Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Кіріспе
1 Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
2. Мұсылман құқығының қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.
Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.

1 Ибн – Хосров. Сафар – Намэ // Хрестоматия по история средних веков / Под. ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказкина. – М., 1963 - С. - 238 – 239.
2 Ибн – Исхак. Житие посланника божьего // Хрестоматия, 1949 Т. – І. – С. 247 – 250.
3 Құран. – Медина, 1991.
4 Ал – Белазури. Книга завоеваний // М.А. Медиников. Палестина от завоевания ее Арабами . . . – СПб., 1897. – С. – 115 – 120.
5 Смасет – Намэ. Книга о правлеыи Везира ХІ столетия Низам аль- Мулька. – М. – Л., 1949. – С . 375 – 380.
6.Арабские источники ХІІ – ХІІІ вв. – Л., 1985. – С. 286 – 288.

Жоспар
Кіріспе
1 Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
2. Мұсылман құқығының қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш
бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан
мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың
өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы,
Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың
тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ
бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак,
Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы
Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы
ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб
халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін
экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің
бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер,
гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар
т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше
ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары
дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды.
Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым -
салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және
мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі
қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім
өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері
үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат
тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л.
Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі
елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр
түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды
байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ.
Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан
аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі
айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-
қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз
байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда
Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың,
аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі
айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс
жүзінде асып та жатыр.
Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі
интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи
процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн
тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара
ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы
әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып
отыр.
Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен
халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал
ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб
халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі
дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты.
Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих
үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе
отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі –
араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.
Сондықтан да арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан
бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы
және Орта Азияняң өркениетті халықтары мекен етті.
Түркі халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес,
сол мәдениетті белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды.
Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек
көзі “Құран кәрім” және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық.
Орталық Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең
алдымен, Қожа Ахмет Иассауи және т.б. ғұламалардың еңбектері басты дерек
болып табылады. Аталған түркі ойшылдарының еңбектері түрік-ислам синтезінің
тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің
тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың
дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады.
Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен
қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб
ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз
отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға
болады. Ү-ҮІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы,
тұрмыс салты, мәдениеті мен діни нанымдары жөніндегі мәліметтерді біз
исламдыққа дейінгі, яғни, ежелгі замандағы араб өлең жолдарынан
аламыз. Яғни, ертедегі араб поэзиясы Ү-ҮІ ғғ. арабтар туралы деректер
көзі жайында Крачковский И.Ю. былай дейді: “Ол өлең – жырлардың
құндылығы – сол кездегі араб тайпаларының өмірін, оның қоршаған ортамен
қатынасын фотография дәлдігімен бейнелеуінде”[7]. Сондықтан да
мамандар бұл жырларды ислам дініне дейінгі араб халқын, оның тұрмыс
салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.
Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
1. Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді
мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін
жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін
егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі
аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше
қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің
тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке
сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген
[35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден
қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб
бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Ол храмды
Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл
салғызған деген аңыз сақталған, тек Палестинаға келгеннен кейін,
пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қожасынан бала болмайды деп
ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп
жанына қосып берген күні Ажарды құдай қосқан қосағы Ибрахимге
тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибрахимге Исмайлдай ұл тауып
береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті
күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исках есімді ұл туады. Сара
Ибрахимді Ажарды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның
талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті иллара етке
Арабияның бір түкпіріне апарып салуға Ибрахимді мәжбүр етті ... Жалғыз
қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады ... Баланың
тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды...
Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған
арабтар Қағба аталған “Құдай үйін” салды.
Қағбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол
басында әппақ болған – мыс. Кейін пұтқа табынушылар көп сипалай
берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны
Қағбадағы қара тасты құлата алмаған.
Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол
храмды Меккеліктер “Алланың үйі” деп, ал өздерін “Алланың көршісіміз”
деп атаған. Голландық ориенталист К.Х. Снус Хюргроанья: Аллах
өзінің көршілеріне Зәмзәм суы мен тастардан, құм мен тастардан, құм
мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де силаған жоқ деп жазыпты. Мекке
сауда- саттық, алым-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол
жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік
Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы
өңірді басып өтеді. Алайда Меккенің атының шығуы оған байланысты
емес. Онда арабтың көптепген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары
мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп
айырықша дәріптелді. Арабияның түкпір – түкпірінен сабылып келіп,
әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілметін. Солармен
алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды.
Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері
шығатын. Оның біріншісі (қыста) – Иеменге, ал екіншісі – Солтүстікке
қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке бағытталған.
Ол сауда керуендерін Меккеден құдіретті тайпа-курейштер
ұйымдастырылатын. Ол керуенге кез келген Меккелік кіре алатын.
Керуендер алып шығатын тауарлар құны әр кезде, әр түрлі болды.
Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын тиын болатын. Курейштердің омейя
руы ғана 5-6 мың ақшалық тауар жөнелтетін керуенді де сол ең
қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.
Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мен қорғаушы күзет
жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді
көшпелі бедуиндерден жалдайтын. Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар
мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен
басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей
байланыс жасап отыратын Хиджаздықтар мен Недждіктер Қағбаға қажылыққа
келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып,
қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі “Храм” деп,
яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстыларға жол берілмейтін “қасиетті
мекен” деп жарияланды. Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі
болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын
болатын. Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын
сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын,
күміс монеталары) пайдаланылды.
Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша
–“риба”). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын
және орташа байқуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып
отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де айналысты.
Айталық, Вакыди: “Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз
берген”, - дейді.
Бір диркен - бір диркемге, бір динар - бір динарға қарызға
берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп
қайтаруы тиіс болған (100 % өсіммен).
Меккелік сауда керуенінің тұрақты бір мүшесі Тайф қаласының
тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды.
Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы
соншалықты, ол қалаларды “Маккатани” – яғни “екі Мекке” деп атаған.
Тайф пен оның маңындағы ауыл тұрғындары бау бақшасы, жоқ
меккеліктерді жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған.
Тайфтың маңында меккеліктердің жазғы ыстықтарда паналайтын дачалары
болатын.
Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы
рудың өкілдері бай өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен
басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып
отырды. Олар Қаабаның төңірегінде, ал-Батха деп аталған тегіс
жерлерде, алаңдарда тұрды.
Курейш басшыларының тек ақшасы мен тауары ғана болып қойған жоқ,
сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп
болды. Олар асыл тұқымды жылқылардың иесі болды.
Меккеде, оған жақын жерлерде курейштен басқа хавазин, гатафан
тайпалары қоныстанды. Ал тайфте скиф тайпасы тұрғанын жоғарыда айтып
өттік. Меккеде сондай-ақ “одақтастар” деп аталған “ахлафтар” да тұрды.
Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса керек.
Меккенің шет жағында “завахир” деп аталған кедейлер тұрды. Меккеде
христиан, иудей, зароастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар
да сауда- саттықпен айналысатын. Курейш тайпасының құрылымы онша
күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен өсімқорлар тобы “мала” деп
аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол “АХАБИШ” деп аталға. Жиналыс
үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде болды.
Аңыздарда “Жиналыс үйінің” (дар анназва) негізінен Кусайя Ибн-Килаба
қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш)
сеніп тапсырған билік, яғни Хиджаба, Сикая, рифада надва және Лива
болды. Хиджаз дегені – Қағбаның кілтін ұстаушыс, Сикая – Қағбаға
табынуға келген қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада –
ішерге тамағы жоқ табынуға келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы. Ол
қорды курейштер мен т.б. тайпалар жинайтын. ЛИВА дегені ақ матадан
жасалған ту. Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс кезінде ол ту әскер
қолбасшысы – райсқа табыс етілетін. Кусайя курейш тайпасының омейя
руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни полиция, бай курейштердің
африкандық құлдарынан құрылатын. Олар курейштер қазынасы сақталатын
қағба, бай курейштердің үйлерін күзететін [40]. Айтылып отырған кезде
Батыс Аравиядан бір құдайға табынушылық дегеннің еш құпиясы жоқ
болатын. Христиан, иудей діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп
жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін
қабылдап та жатты. Бірақ араб политейашінің маңызды орталығы болып
отырған. Меккеде ланифизмнің (бір құдай) тарауына жақын
ұйымдастырылып, қалыптасып қалған қағба дәстүрі (культ) кедергі
жасады. Ондағы идеолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы
курештердің экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға
сенетін бедуин тайпалары Қағбаға көп мал алып келіп, курештерге
пайда келтіретін. Сондықтан да курейш ақсүйектері көп құдайға,
пұтқа табынушылықты барлық күшін сала қорғап бақты.
Барлық Аравиядағы политиамның ақыры жақындап келе жатты.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен
кедейлер бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі
бір денеге, бір құдайға сену арқылы бір орталыққа бағынған
мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.
Араб монетейзмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске
кірісті. Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті халықтардың
жекелеген көп құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз
рахманды және бір дінді ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде
қызу жүрді. Себебі, Меккедегі Кағба политизмінің базисі еді.
Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бастады.
Оның негізін Мұхаммед Ғалайһи С-Салам пайғамбар (570-632жж.) қалады.
Мұхаммед Пағамбардың ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар
болған, ал қағбаның негізін Ибраһимнің (Абраһале) Ажар деген
египеттік күңінен туған баласы Исмайл қалаған дедік. Исмайлдан мирас
болып қалған Жарһумды қағбадан Бану Хұзов тайпасы қуып шығыпты.
Кейінірек Исмайлдың Құрайш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып,
қағбаға қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайш – Мекке
қаласының негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды.
Құрайштың жетінші ұрпағы қосай Меккеден қалған азды-көпті
Хұзаолар қуып шықты. Сөйтіп, 440-450 жылдары аралығында құрайштар
Меккені басы-байлы иемденді. Ал Қосай – Мұхаммедтің төртінші атасы
болатын. Ол 480 жылы қайтыс болған. Оның мұрагері Хашім – Мұхаммедтің
үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болды. Хашім
қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің үшінші
атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болған. Хашім қайтыс
болғанда оның артында артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің екінші
атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп, ержеткен
соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбан
Мүтәлібтің құлы екен деп Әбд –ал- Мүтәліб деп атап кеткен (Абд –
олла- құдайдың құлы). Осы Шейба - Әді Әл - Мүтәлібтен Мұхаммед Ғалейһи
– ас - салам пайғамбардың әкесі Абдолла туған.
Шейбанның көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қағбада бүкіл
халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла
10 ұл берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл
тілегі алланың құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді.
Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа
шалу үшін жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың
(“Құдай құлы”) үлесіне түсті. ...
Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды (Әбді әл-
Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қағбаның ішінде Абдолла мен 10
түйе алып келді. Жеребені он рет сү рағанда 10 рет Абдоллаға
шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын он түйеден айдап
әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам
қанының өтеуіне осы жарайтынын білдірді.
Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақа суырды, 2
ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз
қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды).
Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға үйлендірді. (Әмина-
“Кіршіксіз адам” дегенді білдіред). 569-570 жылдары Сананың
билеушісі Абдраханың қолбасшысымен иемендіктердің Меккеге жорығы
басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . ... Бірақ олар
сәтсіздіктерге ұшырады (торғайлар тас лақтырыды ; әскер шешек
дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандарды кері қашты. Сол
жылы иемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран
көмектесті.
Болашақ пайғамбар, құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан
Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда (биыл 17-18
шілде) дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді.
Әкеден қалған мұра : бес түйе, бірнеше қой және ассирийлік күн
Барақат. ..., ... көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды.
Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан
жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сал, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп
еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса
жаңа күйеу тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті
алғысы келмеді.
Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір
үйлерден бала алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайтпау
үшін күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық
нәресте көшпенділер қолына түсті. Сонда 4 жыл тәрбиеленді. ...
Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап, үйден алыстау
жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жанына ақ киім киген екі
адам келді.
Олар Мұхаммедтің шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін ашып,
жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып
тастап, баланың жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жауып
тазартып, жүрегін орнына Салғанда, бұрылып кете беріпті.
Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа
толғанда шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға
алып барады. Қайта келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс
болып , Абва елді мекенінің жанында жерленеді.
Мұхаммедті атасы Әбді әл-Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол
Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында
өткізді. Сүйікті немересі атасының жанында болады, кейде түнеп те
қалатын. Әбді әл-Мүтәлібтің басқа немерелері маңайлайда алмайтын
кереует Мұхаммедтің жатса-жастығы, қисайса-төсегі болды.
Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз
алдында өтіп жатты.
Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бойында
дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед
көрген-білгенін бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып
көп ойланатын.
Мұхаммед сегізге толғанда “сенің табаныңа қадалған шөгір
(мыңға) (тікен) менің маңдайыма қадалсын” деп отыратын абзал атасы
Әбді әл-Мүтәліб қайтыс болды. Ол өлерінің алдында үлкен ұлы Әбу
Тәліпті шақырып алып, Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды.
Жиырма бес жасында Хубайли қызы Хадишаға үйленіп, тұрмыс
құрған біраз жылдан соң, Мұхаммед ойламаған жерден таңғажайып бір
дертке шалдықты. Дерттің сырт сұлбасы-талмаға ұқсас еді. Ғажайып
түстер мен оқта-текте ұстайтын талма дерті Мұхаммед бойына жабысқан
кесел емес, тылсым дүниемен байланысатын саңылау деп қабылдады. Ол
жас кезінде-ақ Хадишаға үйленбей тұрып, Құдайдың жалғыздығы туралы
ойға бой алдырған еді. Құдіреті күшті жаббардың жалғыздығы туралы
ой сол кезде етек алған христиан, иуда діндерінде бар болатын.
Мұхаммедтің ұлылығы сонда-ол Құдайдың жалғыздығын дәлелдеймін деп
бас қатырмай оны әрі қарай тереңдетіп дамытты.
Хира тауында періште арқылы Мұхаммедтің аузына салынған бес
жол сөз - Құдай болмысы туралы, Құдайдың адамға деген ықылас,
пейілі туралы терең мазмұнды әңгімелерге арқау болуға молынан
жарады. Рамазан айы арабтар өзара тұтатын қасиетті айы еді. Оның
үстіне осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz