Еңбек дауы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Еңбек дауының түсінігі
  2. Делдалдың қатысуымен ұжымдық еңбек дауын қарастыру
  3. Ұжымдық еңбек дауы бойынша екі жақтың келісім жасаудағы жетістіктерінің салдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Сондықтан, осыған байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда үлкен мәселелер туындады. Себебі, олардың құқықтарын кейбір жұмыс берушілер жиі бұзып, еңбек құқығы нормаларын қолданғанда көп қателер жібереді. Осыған байланысты, еңбек қатынасындағы әлсіз жақ - жалдамалы қызметкерлердің құқығын қорғау қазіргі еңбек құқығының функционалды рөлі болып табылады. Ал осы еңбек қатынасындағы әлсіз жақтың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің басты тәсілі осы мақсатқа арналған еңбек дауы институты танылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 1 - бабының 1 - тармағының 19 - тармақшасына сәйкес еңбек дауы - бұл ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер болып табылады.

Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары және еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасында туындаған ұжымдық еңбек даулары болып екіге бөлінеді.

Қазіргі заңи әдебиеттерде ұжымдық еңбек дауларының мәселелері, оның ішінде ұғымы, классификациясы әлі толық зерттелмеген.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда Еңбек кодексі шығуымен байланысты бұл заң өз күшін жойды. Басқа елдердің Еңбек кодекстерімен салыстырғанда ұжымдық еңбек дауларының түсініктемесі ҚР ЕК көрсетілмеген. Бірақ ҚР ЕК комментарийінде қазақстандық ғалым, профессор Е. Н. Нургалиева ұжымдық еңбек даулары - бұл ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту (жалақыны қоса), ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау, өзгерту және орындау бойынша, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларынан тұратын актілерді қабылдаған кезінде қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс берушінің бас тартуымен байланысты қызметкерлер (олардың өкілдері) және жұмыс берушілер (олардың өкілдері) арасындағы реттелмеген келіспеушіліктер деген түсініктеме береді. Бұл анықтаманы нақтырақ деуге болады. Себебі, қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс берушінің бас тартуы дау нысанасына тікелей байланысты болғандықтан оны көрсеткен жөн.

Еңбек дауы - бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қабылдау, орындау немесе келісім, еңбек және (немесе) ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актісіндегі еңбек тәртіптерін қабылдау мәселесі бойынша жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушілік.

Ұжымдық еңбек дауы жалпы жиналыс (конференция) шешімімен бекітілген жұмысшының талаптары туралы жұмыс берушінің жазбаша хабарламасы түскен күннен бастап туындаған болып есептеледі

Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі жұмысшы ұсынған талаптарды жеті күнтізбелік күннен кем емес уақыт аралығында шара қабылдау үшін, егер рұқсат ету мүмкін болмаған жағдайда көрсетілген мерзімге дейін шешім қабылдап, туындаған келіспеушіліктерді қарастыру үшін өз өкілдерін көрсету арқылы жазбаша түрде өз ұсыныстары мен шешімдеін білдірулері тиіс.

Ұжымдық еңбек даулары сот тәртібімен және (немесе) қабылданған негізгі процедуралар тәртібімен шешіледі.

Еңбекақысын төлеу мен басқа жағдайларды бекіту және өзгерту, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы ұжымдық келісім-шарттар мен келісімдерді бекіту, өзгерту және орындау мәселелері бойынша қойылған жұмысшылардың талаптары жұмысшылардың бірігуімен жұмысшылардың жалпы жиналысында (конференция) қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген кезде жасалып, бекітіледі.

Жұмысшылардың талаптары жазбаша түрде жұмыс берушіге, жұмысшылар бірлестігіне жалпы жиналыс (конференция) өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен бастап беріледі.

Келістіру процедуралар

Жұмысшылардың талабы Еңбек Кодексінің 290 бабында келтірілген тәртіппен рұқсат етуге мүмкін болмаса келісілген процедуралар тәртібімен қарастырылады.

Жұмысшылармен, жұмысшы бірлестіктерімен (олардың өкілдерімен) бас тартылған немесе қанағаттандырылған талаптар алғашында келістіру комиссиясында қарастырылып, рұқсат алуға мүмкіндік болса еңбек арбитражында қарайды.

Ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген дейгейінде екі жақ делдалдың көмегіне жүгінуі мүмкін. Делдалдық процедурасы келістіру комиссиясындағы келістіру процедурасында, еңбек арбитражында дербес болып табылады және олармен параллель жүре алады.

Келістіру комиссиясы

Келістіру процедурасы үш күнтізбелік күн ішінде жұмыс беруші мен жұмысшы бірлестігіне (олардың өкілдері) өз шешімін айтқан не айтпаған күннен бастап, немесе ұжымдық келісім-шарт кезіндегі келіспеушіліктер хаттамасын толтырған күннен бастап екі жақтың қатысуымен құрылады.

Келістіру комиссиясы екі жақтың өкілдері арқылы тең дәрежеде құрылады. Келістіру комиссиясын құру туралы шешім жұмыс беруші актісімен және жұмысшы өкілдерінің шешімдерімен рәсімделеді.

Келістіру комиссиясы жұмысшылардың (өкілдерінің) талаптарын талап түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде қарастырады. Келістіру комиссиясының талаптарды қарастыру тәртібі, қарастыру уақытының мерзімін ұзарту екі жақтың келісімі бойынша хаттама толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Келістіру процедурасы процесінде келістіру комиссиясы жұмысшылармен (олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмысшы бірлестіктерімен, мемлекеттік органдармен және басқа да қызығушылық танытушы тұлғалармен кеңеседі.

Комиссия шешімі екі жақтың келісімі негізінде қабылданады, екі жақтың қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді, және екі жаққа да бірдей күші бар.

Келістіру комиссиясында келісімге қол жетпесе оның жұмысы аяқталады, ал рұқсат алу үшін еңбек арбитражы жасалады.

Еңбек арбитражы

Еңбек арбитражы ұжымдық келісім-шарт жақтарымен, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе аймақтық мүшелердің қатысуымен келістіру комиссиясының қызметі тоқтаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде құрылады.

Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауларын қарастыру тәртібі екі жақтың келісімімен анықталады. Еңбек арбитражы бес адамнан кем болмауы керек. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, эксперттер мен басқа да тұлғалар кіреді.

Еңбек арбитражының төрағасы арбитрад мүшелерінен екі жақтың сайлауы арқылы тағайындалады.

Ұжымдық еңбек дауы Жақтар өкілдерінің міндетті қатысуымен, қажет жағдайда басқа да қызығышылық танытқан тұлғалар өкілдерінің қатысуымен еңбек арбитражында қарастырылады.

Дауды қарау процедурасы еңбек арбитражымен анықталып, ұжымдық еңбек дауы жақтарына хабарланады.

Еңбек арбитражының шешімі арбитраж мүшелерінің көпшілік дауыспен құрылған күнінен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстарын бөлу кезінде тең дәрежеде шешетін төраға даусы болып табылады. Шешім дәлелді болуы тиіс, жазбаша түрде және арбитраждың барлық мүшелерінің қолы қойылады.

Ереуілдерге заңмен тыйым салынған ұймдардағы келістіру комиссиясында ұжымдық еңбек дауының жақтары келісімге қол жеткізбесе еңбек арбитражын құру міндетті болып саналады.

Еңбек арбитражының шешімі ұжымдық еңбек дауы жақтарының міндетті орындауына жатады.

Делдалдың қатысуымен ұжымдық еңбек дауын қарастыру

Делдал ретінде екі жақ оларға тәуелсіз ұйым немесе тұлғаны анықтайды.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, аймақтық комиссия ұжымдық еңбек дауының жақтарының келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жұмыстарына орталық, жергілікті атқарушы органдар, ассоциациялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер басшылары мен жұмысшыларын, жұмыс берушілерді, сонымен қатар тәуелсіз эксперттерді жұмылдыра алады.

Ұжымдық еңбек дауы бойынша екі жақтың келісім жасаудағы жетістіктерінің салдары

Ұжымдық еңбек дауының жақтары арасындағы келісім жасаудағы жетістіктерінің барлық жағдайында делдалдың қатысуымен рұқсат беруі туралы немесе зааңсыз келістіру процедуралары тоқтатылады, ал дауға рұқсат беру жағдайлары екі жақ арасындағы келісім жағдайлары болып саналады.

Ұжымдық еңбек дауы жақтарының жеткен келісімдері жазбаша түрде рәсімделеді.

Дауға рұқсат беру туралы екі жақ арасындағы келісімге жету жолында алдын ала хабарланған ереуіл болса, оны тоқтатуға жауапты.

Ереуілге шығу құқы

Егер ұжымдық еңбек дауына келістіру процедурасы арқылы рұқсат алу мүмкіндігі болмаса, сонымен қатар ұжымдық еңбек дауындағы келісімдерді орындамау немесе келістіру процедурасынан бас тарту жағдайларында ереуіл өткізуге шешім қабылдай алады.

Ереуіл өткізу туралы шешім ұйымның жалпы санының жартысынан көбі қатысқан жалпы жиналыста (конференция) қабылданады және егер жұмысшылардың үштент екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

Ереуілді жұмысшылардың өкілетті органы басқарады (ереуіл комитеті) . Егер ереуілді жұмысшылар (олардың өкілдері) мен бірнеше жұмыс берушілер бірдей талаптармен хабарлайтын болса, осы жұмысшылардың өкілдерінен құралған біріккен орган басқара алады.

Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ереуілге қатысуға немесе одан бас тартуға күштеп жұмылдырылмайды.

Ереуілге қатысуға немесе бас тартуға күштеген тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жауап береді.

Заңсыз ереуілдер

Ереуілдер мына жағдайда заңсыз болып табылады:

Төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес әскери немесе төтенше жағдайлар немесе айрықша шараларды енгізу кезеңінде; Қазақстан Республикасының Қарулы күштері органдары мен ұйымдарында, басқа да елдің қорғанысын нығайту, мемлекеттің қауіпсіздігі, апатты-құтқару, іздеу-құтқару, өртке қарсы жұмыстармен, төтенше жағдайды ескерту және алдын алуды қамтамасыз ету мәселесімен айналысатын әскери ұйымдарда; құқыққорғау органдарында; қауіпті өндіріс нысандары болып табылатын ұйымдар, жедел жәрдем медициналық көмек стансаларында;

Теміржол көлігі ұйымдарында, халықтың қауіпсіз өмірін қамтамасыз ететін азаматтық авиацияда, денсаулық сақтау ұйымдарында (қоғамдық көлік, су жабдығы, электрэнергиясы, жылу, байланыс), үздіксіз жұмыс істейтін, күшіндегі бұйрықтың 2 бабында көрсетілген жағдайлар сақталмаса, әрі жұмыстың тоқтауы қауіпті жағдай туғызатын өндіріс орындарында;

Еңбек Кодексінде қаралған мерзімдер, процедуралар мен талаптар есепке алынбағандығы анықталса;

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп туғызған жағдайда;

Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған басқа да жағдайлар.

Теміржол көлігі, азаматтық авиация, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (қоғамдық көлік, су жабдығы, электрэнергиясы, жылу, байланыс) денсаулық сақтау, ұйымдарда, тек жергілікті атқарушы органмен алдын ала жасалған келісім негізінде анықталатын сәйкес қызметтің тізімі мен көлемі сақталса ереуіл жасалады.

Үздіксіз қызмет ететін өндіріс орындарында ереуіл тек негізгі жабдық пен механизмнің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілген кезде ғана болады.

Ереуілдің заңсыздығын анықтау тек Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сотпен шешіледі.

Ереуілдің заңсыз екенін мойындау туралы шешім жұмыс беруші немесе прокурордың өтініші бойынша сотпен қабылданады.

Сот шешімі жұмысшыларға ереуілді бастаушы орган арқылы беріледі.

Ереуілдің заңсыздығын мойындау туралы күшіне енген сот шешімі дереу орындалуы керек.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда прокурор немесе сот сәйкес шешім қабылдағанға дейін ереуілді тоқтатуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек даулары қорғау жөніндегі органдары
Еңбек дауларын құқық қатынастары
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
Қазақстан Республикасындағы еңбек даулары және оларды шешу тәртібі: теория және практика мәселелері
Еңбек дауларын қарау бойынша құқықтық қатынастар
Еңбек дауларын қарастыратын органдар. Олардың құзыреті және ведомстволығы
Еңбек дауларының үғымы және себептері
Еңбек дауларын соттан тыс (сотқа дейінгі) қарастыру
Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz