Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілері



1 Азаматтық құқықтық субъектілері.
2 Азаматтық әрекет қабілеттілігі
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
- заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
- заңды тұлға құра алады;
- заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
- тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
- әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады.Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі – азаматтың өз әркеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда,яғни 18 жастан пайда болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқықтық субъектілері.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің
азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен
іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы
тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық
міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және
адам өлгенде барып тоқтатылады.

Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:

- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;

- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;

- заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;

- заңды тұлға құра алады;

- заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса
алады;

- тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;

- әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да
заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;

- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса,
өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады.Тұрақты
немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі – азаматтың өз әркеттерімен азаматтық
құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық
міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда,яғни
18 жастан пайда болады.

Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:

- он төрт жасқа толмағандар;

- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары,
бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды.Өздігінен бұл
жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған
кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы.Он төрт жастан он
сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған
адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды.Өздігінен олар табысын
немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық
құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді
жасауға хақылы.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін
түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық
белгіленеді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін.Оған да
қамқоршы белгіленеді.Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше
жасауға құқылы.

Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап,азаматтар
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің
субъектілері болып табылады.Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік.Өзіндік
кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік
негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол
беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ
меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті
бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға
байланысты жүзеге асырады.

Түрлері:

- ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын
ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

- шаруа\фермерлік\ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген
тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық
кәсіпкерлік;

- кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік.

Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды
мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері
бойынша аумақтық салық органында есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай
қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті
болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің
теңдігі, меншікке қол сұғылмайтындығы, азаматтық-құқықтық шарттың
еркіндігі, несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,
азаматтық құқықтардың қорғалуы Азаматтық құқық қағидалары болып есептеледі.
Сондықтан азаматтық құқықтағы болып жатырған өзгерістер азаматтық
қатынастағы кепіл қатынастарын реттеу, кепіл заңдары нормаларын жетілдіруге
ерекше көңіл бөлуде.

Егеменді еліміздің өткен тарыхында қазақ қоғамында кепілге зат, дүние –
мүлік, ақша т.б. беру болды ма, әлде бұл ұғым тек қазіргі нарықтық
экономиканың даму ыңғайына қарай қалыптасып, қажет болып отырма деген ой
туады.

Қазақ қоғамындағы кепіл қатынастарының болғандығын зерттеуші
ғалымдардың еңбектерінен көреміз,яғни кепілге салынған зат ұрланған
жағдайда кепіл алушы өзінің адалдығына ант бермесе, онда аманатты өтеуге
тиіс болады. Ал егер кепілге берілген зат ұқыпсыздықтың салдарынан жанып
кетсе, оны төлетеді. Кепілге берілген мал ауырып, өлсе ол туралы кепіл
берушіге уақытында хабарланса, онда малдың құны өтелмейді. Қазақ әдет-
заңдарындағы қолданылған кепіл түрлері мен оны орындау міндеткерлігі XIX
ғасырда азаматтық құқық теориясына сәйкес жетілдіріліп отырды және кепілдің
екі түрі болғандығы, яғни жылжитын және жылжымайтын мүлік түрлері деп
бөлінгенмен олардың арасында айқын бөлінген айырмашылықтың болмауы, қазақ
қоғамында кепіл институтының азаматтық қатынаста кең көлемде
дамымағандығын, дегенмен азаматтық қатынасты реттеуде қолданғандығын
көреміз.

Кепіл институты Кеңес дәуірінде де азаматтық құқықта біршама
қолданылған. 1922 жылғы РСФСР-дің Азаматтық Кодексінде кепіл институты
біршама реттеліп, заттық құқық ретінде қаралды. Ал Қазақ ССР-інің 1964
жылғы Азаматтық Кодексінде кепіл міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тарауына енгізілді. Ол туралы Қазақ ССР-інің Азаматтық Кодексінде залог
бойынша кредитор (залог ұстаушы) залогпен қамтамасыз етілген міндеттемені
борышқор орындамаған ретте аласысын залогтағы мүліктің құнынан басқа
кредитордан артықшылығын пайдалана отырып өндіріп алуға праволы, - деп
көрсетеді [5, 86 б]. Азаматтық Кодексте азаматтардың арасындағы азаматтық
қатынастарды реттеуде кепіл салу тұрғын үйді сатып алу-сату шартын
қамтамасыз ету үшін ғана рұқсат етілген. Осы Кодекстің 188 бабында кепіл
талаптың өндірілетін кездегі мөлшерін, проценттерін, орындауды мерзімінен
кешіктіргендіктен келтірілген шығынның есесін, тұрақсыздық төлемін
(айыппұл, өсімді), сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді
қамтамасыз етілуі туралы айтылған. Жалпы Кеңес дәуірінде кепілге салынатын
заттың түрі шектеліп, кепілзаттың негізгі түрі ломбардқа тапсырылды.

Тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша ломбардқа қабылдаған
қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарды мемлекеттік нарық бойынша
мүлік құнының толық сомасы мөлшерінде сақтандыруға міндетті болғанымен,
салынған мүлікті кепіл ұстаушыға пайдалануға құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері туралы
Азаматтык құқық катынастарға жалпы сипаттама
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
Аграрлық құқықтық қатынастар
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
Пәндер