Ахмед Йүгінекидің өмір жолы



Кіріспе

І . тарау Ахмед Йүгінекидің өмір жолы мен дүниетанымының тарихи.мәдени негіздері

1.1. Ахмед Йүгінекидің дүмиетанымының қалыптасуындағы тарихи . философиялық алғышарттары

1.2 Ахмед Йүгінекидің діни . философиялық мұрасы . «Ақииқат сыйы»

ІІ . тарау Ахмед Йүгінекидің даналық принциптері мен рухани жетілу идеясы
2.1 . Ахмед Йүгінеки дүниетанымындағы рухани жетілу идеясы және оның маңызы

2.2. Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының өркендеуіндегі Ахмед Йүгінеки философиясының орны

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге ортағасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Еліміздің тарихының ХХ ғасырдағы біршама кезеңге атеистік типтегі дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Тек демократиялық процестерге қарай бетбұрыс қана Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген пікірлерді мойындатты. Осындай діни дүниетанымға деген жаңа бағалаулардың арқасында қазіргі кезеңде біршама авторлар өз шығармашылығын ғасырлар қойнауында жатқан шынайы рухани негіздерді, этикалық, эстетикалық құндылықтарды анықтауға арнауда.
А.Йүгінеки сияқты адамгершілік принциптерін ту етіп ұстаған ғұламаны зерртеу нысанына айналдыру ғылыми нәтижелілігі мен әлеуметтік тиімділігі мол дүние дей келе, әрбір тарихи тұлғаның дүниетанымын жан – жақты және терең талқылаудан өткізу арқылы біз жалпы адамзаттық тұтас тарихты байытармыз сөзсіз және олардың арасында өзара байланыстың болғандығын анықтай түсеміз. Дегенмен, Шығысқа тән ерекшкліктерді де екшей түсу біздің зерттеуіміздің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Сонымен қоса айтарымыз қазақ халқының түркілік заманындағы рухани бастауларын философиялық талдаудан өткізу қазіргі гуманитарлық білімді сапалы күйде көбейте түсері анық.
1. Назарбаев Ә.Н. Қалың елім, қазағым. Алматы: Өнер,1998
2. Йүгінеки.А. Ақиқат сыйы түпнұсқасының фотокөшірмесі, прозалық және поэтикалық аудармасы. Алматы: Ғылым 1985
3. Қасабеков А.Қ, Алтаев Ж. Қазақ философиясы тарихына кіріспе. Алматы: Ер-Дәулет 1994
4. Рысқалиеа Т.Қ. Даналық пен түсініктің үлгілері. Алматы: Ақыл кітабы. 1999
5. Айтқазин Т.Қ. Қазақтардың мұраты. Алматы: Ғылым 1994
6. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы: Ақыл кітабы 1998
7. Әбжанов Т.Ы., Нысанбаев Ә.Н. Қысқаша философия тарихы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 1999.

Жоспар
Кіріспе

І – тарау Ахмед Йүгінекидің өмір жолы мен дүниетанымының тарихи-мәдени
негіздері

1.1. Ахмед Йүгінекидің дүмиетанымының қалыптасуындағы тарихи -
философиялық алғышарттары

1.2 Ахмед Йүгінекидің діни – философиялық мұрасы – Ақииқат сыйы

ІІ – тарау Ахмед Йүгінекидің даналық принциптері мен рухани жетілу идеясы
1. . Ахмед Йүгінеки дүниетанымындағы рухани жетілу идеясы және оның маңызы

2.2. Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының
өркендеуіндегі Ахмед Йүгінеки философиясының орны

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге
ортағасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Еліміздің тарихының ХХ
ғасырдағы біршама кезеңге атеистік типтегі дүниетаным басымдылық еткені
белгілі. Тек демократиялық процестерге қарай бетбұрыс қана Қожа Ахмет
Йасауи, Ахмет Йүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген пікірлерді
мойындатты. Осындай діни дүниетанымға деген жаңа бағалаулардың арқасында
қазіргі кезеңде біршама авторлар өз шығармашылығын ғасырлар қойнауында
жатқан шынайы рухани негіздерді, этикалық, эстетикалық құндылықтарды
анықтауға арнауда.
А.Йүгінеки сияқты адамгершілік принциптерін ту етіп ұстаған
ғұламаны зерртеу нысанына айналдыру ғылыми нәтижелілігі мен әлеуметтік
тиімділігі мол дүние дей келе, әрбір тарихи тұлғаның дүниетанымын жан –
жақты және терең талқылаудан өткізу арқылы біз жалпы адамзаттық тұтас
тарихты байытармыз сөзсіз және олардың арасында өзара байланыстың
болғандығын анықтай түсеміз. Дегенмен, Шығысқа тән ерекшкліктерді де екшей
түсу біздің зерттеуіміздің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Сонымен қоса
айтарымыз қазақ халқының түркілік заманындағы рухани бастауларын
философиялық талдаудан өткізу қазіргі гуманитарлық білімді сапалы күйде
көбейте түсері анық.
А.Йүгінеки жеке тұлғалық келбеті жалпы түркі халықтарына, оның
ішінде қазақ және өзбек халықтары ортақ деген пікірдеміз. Сондықтан, бұл
жерде ұлттық өзімшілдіктен гөрі ғұламаның айтып кеткен даналық сөздерін жан
– жақты игеру мақсаты ұтымды болып келеді. Ақиқаттың ұлы заңдылығы рухани
дамудың әр түрлі қырларын айқындай түседі. Ал ғылыми зерттеулердің мақсаты
тарихи болмыстағы інжу – маржандарды әлеуметтік дүниеге обективті түрде паш
ету болып табылады. Осыған байланысты ұлтымыздың қазіргі жақандану
заманында рухани бағдарлардан айырылып қалмауына демеу болатын рухани
құрылымдар мен жүйелерді сараптауға арналған ізденістердің қисыны бар деген
ойды білдіруге болады. Ал бұл өлшемдерге сәйкес келетін тарихи дүниетаным
біздің пікірімізше, Ахмет Йүгінекидің діни – философиялық ілімінене
байқалады. Сондықтан, баяндаманың тақырыбы сонау орта ғасырларда өмір
сүрген түркілік ғұламаның дүниетанымына арналған.
І – тарау Ахмет Йүгінекидің өмір жолы мен дүниетанымының тарихи –

мәдени негіздері
Ахмет Йүгінекидің дүниетанымының қалыптасуындағы тарихи –

философиялық алғышарттары.
Ғасырлар тоғысында мәдениеттің дамуы көптеген процестерге тәуелді болып
келгені белгілі. Әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып есептелетін Орталық
Азияда ортағасырларда өмір сүрген халықтар негізінен алғанда көшпенді
тайпалардан тұрған болатын. Әрине, отырықшылықты өмір салты ету де үлкен
дәстүрлі іс екені белгілі. Еліміздің ежелгі қалалары саналатын Түркістанның
1500жылдығын, Тараздың 2000жылдығын атап өтуіміз соның айғағы болып
табылады. Міне, қазіргі үлкен кеңістікті алып жатқан түркі тілді елдердің
өткені болып саналатын орта ғасырларда әр түрлі әлеуметтік – мәдени
процестер жүріп отырған. Сөйтіп, өзіндік өркениеттік белгілері бар қалалар
салынғанымен дәлстүрлі мәдениеттің үстемдік еткен заманында түркі тайпалары
көшпеліліктің өмір салтын ұстанғанын байқаймыз. Осындай дәірлердің өзіндік
келбеті халықтардың ерекше этникалық мінез – құлқын, дүниетанымын
қалыптастырған болатын.
Қара күшті негізгі қозғаушы күшке айналдырудың өзі өткен тарихи
кезеңдердің әлі күнге дейін дәстүрлі келбеті екенін мойындауға тура келеді.
Ондай процестерге қоғамдағы қарсылық негізінен даналықты өздерінің
дүниетанымының іргетасы еткен тарихи тұлғалардың іс әрекеттерінен байқалды.
Солардың қатарына орта ғасырлық ойшылдардың көбісін жатқызуға болады. Ал,
енді түркілік негізгі күмән туғызбайтын Ахмет Йүгінеки дүниетанымын осы
қатарға толық қосуға болады деген ойдамыз.
Мәдениеттердің бір – біріне тигізген әсері біріңғай оңды, немесе теріс
кейіптерде болады деп кесіп айтуға болмайды. Оның көпжақты қырлары бар.
Сонымен қатар мәдениеттердің өзара кірігуі биік дүниетанымдық, философиялық
деңгейде жүруі мүмкін. Мәселен, араб халифаты дәіріндегі араб тілді
ойшылдардың Антика философиясын, оның ішінде Аристотель философиясын игеруі
араб тілді философияның белгілі бір сипатта қалыптасуына, дамуына өз әсерін
тигізген болатын. Аристотельдің ілімін кең перипатетиктер деп атап, олардың
негізінен фәлсафа әлемінде дәлелдеу қисынына сүйенгенін айта аламыз.бұл
Шығыстағы рационалистік тұрғылардың орныға түсуіне , беки түсуіне әжептеуір
ықпал еткенін тұжырымдай аламыз. Оның бір ұшқыны қазақ даласына да жетіп
жатқанына да күмәндануға болмайды.
Перипатетиктердің ішінде ірі тұлғалары ретінде Әл – Фараби мен Ибн
Синаны атауға болады. Олардың аттары, шығармалары әлемдік философияның
биігінен орын алған, халқымыздың шынайы рухани мұрасы екенін де жасыра
алмаймыз. Бұл философиялық ағымға өзіндік бәсекелестік паралельде дамыған
иллюминативтік философия болып табылады. Олар Шығыстағы Платонды, оның идея
жөніндегі ілімін жақтаушылар ретінде белгілі. Бұл бағыттың өкілдері үшін
ақиқатқа деген ұмтылыс тек дәлелдеумен шектелмейді, сонымен қатар зертеуші
үшін жанның жаңғыруы, ішкі тақуалық қажет деп түсініледі. Бұл бағыттың
өкілі ретінде Шейх Шихаб ад – Дин сухраварди немесе Шейх – и Ишрақ ( ХХІІ
ғ) деп есептеледі.
Көшпелі мәдениеттің де әртүрлі дүниетанымдық құрылымдарды
тасымалдаушысына айналатындығын тарихи процесс дәлелдеп отыр. Орталық
Азияға мұсылман дінінің келу тарихын жан – жақты зеттеген М.Ж. Бұлұтай
Орталық Азияны алғаш жаулап алған арабтардың бәрін сүттен ақ, судан таза
деуден аулақпыз, - дей келіп, осы тарихи кезеңді жан – жақты қарастырып
жүрген зерттеуші Е.А.Кривецтің осы мәселеге байланысты ойларына, ғылыми
тұжырымдарына көңіл бөледі. Е.А.Кривецтің пікірінше , араб бедуиндері
халифаттың діни дүниетанымын , мемлекеттің саясатын шартарапқа таратуға
тиісті қара күштің рөлін атқарады. Ал,шын мәнінде арабтардың Орта Азиядағы
саяси билігі Қарахан әулеті заманында,яғни Ахмед Йүгінеки заманында
жоғалғанымен ислам дінінің халықтар дүниетанымындағы орны беки түскені
белгілі. Оны кейбір зерттеушілер өз еңбектерінде үнемі атап өтіп,көрсетіп
жүргенін философиялық,мәдениеттанулық әдебиеттерден әбден көруге болады.
әрине бұл жерде зерттеушінің пікіріне толық қосыла қоймасақта,белгілі бір
деңгейде шындыққа жақын екенін атап өтеміз.

Түркі тілдес елдердің дүниетанымына,мәдениетіне сопылықтың ерекше дүниеге
көзқарас ретіндегі айтарлықтай әсері болғанын Қ.Рахметов пен
Қ.Аманжоловтардың еңбектерінде атап өтіледі. Мәселен ол төмендегідей
тұжырымдардан байқалады: Суфизм-халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай
ықпал еткен философиялық жүйе. Тіптен,суфизм ойлау тәсілімізге ғана ықпал
жасап қана қоймай,лексикалық қорымызға да ізін қалдырған. Сөзіміз дәлелді
болу үшін суфистік,мистикалық,араб-парсы философиясындағы өте жиі
қолданылатын негізгі ұғымдарын атап өтейік:
ақыл,ахуал,ақиқат,адам,әлем,ғылым,б ілім,есім,заман,зат,зейін,дәруіш,да рия,га
ухар,ғайб,ғайбат,ғалам,ғибадат,жаух ар,сурет,мүмкін,салық,сопы,сипат,сы р,ризы
қ,хал,ынсап,ықылас,керемет,қалам,қа нағат,қаусар,харам,қауіп,тәрбие,тәу ба,тәл
ім,тәуекел,тайпа,тағат,лақап,мұғалі м және т.б.
Бұлар қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген сөздер деп айту
жеткіліксіз. Себебі,бұл сөздер,біріншіден,қазақ тіліне емес,түркі
тіліне,қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген,екіншіден,жоғарыда айтылған
сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес,философиялық терминдер
дәрежесінде таралған. Яғни тарихи процестегі мәдени ықпалдасу мен кірігу
өзінің сабақтастығын тарихи дәуірлер өтсе де жасай алатынын байқаймыз.
Сопылық құбылысының пайда болуы мен оның Орталық Азиядағы өз заманында
кең таралуын кейбір зерттеушілер таптық күрестің,таптық қайшылықтың
өршуімен байланыстырып келгенін атап өтуге болады. Мәселен,А.В.Трахтенберг
Орта Азияда ХIғасыр мен ХII ғасырлардың басында идеологиялық күрестің
соншама күшейе түскенін айта келіп,төмендегідей тұжырымдарды білдіреді:
Бұл кезең бұқара халықтың қаналуының күшейген кезеңі болатын,еркін ойдың
аздаған ұшқындарының өзін қатігездікпен басылып тасталатын. Бұл уақытта әр
түрлі бағыттар белсенді таныта бастады,соның бірі сопылық болатын.
Әрине,еркіндікке деген ұмтылыс адамзат тарихында талай қозғалыстардың
түрткісіне айналғаны рас. Тіптен, Еуропадағы протестантизмнің пайда болу
тетіктерін де осы процестерден іздеуші, зерттеушілерде көп деп саналады.
Әрине, бұл тұжырымдардың шындыққа сәикес тұстарын жоққа шығаруға болмайды.
Адам еркіндігі мәселесі тарихи процесте ең маңызды мәселе ретінде ешқашанда
күн тәртібінен түспесеі анық. Ал, ол еткіндікке жетудің жолы сан қилы
екендігін ескерген жөн сияқты.
Ақиқатты танып – білуге деген талпыныс, өкінішке орай, адамдардың
күнделікті рухани жетілу процесіне кедергі келтіретін әлсіздіктермен
астасып келгенін жасыруға болмайды. Сондықтан барлық әлеуметтік
процестердің бұрылыстарын , секірістерін құрғақ экономикалық детерменизммен
байланыстыра беру қомақты нәтижелер бере қоймайтын өнімді іс емес. Адамның
барлық қаір – қасиетін тнк материялдық мұқтаждықтарының қанағаттануына
саюдың өзі теориялық қана емес дүниетанымдық шектеулерге ұшыратары анық.
Бұл бағытты ұстаннған кісі көп несе қоршаған ортасын өзгертуге,
революциялар жасауға, реформалар жүргізуге бейім тұрады. Ал адамның жан
дүниесіндегі, рухани әлемінднгі өзгерістерді алғашқы орынға қоймайды.
Шығыстағы көптеген ғұламалар адамның өзі өзгеруге тырыспаса оның
бақытты болуы, ақиқат жолында болуы екі талай екендігін ұдайы ескертіп
отырған. Дегенменде қоғамдағы өзіндік әлеуметтік – экономикалық
қыйыншылықтардың , қайшылықтардың асқынуы адамдар үшін маңызды кейбір
процестерді барынша өзектендіре түсетін құдіреті бар екенін естен шығаруға
да болмайды. Тіршілік үшін күрес көптеген пенделерді әр түрлі әрекеттерге
итермелейтіні айқын. Әлемді шарлап кеткен этникалық диаспоралардың үлкен
әлеуметтік құбылысқа айналуы осындай мәселенің қазіргі заманда маңызды
екенін білдіртеді.
Сонымен қатар Ахмет Иүгінеки заманының әлі де терең зерттеуді
қажет ететін нысандары мол екенін мойындағанымыз жөн. Піздің пікіріміз ше,
сопылықты ең алдымен күрделі адам болмысының бір қыры ретінде қабылдаған
дұрыс іспетті. Жалпы адам жасаған іс - әрекеттердің түпкі негізінде ғаламды
игеруге деген талпыныстар жатқанын білеміз. Ал енді біздің үйреншікті
түсініктерімізге сәйкес келмейтін дүниелерді бірыңғай теріске шығарумен
ғана айналыссақ, онда тарихи сананы биік деңгейде қалыптастыра
алмаймыз,сонымен қатар өзінің терең сұрыптауын күтіп тұрған көптеген рухани
мұрадан айырылып қалуымыз мүмкін. Міне,сондай құндылықтардың қатарына
халқымыздың өткен тарихында,өткен жолында қордаланған даналық
үлгілері,дүниетанымдық әмбебаптықтары жатады. Ал,енді Ахмет Иүгінекидің
философиялық ой-санасы еліміздің философиялық әдебиетінде соңғы уақытта
тұжырымдала бастады.
Ахмет Иүгінекидің өмір жолына тоқталар болсақ,біз өзіміздің отанымыз
Р.Бердібайдың зерттеулеріндегі пікірге қосылып ақынның өмір сүрген ортасын
Түркістан өңіріндегі жүйнек қаласында ХІІ ғасырдың басында деген
тұжырымдарға сүйенеміз. Ахмет Иүгінекидің зағип болып туып фәни жалғанның
жарық сәулесін көрмей бақиға озған ақын,жастайынан ілім-білімге
құмартып,түркі тілдерімен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын
жан-жақты зерттеп терең іліміне сай Әдиб Ахмет деген құрметті атқа ие
болған. Ақыл-ойы толысып,діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет
Иүгінеки қысқаша тақырып –тақырыптарға бөліп Ислам құндылықтарына
негізделген өлең жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл
жәдігерліктердің бсы біріктіріліп һибуат ул-хақайық(Ақиқат сыйы) деп
аталатын дидактикаоық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны танымдық нәрі
жағынан алғанда Ақиқат сыйы-Әбу Насыр әл-Фараби,М.Қашқари,
Ж.баласағұн,Қ.Йсауи мұраларымен іштей астасып IX-XIII ғасырлар арасындағы
түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Ахмед Йүгінекидің Ақиқат сыйының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей бір
жолата жоғалып кеткен. XIV – XV ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі, үш
түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі – 1444 жылы Самарқанда Арсылан
Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани
Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір
Стамбұлдағы Айя София кітапханасы қорында сақтаулы; екінші нұсқа Стамбұлда
1480 жылы Шайх зада Абд әр – Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірілген,
506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, Тәжікше түсініктемелер бар. Стамбұлдағы
Айя София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н.Әсім 1915 жылы, ал Қ.
Маһмудов 1972 жылы алғаш жарияланған; Ақиқат сыйының үшінші арабша
нұсқасы ХІҮ ғасырдың ақырында, немесе ХҮ ғасырдың басында 524 жол өлең
көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ – Қапы сарайында сақтаулы. Сол
сияқты Ұзын көпірдегі Сейт Әлі деген кісінің кітапханасынан табылып,
Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмет
Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан
табылған, Берлин ғылым Академиясында сақтаулы тұрған өзге нұсқалардың із-
жосықтары Ахмед Йүгінеки еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын
дәлелдей түседі. Ақиқат сыйының бірнеше нұсқасын тауып,зерттеп,жариялауда-
Н.Әсім, Р.Арат, В.Радлов, Т.Ковальский, Ж.Дени, Х.Маллаев, Қ.Маһмудов,
С.Мутталибов тағы басқа шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ақиқат
сыйының XIV ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ
тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып,1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Йүгінеки заманындағы діни-этикалық құндылықтарға деген
сұраныс ойшылдың шығармашылығынан анық байқалады. Исламдық айшықтарды
өзінің философиялық дүниеге көзқарасын пайымдауда шебер пайдалана білуінің
өзі данагөйдің өз дәуірінің озық ойлы азаматы болғанын білдіреді.Ол өз
ілімінде адам тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайды және ол үгіттеген
философиялық идеялар өзінің терең гуманистігімен, тереңдігімен, халық
болашағына деген алаңдаушылығымен ерекшеленеді.Сондықтан қазіргі ұрпақ
ойшылдың рухани мұрасын толық игергені абзал деген ойдамыз. Бір ғана
ойшылдың дүниетанымына философиялық талдау жасау арқылы жазира даланың
кейбір тарихи белестерін, өзіндік қисынға бағынатын тарихи сабақтастығын
зерделей алатын сияқтымыз.
Шығыстағы көптеген ойшылдар мұсылмандықты діни дүниетанымның
діңгегі ретінде ұстанса, батыста христиан дінін қадірлеген ғұламалар да
жеткілікті болған. Қоғамдық сананың формаларының арасында алынбас қамал
жоқ, олар бір-бірін толықтыра алады деген ойдамыз. Әрине, философияның
басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі рефлексияны, зерделік басымдылықтың
жетекшілігін мойындауында және сол арқылы ғаламның ең түпкі іргетасын
қалайтын негіздерін бейнелеуде. Оны кезінде адамзаттың тарихында елеулі із
қалдырған XIX ғасырдың ойшылдарының бірі К.Маркс та өз тұжырымдарын
пайымдап кеткен болатын. Бұл басымдылықтың маңызын жалпы классикалық
философия үшін зор екенін мойындай отырып,Шығыстық әлемді рухани игеруге
тән дүниені образдық сипатта бейнелеуді де жоққа шығара алмаймыз.
Тіптен,осы бейнелік түсініктердің адамзат болашағына маңыздырақ екенін
батыл түрде айта аламыз. Өйткені, тек ақылға сүйеніп ойлаушы ғана субьект
емес,оның әлі игерілмей жатқан ұшан-теңіз сезім әлемі бар. Барлық
дарындылығы осы салада ашылғанда ғана адамзат жаңа белеске көтерілілетіне
сене аламыз.
Осы тұрғыдан алғанда Ахмет Иүгінекидің өзінің түркілік сипатта
жазған еңбектерін философиялық тұрғыдан пайымдауға тырыссақ,онда ойшылдың
өз заманының өткір проблемаларын жете түсінгенін байқаймыз және
әлеуметке,баршаға барынша ойлы тілмен жеткізе білген. Ал бұл ойшылдың жеке
тұлғасындағы шығыстық даналықтың көрінісі. Сонымен қатар ол өз шығармасында
әлеуметтік болмыстың барлық жағынан алғанда субстанциялық кіндігі адамның
өзі бола алатындығын айта біледі. Бұл ғұламаның мұсылмандық көзқарастың
шеңберін барынша кеңейтуі болып табылады, антропологиялық мәселелерді өз
дүниетанымына діңгек ете алуын атай аламыз. Міне осындай қызметі үшін
қазіргі ұрпақ, рухани мұраны сараптаушы гуманитарлық сала ортағасырлық
терең ойшылдың даналыққа толы тұжырымдарын құндылығы мол дүние деп
есептейді.
1.2. Ахмет Иүгінекидің діни-философиялық мұрасы-Ақиқат сыйы
Қазақ тарихының түпкілік дәуірі ғасырлар тезінен өткен сайын әр түрлі
мәдениеттің әсерін сезінді. Олармен тікелей сұхбат жасап,ата-бабамыздың
тарихи болмысы үнемі горизантальді және вертикальді мәдени байланыста
болды. Сондықтан болар,көне түркілік мәдениетті зерттеуші атақты ғалым
Л.Н.Гумилевтің пайымдауынша,әрбір этнос мәдениетті өзінің атауына сай
келетін бір ата-бабадан ғана қабылдаған жоқ,ол жаңа ортақ этникалық жүйеге
біріккен барлық этникалық субстраттардан мұра еткен. Әрине бұл тұжырымдарды
кез келген ұлт болып қалыптасқан халықтың тағдырына байланысты айтуға
болады. Міне сондықтан қазіргі кезеңдегі халқымыздың ой-
санасындағы,дүниетанымындығы ерекшеліктерді айқындай түсуіміз үшін ғасырлар
қойнауындағы әр түрлі сатылы кезеңдегі рухани биіктерді игеруге тиістіміз.
Сол көп ежелгі қазақ жеріндегі рухани байлықтың ішінде біздің назарымызға
түскен рухани мұраға,философиялық шығармаға Ахмет Иүгінекидің Ақиқат
сыйын жатқыза аламыз.
Қазақтың кең даласында,түркілік мәдениет тараған тарихи кеңістікте
талай рухани маңыздылығы бар құнды дүниелер осы ойшылға дейін де,одан кейін
де келгенін жасыруға болмайды. Ежелгі заманғы сақ-скиф хаманының жазба
ескерткіштері б.э.д V ғасырларға жатқызылады,ал ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмед Иүгінеки
Иүгінеки Ахмед
Ақиқат сыйы дидактикалық сарында жазылған шығарма
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Қожа Ахмет Иасауи Даналық кітабы, Ахмед Иүгінекидің Ақиқиат сыйы, Сүлеймен Бақырғанидың Ақырзаман кітабы
Ахмет Иүгінеки
Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Ертедегі қытай философиясы
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі
Пәндер