Сөздің көп мағыналығы


Сөздің көп мағыналығы
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқаңда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - сөздң көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің-көп мағыналығы - негізінде сөздік қордағы сөздерге тән касиет. Heгe десеңіз, бұлар - ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі: Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туыңды мағыналарға ие болған. (Мәселен, қанат алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердін ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдін керегелерін (алты қанат ақ орда), арбаларының үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды) Кеңес өкіметі тұсында ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т. б. ) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды өзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінең түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін затың құбылысын барлыкқ қасиетімен толық бірден қамтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін үғымын барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп мағыналы сөздердің кездеспеуі мүмкін. Адам өмір шындығын уақыт озған сайын біртіндеп тани берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгілерді біліп болғаннан кейін барып, ұғым дерексізденеді. Оларды білмей, меңгермей тұрып, белгілі сөздер ауыспалы мағынада қолданылмайды. Адам бір затты алғаш көргенде, ең алдымен, оның сыртқы қасиегтерімен танысады. Сол қасиеттер кісінің сезім мүшелеріне әсер етіп өзінің ізін қалдырады. Адамның санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсасып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың не сапасында я болмаса атқаратын қызметінде жадны ұқсастық пайда болады Сол ұқсастыктың негізінде адамдар ұқсас келген екі я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған.
Мәселен, судың асты мағынасындағы түп сезінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың тубі) .
2 . Өсімдіктің жер астыңдағы бөлігі ( томардың түбін қопардық ) . 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық) . 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр) . 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (Мен cол керей ішінде сіңген аз атаның баласы еді, түбім қызай ) (М. Әуезов) . 6. Бір нәрсенің жаны, қасы ( Мәскеу түбінде фашистер талқан болды) .
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шыңдыққа байланысты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды қосымша мағыналары тілдік фактілердің негізіңде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады. Өмірдегі таныған әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашқыда бір сөз бір ғана ұғымды я құбылысты біддіру үшін жұмсалған болса кейіннен ол әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Бұған, біріншіден, адам баласының өмір заңдылығын терең тануы, білуі, сезінуі әсер еткен болса, екіншіден, оның мағына жағынан қорланып дамуына, оның алғашқы тура мағынасы негіз болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардың көру мүшесін көз деп атаймыз. Сонымен қатар иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, күннің көзі, бұлақтың көзі деп те қолданамыз. Түптеп келгенде, осылардың семантикалық жағынан байып көбеюіне себеп болған сөздін ең алғашқы атауыш (еркін) мағынасы екендігі даусыз.
Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса; соғұрлым олардың (көп мағыналы сөздердің) тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөздер сөздік құрамдағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етіп отырады.
Омонимдер
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық кұрылымы жағынан бұлар нақ бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердін бір-бірінен өзгешелігі тұлғасыңда емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатыстады. Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тура мағынадан) шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан бірден танып білуге болады. Мәселен, майда тac, майда шөп дегендерден ұсакқ уақ дегенді ұкқсақ майда ұн, майда сөз дегендерден жұмсақ биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. Бұл мағыналар бір ғана сеөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айқын білініп тұр. Бір сөздің әлденеше мағынасы тіліміздегі ауыспаты мағына тудырудың белгілі бір тәсілі (метафора) арқылы жасағандығын бұлжытпай танимыз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобып білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Қайта бір-біріне соншалықты алшақ кереғар екендігі аңғарылады. Мысаты: Ара 1. Ағаш кесетін жүка темірден жасалган құрал. Ара II. Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік. Ара III. Екі орта, аралық (екі ауылдың ортасы) . Ана I. Туған шеше. Ана II. Сілтеу есімдігі (она жақ, ана жылы, ана бала) . Айт I. Діни мейрам. Айт II. Сөзбен ой-пікірін білдіру, сөйлеу, деу. Айт III. Итті айтақтап қосу үшін айтылған одағай.
Соңда омоним дегенміз түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-баска сөздер болып шығады. Қөп мағыналы сөздер омонимнің барлық түрімен тығыз байланысты. Тілдің даму барысында сөздің мағынасында түрлі-түрлі өзгерістер болып жатады. Сөз семантикалық жақтан үздіксіз дами келе, мағыналық шеңберін соншама кеңейтіп әр мағына бір-бірінен өзара алшақтай бастайды. Бара-бара ондай мағыналардын бір негізден шыққандығы мүлдем ұмтылып, тұлғасы бірдей, бірақ мағынасы үйлеспейтін омоним сөздер сияқты дербес өмір сүре береді. Міне, осындай шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір-бірінен ажыратып белуге келгенде қиындық тудырады.
Мәселен, малдың көктемде қырқылатын (не түсетін) жүнін қазақ жабагы дейді. Сонымен қатар алты айдан асып, қысқа іліккен кұлынды да жабағы деп атаған. Осылардың шығу тегін іздесек сөз жоқ, белгілі бір ұқсастықты табуға болады. Алай-да, мұндай байланыс қазіргі кезде әбден қашықтап жоғалған, ұмытпаған. Бұлардың бір негізден тарағаңдығы жай көзге қазір байқалмайды да. Сондықтан мұндай сөздерді көп мағыналы сөздер тобынан шығарып, омонимдер тобына қосу тілде тәжірибеге айналған) . Тіл біліміңде полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден-бір жолы мағыналық байланыстың сақтатуы мен сақталмауын негізгі тірек ету болып саналады. Егер мағынатардың арасында семантикалық байланыс тақа тіземей, қалайда сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретіңде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады. Ал егер мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс бір жола үзіліп, әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыраған болса, ондай сездер омонимдес сөздер деп қаралады. Әдетте, бір адамның омоним деп таныған жеке бір сөзі екінші біреуге омоним болып көрінбейді де, іс жүзіне келгеңде әр түрлі талас пікірлер туып жатады. Сөздің мағынасына қарап, бірде омоним немесе бірде көп мағынаты сөз деп танудың өзі кейбір күрделі сөздің бірде бөлек, бірде бірге жазылғаны сияқты шартты түрдегі ұғым. Қазақ тілінің түрлі сөздіктерінде, сонымен қатар кейбір зерттеу еңбектерде ай деген сөз бірде омоним, бірде көп мағыналы сөз ретінде қаралып, екі түрлі түсіндіріліп келеді. Демек, бұл сөздің мағыналары әлі күнге тиянақталмағандығын байқатады.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасатуынын әлденеше амал-тәсіддері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикадық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл бір-бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан; омонимнің мұндай түрлерін лексикатық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз; Мысалы: Жал I . Жан-жануардың желкесіне шыққан қыл. Жал II . Ұзыннан ұзақ созылып жатқан белес, қырқа. I. Көгерген түс. Көк II. Аспан, әуе. КөкШ. Көгеріп шыққан есімдік. Жылы I . Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қан жылым. Жылы II. Жыны қалыпқа келу, жыну. Ық I. Жауын-шашьшның өтінен қаға беріс жер, ықтасын. Жаңа туған жас балаға арналған төсек-жабдық. Құндақ ІІ. Мылтықтың ұңғысын орнататын іші қуысталған арнаулы ағаш. Көз көрмей көздегенмен не ғып тисін? Болғанмен қыран мылтық, тузу құндақ («Айтыс») . Сөздің осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі сөз тудырудын бір тәсіліне жатады.
2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап : дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер, Тілдегі сөздер мен оның грамматикалық құрылысының ертедегі қалпы мен қазіргі күйі нақ бірдей болған деуге келмейді. Дәл бүгінге дейін олар не қилы даму процестерін бастан кешірген. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең әуелгі дыбыстық тұлғасын жаңартып, басқадай сөздермен дыбысталуы жағынан үйлесіп келген де, омонимге айналған.
Тілдің даму барысыңда осындай өзгерістерге ұшыраған әрбір омоним сыңарларын айқындай отырып, солардың өзгеруіндегі заңдылықтардың сырып ашу қажет.
Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталу қалпы егер болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысынын сусып түсіп қалу салдарынан, егер сөзі ер формасында ауысқан. Осылайша сөздік құрамда өмір сүріп келе жаткан еркек, батыл, күйеу ұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып, омоним жасалғандығы белгілі. Сол сияқты, «бала табу» деген мағынадағы ту етістігінін көне тұлғасы тог, дог болған, матадан істелген «байрақ жалау» мағынасыңдағы ту зат есімінің көне тұлғасы туқ, туг екендігі, ал тумаған, төлдемеген, балаламаған деген ұғымдағы ту сын есімнін көне тұлғасы тун, тул - болғандығын зерттеушілер сөз етіп жүр. Соңда бір замандағы дыбысталуы үш түрлі сөз өзгере, дами келе кейінгі уақытта біркелкі дыбысталып омонимге айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен қабат туу деген одағайда ту болып қысқарған. Ту баста, ту сонадан дегеңдегі ту сөзі де омонимдік қатарға қосылып тұр;
Қазақ тіліңдегі ас, қыс, бас, қус деген зат есім мағынасыңдағы сөздер өзге туыстас түрік тіддерінің көпшілігінде аш, қыш, баш, қуш болып айтылады. Тарихи тұрғыдан Қарағанда, түрік тілдеріндегі тіл алды ш дыбысына аяқталған сөздердің варианты бұрын шыққан да, тіс дауыссызы с дыбысына аякқталған сөздердің варианты конвергенция кұбылысының нәтижесінде кейін пайда болған. Қазақ тіліңде ш дыбысының с дыбысына айналуы бірқыдыру жаңа омонимдік қатардың тууына негіз болғандығын көреміз. Мәселен, жоғарыдағы ас, қыс, бас, қус деген заттық ұғымдағы сөздер өздеріне ұқсас, дыбысталуы бірдей етістік сөздермен әрдайым омоним болып жұмсалады. Қазақ тілінде екі адам бір есімге ортақ болып келсе, екеуі адас болады. Адас деген сөз аттас деген сөздің конвергенциялык озгеріске үшырауынан пайда болғандығы сөзсіз. Бұл сөз « жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас » (мақал) дегеңдегі адас деген етістікпен омонимдік топ құрып тұр. Демек, фонетикалық өзгерістің негізінде жасатған омонимдер тілімі де аз емес екеңдігі аңғарылады.
3. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Түбір сөзге әр түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Туыңды омонимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай. Бұлар мына сияқты өнімді жұрнақтар арқылы келіп шықкан: а) Омонимдер-л/а, -же, -ла, -пе, -ба, -бе жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: Айналма I. Кешенің бұрылатын жері, бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыға келді. Көңілі тасығандай алып - ұшып (И. Байзаков) . Айналма II . Мал ауруы, делбе. Айналмамен ауырған малдың басын итке тастамай, жатып жіберу керек (Ә. Әбішев) . Баспа I Газет, журнал, кітап басып шығаратын орын, мекеме. Республикада баспасөз бен баспа ісін жақсартуға бағытталған едәуір жұмыс істейді («Соц. Қаз. ») . Баспа П. Тамақ ауруы. Тамағы баспа болып ауырған адам суық тамақ ішпеу керек (ауызекі тіл) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz