мәліметтерге қарағанда, гормон шығаратын ішкі секреция бездерінің қызметін
атқаруы мүмкін. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қалтаның көлемі кішірейе
түседі.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен құралады. Өт көпшілік құстарда
болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп
ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшеліктерін көрсетуге
болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты
тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ
болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20
есе ұзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық
тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3.
Құстардың тісінің болмауы — ішегінің қысқа, қарынның екіге бөлінуіне әкеліп
соққан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін
жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі
қоректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды
сіңіру болып саналады.
Тыныс органдарының - өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы,
басқа ішьсі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге
түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей
деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен
тұрады. Бұл жоғарғы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән
ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне
орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары
болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс
жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің
жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзгереді
де, дыбысы түрліше құбылып шығады.
Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты
қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының
арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ
тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа
қапшықшалармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік түтіктер —
парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше тұйық бітетін түтіктер
тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік
түтіктер — парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше түйық бітетін
түтіктер тарайды, оны бронхоилдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан
капиллярлары шоғырланады.
Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа
қапшықтарын қүрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі, өкпенің көлемінен
бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына
орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын
қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде
болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу,
кеудеде 2-3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда, олардың тыныс
алу механизмін реттейді.
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі арқылы
тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде еттері керіліп тұрады, сондықтан көкірек
бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа
қапшықтарындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар
қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы
ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі
кішірейіп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір
газ алмасу болмайды. Анығырақ айтқанда, құстар денесіне ауа ендіргенде де
және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс
қос тыныс деп аталады. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің
тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда
құстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты.
Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы
күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды.
Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның
жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде
тотыққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады.
Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға
тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып,
дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, оған ішкі органдардағы
артерияларға тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жағын қуалай отырып,
арқа қолқасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және
шақ қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық
артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді.
Диаметрі қолқадан кеңірек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар,
бас бөліміне қан апарушы - ұйқы артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне
баратын көкірек артериясына тарайды. Жүректің оң жақ қарыншасынан бір ғана
сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады.
Құйрық венасы екі бүйрек қақпа жүйесінің капиллярына қанның барлығы
тұтас енбейді. Қанның біразы бүйрек денесіндегі арнаулы түтіктермен өте
шығады. Бүйректен шыққан қан тамырлары сан веналарымен қосылып мықынның қос
веналарын құрайды. Бұл екі қан тамыры қосылып, дененің артқы бөлімінің
негізгі вена сабағына — артқы қуыс венаға айналады. Ішкі органдардан
жиналған вена қандары құйрық - шарбы венасына әкеліп құйылады. (V соссуgео
- mesenterica), ал дененің құрсақ бөлімінің - ішкі жақ қабырғасынан қан
ішек - ұсті венасына (Ү.epigastrica) келіп құйылады. Бұл екі веналар
бауырдың қақпа венасына қосылады. Бауырдан шыққан қан бауыр веналарымен (V.
hepitica) ағып артқы қуыс венаға келіп құйылады. Сонымен денесінің артқы
бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс вена арқылы жүректің оң
жүрекшесіне келіп құйылады.
Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып алдыңғы қос қуыс венаға
айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп
құйылады.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің
нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы
жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының
жеделдігіне байланысты құстардың денесінің температурасы жоғары болады
(42°).
Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв
системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортасымен қарым-
қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары
басқа ми бөлімдерінен айырықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы
миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі
(крыша) сүтқоректілердікіне қарағанда нашар дамыған, ол негізінде бірінші
реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез (archipallium) деп аталатын
түрінде сақталған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен,
керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар
дамыған, гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады. Мишықтың үлкендігінен
ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық
үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша
миды бүркеп жауып жатады. Мишықтың ортаңғы бөлімі негізінен құртша (vermes)
деп аталатын, көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады.
Құстардың бас нервтері он екі пар болады.
Жұлыны иық және бел маңайында, рептилелердегі сияқты жалпақ болады.
Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилердікі сияқты ішкі
және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстардың құлақ қуысы
рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы
бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері
жамылғысының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналасқан. Кейбір
түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында
дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда,
құстар жақсы естиді, Құстардың құлағы, көзімен бірге негізгі органдары
болып саналады. Құстар өздеріне төнген қауіп-қатерді ең алдымен құлақтары
арқылы сезеді.
Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе, түн құстарының және
қыран құстардың көз алмалары үлкен. Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз
хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған
белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің әрекетінен
(хрусталикпен тор қабықтың арасының қашықтап және жақындауына байланысты)
көретін болады. Құстарда төменгі және жоғарғы қабықтардың болуымен бірге,
көздерінің алдыңғы ішкі бетінде бекіген, бүкіл көзін жауып тұратын үшінші
қабағы да болады.
Құстардың кейбір түрлерінде ғана иіс органы жақсы дамыған, мысалы, Жаңа
Зеландияның кивилар дейтін құсында; басқа құстармен салыстырғанда түтік
тұмсықтылардың, үйректердің, тазқаралардың жылқышылардың иіс органдары
жақсырақ дамыған.
Зәр шығару органдары. Құстардың ұрықтарында мезонепрос-дене
(mesenephros) бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос-мықын бүйрек деп
аталатын бүйрегі (metanerhros) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне
барып ашылатын несеп түтігі шығады. Ересек құстардың қуығы болмайды; ал
ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса,
тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың бүйрегінің көлемі, рептилилер
мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады. Құстар бүйрегінің үлкен
болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты.
Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт
қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Несебі зар шығару системасы арқылы тез ағып өтеді. Ол несеп қышқылының
нашар еритіндігінде. Өйткені нәтижесінде пайда болған несеп тұздары несеп
жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Бұл құстарда қуықтың болмауына әкеліп соғуы
ықтимал. Құстарда зәрмен бөлінген судың мөлшері аса көп болмайды. Себебі,
клоакадан зәрдің құрамындағы су сүзіліп организмге қайтады.
Бұл жағдай құстарда тері арқылы судың буға айналмауына байланысты,
құстардың суды азғана мөлшерде қабылдауына әкеліп соғады. Жыртқыш құстардың
көпшілігі және кейбір торғай тәрізділер тіпті су ішпейді.
Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің
үстіңгі жағында шарбы майына ілініп тұрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай,
олардың көлемі де өзгереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі
алғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы
жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы (epididymis) болады, ол ұрықтың дене
бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі
шығады (vas deferens) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып
енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп,
тұқым қалтасы деп аталатын қуысты құрайды.
Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен
пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділерде, тырналарда және түйе құстарда
болады. Құтандарда, дегелектерде де, қоқиқаздарда да және дуадақтарда
шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылысқанда еркегінің спермасы
ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады.
Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол
жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асимметриялы болып орналасады. Оң жақ аналық
безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда,
тотыда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы
жетілсе де, олар әрқашанда қызмет атқара бермейді. Оң жақ жыныс бездерінде
жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.
Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құстардың қатты
қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен
жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1-2 тәуілікке созылады.
Аналық безінің (ovaria) басқа органдар сияқты белгілі дұрыс пішіні
болмайды. Жұмыртқа жолының (tubae uterinae) бір ұшы клоакаға келіп ашылады
да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген
жұмыртқа, дене қуысынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен
қозғалады. Нағыз жұмыртқа жолы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімі
(pars albuminifera) — ең ұзыны, ішкі қабырғасында белокты заттар шығаратын
бездері болады, осы бөлімінде тауықтардың жұмыртқалары 3-6 сағат болады
және оның сырты қалың белокты қабатпен қапталады. Екінші жіңішке бөлімінде
— жұмыртқа екі пергамент тәрізді белокты қабатпен скорлупа астындағы
қабықпен қапталады. Үшінші бөлімі — кеңірек жұқа қабатты — жатын деп
аталады. Мұның ішінде бездері көп болады. Ол бездердің шығарған заттарынан
жұмыртқаның сырты известі, қатты қабықпен қапталады да онда пигментті
заттар болады. Жатын ішінде жұмыртқа 12-20 сағат болады. Жұмыртқа жолының
соңғы бөлімін қынап деп атайды. Бұл бөлімнің бұлшық еттері жақсы жетілген.
Осы бұлшық еттерінің жиырылу салдарынан жұмыртқа клоака арқылы сыртқа
шығады. Тұқым жолымен жұмыртқаның қозғалу мерзімі тауықтарда бір тәулік
болса, көгершіндерде 41 сағатқа дейін созылады.
Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып саналады. Әдетте
нағыз жұмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа
қосымша бөлімдері (мысалы белок) жұмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында
пайда болған қабаттары деуге болады.
Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Сары уыз бөлімінің бет жағында
протоплазма және ядродан тұратын түйір деп аталатын заты болады, ол
ұрықтанған жұмыртқада кішірек ұрық дискасына айналады. Сары уыздың басқа
бөлімі ұсақ көпіршіктерден тұрады. Егерде көз тоқтатып қарасақ, олардың
қабаттары сары немесе мөлдір түсті уыздың кезектесуінен құралады.
Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседі.
Өйткені, сары уыздың сырты арнайы жұқа қабықпен қапталып тұрады. Сары уызда
балапанның организіміне керекті қоректік зат және денесін құруға қажет
заттар болады. Сары заттың ішінде май және су көп. Дамитын ұрық, өзіне
керекті суды, жұмыртқаның осы сары уызынан алады. Оған қосымша жұмыртқаның
құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларын бөліп шығарады, мысалы,
тауық жұмыртқасының, сары уызының құрамында: су - 50%, май - 23%,
протеиндер -16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың жұмыртқасының сары уызының
құрамында: су - 44%, май - 36%, протеиндер - 17%, басқа заттар - 3% болады.
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп
аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті
қабықпен қапталған. Жұмыртқаның моқал ұшында температура өзгерген кезде
оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың арасында ауа
болады.
Жұмыртқаның сары уызына қарай қабыршақ қабығынан "белоктың" ортасында
белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. Халаза сары
уызды шайқалудан сақтайды.
Жұмыртқа "белогының" негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны (сары уызды)
механикалық әсерлерден қорғайды және ұрықтың дамуы кезінде сумен қамтамасыз
етеді. Мысалы, тауық жұмыртқасы белогының құрамы: 87% су, протеин - 12%,
басқа заттар 1%.
Қатты қабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89-97%), аздап та болса
басқа тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен
жұмыртқаны механикалық әсерлерден әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет
болады. Ірі жұмыртқа туатын және жұмыртқасын ашық жерге салатын, құстардың
жұмыртқасының қатты қабығы мықтырақ болады. Ұрық дамыған кезде, қатты
қабықтың біразы ұрықтың скелетін қалыптастыруға жұмсалады. Қатты қабықтың
сыртына майда тесікшелері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның моқал жағында
көбірек болады. Ұрықтың газалмасуына осы тесікшелердің маңызы үлкен.
Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ маңызы үлкен. Жұмыртқаның
басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының күшеюіне сәйкес тесікшелердің
диаметрі үлкейе түседі.
Оңтүстік Қазақстанда сирек кездесетін құстарға жалпы сипаттама
1. Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әр түрлі көпшілігі ірі, ұзын
иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің
жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты, оның алдыңғы үш
саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі
пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді.
Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқанадан қызыл-шақа,
дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандарды толық жетілгенше ұзақ
уақыт ұяларында болып, ата-аналары қоректендіреді.
Арктика мен Антарктикадан басқа жердің барлығына тараған.
Дегелек тұқымдасына ұзынүшкір тұмсықты, отрядтың ірі құстары топтасады.
Олардың тұмсығы ұзын, тік және үшкір келеді. Бұл құстардың көмекейінде
дыбыс шығаратын қатпарлары болмайды. Сондықтан көпшілігі дауыс шығармайды.
Бұл түрлер біршама құрғақ далада, орманда, тауда кейде батпақты
жерлерде тіршілік ететіндігімен сипатталады. Жайшылықта да және ұясалар
кезде де қосарланып жүреді. Ұяларын үлкен етіп ағаштарға, жарларға кейде
(ақ дегелек) адам құрылыстарының, маңайына бұтақтан салады. Олар жылына 3-5
жұмыртқа туады, ал жұмыртқаның басылу мерзімі 30 күнге жетеді.
Кесірткелермен, жыландармен, бақалармен, моллюскалармен және насекомдармен
қоректенеді. Жемін әдетте жер бетінен теріп жейді.
Бізде үнемі ауыл маңына ұялайтын ақ дегелек (Ciconia ciconia), керсінше
адамнан қашатын қара дегелек (Ciconia nigra) кездеседі.
2. Құтантұқымдасы (Ardeidae). Құтандар туысына тұмсығы тік, әрі ұзын
болатын біршама ірі құстар жатады. Тұмсығы екі жағынан қысыңқы және
жиегінде ұсақ тісшелері болады. Көпшілігі топталып жүреді. Бұлар ұяларын
ірі ағаштарға немесе қалың қамыстарға салады. Қоректері, көбінесе балықтар,
амфибилер, шаян тәрізділер және насекомдар. Оларды судан аулайды. Кәдімгі
көк құтан (Egretta alba) біздің фаунамызда орта және оңтүстік облыстарда
көбірек кездеседі.
Үлкен ақ құтан (Egretta alba) біршама назар аударарлық. Оның түсі
жынысына, жасына және жыл маусымына қарамастан үнемі ақ түсті болады. Күй
салтанаты кезінде арқасын қуалай қүйрық қанатының үстіне дейін жалданып
ұзын қауырсындар "эгретка" немесе "эспри" пайда болады. Бізде Европалық
бөлімінің оңтүстігінде, Кавказда, оңтүстік-батыс Сибирьде, бүкіл Орта Азия
мен Қиыр Шығыстың қолайлы жерлерінде ұялайды.
Зиянды насекомдарды құртып, ауыл шаруашылығына аздап пайдасын тигізеді.
3. Қаз тәрізділер (ANSIRIFORMES). Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте
болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары
төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері
жарғақтармен қосылған. Әдетте олардың тұмсығы жалпақ үстіңгі жағынан төмен
қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталған, тұмсығының
ұшында мүйізді бөлімі болады, оны тырнақша деп атайды. Тұмсығының үстіңгі
бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде
жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. құйымшақ безі жақсы
дамыған.
Еркектерінің шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан шыққан балапандарды ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние
жүзінде 200-дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі.
Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының
көптеген түрлері шығарылған.
4. Қаздар тұқымдас тармағы (Anserinae). Бұл тұқымдас тармағына нағыз
қаздар жатады. Олардың мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал
мойын омыртақаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмайды.
Қаздар, әсіресе тундраға көбірек тараған. Бізде 11 түрі бар. Көбірек
тараған түрі сұрқаз. Осы кездегі қолда өсірілетін қаздардың көпшілігі,
сұрқаздан келіп шыққан. Қытайда және шығыс Сибирьдің оңтүстігін мекендейтін
құрғақ мұрын деген түрі кездеседі. Осы кездегі Қытайдың қазы деп аталатын
үй қаздарының тегі осы құрғақ мұрын қаздардан шыққан. Арктикада қараша
қаздар және гуменниктер көп тараған.
Біздің қаздардың барлығы да — жыл құстар, ұяларын адам сирек кездесетін
су қоймалары көп, батбақты және тоғайлы жерлерге салады. Қаздар суға
қарағанда, құрғақ жерде көбірек мекендейтінін естен шығармау керек. Қаздар
қоректерін жерден теріп, жейді, ал су олар үшін ішуге, түлеу кезеңін
өткізуге және тынығуға қажет. Қаздардың барлығы да жақсы жүзеді, нашар
сүңгиді.
Ұяларын салуға еркегі де, ұрғашысы да қатысады, ал жұмыртқасын тек қана
ұрғашысы басуы мүмкін. Еркегі ұяның маңайында жайылып жүреді немесе ішінде
жұмыртқасы жоқ бос ұяда отырады. Қаздардың барлық түрі де 4-6 шамасындай
жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 25-28 күн басады. Балапандары ұяларында бір
тәуліктен артық болмайды, Жүндері құрғаған соң ата-аналарының соңынан еріп
кетеді.
Қаздар тоғайлы жердің өсімдіктерінің жапырағымен, тамырымен, сабағымен
және тұқымымен қоректенеді. Түлеген кезде бұлардың бірнеше жүздегені бір
жерге жиналады. Түлегенде қанаттарының қауырсындары бір мезгілде түгелдей
түсіп, жетіледі. Соның нәтижесінде, бұл уақытта қаздар үшу қабілетінен
мүлдем айырылады.
Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Каспий теңізінің
жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.
Өзен үйректері тұқымдас тармағына (Anatimae) 80-ге жақын түрлер
топтасады. Көпшілік түрінің жыныстық айырмасы бар. Еркегінің қанатының
сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жүлт еткен түсі, артқы
саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті
көтеріңкі келеді.
Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек, сұр үйрек, біз құйрық, ұсақ
шөрегейлер т.б. жатады.
Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларда мекендейді. Қолайлы
батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ терең суларға ұяламайды.
Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің
жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік.
Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, ондағы басқа
құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6-14,
сұрүйрек 7-13, бізтұмсық 6-12 жұмыртқа салады, басу мерзімі 24-28 күн.
Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы
үлкен.
Сүңгуір үйректер тұқымдас тармағы (Fuliggulinae).
Сүңгуірлер дене мөлшері әр түрлі болатын тұмсығы жалпақ, тұмсығының
ұшында жіңішке қатты тырнақшасы бар құстар. Артқы саусағының тері қатпары
басқа үйректерден гөрі жалпағырақ. Бұлардың түсі кәдімгі үйректерге
қарағанда, солғындау келеді. Бұл тұқымдас тармағына түрлі сүңгуір үйректер,
қызылбасты сүңгуір, айдарлы чернетъ, гоголъ, тұрпан, гаганың бірнеше
түрлері жатады.
Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен
үйректерінен бұлардың өзгешілігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда,
теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз
қоректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қозғалып
жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.
Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірігіп жерге, кейбір түрлері
(гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыстаған және түлеген кезде
бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты,
нашар иісі болса да, олардың көпшілігінің кәсіптік маңызы бар.
Күндізгі жыртқыштар (FALCONNIFORMES). Бұлардың үлкендіктері мен жалпы
тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді
иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жалаңаш
терілі бөлімі болатын құстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары
тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлардың етті қарны нашар айқындалған.
Балапандары жұмыртқадан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен
қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында
болады, яғни әлсіз қызыл шақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер.
Екі отряд тармағына бөлінеді.
Америка құмайлары отряд тармағы (Cathartae). Бұлар Оңтүстік Америка
және Солтүстік Американың оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар
азғана жыртқыш құстар болып табылады. Олар жер бетінде жақсы жүгіреді,
қорегін көбінесе иіс мүшелерінің жәрдемімен іздеп табады. Төменгі
көмекейінің дыбыс бұлшық еттері болмайды, сондықтанда бұл құстар мылқау
үнсіз, кеңсірік перделері болмайтын құстар. Тіршілік етуіне қарағанда
біздің таз қараларға ұқсайды, көпшілігінде бұлар өлекселермен және майда
омыртқаларымен қоректенеді. Олардың мойны жалаңаш, қауырсыны болмайды.
Өлекселермен қоректенудің салдарынан бірнеше түрлері тауларда және
далаларда, кейде тоғайларда да мекендейді. Бұлардың бір түрі кондор деп
аталады.
Қалыпты жыртқыш құстар отярд тармағы (Falcones). Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz