Биологиялық мембрана



1. Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.
2. Беттік кешен. Плазмалемма.
3. Гликокаликс.
4. Заттардың тасымалдануы.
Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.
Жасушаның протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Жасушалық мембрана қос қабатты белокты-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНА

 
Мақсаты: Жасушаның қорғаныштық қабығы – биомембрана, оның түрлері мен
қызметтері туралы түсінік беру.
 
Негізгі сұрақтар:
1.     Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.
2.     Беттік кешен. Плазмалемма.
3.     Гликокаликс.
4.     Заттардың тасымалдануы.
 
1. Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.Биологиялық
мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия,
хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі
(қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық
мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин
қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің
концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Кейбір химиялық
реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары
немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың
өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы
ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.
Жасушаның протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық
мембрана деп аталады. Жасушалық мембрана қос қабатты белокты-липидті
молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі
туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.
1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар
болады деген пікір айтты.
1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің
қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық
биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды.
Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану
нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана
табиғатының ұқсас болатыны анықталды.
Биологиялық мембраналардың (лат. membrana – қабықша) неғұрлым толық
құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон мен С. Сингердің ұсынған сұйықтық-мозаикалық
моделі бейнелейді. Мембрана липидтері амфибильді молекуларларының екі
қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне паралель
орналасады, оны билипидті қабат немесе биқабат деп атайды. Осындай
билипидті қабатқа ақуыз молекулалары батып тұрады.
 

1-сурет. Биологиялық мембрана:
1 – липидтік қосқабат; 2 – мембраналық ақуыздар; 3 – рецептор; 4 –
гликокаликс
 
Ақуыз молекулалары тұтас қабат түзбейді, олардың кейбіреуі липидті
бағана беткейінің екі жағын ала бір бөлігінің арасында, қалғаны мембранада
гидрофильді поралар түзіп, бағана қабаттарына ене орналасады. Егер ақуыздар
липидті бағаналарды қақ жарып орналасып, ақуыз молекуласы толығымен батып,
пора түзсе, оны интегральды немесетрансмембрана лы ақуыздар деп атайды.
Шеткейлік ақуыздар сыртқы мембрананың ішкі немесе сыртқы
моноқабаттарында жартылай батып орналасады. Кейбір ақуыздар фосфолипид
қабаттарының ортасында орналасады.
Ақуыз молекулаларының мембрана маңылық кеңістікке қараған ұштары, осы
кеңістіктегі әр түрлі заттармен қосылыстар түзулері мүмкін. Сондықтан
интегральды ақуыздар трансмембрана үрдістерінде маңызды роль атқарады.
Жартылай интегральды  ақуыздармен сыртқы ортадан сигналдар қабылдайтын
(молекулярлы рецепторлар) немесе мембранадан сыртқы ортаға сигналдар
өткізетін молекулалар байланыста болады. Биологиялық мембрана құрамында
ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы,
энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен
гликолипидтер болады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы,
гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Барлық мембраналарға тән қасиет –
олардың тұтастығы, тұйықтылығы.
Фосфолипидті қос қабатты (биқабатты) мембрананың негізгі қасиеттерін
қарастырайык. Бұл мембрана майысқақтық және қаттылық қасиет көрсетеді. Ол
арқылы су және гидрофильді заттар өтпейді, ал гидрофобты заттар оңай өтеді.
Биомембрананың фосфолипидті мембранадан ерекшелігі — фосфолипидті
мембранада сигналдарды қабылдау және заттарды тасымалдау қызметін атқаратын
ерекше ақуыздардың болуына байланысты. Мембрананың сыртқы бетінде жеке
органоидтер мен ұлпаларды белгілеу қызметін атқаратын әр түрлі ақуыздар мен
көмірсулар орналасады. Биомембрананың арқасында жасушаның беткі жағы аса
төзімді және серпімділік қасиетке ие болып, жеңіл жарақаттан оңай жазылып,
тез қалпына келеді.
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың
жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулері
ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен, мембраналар суда
жақсы еритін заттардың көпшілігінің жасушаға еркін өтуіне кедергі жасайды.
Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды.
Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада
қалыптасып, жасушаның тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс – химиялық
реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді.
2. Беттік кешен. Беттік кешен жасушаның сыртқы ортамен қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Ол барьерлік, тасымалдау, рецепторлық, сондай-ақ
рецепторлардың қабылдаған ақпараттарды цитоплазманың терең қабаттарына
тасымалдаушы қызметтерін атқарады. Беттік кешеннің негізі жасушаның сыртқы
мембранасы немесе плазмалемма деп аталатын биологиялық мембрана болып
табылады.
Плазмалемма Плазмалемма қалыңдығы шамамен 7-10 нм, тығыз орналасқан
ақуыз бен липидтер молекулаларынан түзілген үлбіршек, жарық микроскобынан
көрінбейді. Ол – цитоплазманың сыртқы мембранасы.
Плазмалемманың негізгі атқаратын қызметі – жасушаны сыртқы ортадан
шектеу, сондай-ақ тасымалдау, рецепторлық қызметтерді де атқарады. Ол
жасушаның беттік қасиеттеріне жауап береді, сыртқы ортамен зат алмасу
үрдісін реттейтіндіктен, ол суда еріген әр түрлі заттарды жартылай
өткізеді.
Плазмалемманың қатпарлары әсіресе заттарды қарқынды тасымалдауды іске
асыратын жасушаларда жақсы жетілген. Заттардың жасушаға өтуін және одан
бөлінуін реттеумен қатар, плазмалемма өсімдіктердегі синтездеу қызметін де
атқарады. Плазмалеммада орналасқан ферменттердің қатысуымен жасуша
қабықшасында целлюлозалы микрофибрилдерінің түзілуі жүріп жатады. Сол
сияқты ол тітіркену және гормондық стимулдарды қабылдайды.
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестеридке бай.
Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын
гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады.
Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және
тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және
молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп
отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да
осы плазмалемма арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Биологиялық мембрананың құрылысы
Биологиялық мембраналарның қызметтері. Мембрананың иондық каналдары
Биологиялық мембрана туралы
Молекулаларды мембрана арқылы тасымалдау
Биологиялық мембраналар құрылысы
Биологиялық мембраналардың қызметтері. Мембраналардың иондық каналдары жайлы
Биологиялық мембрана туралы
Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі
Биологиялық мембрананың сырын
Пәндер