Оңтүстік Қазақстан облысы экспорттық әлеуетінің деңгейін жоғарылату жолдары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

І. Аймақтың экспорттық әлеуетін

дамытудың теориялық негіздері . . . 8

  1. Сыртқы сауда: мәні, маңызы, оның дамуына

әсер ететін факторлар . . . . 8

1. 2 Экспорттық саясатты іске асыру қағидалары мен құралдары . . . 11

1. 3 Халықаралық сауда теориялары . . . . . 17

ІІ. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы экспорттық әлеуетінің деңгейін талдау … . . . … . . . 31

2. 1. Қазақстан Республикасы экспортының қазіргі күй-жайын талдау… . . . . . . 31

2. 2. ОҚО сыртқы сауда айналымының 2005-2006 жылдардағы

жағдайын талдау . . . 47

ІІІ. Оңтүстік Қазақстан облысы экспорттық

әлеуетінің деңгейін жоғарылату жолдары. . . . . 60

3. 1. ОҚО-ның экспорттық әлеуетін мақта-тоқыма кластерін

қалыптыстыру арқылы дамыту . . . . 60

3. 2. Қазақстандағы тоқыма саласының қазіргі

жағдайы мен даму динамикасы . . . 64

Қорытынды . . 69

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 71

Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысы экспорттық әлеуетінің деңгейін жоғарылату жолдары.

Зерттеу жұмысының объектісі - Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық әлеуетін талдау, одан әрі дамыту жолдарын жан-жақты зерделеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде аймақтың экспорттық әлеуетінің даму ерекшеліктерін анықтау, Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы саудасының қазіргі уақыттағы жағдайын талдап, болашақта тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тарау, 7 параграф, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 71 бет

Қысқарған сөздер

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

АӨК - агроөнеркәсіп кешені

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

ЖӨ - жалпы өнім

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ДСҰ - дүниежүзілік сауда ұйымы

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ - акционерлік қоғам

ЕЭА - еркін экономикалық аймақ

ҚҚС - қосылған құн салығы

Кіріспе

Қазір Қазақстан егеменді ел ретінде толық қалыптасқан кезеңде, елдің сыртқы сауда байланыстарын орнықтырып, дамыту, бұл үшін әрбір аймақтың экспорттық әлеуетін тиімді пайдалану көкейтесті мәселеге айналып отыр. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сырқы сауда қатынастарының маңызы зор. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа кезеңдегі басты басымдықтар ретінде елдің экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап көрсетті/ 1 /.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.

Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Сондықтан Қазақстанның жекелеген аймақтарының экспорттық потенциалын жан-жақты зерттеп, дамыту мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл мәселелердің теориялық және тәжирибелік маңызы жоғарыда аталған тақырыпты таңдап алуымыздың негізі болды.

Зерттеу жұмысының объектісі Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық потенциалының қазіргі жағдайы, одан әрі дамыту жолдарын жан-жақты зерделеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде сыртқы сауда операцияларын жүргізу барысында туындайтын мәселелерді, аймақтың экспорттық әлеуетінің даму ерекшеліктерін анықтау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біздің алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:

  • сыртқы сауданы ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерделеу;
  • экспорттық саясатты іске асыру қағидаларын, құралдарын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық әлеуетінің қазіргі уақыттағы жағдайын талдау;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық мүмкіндіктерін анықтау, болашақта дамыту жолдарын ұсыну.

I. Аймақтың экспорттық әлеуетін дамытудың теориялық негіздері.

1. 1 Сыртқы сауда: мәні, маңызы, оның дамуына әсер ететін факторлар.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең

дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ »/ /.

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Халықаралық сауда дегеніміз - дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

  1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
  2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
  3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімінің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  6. сауда - экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
  7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т. б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсер тигізді.

Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттық 3/1 тиген болса, 90 жылдары ол тек қана 8/1 тең болды, Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80-жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Жапония дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелестік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтары, т. б. факторлар ескеріледі.

ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер танылып отыр. Мамандардың болжауы бойынша 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кірді.

1-кесте

Мемлекеттер: Мемлекеттер
Экспортмлрд. долл.:

Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік саудадағы үлесі %: Дүниежүзілік саудадағы үлесі %
Мемлекеттер:

1. АҚШ

2. Алмания

3. Жапония

4. Франция

5. Ұлыбритания

6. Италия

7. Канада

8. Гонконг

9. Голландия

10. Бельгия (Люксембург)

11. Қытай

12. Сингапур

13. Оңтүстік Корея

14. Тайвань

15. Испания

Экспортмлрд. долл.:

512

421

397

236

205

189

165

152

148

131

121

96

96

93

73

Дүниежүзілік саудадағы үлесі %:

12, 3

10, 1

9, 5

5, 7

4, 9

4, 5

4, 0

3, 7

3, 6

3, 1

2, 9

2, 3

2, 3

2, 2

1, 7

Дүниежүзілік экспортта мемлекеттердің үлесі.

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланды.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік »: АҚШ-Батыс Еуропа-Жапония шеңберінде ағылып жатыр / /.

1. 2 Экспорттық саясатты іске асыру қағидалары мен құралдары.

Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.

Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 қағидаға негізделген: еркін сауда және протекционизм.

Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан; ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.

Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.

Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістік фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.

Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.

Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарын таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.

Әлемдік нарықтың динамикалық, өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомотивті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.

Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.

Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс / /.

Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:

-экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;

-кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;

-егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақта қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:

  1. кедендік қорғау;
  2. қаржылық және фискальдік ынталандыру;
  3. қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.

Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастап кешіріп отырған салаларды қорғау; белгілі елде өндірілмейтін тауарларын өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру) .

Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді, не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясаттың басым объектісі болып табылады.

Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерді сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы, экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

Төлем балансының тең болмауы, әкспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.

Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады.

Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемелекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.

Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.

Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар, еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.

Сонымен бірге, сыртқы сауданы реттеу шараларына, арсеналына төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек (2-кесте) . Оларды 8 топқа топтауға болады.

2-кесте

Сыртқы сауданы реттеу шаралары

Тарифтік:
Қаржылық шаралар:
Тарифтік:: - импорттық кедендік тарифтер
Қаржылық шаралар:: - валюталық операцияларды жүргізу ережелері
Тарифтік:: Паратарифтік:
Қаржылық шаралар:: Автоматтық лицензиялау:
Тарифтік::

-баж салықтары;

-импорттық тауарларды енгізу кезінде алынатын төлемдер;

- кедендік жиындар;

- ішкі салықтар;

- мақсатты жиындар.

Қаржылық шаралар:: - тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығаруға арналған құжаттар;
Тарифтік:: Бағаларды бақылау шаралары:
Қаржылық шаралар:: Мемлекеттік монополиялар:
Тарифтік::

-демпингке қарсы;

-компенсациялар;

-импорттық жиындар.

Қаржылық шаралар:: -экспорт пен импортқа монополиялар
Тарифтік:: Сомдық реттеу:
Қаржылық шаралар:: Техникалық шаралар:
Тарифтік:: -квоталар
Қаржылық шаралар::

-стандарттар; сапа нормасы;

-қауіпсіздік нормасы

Саудадағы негізгі ережелер сыртқы сауда ұйымының ережелерімен реттеледі. Осы ұйымының ережелеріне сәйкес сыртқы сауданы реттеу үшін негізгі құрал ретінде кедендік тариф қолданылады. Сыртқы сауда ұйымының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер мүшеліктің қамтамасыз ететін артықшылықтарын қолдана алмайды.

Бұл жағдайларда сауданы реттеудің негізгі болып екі жақты сауда келіссөздері мен келісімдері табылады. Оған өте қолайлы жағдайлар жасау режимі (ҚЖР) кіреді.

Ұлттық жүйедегі саудада қолданылатын ережелерде бір ізділіктің болмауы протекционистік шаралармен анықталған көптеген кедергілерді туындатады. Сыртқы сауданы реттеуде Кедендік ынтымақтастық Кеңесі маңызды рөл атқарады. Бұл Кеңес бірыңғай ережелерді белгілейтін тұжырымдамаларды жасайды.

Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мүшелері болып табылады. Олар реттеудің төмендегідей тәсілін қолданады.

Елдераралық өзгешеліктеріне қарамастан, кедендік тариф құрылымына мыналар кіреді:

- автономдық мөлшерлемелер; бұл мөлшерлемелер елге өте қолайлы жағдайлар режимі (ҚЖР) ұсынылмаған кездерде ғана қолданылады;

- ҚЖР мөлшерлемері;

- дамушы елдердің тауарларына қатысты қолданылатын артықшылығы бар мөлшерлемелер.

Сыртқы сауда ұйымына мүше елдер, сыртқы сауданы реттеу тәжірибесінде шектеуші шаралар блогын қолданады, олар төмендегі ретпен жіктеледі:

- экономикалық мазмұндағы әкімшілік шаралар (тауар тапшылығы, төлем балансының теңсіздігі, өнеркәсіптік саясатқа зияны), сонымен бірге экономикалық емес сипаттағы шаралар;

- субъектілердің өзара келісімдері бойынша экспорт-импортты өз еркімен шектеу;

- әділетсіз бәсекеге қарсы шектеулер немесе шаралар;

- қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында енгізілетін шектеулер.

1. 3 Халықаралық сауда теориялары

Сыртқы сауда себептері мен оның елдің шаруашылық өндірісіндегі орнын түсіндіретін жүйелі экономикалық концепцияны құрастыру әрекеттері Еуропа елдерінің феодальдық ұсақталуын жою кезінде басталған. Жеке феодалдардың жершілдігіне қарсы шыға отырып, Еуропалық мемлекет басшылары күшті әскер мен флоттың көмегімен орталықтандырылған мемлекет құруды қамтамасыз етті; екеуі де (әскер де флотта) сол кезеңде алтын мен күміспен ассоциаланатын толыққанды ақшаны қажет етті.

Металл ақшаға - алтын мен күміске деген қажеттілік сол кездегі үстем экономикалық ілім - меркантилизмнің теоретикалық қалыптасу бағытын анықтады.

Меркантилизим - феодализмнің ыдырауы мен қалыптасуы кезеңіндегі (15 - 18 ғ. ғ. ) сауда буржуазиясының мақсат мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилисттер байлық көзі өндіріс аясы емес айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның - күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шетелге тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.

Меркантилистердің ойынша, мыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады.

Ең жоғары (максималды) пайда алу үшін мемлекеттің араласуы мен сыртқы сауданың үстінен бақылау ұсынылады.

Ғалымдар тарапынан шетелдік тауарларға кедендік жарналарды енгізу және өз тауарлары үшін алты мен күміс алу арқылы экспортты арттыруға және импортты шектеуге бағытталған сауда саясатына қатысты ұсыныстар жасалды. Осылайша, қатаң протекционисттік шаралар қолданылды және сыртқы саудадан түсетін пайда протекционисттік саясат жүргізетін елдің басқа мемлекеттер есебінен алынатын артықшылықтарға ие болумен байланысты болды.

Протекционизм - елге әкелінетін тауарларға жоғары кедендік жарналарды енгізу, сол тауарлардың көлемін шектеу немесе мүлдем тыйым салу арқылы отандық экономиканы шетел бәсекесінен қорғауға және оның дамуын ынталандыруға бағытталған мемлкеттің экономикалық саясаты.

Белгілі бәр мерзімде мателдың нақты көлемі сақталынғандықтан, алтынның көп мөлшеріне ие болу үшін басқа елдердің немесе ұлттардың экспортын шектеу керек болды. Бұл жағдай ұлтшылдықтың дамуына, басқа елдер есебінен пайдаға ұмтылуға және де қайшылықтардың өшіп кетуіне жағдай жасайды.

Біржақты тәртіппен енгізілген импорттық шектеулер халықаралық сауданы қиындатып жібереді.

Мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге бағытталған капиталисттік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды.

Өндірістік төңкерістің және ірі машиналық өндіріске көшу жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметтің қарқынды дамуы ХVІІІ ғасырдың аяғында ғылыми теориялың, ал ХІХ ғасырда Англияның ресми экономикалық саясатының бейнесіндегі «еркін сауда» принципінің пайда болуына әсер етті, яғни меркантилизм фритредерлікке орын берді. Ал фритредерлік көзқарас бойынша, жекелеген ұлттың және жалпы елдердің мұдделерін қанағаттандыратын сауда еркіндігі.

Фритредерліктің негізінде ағылшын саяси экономиясының классиктері А. Смит пен Д. Рикардо жасаған салыстырмалы шығындар теориясы алынған.

А. Смит: «Абсолюттік артықшылықтар» теориясы.

Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұжырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабылетті болса, онда сол тауарды өзіміз шағармай-ақ, шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді»/ /

А. Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жыл) басты идея - ұлттар мен халықтар байлығының негізі еңбек бөлінісі екендігіне салды. Автор келесі қортындыны шығарды: халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі
Алматы облысы обл
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі экономикадағы орны
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz