Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы



Кіріспе
1.Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу . азаматтың іс жүргізудің сатысы.
2.Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері.
3.Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
4.Сот хабарлаулары мен шақырулары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, осы Заңмен күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, 1999 жылғы шілдеден бастап күшіне енгізілді.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актіерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: та- раптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шағуға, дыбыс жазбала- рын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарын материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады.
Азаматтық істер сотқа арыз түскен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.
1.«Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі» Алматы 2007ж
2.Е.О.Егембердиев «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы» «Фолиант» баспасы, Астана 2006ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1.Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы.
2.Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері.
3.Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
4.Сот хабарлаулары мен шақырулары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, осы Заңмен
күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, 1999
жылғы шілдеден бастап күшіне енгізілді.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актіерінде өзгеше
белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей
жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе
денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден
басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ
асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын
талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға
дейін ұзартылуы мүмкін.
Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: та-
раптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың
айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға,
құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шағуға, дыбыс жазбала-
рын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды көруге, 
ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарын материалдарымен танысуға 
міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген 
кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар 
орындарынан тұрады.
Азаматтық істер сотқа арыз түскен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде
қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу
туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін,
әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде
қаралып, шешіледі.

1. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу-азаматтық іс жүргізудің
сатысы

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан
кейін сот азаматтың процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе
даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге
асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе
бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік
бар.
Кез келген азаматтың іс бойынпіа сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі
қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі
дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға
әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда
жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік
жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу
жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірдеудің міндеттері:
істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды
айқындау;
тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды
анықтау;
іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің
басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
3) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта Іс қарауға әзірлеу сатысында тек
сот қана әрекет етеді бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына
сәйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан
оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен
реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы
бар. Мысалы, тараптар Іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс
жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі
қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, косымша және қайталама сараптама
тағайындауға болады.
Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әр-түрлі. Судья заңмен
бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер Іс сот мәжілісінде қарауға
тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға
тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім
шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге
әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді Іске қатысушылармен ұсынбауы
олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа
қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.
Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан
кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-
бабына сәйкес ұйғарым шығарады.
Мына жағдайды ескерген жөн, егер жоғары түрған сот төменгі сот шешімін
бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші
судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет.
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері

Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр турлі іске қатысушылар жүзеге
асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-
і ІЭД-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі
сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді
жүргізеді:
- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады,
одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер
бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс
жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-
жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және
бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды;
айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді
ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің
дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-
ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және
мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;

оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен
орны туралы хабарлайды;

куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
- тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама
тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін
шешеді;
* тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан
дәлелдемелер талап етеді;
кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды
хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді
жүргізеді;
* талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
* талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару
туралы ұйғарым шығарады;
- басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Судья іс
жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау
туралы ұйғарым шығарады.

3. Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері

Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны
уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс карауға істі
әзірлейді. 
Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері
мыналар: 
1) істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау; 
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиіст заңды
анықтау; 
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары
туралы мәселені шешу; 
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
анықтау. 
Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері 
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актіерінде өзгеше
белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей
жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе
денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден
басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ
асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын
талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға
дейін ұзартылуы мүмкін. 
Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым 
Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге
тиісті әрекеттерді көрсетеді. 
Арыздың көшірмелерін және оған қоса тіркелген құжаттарды жауапкерге жіберу 
Судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін және талап қоюшының талаптарын
негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады жвне өзі
белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді және од пікірін
(қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруді ұсынады. 
Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер
бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді. 
Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері 
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен
судья мынадай әрекеттерді жүргізеді: 
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады одан
жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл
қажет болса. қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс
жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән
жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және
бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды;
айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді
ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді түсіндіреді; 
3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші
тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді
ауыстыру туралы мәселені шешеді; 
4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық іс-жүргізу
Сотта істі қараудың ауызшалығы
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Мәнжазба
Сот отырысын ашу
Азаматтық іс жүргізу жайлы
Пәндер