Демократияның антикалық теориясы

1 Демократиялық мемлекет
2 Саяси сана және саяси идеология
3 Теориялық саяси сана
4 Саяси психология
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.
Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын
бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесіңде қаралатын істерді дайындады.
Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты кұрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір 9 толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер өнделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері бір тұтас еді. Сондықтан өз құқғын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін.
Антиқалы демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.
Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490—) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады.
Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономиқалық тендік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бұлініп, көпшілік тарапынан азшылықка бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының борі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.
Б.з.б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сакталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.
Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік белінді. Басы бос, бірақ саяси тең кұқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.
Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлық пен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын кепірме, лепірме, даурықпаларға (демагогтарға) қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап. ұстамды, ұтымды, баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдын билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды тендестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол демократияга жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антиқалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйейп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік —патшалық билікті, сенат-аристократияны, өкілдер палатасы —халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың тендігі, саяси құқықтардың тендігі және т.б. сияқты антиқалық дәуірлге бастау алып қалыптаскан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне айналды.

Жаңа дәуірдегі демократияның классиқалық теориясы да антиқалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім'' деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классиқалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп тусіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классиқалық теориясының негізін қалаушылар да адамның ұтымды, баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айлашарғыларына, қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селкос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударган австрия социолоғы Иозеф Шумпетер (1883—) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл —Шумпетердін ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар кұрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сакталуын көздеді, жеке адамды коғам мен мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтык қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азаматтардың саяси тендігін жария етті, азшылықтын құқын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқытарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітті.
Либералдық принципте халықтың, көпшіліктін орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономиқалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады.

Саяси сана және саяси идеология

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі —мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономиқалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
саяси психологияның әр түрлі көріністері аркылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия туралы ұғым, оның белгілері
Демократия туралы
Демократия туралы жалпы түсінік және оның белгілері
Демократия және билік
Саяси билік туралы
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Демократия туралы түсінік
Демографияның және оның негізгі белгілері
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Пәндер