Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен құзыреттіліктерін арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен құзыреттіліктерін арттыру

Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі, еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айта отырып, оны тиімді жолдармен, яғни әртүрлі көрнекілік түрлері арқылы олардың саналарына жеткізу керек.

Көрнекiлiк - әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге қиын, көп күш жұмсауды керек ететiн мәселелердi жеңiл, тез, оңай меңгерту, түсiндiру, таныту үшiн көрнекiлiктi қолданады.

Әдебиет пәнi сабағында мынадай көрнекiлiктер пайдалануға болады: 1) сөздiк көрнекiлiк; 2) заттық көрнекiлiк; 3) сызбалық көрнекiлiк; 4) суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк.

Сөздiк көрнекiлiк. Басқа пәндерден гөрi әдебиет сабағында жиi қолданылатын көрнекiлiк. Сөз арқылы жазушы кейiпкер бейнесiн, оның қарым-қатынастық көрiнiстерiн, табиғат суретiн әсем кестелеп, көркемдеп, оқырманына жеткiзе бiледi. Олай болса, жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тiл ерекшелiгiн, шығарма көркемдiгiн, кестелi суреттердi, кейiпкерлердiң өзiндiк, даралық ерекшелiктерiн, сол туындының өзiне, одан алынған дәйектi мысалдарға сүйену, жүгiну, үзiндi келтiру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендiруге болады. Сөздiк көрнекiлiктiң жүйесiн дұрыс қолданғанда ғана оның тиiмдiлiгiн арттыра аламыз. Сөздiк көрнекiлiктi шартты түрде бастамалы, сипаттамалы, дәлелдемелi, жинақтамалы деп төртке бөлiп қарастыру керек.

Осы аталған сөздік көрнекіліктердің түрлерін жүйелі түрде әдебиет пәнi сабағында қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуға, ой-қиялын жетiлдiруге, әрбiр сөзге мән бере қарауға, сөздi, сөйлемдi орнымен қолдануға, сөз мәнiн дұрыс түсiнуге, айшықты, көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дәлелдермен жеткiзе бiлуге үйрететiн боламыз.

Сөздiк көрнекiлiкке қойылатын талаптар:

1. Мұғалiм қолданған әрбiр мысал, үзiндi, шығарма мәнiне толық сай, сәйкес келуi керек.

2. Алынған, келтiрiлген әрбiр сөздiң мәнi, ұғымы оқушыға түсiнiктi болуы тиiс.

3. Мұғалiм келтiретiн мысалдарын баяндаумен үйлесiмдi қолдана бiлуi керек.

4. Мұғалiмнiң шығармадан алған мәтiнi ойды түсiндiруге көмек ететiн айқын, мәндi, көркем болуы тиiс.

5. Алынған мәтiн екiұшты пiкiр тудыратын болмауы керек.

6. Алынған мысалдар даулы пiкiрлердi шешуге көмек ететiн дәйек бола алуы тиiс.

Заттық көрнекiлiк. Бұл көрнекiлiктiң оқушылар үшiн тарихи-тәрбиелiк мәнi ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмiр тәжiрибесiне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершiлiк санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететiн болады. Заттық көрнекiлiк жазушының өмiр жолын, шығармашылық iзденiсiн, әлеуметтiк ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекiлiк жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, мұрағаттық құжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлi қойылымдарды, көрiнiстердi, жазбаларды, мұражай дүниелерiн қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегiне, өмiр жолына деген құрметтi, iлтипатты, ынталықты, қызығушылықты арттырамыз.

Заттық көрнекiлiктерге қойылатын талаптар:

1. Ұсынылған заттардың табиғилығы.

2. Заттардың нақтылығы, айқындылығы.

3. Жазушы өмiрiне сәйкес келуi.

4. Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы.

Сызбалы көрнекiлiк. Бұл - шығарма кейiпкерлерiнiң өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесiн, рухани өмiр жолының даму барысын, тiлдiк, портреттiк сипаттамалары арқылы берiлген мiнез ерекшелiгiн, жазушының өмiр жолы мен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құрылыстардың үндестiгiн, тамырластығын, жазушы өмiр сүрген оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғаруға арналған сызба арқылы көрсетiлетiн көрнекi құрал. Шығармадағы оқиға желiсiнiң қазығы болып табылатын басты кейiпкер арқылы басқа кейiпкердiң iс-әрекетi, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгiлi. Осы бiр мәселенi көрнекi құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетiп айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкiн. Сондай жағдайда сызбалы көрнекiлiктiң көмегi ерекше.

Сызбалы көрнекiлiкті үшке бөлiп қарастыруға болады: 1) сызба; 2) кесте; 3) карта.

Сызбада тек адамдар (кейiпкерлер) тiзбегi берiледi, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетiледi. Ал, кесте жазушының өмiр жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзiмдерiн, жеке кейiпкерлердiң тiлi, портретi арқылы мiнезiндегi ерекшелiктерiн көрсетудi мақсат тұтады. Карта жазушы жүрiп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналған. Сабақта сызба, кесте қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның iшкi байланысын толық түсiнуiне жағдай жасау болады. Сызбалы көрнекi құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесiн, жазушының өмiрiн, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бiрлiгiн, тiл ерекшелiктерiн, мiнез айырмашылықтарын, оның өмiр сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желiсiн, шығармалардың әлемге танылу аймағын көрсете аламыз. Осылайша оқушының көру қабiлетiне, қабылдауына тiкелей ықпал етемiз, танымын кеңейтемiз.

Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк. Бұл көрнекi құрал тек көрнекiлiк қызмет атқарып қоймайды, сонымен бiрге өнердiң бiрлiгiн, сабақтастығын да танытуға септiгiн тигiзедi. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қана қоймай, әдеби шығармалармен бiрге алына отырылып, өнер тiлдерiнiң өзiндiк даралықтары да барлығын, әрбір құбылысты өзiнше пайымдап, өзiнше көркемдеп бейнеленетiндiгiн оқушы түсiнетiн, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тiлi - өзiндiк дара тiл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды. Өнердiң бұл туындылары бiр жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бiр жүйе түзетiнi де болады. Суреттi-түсiндiрмелi көрнекi құралды қолдану үстiнде осындай бiр бiрлiк тұтастығын оқушыларға сездiре отырып, олардың эстетикалық сезiмi, танымдық қабілеттері мен құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ететiн боламыз.

Көрнекiлiктi даярлау, пайдалану кезiнде басшылыққа алатын негiзгi ұстанымдар:

1) Өтiлейiн деп отырған материалды оқушылардың жеңiл меңгеруiне ықпал, көмек ететiн болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекіліктің түрлерін әдебиет сабағында қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері
Көрнекілікпен оқыту принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz