Италия мемлекеті



Кіріспе
1. Италияның бірігуі
2. Италияның тәуелсіздік үшін күресі
3. Италия бірлестік кезінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Италия орта ғасырдан шетел басып алушылығы мен агрессиясына қарсы тұра алмайтын, бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінген ел ретінде шықты. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Апеннин түбегінің территориясында оның кейбір аймақтары кейде француздар, кейде испандықтар, кейде австриялықтар қол астында болған европалық коалицияның ұрыстары жүргізілді.
Италия ХІХ ғасырдың басында Наполеон үстемдігінің қол астында болды, 1815 жылдан бастап Вена конгресінің шешімімен 8 ұсақ корольдіктер мен герцогтықтарға бөлінді: Пьемонт /Сардиния/; Австрия империясының құрамына кірген Ломбардо-Венеция корольдігі; елдің солтүстігінде Папа /Рим/ мемлекеті және Орталықта төрт герцогтық /Тоскана, Парма, Лукка, Модена/; Оңтүстігінде Неаполитан /Екеулік Сицилия/ корольдігі.
Итальян мемлекеттерінің арасын тек саяси ғана емес, таможнялық шекараларда бөлді. Кіші-гірім герцогтықтар мен корольдіктерде өздерінің өлшемдері, ақша жүйесі, қылмыстық және азаматтық заңдары болды. Барлық жерде жартылай феодалдық дворяндар мен дін үстемдік етті, король мен герцогтың билігіне шек қойылмады, буржуазия мен буржуазияланған дворяндардың құқы, мүддесі екінші орынға жылжыды.
Сондықтан да, ХІХ ғасырдың 40 жылдары Италия Европаның ең артта қалған, кедей ел ретінде саналғанына таңқалуға болмайды. Саяси бытыраңқылы, экономикалық артта қалған, ұлттық қасиеті мұқалған Италия Австрия канцлері Меттернихтің сипаттауынша Европа елдерінің көзқарасында мемлекет емес, тек «географиялық ұғымң болып көрінді. Өз товарларын өткізуге ішкі рыноктың жетіспеуінен қиналған Италия өнеркәсібі кіші мемлекеттер аясында тұншықты. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында өнеркәсіп ұсақ қолөнер сатысынан шыға қоймады, шашыраңқы мануфактура дамыды. Ауқаты адамдар өз қаржыларын ауыл шаруашылығына жұмсау тиімді деп есептеді. Ал ауыл иелері - жер иеленушілер мен ірі арендаторлар итальян буржуазиясының жетекші отрядын құрды.
1. Тарих және құқық шет елдердің. 1-бөлім. Ouch. жоғары оқу орындарына арналған. Ed. Крашенинникова Н.А., О.А. Жидкова - М:. ИНФРА нормативтік Баспа тобы М, 1998.
2. Канделоро J. Заманауи Италияның тарихы. T.1-7. М., 1998.
3. Шет елдердің конституциялық құқық. 2-ші бұйымдары. Ouch. қарай университеттер. Ed. Baglai М.В., Leibo LM.
4. Lisowski Ж., Любин Б. Саяси мәдениет Италия. М., 1996
5. Михайленко VI саяси институттардың эволюциясы Қазіргі заманғы Италия. Екатеринбург, 1998.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Италияның бірігуі
2. Италияның тәуелсіздік үшін күресі
3. Италия бірлестік кезінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Италия орта ғасырдан шетел басып алушылығы мен агрессиясына қарсы
тұра алмайтын, бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінген ел ретінде шықты. ХҮІІ-
ХҮІІІ ғасырларда Апеннин түбегінің территориясында оның кейбір аймақтары
кейде француздар, кейде испандықтар, кейде австриялықтар қол астында болған
европалық коалицияның ұрыстары жүргізілді.
Италия ХІХ ғасырдың басында Наполеон үстемдігінің қол астында болды,
1815 жылдан бастап Вена конгресінің шешімімен 8 ұсақ корольдіктер мен
герцогтықтарға бөлінді: Пьемонт Сардиния; Австрия империясының құрамына
кірген Ломбардо-Венеция корольдігі; елдің солтүстігінде Папа Рим
мемлекеті және Орталықта төрт герцогтық Тоскана, Парма, Лукка, Модена;
Оңтүстігінде Неаполитан Екеулік Сицилия корольдігі.
Итальян мемлекеттерінің арасын тек саяси ғана емес, таможнялық
шекараларда бөлді. Кіші-гірім герцогтықтар мен корольдіктерде өздерінің
өлшемдері, ақша жүйесі, қылмыстық және азаматтық заңдары болды. Барлық
жерде жартылай феодалдық дворяндар мен дін үстемдік етті, король мен
герцогтың билігіне шек қойылмады, буржуазия мен буржуазияланған
дворяндардың құқы, мүддесі екінші орынға жылжыды.
Сондықтан да, ХІХ ғасырдың 40 жылдары Италия Европаның ең артта
қалған, кедей ел ретінде саналғанына таңқалуға болмайды. Саяси бытыраңқылы,
экономикалық артта қалған, ұлттық қасиеті мұқалған Италия Австрия канцлері
Меттернихтің сипаттауынша Европа елдерінің көзқарасында мемлекет емес, тек
географиялық ұғымң болып көрінді. Өз товарларын өткізуге ішкі рыноктың
жетіспеуінен қиналған Италия өнеркәсібі кіші мемлекеттер аясында тұншықты.
ХІХ ғасырдың 30 жылдарында өнеркәсіп ұсақ қолөнер сатысынан шыға қоймады,
шашыраңқы мануфактура дамыды. Ауқаты адамдар өз қаржыларын ауыл
шаруашылығына жұмсау тиімді деп есептеді. Ал ауыл иелері - жер иеленушілер
мен ірі арендаторлар итальян буржуазиясының жетекші отрядын құрды.

Италияның бірігуі

Италияның ауыл шаруашылығында феодалдық сарқыншақтар сақталды. Итальян
шаруалары ортағасырлық езгіден жерсіз қалып қайыршы арендаторлар мен
кедейлерге айналды. Елдің дамыған аймағы болып есептелінетін Солтүстікте
шаруалар жартылай феодалдық испольшина негізінде помещиктер жерін арендаға
алуға мәжбүр болды. Оңтүстік Италияда әлі де жартылай феодалдық
латифундиялар сақталды, шаруалар арендасының формасы ортағасырлық сипатта
болды. Бір үзім нан үшін батырактар азаннан кешке дейін жұмыс істеді.
Үкімет ұмытқан, қайыршы надан итальян шаруалары өздерінің малдарымен бірге
лашықтарда, үңгірлерде тұрды. Көпшілігі қайыршылық пен аштықтан құтылу үшін
қалаға қашты. Алайда баяу дамыған өнеркәсіп деревниядан келгендерге жұмыс
тауып бере алмады. Қала жұмыссыздарға, қайыршыларға, қаңғыбастарға толды.
Осылардың барлығы саяси-экономикалық өзгертулер қажет екендігін білдіртті.
Оны жүзеге асыру үшін ең алдымен Италияны шетел басқыншыларынан азат етіп,
біріктіру қажет еді.
Біріктірудің басты кедергісі Италияның ең бай экономикалық және
дамыған аймақтары Ломбардия мен Венеция облыстарын иемденген Австрия
болатын. Италияның ұсақ мемлекеттерінің тақтан айырылып қалудан қорыққан
патшаларына және халықтың реакционерлік күші - жартылай феодалдық дворяндар
мен дін иелеріне сүйенген Австрия жартыаралда өзгертуге ұмтылыстың барлығын
да басып жаншып отырды. 1821 жылы Австрия әскері Пьемонт пен Неаполитан
корольдігіндегі, 1831 жылғы Орталық Италиядағы революцияны осы саясатпен
қанды қырғынға ұшыратқан еді.
Қанды қақтығыстар мен репрессиялар патриоттарды тоқтата алмады.
Италияда ХІХ ғасырдың басында көптеген құпия карбонарилік қоғамдар пайда
болды. Карбонарилер алғашқыда Италиядағы француз өктемдігіне қарсы күресті
міндет етіп қойды. 1815 жылдан кейін олардың әрекетінде антиавстриялық
сипат орын алды. Итальян карбонарилері идеологиялық жағынан да, ұйымдастыру
жағынан да біркелкі болған жоқ. Олардың ішінде әлеуметтік қайта құруды
қолдаған, қарсы шыққан республикандықтар мен монархистер болды. Итальяндық
карбонарилердің көпшілігі монархиялық көңіл-күйде болатын олардың талабы
конституцияны енгізумен ғана шектелді.
Кабонарилердің революциясы әскери қастандық ретінде өрбіді. Олардың
венттеріне буржуазия, буржазияланған дворяндар, интеллигенттер,
қолөнершілер мен жұмысшылар мүше болды. Карбонарилердің итальян халқының
басым көпшілігі болып табылатын - шаруалармен байланысы, Неаполитан
мемлекетінен басқа жерде, өте нашар болды. Орталық Италияда 1831 жылғы
револцияның жеңілуі карбонарилерді күйретті. Итальян патриоттарының ішінде
сергелдең кезең туды, олар күрестің жаңа формасын, жаңа методын іздестірді.

Осы ұмтылыстардың көрінісі ХІХ ғасырдың 30 жылдарында итальян
революциясында жаңа концепциясын ұсынған, итальян революциясының танымал
лидері Джузеппе Мадзини болды. Мадзини қызметі әртүрлі, әр қырлы. Ол
әдебиетші, публицист, философ, қастандық жасаушы, 1849 жылы Рим
республикасының басшысы болған. Күрес аренасына ымырашыл-либаралдардың
көсемі Камилло Кавур, партизандық қозғалыстың шебер ұйымдастырушысы халық
батыры Джузеппе Гарибальди шықты. Италияны шетел басқыншыларынан азат етіп,
ұлттық біртұтас мемлекетке айналдыру демократиялық, патриоттық күштерінің
ерлік күресінің нәтижесінде ХІХ ғасырдың 70 жылдарында жүзеге асты.
ХІХғ. ортасында Италия ұсақ корольдіктер мен князьдықтарға бөлініп
жатқан мемлекет болатын. Бүл мемлекеттік едәір бөлігі австриялықтардың қол
астында болды. Атап айтқанда Ломбардия мен Венеция Австрия империясының
құрамына енді. Габсбургтер әулиетінен шыққан герцогтер билейтін Парма,
Модена және Тоскана австриялықтардың қанауында қалды. Саяси бытыраңқылық,
ұсақ мемлекет басшыларының зорлық-зомбылығы, шаруалардың помещиктерге
басыбайлылығы - осының бәрі капитализмнің одан әрі дамуына кедергі жасады.
Буржуазияның наразылығын туғызды. Бүхара халықты революция жасауға шақырды.

Римде ұлттық бірігу мен буржуазиялық жаңа өзгерістер жолындағы басты
кедргіге айналған папаның ақсүйектік өкіметі сақталды. Италия австриялық
згіден азат етілмейінше шаруашылық өрлеуін қамтамасыз ету, ұлттық көркеюге
жету мүмкін емес еді. Итальян буржуазиясының мақсаты - Сайлау құқын алу
үшін мүліктік ценз бар конституция енгізу, өнеркәсіп пен сауданы ұлғайту.
1848 жылдың алғашқы айларында революция Неаполитан корольдығын шарпып
солтүстікке өтті. Дегенмен, 1848 жылғы революциялар нәтижесіз аяқталды.
Революция қайраткерлері шет елдерге кетті. Италияның ұлттық бірігу ұйымы
Лондон қаласында құрылды.
1859 жылы өте күшті дүмпумен Сицилия көтерлісі басталды. Елдің
солтүстігінде Дж. Гарибальди бастаған еріктілер көмекке аттанады.
Еріктілердің санына қарай 1000-дық экспедицияң деп аталған экспедиция
құрамында журналистер, саудагерлер, дәрігерлер, жұмысшылар болды.
Экспедиция 1860 жылы Генуиядан Жасасын біріккен Италия және Виктор
Эммануил кароль! деген ұранмен аттанды. Бүхара халық қолдауымен
Гарибальдидің әскерлері нығайа түсті. Сицилияның басты қаласы Палермо
гарибальдилықтар қолына өтті. Сицилия шаруалары помещиктерден жерлерін
тартып алып, көтерлісшілерге қосылды. 1860 жылы Гарибальди армиясының саны
24 мыңға жетті. Сицилияны азат еткеннен соң Осы армиямен Неапольға келді.
Ондағы халық Гарибальдиді көсем ретінде қарсы алды. 7 қыркүйекте Франциск
ІІ Неапольды тастап қашып кетуімен, оңтүстік Италия феодалдық Бурбондардан
азат етілді. Қүрылған жаңа үкімет Неапольда азық-түлікке, тұзға деген алым-
салықтарды жойып, халыққа көп жеңілдік жасады.
Гарибальдидің жеңісі оның ержүрек әрі дарынды қол басшы екендігін
танытты. Оның армиясының құрамы шет елдерден келген еріктілер санымен де
өсті. Гарибальдидің оңтүстік Италияға жорығы елдің ұлттық бірігуін
төменнен - халық революциясын жасау жолыменң жүзеге асыруға блолатындығын
көрсетті. Алайда, Италияны революциялық жолмен біріктіру аяғына дейін
жеткізілмеді. Бұған көптеген факторлармен қоса жұмысшы табының
қалыптаспауы, шаруалардың революцияға жаппай қатыспауы сондай-ақ либерал
помещиктер мен буржуазияның ықпалды күштерінің елді жоғарыданң Сардиния
королы өкіметі басшылығымен біріктіргісі келген саясаты кедергі жасады.
Дарынды қолбасшы - Гарибальди алғыр саясаткер емес еді. Мемлекетті
революциялық жолмен біріктіру ісін жалғастыра алмады.
Сардиния үкіметінің басшысы Кавур мен король Виктор Эммануиль ІІ
Пьемонт армиясын Неаполитан иеліктерінің шекарасы арқылы оңтүстікке қарай
жылжытты. Басты мақсат Гарибальди жеңістерінің жемісін тартып алу болды.
Гарибальди шаруалар арасындағы жоғары беделін пайдалана алмады, шаруалардың
помещикке қарсы күресті басқара алмады. Шаруалар Гарибальдиді Дон Пеппиноң
деп атайтын және оған сенетін. Біріккен Италия корольдығын құруға шақырған
кезде шаруалар Дон Пеппино бірігуге шақырған еді деп біргуге дауыс берді.
Виктор Эммануиль ІІ өкіметін күрессіз таныды. Пьемонт үкіметінің және оның
армиясының күшті қысымымен 1860 жылы өткізілген бүкілхалықтық дауыс берумен
Неаполитан иеліктері Пьемонтқа қосылды.
Гарибальди Неапольге келген соң, Кавурдың мемлекеттік төңкеріс жасау
жоспары жүзеге аспады. Сардиния корольдігінің үкіметі Оңтүстікке, Умбриоға,
Маркке гарибалдиліктердің Неаполитан шекарасынан шығып, Римге жорыққа
шығуын болдырмау үшін экспедиция ұйымдастырды. Кавур Неапольде Сардиния
корольдігіне Оңтүстік Италияның қосылуын үгіттеген агенттерге толтырды.
Демократиялық қозғалыс қайраткерлері Италияның тағдырын шешу үшін Қүрылтай
жиналысын шақыруды талап етті. Неапольде Гарибальдиге Мадзини, Бертани
көмек көрсеті. Алайда, Сардиния әскері Екеулік Сицилия корольдігіне енген
соң, демократтардың арасында жік туды, кейбіреулері Кавур жағына шықты.
Неаполь мен Палермода ымырашыл-либералдар Сардиния корольдігіне
қосылуды талап еткен демонстрациялар ұыймдастырды. Гарибальди қосылу
мәселесін шешу үшін плебисцит өткізді. Ол Оңтүстік Италияның Сардинияға
қосылуын жақтайтындардың жеңісімен аяқталды. 7 қараша 1860 жылы Непольге
Виктор Эммануил келді. Гарибальди өзінен диктаторлық билікті Виктор
Эммануилге бергенін жариялады. Ұзамай-ақ Гарибальди қабылдаған декреттер
тоқтатылды, әскер таратылды. Гарибальди волонтерлерді Рим мен Венецияны
1861 жылы азат ету жорығына шақырып, Капрерге кетті. 27 қаңтар 1861 жылы
Итальян парламентіне сайлау өткізілді. Жаңа парламент итальян корольдігінің
құрылғандығы және Виктор Эммануил ІІ-ні Италия королі деп жариялаған заң
қабылданды.
1859-1860 жылдарда соғыстар мен революция кезінде Италия негізінен
бірікті. Біріктіру жолында буржуазияның революциялық элементтері, Мадзини,
Гарибальди басқарған қалың көпшілік шешуші роль атқарды. Италияның бірігуі
дүниежүзінің алдыңғы қатарлы топтарының арасында қолдау тапты. Италияның
бірігуі капитализмнің дамуын тездетті. Жаңа дәуір қоғамының әлеуметтік
топтарын дүниеге әкелу алғы шарттары жасалды.
Сардиния корольдігін басқарған ымырашыл-либералдар біріккенге дейін-
ақ жаңа корольдікте өз билігін нығайтты. Олардың топтары тарихқа оңшылдарң
деген атпен енді. Ымырашыл-либералдардың сол қанаты және бұрыңғы
демократтар солшылдарң деп аталды. 1861 жылы 6 маусымда Кавур өлді. Оның
орнына Беттино Риказоли тағайындалды. Бүл оңшылдар үкіметі елді 15 жыл
басқарды. Оңшылдар үкіметінің алдында кезек күттірмейтін мәселелер тұрды:
финансты сауықтыру; мемлекеттік аппараттың жұмысын қалпына түсіру; жаңа
провинцияларда әкімшіліктер құру; армияны қайта құру; жол салу т.б. с.с.
Үкімет осы жағдайдан салықты өсіру және тәркіленген шіркеу жерлерін сату
арқылы шығуға тырысты.
Осы кезеңде Оңтүстік Италияда жалпы қозғалыс басталды. Бүл қозғалыс
Оңтүстік шаруларының 1860 жылы жер үшін бастаған күресінің жалғасы еді. Осы
қозғалыстарды басу үшін үкімет жаппай террор мен төтенше заңдар қолданды.
Жазалаушы экспедициялар жіберді. Көптеген адамдар өлім жазасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Европа мемлекетi
Рим империясының құлауы
Франк державасындағы феодализмнің дамуы
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Осман мемлекеті
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Рим империясының құлдырауы
Франк мемлекетінің құрылуы
Ұлы Карл
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Пәндер