Ауыспалы егістердің жіктелуі


АУЫСПАЯЫ ЕҒІСТЕР
Ауыспалы егіс дегеніміз танаптардағы ауыл шаруашылық да қылдары мен парды жылма-жыл ғылыми ұсыныстарға сүйене оты-рып ауыстырып тұру. Не себепті дақылдардың орнын ауыстырып тұру керек? Дақылды бір танапқа жылма-жыл себе берсе, оныц өнімі бірте-бірте төмендей беретінін ғылым да, тәжірибе де көрсс тіп отыр. Ауыспалы егісте әр дақылды орналастырғанда ол дақыл жоғары енім беретіндей ету керек. Әр дақылдың өзіне тән жақс алғы дақылы бар. Мысалы, күздік бидай тәлімі жерде таза па дан, бұршақтан кейін жақсы өнім береді. Жаздық бидай мен а падан кейін, күздік бидай көбіне жөнді өнім бермейді. Сондықта тіп, қоректік заттардың бастапқы арақатынасы бүзылады. Қант қызылшасын, күнбағысты, картопты да үздіксіз бір жерге еге бер-ген уақытта жылдан-жылға калий басқа қоректік заттарға қара-ғанда көбірек азайып, тағы да топырақтағы қоректік заттар бір-жақты жұмсалынып, олардың қалыпты арақатынасы бұзылады Ал масақты дақылдар мен техникалық дақылдарды ауыстырып егіп отырған уақытта топырақтағы қоректік заттар тең жұмсалып, ұзақ жылдар бойы жақсы өнім алуға мүмкіндік туады.
Көптеген дақылдар топырақта ылғи тапшы болып жататын азотты азайтумен болса, бұршақ тұқымдас дақылдар керісінше топырақтағы азотты кебейтеді (олардың тамырында емір сүретін бактериялар ауадағы азотты сіңіре алады, сөйтіп азотпен дақыл-ды қамтамасыз етеді, топырақтағы азотты көбейтеді) . Сондықтан бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен алмастырып отырғанда, жалпы алғанда, дақылдардың қоректік заттарға тапшы-лығы азаяды. Жалпы алатын өнім мелшері жоғарылайды.
Дақылдардың түріне қарай олардың тамырлары да әр турлі болады. Мысалы, астық тұқымдас дақылдардың тамыры шашақ сияқты болып келеді де, көбіне 40-50 см тереңдікке дейін ғана тарайды. Қызылша, күнбағыс сияқты дақылдардың тамыры 3 м тереңдікке дейін, ал жоңышқаның тамыры 5-6 метрге дейін кете-ді. Ал осы дақылдарды кезектестіріп еккенде топырақтың тек бе-тіне жақын маңдағы ғана емес, үлкен тереңдіктегі қоректік затта-ры да іске асады.
Қарақұмық, бөрібұршақ сияқты дақылдардың тамыры топы-рақтағы нашар еритін қоректік заттарды жақсы сіңіреді. Бұл да-қылдардан кейін топырақта дақылдар жеңіл сіңіре алатын қорек-тік заттар көн қалады да, олардан кейін егілген дақылдардың қо-ректенуі жақсарады. Қорыта келгенде, танапқа әр түрлі дақыл-дарды егіп, ауыспалы егіс қолданған уақытта өсімдіктердің қорек-тенуі жақсарып, енім мелшері көбейеді.
2. Екінші себеп, физикалық тұрғыдан - топырақтың физика-лық қасиетіне байланысты. Танапқа масақты, әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақ түйіршікте^ рінің көбісі трактор доңғалағының, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды. Яғни топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады да, мұндай топырақ-тар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе топырақ беті балбы-рап ериді де, кепкен уақытта қатты қабыршаққа айналады. Мұн-дай қабыршақты егін көгі бұзып, топырақ бетіне шыға алмайды. Өсімдік тамырына оттегінің баруы қиындайды. Өсімдіктердің еиіп-өсуі нашарлайды, дақылдар әр түрлі ауруларға жиі шалды-ғады.
3. Биологиялык, себептер. Мұның өзі дақылдарды қоршаған әр түрлі тірі организмдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақыл-ды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауру-ға шалдығуы жиілейді және арамшептер де көбейе туседі. Не се-бепті олай болады деген сауалдың жауабы мынадай. Ауыл шаруа шылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың тек қана бір түрімен, не соған жақын түрімен, не бір семьяға жататын өсімдік-термен ғана қоректенеді. Танапқа бір дақылды үздіксіз еге берген уакытта ол зиянкестерге жақсы жағдай туады да, олардың саны жыл сайын кебейе түседі, олардан келетін зиян да арта береді. Мысалы, Қазақстандағы қант қызылшасының соңғы кездегі өнімі-нің күрт төмен түсіп кетуіне зиянкестер мен аурудың зардабы тиді. Қызылша жұмыр құрты деген зиянкес қант қызылшасының тамы-рына жабысып алып, оның сәлін сорып тіршілік ететіні жоғарыда айтылған болатын. Ол қызылшаны сепкен сайын топырақ қабатын-да кебейе береді, бірте-бірте қызылша тамырын өсірмей тастайды, өнім темендейді. Бұл зиянкестің масақты дақылдарға, жүгеріге, картопқа, көпжылдық шептерге ешқандай зияны жоқ. Олаомен қоректене алмайды да, оларды еккен жағдайда жыл сайын біртін-деп құрып, бірнеше жылда жойылады. Сол сияқты бір дақылдың аурулары екінші дақылдарға көбіне жұқпайды. Бір жерге дақыл-дарды жыл сайын себе берсек, оның ауруға шалдығуы күшейе түь седі. Себебі ауру тудыратын микроорганизмдердің споралары сол танапта қалған өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталып, ке-лесі жылы тағы да сол дақылды ауруға шалдықтырады. Мысалы, Қазақстанда қант қызылшасы енімінің қатты темендеп кетуіне осы аурулардың да кесірі кеп тиді. Бір жерге ауыстырмай себіле бер-гендіктен, ауру тудыратын микорорганизмдер топырақта көбейіп, тамырды шірітіп жібереді.
Танапқа ауыстырылмай себіле берсе, тек қана қант қызылшасы емес, басқа дақылдар да жиі ауруға шалдығады, оның зиянкестері кебейеді.
Капустаны үнемі бір жерге есіре беру кила ауруының дамуына апарып соғады, мақта солдырма ауруына, күздік бидай тот және тамыр шірімесі, зығыр мен сора физариоз, күнбағыс жалған ұнтақ, картоп - фитофтора ауруларына шалдығады.
Арамшөптер де ауыспалы егіссіз жылдам көбейіп кетеді. Мы-салы, жаздық дақылдар үнемі бір жерге егіле берсе, жаздық арам-шептерге жақсы жағдай туып, олардың саны есе береді. Ал, сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қарабидай егілсе, жаздық арам-шөптердің саны күрт төмендейді. Себебі күздік дақылдар қыркү-йек, қазан айларында себіліп, қысқа тамырланып түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп, жаздық арамшөптерден озып, оларды өзі-нің көлеңкесінде қалдырады. Келеңкеде қалған арамшөптер жөнді өсіп жетіле алмай, көбісі құриды.
Ал күздік бидайды бір жерге еге берген уақытта күзде өсетін арамшөптерге жақсы жағдай жасалады. Күзде өсетін арамшөптеф күздік бидаймен бірге еніп шығады да, есіп жетілуі женінен бидай-дан қалмайды. Бидай пісіп ораққа ілінгенше олар дәнін төгіп үл-гереді де, келесі жылы олардың саны бірнеше рет көбейеді. Күздік бидайды сепкен сайын күзде өніп шығатын арамшөптердің саны арта береді. Бұл арамшөптерді осы жерге жаздық дақылдар егіп қана құртуға болады. Ол үшін кәктемде жаздық дақыл егілер ал-дында бұл танапты жақсылап культивациялау керек. Сол культивациялау кезінде күзде өніп шыққан арамшептер құрып бітеді.
Сөйтіп күздік дакылдар мен жаздық дақылдарды ауыстыра отырып, арамшептердің санын күрт азайтуға болады.
Күнбағыс, темекі сияқты дақылдарды бір жерге еге берсе, ол
танапты күнбағыс пен темекіні сорып күн көретін сұңғыла қаптап
кетеді. Бұл паразит арамшөптермен күресудің басты тәсілі ауыс-
палы егіс қолдану. Бұл паразиттер астық тәріздес дақылдар арқы-
лы өмір суре алмайды да, 6-7 жылда топырақтағы тұқымдары
өліп бітеді. і4. Экономикалық себептер. Ауыспалы егісті қолданғанда еш-кандай қосымша шығынсыз-ақ енімнің мөлшері көбейеді де, өнді-рілген заттардың өзіндік құны азаяды, яғни дақылдарды әсіру; жұмысының рентабельділігі жоғарылайды. Шаруашылыққа түсе-тін таза табыс артады.
Әр түрлі дақылдар егілгенде техника мен жұмысшы күші тиім-ді пайдаланылады. Мысалы, күздік бидай қыркүйек, қазан айла-рында егілсе, жаздық дақылдар көктемде егіледі. Трактор мен сеялкалар күзде де, көктемде де пайдаланылады. Күздік бидай жаздық дақылдардан ертерек піседі, оны шауып бітіре бере, орақ-қа жаздық дақылдар ілінеді. Сөйтіп, комбайнды ұзақ уақыт пай-далану мүмкіндігі туады . Бұл жағдайда техника езін-өзі жылдам ақтайды, таза табыс кебейеді.
гл. алғы даңылдар
Дақылдардың өнім мөлшері мен сапасына алғы дақылдардың осері күшті екені жоғарыда айтылған болатын. Осы себепті Қа^ зақстанда жиі кездесетін алғы дақылдарға тоқталайық. '
Таза пар. Тәлімі жерде астық дақылдары үшін ең жақсы алғы дақыл. Таза пар - қара пар, ерте пар болып екіге бөлінеді. Парға қалдырған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, ондай пар кара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қолданылады. Қара парға көбіне күздік бидай егіледі. Парға қалдырылған жер көктемнен : бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Ерте пар сол-түстік облыстарда қолданылады. Оған көбіне жаздық бидай себі-леді. Қыста жел жиі болып тұратын далалық аймақтарда қыста қарды көбірек тоқтату үшін парға қалдырған танаптарға кей жағ-дайда биік сабақты дақылдар себіледі (16-сурет) . Парға қалды-рылған танаптарда жаз бойы арамшөптермен күрес жүргізіледі, арамшөптер қылтиып өсе бастаған уақытта оларды культиватор-мен қырқып отырады. Танапта жаз бойы ешқандай өсімдік болма-ғандықтан, топырақтағы ылғалдың жартысынан көбі күзге дейін сақталады. Парға себілген дақылдардың өнімі 1, 5-2 еседей артық болады.
Отамалы дақылдар. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жү-гері, картоп, мақта) егілген танаптарда жаз бойы арамшәптермен күрес жүргізіледі. Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі. Осы се бепті отамалы дақылдар астық тұқымдас өсшдіктер үшш жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Қейбіреулері (ас бұршақ) ерте кектемде егіліп, жылдам өседі. де, арамшөптермен жақсы күресе алады. Сондықтан бұршақ. тұқымдастар масақты дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Көпжылдық шөптер. Көпжылдық шөптер топырақтағы орга-никалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Кепжылдық шөптер барлық дақылдарға дерлік жақсы, ете жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Қазақстанның оңтүстігінде егілетін техникалық дақылдар (мақта, қант қызылшасы, күріш, темекі) үшін көпжылдық бұршақ тұқымдас шөп - жоцышқа таптырмайтын алғы дақыл. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады, арамшөп-тер мен ауру тудыратын микробтардың санын азайтады. Барлық техникалық дақылдар жоңышқадан кейін мол өнім береді.
Дәнді масақты дақылдар. Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін, кәптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі ол арамшөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидай мен жаздық арпа орташа алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі на-шары тары. Тары өте жай әседі де, өсіп-дамуы жайында арамшөп-терден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арамшеп-тер көп болады.
Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл больщ есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы жеңіл сіңі-рілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондық-тан олар көбіне ауыспалы егістің ең соңғы танабына себіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне парға қалдырылады.
Ауыспалы егістердің жіктелуі. Ауыспалы егістер онда себілетің дақылдардың түріне және топыраққа тигізетін әсеріне байланыс-ты егістік, мал азықтық және арнаулы болып үшке белінеді.
Егістік ауыспалы егісте дәнді масақты, бұршақ, тұ-қымдас техникалық дақылдар және картоп өсіріледі. Егістік ауыс-палы егіске жататын техникалық дақылдар қант қызылшасы, күн-бағыс, мақта артықша бір жағдайды қажет етпейді, масақты да-қылдар егіп жүрген егінжайларға себуге болады. Егістік ауыспалы егістерде кейде мал азықтық дақылдар себілуі де мүмкін, біракі малды азықпен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістіц міндетіне жатпайды.
М а л а з ы қ т ық ауыспалыегістер. Себілген дақылдар-дың түріне байланысты ферма маңындағы және шөп-жайылымдық болып екіге белінеді. Егер ауыспалы егіс ферма маңында орнала-сып, оған сол фермаға керекті сүрлемге, көкбалаусаға арналған дақылдар егілсе, бұл ферма маңындағы ауыспалы егіс болып табы-лады.
Ал шөп-жайылымдық ауыспалы егіс ферманыц жанына орналаспауы мүмкін, бүл ауыспалы егістерге көбіне біржылдық, не көпжылдық шөптер, арпа, сұлы сияқты күтімді көп қажет етпейтін мал азықтық дақылдар себіледі. Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір танаптары мал жаюға да пайдаланылады.
Мал азықтық ауыспалы егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілетін малдың түріне, жасына байланысты әр түрлі дақылдар егіледі. Егер шаруашылық мал бордақылауға ма-мандандырылған болса, ауыспалы егісте арпа, жүгері сияқты да-қылдар себіледі. Төл алып, өсіретін шаруашылыктарға құрамында бёлогы мол бұршақ тұқымдас дақылдар себіледі. Егер шаруашы-лық сүт өндіруге мамандандырылған болса, сүрлем беретін дақыл-дар, құрамында суы, қанты мол болатын қызылша сияқты тамыр жемісті дақылдар себіледі . Шаруашылық қой есірумен, етке ар-налған ірі қара мал, жылқы есірумен айналысатын болса, пішен-дікке жарайтын, мәдени жайылымға қолдануға болатын дақылдар өсірген жен.
Мал азықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектар-дан алынатын азық өлшемі мен қорытылатын протеин, витаминдер келемі болып табылады. Бұл жерде әр азық өлшеміне кететін ең-бек шығыны мен өндірілген мал азығының өзіндік құнын да есеп-теу керек.
Арнаулы ауыспалы егістерге топырақты, немесе танапты әдейілеп, ерекше дайындауды кажет ететін дақылдар се-біледі. Бұған күріш, көкеніс, темекі өндіретін ауыспалы егістер жатады.
Мысалы, күрішті себуге танаптар ерекше дайындалады, күріш себетін шектер тақтайдай түзу болуы керек, олай болмайынша шекті сумен толтырғанда, судың мөлшері шектің әр жерінде әр түрлі болып, ©німі күрт төмендейді. Көкөніс, темекі себу ушін де топырақты ете жақсылап баптау керек, бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланатын болғандықтан, бұл дақыл-дарға минералдық тыңайтқыштарды белгілі мөлшерде ғаиа бе-реді, көбіне органикалық тыңайтқыштар енгізіледі. Бұл ауыспалы егіске себілетін дақылдар қол күшін кеп қажет етеді. Сондықтан өнімді мол алатындай етіп, топыраққа қажетін беріп, уақтьісында суарып, жөндеп күтпесе, арнулы ауыспалы егіске себілген дақыл-дар езін-өзі ақтай алмай, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін.
Топырақ құрылымын бүлдіретін эрозияға қарсы қолданыла-/ тын, танаптағы дақылдары 50-100 метрлік жолақтарға орнала-сатын ауыспалы егістер де осы арнаулы ауыспалы егістердің қа-тарына кіреді. Мұндай ауыспалы егістер Қазақстанның тәлімГ егіншілігінде орналасқан, топырағы құмдауыт болып келетін ау-дандарда қолданылады. Бұл ауыспалы егістерде көпжылдық шөп-тер, масақты дақылдар мен пар үшеуі ені 50 немесе 100 м жолақ-тарға, желдің соғатын бағытына кесе көлденең орналастырылады. Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер солтүстікте Павлодар, Ақтөбе облыстарында, оңтүстікте Алматы, Шымкент облыстарын-да кездеседі.
Ауыспалы егктерді енгізу жэне игеру. Ауыспалы егісті енгізу ден бұрын көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Алды-мен егістің құрылымы анықталады, яғни қандай дақылды қай көлемде еебу керек екені шаруашылықта келісіледі. Бұл егістің құрылымы аудан, облыс көлемінде мақұлданылғаннан кейін ба-рып, ауыспалы егістің схемасы жасалады. Ол схема жан-жақты талқыланып, бекітілгеннен кейін, ыаруашылық территориясына көшіріледі. Осы уақыттан бастап ауыспалы егіс енгізілген деп
есептеледі.
Ауыспалы егісті шаруашылық егінжайларына енгізер алдында ауыспалы егіске көшу жоспары жасалады. Жасалған жоспарда дақылдарды уақытша кезектестіріп себу тәртібі және ауыспалы егістерді игеру кезінде қолданылатын агротехникалық шаралар жинағы белгіленеді. Шаруашылық егіншілігіне ауыспалы егіс ен-гізілгеннен кейін 2-3 жылдың ішінде игерілуі тиіс.
Ауыл шаруашылық дакылдары кабылданған схема бойынша орналасып, әр дақыл өзіне тиісті келемде себіле бастаған уақыт-тан бастап ауыспалы егіс игерілген деп есептеледі.
Ауыспалы егістегі дақылдардың сол белгіленген схема бойын-ша орын алмастырып отыруын қадағалау сол шаруашылық агро-
номының міндеті.
Ауыспалы егістегі әр егінжайдың тарихы жазылады. Егінжай тарихы жазылатын кітап болуы керек. Бұл кітапта әр танапта жылма-жыл қандай топырақ өңдеу жұмысы жүргізілгені, қандай тыңайтқыштар, қанша мелшерде енгізілгені, қай дақыл себілгені, қандай арамшөптер кездесетіні, оларға карсы қандай гербицидтер қолданылғаны т. б. агротехникалық шаралардың бәрі жазылып тұруы керек. Бүл кітапта тағы да танап топырағының түрі, меха-никалық құрамы, қышқылдығы, коректік заттар қорының мөл-шері женіндегі мәліметтер жазылуы керек. Бұл мәліметтер арқы-лы келесі егілетін дақылдардың агротехникасы анықталады.
8. 2. АУЫСПАШ ЕПСТЕРДІҢ СХЕМАЛАРЫ
Ауа райына, әсіресе жауатын жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың түріне, құнарлылығына, жылуына, суық болмайтын күндер санына, шаруашылықтың мамандандырылуына карай егін-шілікте ауыспалы егістің әр түрлі схемасы қабылданылуы мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде орналаскан шаруашылықтар егін-шілігіндегі ауыспалы егістердің схемасы:
Дала аймағы үшін
1. Дәнді-парлы 6 танапты II. Дәнді парлы-отамалы 6 танапты
ауыспалы егіс ауыспалы егіс1. Пар (қара, ерте) 1. Пар (ықтырма, ерте)
- Жаздық бидай 2. Бидай
- Жаздық бидай 3. Бидай
- Сұлы 4. Жүгері
- Жаздық бидай 5. Бидай
- Арпа б. Арпа
Құрғақтау
1. Дәнді-парлы 4 танапты-ауыспалы егіс
- Пар (қара, ерте) ! 1.
- Бидай (жаздық, күздік) 2.
- Бидай (жаздық, күздік) ' 3.
- Арпа і 4.
Арнаулы топырақ қорғайтын 10 жылда айналып өтетін 5 танапты ауыспалы егіс
1 -танап. 3 жылдық көпжылдық шөп + пар \ 2-танап. 4 жылдық көпжылдық шөп + жаздық бидай 3-танап. 5 жылдық көпжылдық шөп + жаздық бидай 4-танап. Жаздық бидай+1 жылдық кепжылдык шөп 5-танап. Жаздық бидай + 2 жылдық кепжылдық шөп.
Бүл ауыспалы егіс топырағы жеңіл, жерлерде қолданылады.
Қазақстанның орталығы мен батысында орналасқан облыстарда қолдануға болатын ауыспалы егістер
II. Дәнді-парлы 5 танапты ауыспалы егіс
- Таза пар
- Жаздық бидай
- Жаздық бидай
- Арпа >
I. Дәнді-парлы 4 танапты тт "
ауыспалы егіс
- Таза пар
- Жаздық, күздік бидай,
- Жаздық бидай
- Жаздық бидай
5. Жаздық бидай
III. Дәнді-парлы 3 танапты ауыспалы егіс
- Таза пар
- Жаздық бидай
- Арпа
IV. Дэнді-парлы 4 танаптьц ауыспалы егіс
- Таза пар
Күздік бидай, не кар
Қазақстанның оңтүстігінде жэне оңтүстік шығысында
орналасқан облыстардың тәлімі егіншілігінде қолданылатын
ауыспалы егістер
(ылғалмен қамтамасыз етілген және
II. Дәнді-парлы отамальіі 5 танапты ауыспалы егіс
- Таза пар немесе екпе пар
- Күздік бидай,
- Арпа
- Отамалы дакыл,
- Күздік бидай
жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жерлер үшін)
I
Дәнді-парлы 5 танапты ауыспалы егіс
- Таза пар (екпе пар) ;
- Күздік бидай
- Күздік бидай
Арпа
Топырағы жеңіл, құмдауыт келген егіншілікте топырақты эрозиядан қорғайтын 10 жылда айналып өтетін 5 танапты
ауыспалы егіс
- Пар + 3 жылғы көпжылдық шөп
- Куздік бидай+4 жылғы көпжылдық шөп
- Арпа + 5 жылғы көпжылдық шөп
- 1-жылға көпжылдық шөп + арпа
- 2-жылға көпжылдық шеп + арпа
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz