Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Ι . Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың теориялық негіздері

1. 1. Даужанжалдың тұлғаның әлеуметтенуіне тигізетін

әсері . . . 7

1. 2. Даужанжалдың феномендері мен механизмдерінің мазмұны . . . 9

1. 3 Жасөспірімдік жаста тұлға дамуындағы даужанжалдың алатын

орны . . . 19

ІІ. Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасқа даужанжалдың психологиялық әсер етуін топтық әдістер негізінде эксперименталды зерттеу

2. 1 Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасқа даужанжалдың

психологиялық әсерін анықтау . . . 31

2. 2. Зерттеу нәтижесін талдау және интерпритациялау . . . 41

2. 3 Жасөспірімдер арасындағы дау-жанжалды диагностикалау және реттеуге арналған психологиялық нұсқаулар . . . 51

Қортынды . . . 57

Әдебиеттер тізімі . . . 59

КІРІСПЕ

Біздің атмосферамызда ағзаның қалыпты дамуы үшін белгілі бір сәйкескестікте өмір сүруге қажет элементтер бізді бар. Ол элементтер бізді қоршап әр ағзаға сінеді. Сол сияқты тұлға аралық қарым-қатынастарда жасөспірімдердің өмірлерінде сондай мәнге ие.

Жасөспірімдер арасындағы тұлға аралық қатым-қатынастың элементерінің көп немесе аз болуы олардың өмірін қалыпты бағыттан айырады және өмір қызығың байқатпайды. Тұлға аралық қарым-қатынастың ахуалын жасөспірімдердің өздері жасайды. Өздерінің мінез-құлқымен, әдеттерімен, қарым-қатынастыңқалыпты элементтерін бұзады. Бірақ сондай-ақ жасөспрім өзіне лайықты, ыңғайлы болатың қарым-қатынас ахуалын жасап, өзінің ттұлғалық дамуына пайдалана алады.

Жасөспірімдер омірлерінде болып жатқан кұрделі құбылыстарды түсіну үшін жақсылық және жамандық категорияларын пайдаланады. Бағалап ойланатың бұл тәсіл сәтсіздік болғанына байланысты кінәлілерді іздеп, оларды қатыгездікпен жазалауға итермелейді.

Көпнесе қарым-қатынастан қанағат алмайтын жасөспірімдерде екі негізгі феномен байқалады:даужанжал және ботенсіну.

Даужанжал-жасөспірімдер арасында жиі кездесетін контакт формасы. Бұл форма көптеген сипатта болуы мүмкін, Кейбір жағдайларда даужанжал тек күресте көрінеді, яғни қарсыласын жену болады. Оның мысалы ретіңде, жала жабу, қудалау, сәтсіздікке ұшырауға жағдай жасау т. с. с. болуы мүмкін. Басқа формалары күресшілер немесе боксерлар жекпежегіне ұқсайды-бұл жағдайдағы жасөспірімнің ең негізгі мақсаты өзінің үстемдігің қөрсету болып табылады. Кейде негізгі мақсат ретінде басқа құрбы-құрдастарына билік ету, немесе оларды өз пайдасына жұмсау болып табылады.

Жасөспірімдердің арасындағы даужанжалдын құрлымды және бағалы жақтары болуы мүмкін. Мысалы ол интелектуалды даужанжал болатын болса-пайдалы болуы мүмкін. Кейбір даужанжалдар жасөспірімдердің бір-біріне деген көз қарастарын, қатынастарын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Жасөспірімдер арасындағы даужанжал формасындағы қарым-қатынас, олардың арасындағы индивидуалдық айырмашылықтарына байланысты пайда болады.

Даужанжал бағыт-бағдарынын, сезімдерінің, мақсаттарының, жүріс-тұрыстарының және ойлау тәсілдерінің сәйкессіздік нәтижесі болады.

Әрине өмір болғаннан кейіндаужанжал, түсініспеушілік, қайшылықсыз болмайды. Жиі жағдайда жасөспірімдерғе әсер ететің даужанжанжалдың өзі емес, сол жағдайдағы кейбір мінез-құлық формалары : қорқыныш, қастандық, кекшілдік. Егер осы үайымдар қарқынды және ұзақ болытын болса жасөспірімде өзің-өзі қорғау реакциясы пайда болып, оның жеке тұлға ретінде қалыптасу құрлымына сініп, ойлау бағытын әрекеттірің және сезімдерін жағымсыз бұрмалауға келтіруі мүмкін.

Қорқыныштың, қастандықтың, кекшілдіктің жағымсыз салдары өсыған ұшыраған жасөспірімнің қоршаған адамдарына да зияның тигізуі мүмкін тнемеседаужанжал, қорқыныш арасында өскен жасөспірім болашақта, сол тәрьие тәсілін өз жанұясында пайдалануы мүмкін.

Қорғану реакциясы қорқыныш сезіміне реакция ретінде мінез кұлықтын әр түрлі формасында көрінуі мүмкін. кейде қорыққанынан жасөспірім қорқатын адамдарының көзіне көрінбес үшін «кішкентфй және байқалмайтындай» болуға тырысады.

Жасөспірімдер осындай стилге үйреніпқалғандықтан, бағындырған адам жоқ болса да өзін солай үстауы мүмкін.

Қорғанудын сипатына қарай басқа формасы керісінше шабуыл жасауға, қауып төндіретің нысананы жоюға тырысады. Басқалардан қауып төнбес үшінадамдарды өзіне бағындыратын немесе қатан бақылауды үстануға бейім болатын жасөспірімдерде кездеседі. Мұндай реакция жаман ойменорындалмайды, Осылай жасайтың жасөспірімдерөздерін қауыпсыыздықта сезіну үшін үстанады. Өзінің қорқынышын немесе қауыпты сезімді женудінтағы бір тәсілі- ойын және біреуді басқарунегіздерін игеру арқылы қарсыласын қашықтықта үстауға ьоладыҚорғану және жабылу реакциясынаүнемі дайын болуқарсыласты шатастыруға әкелетін «маска» «костюмдерді»ауыстыруды талап етеді. Бірақ жасөспірім бұл тәсілдіжиі қолдана берсе өзінің шынайы кім екенің түсінбей қалады.

Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға - бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену - индивидтің әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Жасөспірімдердің қоршаған ортамен байланысы өте күрделі: оның қолынан әлі көп нәросе келмейді, бірақ ол өзінен де, басқалардан да талап ету деңгейі өте жоғары. Жасөспірімнің жеке тұлға ретінде дамуыда көптеген факторлар маңызды орын алады: ол ата-анасы, құрбы достары, мектеп, мемлекеттің экономикалық жағдайы, жанұясындағы оған деген, ата-анасының бір-бірімен қарым-қатынасы. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.

Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.

Жасөспірімдер өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады.

Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор.

Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жасөспірімтің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады.

Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік - белгілі бағалы бағдардың және жасөспірімтің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз.

Зерттеу мақсаты : жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың психологиялық

ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу нысаны : жасөспірімдер арасындағы даужанжал.

Зерттеу пәні : жасөспірімдердің арасындағы даужанжалдың пайда

болуының психологиялық ерекшеліктері.

Гипотеза : егер жасөспірімдер арасындағы даужанжал жағдайын зерттеуде

түрлі психологиялық әдістерді дұрыс бағытта пайдаланатын болсақ, онда

даужанжалдың туындау ерекшеліктерін анықтап, жанжалдың болмауына

ықпал ете аламыз.

Зерттеу міндеттері :

  1. жасөспірімдік жаста даужанжал ерекшеліктерін қарастыру;
  2. жасөспірімдер арасындағы даужанжал жағдайын зерттеуде

түрлі психологиялық әдістерді дұрыс бағытта пайдалану;

3. даужанжалдың туындау ерекшеліктерін анықтау және оның болмауына

ықпал етуді анықтау;

4. даужанжал жағдайына психологиялық сипаттама беру.

Зерттеу әдістері:

  • психология ғылымының принциптері мен категориялық аппаратты қолданумен байланысты зерттеу мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық шығу тегінің жалпыламасы мен сараптамасы;
  • әсер ететін топтық әдістерге, сондай-ақ нәтижесін белгілеп алуға бағытталған белгілеу және бақылау эксперименттер;
  • эмпирикалық берілгендердің сандық және сапалық талдауын жасау әдістері.

Жұмыстың теориялық және практикалық мағынасы - жасөспірімтің әлеуметтенуіне әсер ететін топтық әдістерден анықталған мәселелермен байланысты теориялық шығу тегін жүйелеуге тырысып көру. Бізде өңделген материалдарды жалпы білім беру мектептерінің оқу процесінде, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар үшін әдістемелік ұсыныстар ретінде қолдануға болады.

Зерттеу базасы: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектеп.

Жұмыстың көлемі және құрылымы - дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, бөлім бойынша тұжырымдардан, қорытынды әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Зерттеу процедуралары мен кезеңдері:

Бірінші кезең - зерттелініп жатқан мәселе бойынша маңызды психологиялық-педагогикалық қорытындыларды жасап және маңызды ережелердің сараптамасы қарастырылды.

Екінші кезең - жасөспірімдер арасындағы жанжалдың пайда болу жағдайын психодиагностика әдістері арқылы эмпирикалық материалдарды жинақтау, эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезең - эксперименталды зерттеулердің мазмұнын, мәліметтерді өңдеу, эмпирикалық материалдарды интерпретациялау жұмыстары жүргізілді.

Диплом жұмысы үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ι Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың теориялық

негіздері

1. 1 Даужанжалдың тұлғаның әлеуметтенуіне тигізетін әсері

Қазіргі таңда қарым-қатынас мәселесі өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қарым-қатынастың психологиялық сәттілігі мен тұрақтылығына негізделе отырып, болашақ ұрпақтың тәрбиесі, мәдени және рухани мұраларын қалдыру, олардың қылмысқа бармауымен күреседі. Қарым-қатынас «қоғам» жүйесінің бөлігі ретінда айырықша психологиялық жүйе ретінде қалыптасады, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының қайнар көзі болған және болып қала береді. Қарым-қатынасты жүйелік ықпал көзқарастарында қалыптастыра отырып, ол жерде өтіп жатқандарды бір мезетте оның ерекшелігін, шағын топ және әлеуметтік талдауға мүмкіншілік береді. Дәл осы жерде «қарым-қатынас» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Жасөспірім қатынастары саласындағы әлеуметтік қозғалыстар отбасылық және мектеп өмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді.

Қарым-қатынас психологиясы мен тұлға-аралық әрекеттестік саласындағы психологтар көптеген тенденциялармен, тұлға аралық қатынастардың модельдерін тудыратын көптеген теориялық талдауларды жасөспірім қатынастарының психологиясын ұғыну өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Жасөспірім қарым-қатынастарының психологиялық мәселесі адамның өмірлік және тұлғалық идеологиясының жүзеге асырылу, жанұя құрылымының пайда болу мен мектеп өмірінің маңызы мен мақсатын жүзеге асыру тұрғысында пайда болды. Мектептік өмір адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді. [5]

Қарым-қатынас жасау - адамның өте маңызды, аса жауапты ісі. Қарым-қатынас адамға бақыт, толық мәнді тыныс -тіршілік әкеледі.

Қарым-қатынас психологиясы ортақ тұрмыспен өзара моральды жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде қарым-қатынас қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Қарым-қатынас арқылы эмоциялар ауысып, адам әрекетінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Қазіргі таңда тиімді қарым-қатынас жасауға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ.

Қарым-қатынас жасаудың маңызды факторларының бірі- жасөспірімтердің өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жасөспірімтердің тұлғалық әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, өзіндік әрекетіне байсалды қарауында, жолдастарымен психологиялық ахуалды дұрыс орната алғанда, жанұясының барлық мүшелерін және олармен қарым-қатынасты құрметтегенінде білінеді.

Жасөспірім кезеңдегі бала біріншіден интеллигенттікті таңдайды, ал бұл өте жоғары адамгершілік қасиеттерінің кешені, бұған ақылдылық, сезімталдылық, такт, сыртқы және ішкі мәдениет кіреді. Екіншіден құрбыларына дос ретінде қарау, ата-анасына қамқорлықпен қарау. Үшіншіден, оқу іс-әрекеті барысында ерік-жігер, еңбекқорлық, жауапкершілік сезімі, жан-жақты жетілуге тырысу, келбеттілік, әдемілік. Ал егер жасөспірімтер өз жақындарына мейірімділікті, жұмсақтықты, қайсарлықты, нәзіктікті таңдайды, бірақ, қарым-қатынас қасиеттер де ескеріледі. . [7]

Мектептік өмірге мотивациялық дайындық қарым-қатынасқа түсудегі негізгі түрткі ретінде саналады. Бұл сезім дербестікке дайындық, іс-әрекетте құрылатын жауапкершілік сезімі, балаларда оқу мен тәрбиелеуге дайындықты көрсетеді.

Қарым-қатынас жасауға психологиялық дайындық бұл - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білуі, мектеп өміріне және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасында сау рухани - психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, қарым-қатынастың, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері. Болашақ жастар өскен ортаның атмосферасы, қарым-қатынастың дұрыс құрылудағы дамуына елеулі әсерін тигізеді. Бұл не сәтті, не көптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күйзеліске ұшырауы да мүмкін.

М. И. Лисина қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтады, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашып берді:

- үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;

- үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоционалды рең;

- үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;

- олардың қимыл-қозғалысында үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталдығы. . [2]

Бұл көрсеткіштердің бір тұтастығы баланың іс-әрекетінде, өзінің бейнесін құруға және басқа адаммен қарым-қатынаста қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттері (зат, қажеттілік, мотив, . . . ) қарым-қатынастың анайылылығы және нақты коммуникативті мазмұнымен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен» өзін өзі таниды және бағалайды.

Мұғалім оқушылар көңілін үйлесімділік орын алу үшін пікірлердің сөзбе-сөз сай келуіне емес, баға белгілерінің ұқсастығына, қайсыбір пікірлер үшін қажетті адамгершілік негіздерінің ортақтығына аударуы керек. Осы жайды суреттейтін мысал ретінде проблемалық жағдайды талдауға болады. Ата-ана ұлының (немесе қызының) бірдемеге ренжіп отырғанын байқап қалды делік. Оның біреуі ештеңе сұрамай қоя тұрайық десе, екіншісі керісінше, себебін тезірек сұрап білгенді қалайды. Осы жағдайдың қайсысында үйлесімділік бар, қай жағдайында үйлесімділік жоқ? Психологиялық жағдайы жақсы қарым-қатынас немесе оған керісінше осы жайды шешу үшін оқушылар қандай жолды ұсынар еді? Үйлесімділікке қарама-қарсы құбылыс адамдардың үйлеспеушілігі болып есептеледі. Бұл жағдайда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу қажеттілігі өте тар болады. Адамдардың бір-бірінен оқшаулануы, бір-бірін жатсынуы келіп шығады. Ол орынды сияқты толып көрінетін кез келген себепті (жұмыс, оқу, мамандық арттыру, уақыты сай келмейті демалыс т. б. ) пайдаланып, барлығының мүмкіндігінше бірге азырақ болуға тырысуы түріндегі ашық және сонымен қоса, отбасы мүшелері қатар болғанмен, бас қоспайтын, амалсыздықтан қарым-қатынас жасайтын түрі жасырын кездеседі. Үйлеспеушілік ерегіс, дау жан-жал, қақтығыс, үздіксіз ұрыс-керістен бастап, оқта-текте ыза кернеп, бұрқ еткені болмаса, сырттай сыпайы мінез-құлық көрсету сияқты болып көрінетіндей сипаты жағынан да, оның жарыққа шығу дәрежесі жағынан да біркелкі болмайды. . [6]

Жасөспірімтік кезең 11-15 жастың арасы. Жасөспірім кезең деп отырғанымыз бастауыш сынып кезеңінен едәуір басым, әлі де бала мен үлкендердің екі арасындағы жас. Жасөспірім кезең дене күші мен ақыл ойының есеюі ғана емес, бұл жасөспірімтің өзгелермен қарым-қатынасының тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігінен шешімге келе алуы, қиыншылықтардан бас тартпауы, т. б. жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтік ортасының жемісі.

Оқуға деген ынтасы, ықпалы арта түседі, сонымен қатар ақыл-ой қабілеті дамып, өзінің пікірін дәлелдеу, не өзінің ісіне талдау жасау қабілеті қалыптаса бастайды, сыныптастарымен және мұғалімдерімен достық қарым-қатынасын нығайта түседі. Осы жасында бала өзін-өзі бағалауы артады. Кейбір жасөспірімтер өзінің ауыспалы кезеңіне тез үйреніп қоршаған ортасымен тез қатынасқа түседі. Оларды өмірдің тыныштылығы қуантып, қарым- қатынас жасайтын ортасымен бағалаулары қызықтырады, өздерін жоғарыда көргісі келеді. Жасөспірімтердің біразы мектепте білім алуынан бастап ересектік кезеңге дейін түрлі психологиялық дағдарыстан өтеді. . [8]

Жасөспірім шақтың аса маңызды міндеттері -мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, өмірге деген қызығушылығын арттыру. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінінің сипатына тәуелді. Жасөспірімтік - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының бастау алған кезеңі. Бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік негізінен былайша болады, жткіншектер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін алатын орнын бағалайды.

Жасөспірімтер қарым-қатынасының өзгерілуінің себебі олар жасөспірімтік шақта үлкендермен көбінесе келіспесе, өзінің жасөспірімтік жасында ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын, билікті өзіне ғана беруін қалайды. Ал бала есейген сайын жасөспірім өзінің қатесін сезіп, үлкендермен қарым- қатынасын түзеп, үлкендерге деген қатынасын өзгертеді. Осының нәтижесінде жасөспірім туыстарымен, ата-аналарымен, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен түсінушілігін жойып қатынасын өзгерте бастайды және ата-анамен қатынасын жоғарғы деңгейге қояды.

1. 2 Даужанжалдың феномендері мен механизмдерінің мазмұны

Жасөспірімтік жас - бала ағзасының қайта құрылуы - жыныстық пісіп - жетілумен ерекшеленеді. Бірақ баладағы ағзаның қайта құрылуындағы жыныстық пісіп - жетілу дағдарысты кезеңмен сипатталып, жалпы жасөспірімтік жастағы психикалық және физиологиялық даму қабаттаса жүрмейді. Кейбір балалар жасөспірімтік шаққа ерте іліксе, басқалар жасөспірімтік шаққа кешірек ілігеді, сонымен дағдарысты кезең кейде 11 жаста немесе 13 жаста да көрінеді. Дағдарыс басталысымен, осы кезең бала үшін де, оның жақындары мен үлкендер үшін де қиынға соғады. Сондықтан жасөспірімтік кезең баланың дамуындағы ерекше орын алатын «өтпелі», «бетбұрысты», «қиын» немесе «сыналатын» кезең деген атаулармен бейнеленеді. [10]

Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл - ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, ағзаның, сана - сезімнің, ересектермен және жолдастарымен қарым - қатынасының, олармен әлеуметтік өзара іс - әрекет әдістерінің, мінез - құлыққа, іс - әрекет пен қарым - қатынасқа арқау болатын моральдық - этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жасөспірімтің ересектермен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше өтетіндігінде емес сонымен қатар биологиялық (жыныстық және т. б) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда, жасөспірім тым өзгеше сипатта келеді, мысалы, кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан ересектермен қарым - қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді ересек түрде, яғни тәртіп бұзуға икемді келеді. Осы мәселені анықтауда зерттеушілер арасында талас бар. Дегенімен, психикалық бұл ерекшелігі жасөспірімте әлеуметтік өмірінің өзіндік ерекшелігінен болар. Жасөспірім «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсындар», деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді, ересектерге ұқсап іске ұмтылу болғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай. Басқаша айтқанда, бір жасөспірім істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек. Неліктен бұлай болады? Себебі жасөспірімтің жеке басы дамуындағы аса маңызды фактордың - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым - қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін, жүзеге асыру әрекетін жобалау) бағытталады. [11]

Көптеген шетелдік және кеңестік дәуірдегі психолгтар мен педагогтардың бірқатар жұмыстарында бұл жас көпке созылған талас - тартысты кезең деп аталады. Кейбір ғалымдар бұл кезеңді көрсету үшін «жас дағдарысы» деген терминді енгізді. Бір сыпыра психологтар жасөспірімке «өзін қоршағаннан қол үзу» сыртқы дүниемен келіспеу, түңілушілік және т. б дегенді растайды. Мұндай талқылаулар үшін, әсіресе, дененің дамуындағы кейбір сәйкессіздік негіз болып табылады. Бұл жасөспірімтің қылығына және басқа сыртқы қимыл көріністеріне әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың теориялық негіздері
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Өзін - өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде тануының өзгерісін зерттеу
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету жайлы
Конфликт және оның шешу жолдары
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz