Ақшаның сандық теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

  1. Ақшаның сандық теориясы

1. 1. Ақшаның сандық теориясының қалыптасуы . . . 4

2. Фишердің сандық теориясы

2. 1. Фишердің сандық теориясының негізгі бағыттары . . . 5

2. 2. Фишердің айырбас теңдеуі . . . 6

3. Фишердің сандық теориясына сынау . . . . . ……6

Қорытынды8

Қолданылған әдебиеттер тізімі9

Кіріспе

Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша - несиелік механихмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

Ақшаның сандық теориясы XVIғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құн айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Бонден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Европада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, Ш. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т. б. қолдады. Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құқының арасындағы пропорционалдықты әкеліп соқты.

XXғ. басында ақшаның сандық теорисы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстеидік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.

Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімде тауар айналымының саны орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың саны орта бағамен анықталады делінген. Осы Фишердің сандық теорисы жайлы толығырақ тоқталып өтемін.

1. Ақшаның сандық теория

1. 1. Ақшаның сандық теориясының қалыптасуы

Ақшаның сандық теориясын алғаш қарастырған Джон Локк философы. Ол өзінің «Ақшаның құнын көтеру және пайызды төмендету туралы кейбір ойлар» атты еңбегінде, кез келген тауардың құны жайлы теориясынан бастап, содан кейін оны ерекше тауар - ақшаға аудару арқылы ақшаның ерекше сандық теориясын қалыптастырады. Локктың тауардың құны жайлы теориясында тауардың нарықтық құнына тоқталады. Екі немесе одан да көп тауарлар көлемін алмастыру кезінде олардың нарықтық құны бірдей болады. Локктың теориясында ақшаға немесе тауарға алмастырылатын тауардың көлемі оның сату көлеміне әсерін тигізетіндігі айтылған.

Сату - бұл тауардың алмасуы арқылы бір иегерден екінші бір иегерге көшуін айтады. «Бұл алмасу неғұрлым тез жүрсе, соғұрлым қысқа уақыт мерзімінде кез келген тауарлар саны бір иегерден екінші иегерге ауысып отырады». Сонымен, қазіргі түсініктегі сату - бұл нақты қысқа уақыт мерзіміндегі алмасу көлемі.

Енді жай тауардан ақшаға өтелік. Кейбір тауарлардың (ақшаның емес) сатылуы кейде тез немесе жай жүруі мүмкін: ол адамдардың сол тауардан алатын пайдалылығына байланысты. Сол себепті тауарларды сатуда шектеуліктер болады. Бірақ кез келген адам өзіне ақшаны алып сақтауға қарсылық білдірмейді. Себебі ақша сату кезінде өзінің санына тең болады, және де бұл сату тез жүзеге асырылады.

Сонымен, Локктың теориясын былай қорытындыласа болады: баға деңгейі әрдайым ақшаның санына пропорционалды.

Джон Ло Локкпен салыстырғанда былай тұжырымдаған, ақша массасының өзгерісі саудаға әсерін бағаға қарағанда қаттырақ тигізеді. Джон Ло саудаға әсер етудің механизмін келесідегілерден көрді: ақшаға ұсынысты жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету, инвестициядан түсетін пайданы жоғарылату, ал бұл шығару көлемінің жоғарылауына әкеледі; тұтынушы сұранысының жоғарылауының нәтижесінде бағаның көтерілуі, өндірушінің шығару көлемін қайта жоғарылатуына әкеліп соғады. Бұл схеменың іске асуы үшін ұсыныстың жоғары икемділігі мен ресурстардың мобильді болуын талап етеді. Бұның бәрі қазіргі таңда міндетті емес болып есептелінеді.

Ақша қалдығы теориясы

Маршалл және оның ізбасарлары ақшаға сұраныс теориясын жай сұраныс анлизі бағытына қарай дамытты. Олар ақшаны біріншіден, таза өнімнің көлемімен немесе ұлтық табыспен теңестірді, екіншіден, өз ойларын ақшаның айналыс жылдамдығынан халық ақша формасында сақтағысы келетін жылдық табысқа ауыстырды.

Табыс теориясы

Бұл теорияда Робертсон Фишердің ұсынған ақшаның айналыс жылдамдығы түсінігі орнына ақша қорымен оның ағынының арасындағы мәнге тоқталады. Робертсон ақша айналысының жылдамдығын нақты табыстың бөлігі болып табылатын сатылып алынатын тауарлар мен қызметтер саны түрінде қарастырады.

Ақшаның құндылығын тұтыну жағынан алып қарасақ аұша тауарлар үстінен билік ете алады. Робертсон мынадай қорытындыға келді: ақшаның құндылығын теория түрінде де, тәжірибе жүзінде де анықтау мүмкін емес.

2. Фишердің сандық теориясы

2. 1. Фишердің сандық теориясының негізгі бағыттары

Фишер - сандық теорияны алғашқы қалыптастырған неоклассикалық бағыттың көрнекті экономисті. Өзінің еңбектерінде ол сонымен қатар мыныдай мәселелерді қарастырған: тұтынушылардың мінез - құлқы теориясын, капитал және пайыз және статистика областында өз үлесін қосқан.

XX ғ. басында сандық теориясының екі бағыты көрсетілді. Сандық теорияның бірінші бағыты - механикалық. Бұл бағыттың өкілдері И. Фишер және оның АҚШ -тағы және Европадағы ізбасарлары. Механикалық бағыттың мәні елдегі ақша белгілерінің айналыс массасымен тауар бағасының арасында механикалық байланыстың бар екендігінде. Елдегі бар жалпы ақша массасы мен жалпы тауар бір бірімен қарсы тұрады. Тауар бағасы жалпы ақша массасы мен жалпы тауар массасы қатынастарын білдіреді. Жалпы ақша массасы өскенде, тауар массасы өзгеріссіз қалғанда, әрбір тауарға көп ақша бірлігі келеді. Нәтижесінде ақшалай көрсетілген тауар бағасы өседі. Жалпы ақша массасы жалпы тауар массасы өзгеріссіз болғанда төмендесе, әрбір тауарға аз ақша бірлігі келеді. Тауар бағасының өзгерісіне ақша санымен тауар санының әсері механикалық түрде болады.

Сандық теорияның екінші бағыты - психологиялық. Бұл бағыттың негізгі өкілдеріне австриялық кембридждік мектептің ғалымдары Ф. Визер, Л. Мизее және А. Афталиона. Олар өздерінің анализінде «Пайдалылық шегі» теориясына сүйенді. Бірінші бағытқа қарағанда бұл бағыт психологиялық ақша айналысына әсерін тигізетін факторлар мен процесстерге көп көңіл бөлді.

2. 2. Фишердің айырбас теңдеуі

1911 жылы Ирвинг Фишер «Ақшаның сатып алу күші» атты кітабында XXғ. бірінші жартысында ақша айналысындағы чектік айналымымен өзгерістері бойынша ақша теориясына кейбір өзгерістер енгізе отырып, ақша теориясын дамытты. Фишердің сандық теория постулаты статистикалық анализ жасауға ыңғайлы болып келетін математикалық форма түрінде жасады. Фишер өзінің алдына айырбас теңдігінің формуласын шығару мақсатын қойды. Шаруашылық айналысы тауарды аұшаға алмастыру болып келеді. Алмастырылған ақша мен тауар тең болып келеді. Осы теңдік пен ақшаның сатып алу күшін айырбас теңдеуі беру керек. Ол белгілі бір ақша көлеміне сатып алуға болатын тауардың санымен белгіленеді. Тауардың бағасы қанша төмен болса, сонша көп тауар көлемін белгілі бір ақша көлеміне сатып алуға болады. Соған сәйкес тауарды сатып алу бағасы қанша жоғары болса, сонша аз тауар көлемі алынады. Тауардың сатып алу қабілетіне тауар бағасы мен оның өзін танып білу, және де баға деңгейін тану болып табылады.

Айырбас теңдігі мемлекеттегі белгілі бір уақыт мерзіміндегі ақша айналысын математикалық көрсету болып табылады. Ол жеке алынған келісімдер арқылы құрастырылған айырбас теңдеуінен тұрады.

Бұл теңдеудің ақша жағында екі көрсеткіш топтары орналасқан:

  • Ақша көлемі;
  • Айналым жылдамдығы.

Теңдеудің тауар жағындада екі көрсеткіш топтары орналасқан:

  • Алмасатын тауарлар саны;
  • Сол тауарлардың бағасы немесе баға деңгейі.

Айырбас теңдеуі тауар санын бағаға көбейткенде, ақша көлемімен айналым жылдамдығына көбейткенге тең. Бұл төрт көрсеткіш бір бірімен байланысты, және әрқайсысы қалған үшеуімен анықталады. Бұдан мынадай тұжырымдама шығады: ақшаның сатып алу қабылетын көрсететін тауар бағасының өзгерісі: ақша санына тура пропорцоналды; айналым жылдамдығына тура пропорционалды және айырбасқа қатысатын тауарлар санына кері пропорционалды.

Сонымен, Фишердің сандық теория нұсқасы екі тауар алмасу келісімдерінің соммасына сүйенеді. Олар төлем құралдарының массасымен айналым жылдамдығына көбейтіндісі мен баға деңгейі мен тауар санының көбейтіндісі. Бұл көрсеткіштер арқылы айырбас теңдеуінің көрсетілуі:

MV=S PіQі

Мұндағы, M - белгілі бір уақыт ішіндегі айналымдағы қолда бар ақша соммасы (мысалы, жыл ішіндегі) ;

  1. айналым жылдамдығы;

Pі - көрсетілген уақыт аралығындағы і типті тауардың жеке бағасы;

і = 1, …., N, мұндағы N- тауар типтерінің саны;

Qі - і типті тауарлар көлемі.

Формула негізінде тауар алмасу келісімі жатыр (transaction) . Фишердің сандық теория нұсқасы қазіргі таңда трансакциялық нұсқа деген атқа ие болды.

Кейінірек Фишер теңдеуінің сол бөлігіне M`V` мүше енгізу арқылы теңдеуді күрделендірілді.

Мұндағы, M`- чектік шоттардағы ақша құралдарының соммасы,

V`- осы құралдардың айналым жылдамдығы.

Нәтижесінде формула мынадай түрге ие болды:

MV + M`V`=PT,

Мұндағы, P- орташа баға деңгейі, T- Qі (T=(pic) ) соммасы.

Фишердің ойынша, ұзақ мерзім ішіндегі ақша санының өзгерісінің бағаға пропорционалды әсер етеді. Қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық конъюктураның циклдық өзгерісінің ақшаға әсер етуі. Фишер теңдеуге анализ жасау барысында T және V факторларын қысқа уақыт мерзімінде тұрақты деп алып қарастырды. Ол ұзақ мерзім уақыт ішінде өндіріс көлемі техника-экономикалық шартпен анықталатындығын (еңбек бөлінісі, технология, капиталдың жиналуы, әртүрлі табиғи ресурстардың орналасу жері), өндірушімен тұтынушының ерекше байланысын білдіретін инфраструктураны, қажеттілік мінез құлқының өзгерісін дәлелдеді. Фишердің ойынша, бұл факторлар он жыл ішінде жай өзгеріске түседі.

3. Фишердің сандық теориясына сынау

Американдық буржуазиялық экономист, статистик және математик И. Фишер (1867-1947ж. ж. ) «Ақшаның сатып алу күші» кітабында еңбек бағасын теріске шығару арқылы ақшаның сандық теориясын математикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысады.

Фишер «Ақшаның сатып алу күші» байланысты 6 факторды бөліп көрсетеді:

M- қолда бар ақша санының айналымы;

V- ақша айналымының жылдамдығы;

P- баға деңгейі;

O- тауар саны;

M1- банктық депозиттер соммасы;

V1- чектік - депозиттік айналымның жылдамдығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық теорияға негізделген фишердің теориясы
И. Фишердің сандық теориясы
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша жүйесі туралы
Қағаз ақша
Ақшаның металдық теориясы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz