Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Шаймахан Улбосын
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды
оқыту
Дипломдық жұмыс
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.
Түркістан 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
« Білім технологиялары »
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доцент
Б. Т. Ортаев
«» 2016ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
5В010200- Мамандығы - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған:
ППМ-211тобының студенті Шаймахан Улбосын
Ғылыми жетекші
п. ғ. к., доцент м/а. : Г. Т. Тоққұлова
Түркістан 2016
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ . . . 6-8
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысы . . . 9-15
1. 2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен сөйлем мүшесінің негізгі белгілері . . . 15-21
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ 4 - СЫНЫПТАРЫНДА СИНТАКСИСТІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Сөз тіркесі мен сөйлемді оқыту технологиясы . . . 22-33
2. 2 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары . . . 34-51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52-53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54-55
ҚОСЫМША
A Н Н O Т A Ц И Я
Казахский язык занимает одно из важнейших мест в системе школьных предметов, поскольку он является не только объектом изучения, но и средством обучения. На уроках казахского языка учащиеся приобретают умения и навыки, необходимые для овладения знаниями по другим предметам. Данная работа представлена в двух главах и четырех параграфах. Синтаксис является одним из важнейших разделов школьного курса казахского языка. От успешности усвоения этого раздела во многом зависит достижение обозначенных выше целей. Актуальность данной работы определяется необходимостью поиска условий, при которых изучение синтаксиса в начальных классах будет максимально эффективным и обеспечит готовность выпускников начальной школы к успешному обучению на следующей ступени образования. Цель данной работы заключается во всестороннем анализе особенностей изучения синтаксиса в начальной школе, выявление проблем при изучении и их причин, поиска возможных решений этих проблем.
Ö Z Е T
Kazakça dil dersleri, öğrencilerin öğrenme diğer konular için gerekli becerileri elde etmek. Bu iş iki bölüm ve dört paragraf içinde sunulur. Sözdizimi'okul ders kazak dili en önemli bölümlerinden biri. Bu bölümde büyük ölçüde mastering başarıdan yukarıda belirtilen hedefleri. koşullar altında İlköğretim Okulu sözdiziminde incelenmesi mümkün olduğu kadar etkin ve ilköğretim okulu mezunları hazırlık, sonraki düzey. başarılı öğrenme Bu eser amacı sağlamak olduğunu İlköğretim Okulu, onların nedenleri ve bu sorunların olası çözümleri eğitim sorunları tanımlaması sözdiziminde çalışma özellikleri kapsamlı bir çözümleme için gerek bu eser alaka belirlenir ulaşılmasına bağlıdır. Kazak Dili derslerde aynı zamanda bir öğrenme aracı sistemindeki en önemli yerlerden biri, çünkü sadece çalışmanın nesnesidir.
A N N O T A T І O N
Kazakh occupies one of the major places in system of school objects as it is not only object of studying, but also a tutorial. At Kazakh lessons pupils get the skills necessary for mastering knowledge of other objects. This work is presented in two chapters and four paragraphs. Syntax is one of the most important sections of a school course of Kazakh. Achievement of the purposes designated above in many respects depends on success of assimilation of this section. Relevance of this work is defined by need of search of conditions under which studying of syntax in initial classes will be the most effective and will provide readiness of graduates of elementary school for successful training at the following step of education. The purpose of this work consists in the comprehensive analysis of features of studying of syntax at elementary school, identification of problems when studying and their reasons, search of possible solutions of these problems.
НOРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Диплoмдық жұмыстa келесі нoрмaтивтік құжaттaрғa сілтемелер көрсетілген:
Нaзaрбaев Н. Ә. ҚР Президентінің «Қaзaқстaн-2050» стрaтегиясы - қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты» aтты Қaзaқстaн xaлқынa Жoлдaуы. - Aстaнa, 2012. httр://www. akoгda. kz/kz/рagе/рagе_kazakstan-геsрublіkasуnуn-ргеzіdеntі-n-a-nazaгbaеvtуn-kazakstan-khalkуna-zholdauу-2012-zhуlhу-14-zhеltoks_1357813742.
Қaзaқстaн Республикaсының Президенті - Елбaсы Н. Ә. Нaзaрбaевтың «Қaзaқстaн - 2050: Бір мaқсaт, бір мүдде, бір бoлaшaқ» aтты Қaзaқстaн Xaлқынa Жoлдaуы. Егемен Қaзaқстaн, №11 (28235), 18 қaңтaр, сенбі, 2014. - 34 б.
Білім беруде бaлaлaр мен жaсөспірімдерге aрнaлғaн қoсымшa дaмыту бaғдaрлaмaлaры. Білім беру Зaңы. 2006. -19-бaп
AНЫҚТAМAЛAР
Синтаксис -сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым.
Синтаксистік байланыс - сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағыныңқылық және тең дәрежеде қатынас жасау арқылы синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:
Синтетикалық байланыс - сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу.
Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс - сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тең дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш күрек, осы ауыл.
Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар - жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғнисөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныш-тылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар.
Синтаксистік құрылым - белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚAРТУЛAР
ҚР - Қaзaқстaн Республикaсы
БOПӘ - бaстaуыш oқытудың педaгoгикaсы мен әдістемесі
Лaт. - лaтын тілінен aудaрғaн
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі жаңашыл өзгерістер, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне қарыштап еніп жатқан заманда шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі талап етілуде. Өмірінің өн бойында таусылмас азық болатын, әр адамның алтын діңгегіне айналатын білім мен тәрбиені жас жеткіншектердің бойына сіңіру ата-анамен қатар, ұстаздың да асыл борышы. Әсіресе, адамның адам болып қалыптасуында шешуші кезең болып табылатын бастауыш сыныптарда оқыту мен тәрбиелеудің ұтымды, тиімді жолдарын таба білу - ұстаздардың міндеті. Олай болса, бастауыш мектеп мамандарына артылар жүктің салмағы тай батпандай десек, қате айтпағанымыз. Бастауышта қаланған мықты білім адамның өмірінің ақырына дейін арқау болады. Бұл қағиданы бастауышта сөйлем мүшелерін, оның ішінде, синтаксисті оқытуда естен шығармағанымыз абзал.
Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат - білімді азаматтар тәрбиелеу. Олардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту. Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін меңгертудің маңызы зор. Сөз тіркесі және сөйлем мүшелері синтаксисін жақсы меңгерту баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін дамытады.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған зерттеуші ғалым А. Байтұрсынов болып табылады. Оның 1924 жылғы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш», үшінші оқулығы осы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп бөліп, топтастырған А. Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерін топтастырғанда тек мағыналық жағына баса назар аударып қателесті деуіне қосыла алмаймыз. А. Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерінің атауын анықтап, топтағаны ғылыми тұрғыдан өте маңызды, қазақ тіл білімінде қазіргі күнге дейін осы атаулар мен анықтамаларға сүйеніп келеміз [1, 9 б. ] .
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің кейінірек барып зерттелуі, оның ішінде сөз тіркесі жөнінде арнайы әдістемелік еңбектің болмауы - мұғалімнің жұмысын қиындатады. Оқушыларға сөз тіркесін меңгертуге ңұқсан келтіреді. Сонымен бірге сөз тіркесі синтаксисінің теориялық жағында бір ізге түспеген даулы мәселелердің болуы оң практикалық жақтан оқытуға кесірін тигізбей қоймайтыны туралы профессор Х. Арғынов [2] дәлелдеген.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда, оны зерттеушілердің қатарында Ш. Сарыбаев [3], Ә. Хасенов [4], , И. Қ. Ұйықбаев [5], Ы. Маманов [6], К. Жолымбетов [7], К. Аханов [8], С. Жиенбаев [9], Ш. Әуелбаев [10], Б. Құлмағамбетова [11], А. Асқарбаева [12], С. Қазыбаев [13], А. Ысқақов [14], Рахметова С [15], Б. Кәтенбаева [16], Ә. Исабаев [17], З. Бейсембаева [18] т. б. ғалымдарды атаған болар едік.
Сондықтан сөз тіркесінің бір ізге түспей жүрген және ашылмай жатқан қырлары мен сырларын зерттеу - бүгінгі күннің талабынан туып отырған мәселе.
Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы - сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң, жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес өтіледі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін меңгерту сөйлем мүшелерін, олардың сөйлемдегі орнын танытумен қоса жүргізіледі. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады. Жаңа сөздер, орфоэпиялық норманы сақтап, сауатты сөйлеу сөйлемді толық айту үйретіледі. Мұның бәрі жаңа материалды игерту кезінде, сабақ барысында жүзеге асуы тиіс.
Грамматиканың тең құқықты әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саланы қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология - сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын сөз таптарының грамматикалық құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай екі салаға бөлінеді.
- Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
- Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құралы олардың түр-түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөнінде ілімнен бөліп алып олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланысты қарастырады.
Балалар сөйлем материалдары арқылы дұрыс сөйлеу, сөз формаларын өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу жолдарын үйренеді, сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді. Сөйлем тіліміздегі синтаксистік кұрылымның, негізгі айтылатын ойдың ұйтқысы болу қызметін атқарады. Жеке сөздер мен сөздердің өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сөйлемнің құрылыс материалы ретінде жұмсалады. Өзінің ойын айтып немесе жазып білдіру үшін оқушылардың сөйлемді саналы түрде пайдалана аларлықтай білікпен қарулануының ерекше маңызы бар.
Синтаксисті оқыту кезінде тақырыпты өз дәрежесінде, тек қана оқулық материалымен шектеліп қалмай, түрлендіріп, өткізудің маңызы зор. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп-ақ. Сондықтан да синтаксисті зерттеу тақырыбы етуді жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында қолдану арқылы, оқушылардың синтаксистік материалдарды толық және жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардың 4-сыныптарында синтаксистік материалдарды оқытудың әдістемесі.
Зерттеу пәні: Синтаксисті оқытуда сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркесі мен сөйлемдерді талдай білу барысы.
Зерттеу болжамы: Синтаксисті оқытуға байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін қолдану арқылы білім берудің тиімділігі артады.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау.
- Синтаксисті оқытудың теориялық негіздерін жасау.
- Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудағы сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің алатын орны мен маңызын анықтау.
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін оқытудың ерекшеліктері мен жолдарына тоқталу.
Зерттеу әдістері: әңгімелесу, бақылау, оқушылар құжаттарын пайдалану, тест, анкета, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сыныпта синтаксисті оқытудың оқытуға қойылатын талаптар мен олардың психологиялық-педагогикалық негіздерін ашып көрсету. Бастауыш сыныптарда синтаксисті: бастауыш пен баяндауышты және сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік кешенін даярлау.
Зерттеу орны: « Көксарай» шағын жинақталған бастауыш мектеп.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде зерттелу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды жинақтап, оларға шолу, талдау жүргізілді. Екінші бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін оқытудың теориясы мен технологиясы көрсетілді.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысы
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда кейінірек барып зерттеле бастаған сөз тіркесі синтаксисінің кейбір қырлары осы күнге дейін пікірталас тудырып жүр. Бұл аталған саланың өзіне ұқсас басқа тілдік тұлғаларының бір ізге түспеуінен де болар. Себебі, сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, сөздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер жайындағы мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Тілдің дамуы барысында толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі тек сөз тіркесінің бір сыңарының ғана қызметін атқара алатыны айқын көріне бастады. Осы тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің ара жігі анық көрінері сөзсіз. Сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды мектеп грамматикасында терең, жан-жақты оқытуды бүгінгі өмір заңдылығы талап етіп отыр. Себебі соңғы жылдары жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. Ал бұл еңбектерде берілген тапсырмаларда сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар көптеп қамтылған. Мектеп грамматикасында бұл мәліметтер толық қамтылмағандықтан талапкерлерге қиындық туғызып жүр. Мұның өзі сөз тіркесі синтаксисінің толық курсын жүйелі де терең оқытудың қажеттілігін тудырып отыр.
Сонымен сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз -оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық зандылықтары, бір-біріне бағына байланысу зандылығы т. б. ) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы.
Сөз тіркесін зерттеген және зерттеп жүрген ғалымдар пікірлеріне, сондай-ақ тіл фактілеріне сүйене отырып, мынадай тұжырым жасап, әрі оқыту процесінде басшылыққа алуға болады:
- Кез келген сөздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар өзара тіркесу үшін белгілі заңдылыққа негізделеді. Ол, біріншіден, мағына жақындықтарына қарай тіркесу заңдылығы болса, екіншіден, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің белгілі-бір тәсілдер арқылы байланысу заңдылығы;
- Сөз тіркесі деп танылу үшін, кемінде, толық лексикалық мағынасы бар екі сөздің тіркесуі қажет, демек, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің, шылаулардың, көмекші етістіктердің тіркесі (ауыл маңы, үй іші, орманға шейін, таңға жуық, келе жатыр, таныс еді, жолдас болатын) сөз тіркесінің қатарына жатпайды, бұлар осы тобымен сөз тіркесінің белгілі бір сыңары ретінде ғана жұмсалады;
- Сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір-бірімен тең дәрежеде байланыспай, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысады. Бағына байланысу қасиеті, сөз тіркесіне тән ең басты қасиеттердің бірі, осы тұрғыдан әже мен бала, сабырлы да байсалды тәрізді салаласа байланысқан тіркестер сөз тіркесінің қатарына енбейді;
4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысынан басқа-бір лексикалық мағына пайда болмайды, жаңа бір грамматикалық мағына туындайды, демек, өзара тіркесіп келіп, өзге бір лексикалық мағынаны білдіретін фразеологиялық тіркестер (қас қаққанша - тез, лезде; қаны қайнау - ызалану; ержүрек - батыл т. б) сөз тіркесі бола алмайды;
5. Өзіне тән бастапқы мағыналары солғындап, лексикаланып, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір заттың атауына айналып бара жатқан немесе толық айналған, проф. С. М. Исаевтың [19] термині бойынша, "атаулық тіркестер", проф. М. Балақаевтың термині бойынша "номинативті тіркестер" (ашық хат, еңбек кітапшасы, мал қора, бас бармақ, балалар бақшасы) сөз тіркесі бола алмайды;
6. Қиыса байланысқан тіркестер (Мен келдім. Ол барды. ) Сөз тіркесіне тән қатынасты емес, предикативтік қатынасты, яғни бастауыш пен баяндауыштың байланысынан тұратын қатынасты білдіретіндіктен, сөз тіркесінің емес, сөйлемнің нысанасында қаралады.
Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну оңайға соғады. Біздің пікірімізше, сөз тіркесін оқыту мынадай бағытта жүргізілсе дұрыс болар еді:
- Сөз тіркесі туралы түсінік
- Сөз тіркесінің құрылысы
- Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
- Сөз тіркесінің байланысу формалары
- Сөз тіркесін топтастыру туралы
- Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы
- Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн. Сөйлем мүшелері туралы 1936-1940 жылдар шамасында жазылған А. Байтұрсыновтың, Қ. Жұмановтың, І. Бәйтеновтың, Х. Басымовтың, С. Аманжоловтың М. Балақаевтың [20] еңбектеріне баса назар аудара аламыз. Бұл кездегі сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, жалпы сөйлем мүшелерінің қалыптасу, тұрақтану мәселесіне көбірек назар аударылады. Бұл еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы түоліше көзқарастар болды. Әсіресе, бұл кездегі сөйлем мүшелері туралы айта келіп Х. Басымов [21] былай деді: «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді» - дейді.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған зерттеуші ғалым А. Байтұрсынов болып табылады. Оның 1924 жылғы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш», үшінші оқулығы осы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп бөліп, топтастырған Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтар өз мақалаларында А. Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерін топтастырғанда тек мағыналық жағына баса назар аударып қателесті деуіне қосыла алмаймыз. А. Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерінің атауын анықтап, топтағаны ғылыми тұрғыдан өте маңызды, қазақ тіл білімінде қазіргі күнге дейін осы атаулар мен анықтамаларға сүйеніп келеміз. Осынау сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаған ғалымдардың ішінен А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтардың көбінесе сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне, олардың жасалу жолына баса назар аударған. Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым - Қ. Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екі жақты қарастырады. Сөйлем мүшесінің көбіне орын тәртібі, кейде, олардың жасалуы сияқты мәселелер бойынша «Из истории порядка слов в казахском языке» және «Қазақ тілі грамматикасы» сияқты мақалалары мен кітаптарында тоқталып өтеді. Бұл аталған еңбектерінде автор сөйлем мүшелері туралы ғылыми талас пікірлерге тоқталмайды, тек олардың жасалуы, олардың негізгі анықтамалары сияқты мәселелерді сөз еткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz