Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсет


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыстардан» басталады.
Қылмыстық құқық негізгі мәселелердің бірі қылмыстық ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оны осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс- әрекеттің ( әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйде немесе әрексіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ао әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нор ативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Белгілі бір әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласы на жатпайды. .
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға апналған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі. Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп жариялады. 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатері мен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды .
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндіттері. Менің Диломдық жұмысымның мақсаты жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсете отырып олардың түрлеріне тоқталып өту, сөйте отырып бастапқы негіздерді біршама ұғыну болып табылады.
Адам құқықтары саласында қолданыстағы қылмыстық заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқтау қажеттігі туындап отыр.
Құқықтық реформаның негізгі мәселелерінің бірі өлім жазасын қолдануға мораторийді кезең-кезеңімен енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2003 жылғы 10 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдарының кеңесінде өлім жазасын қолдануға мораторий енгізу қажеттігі және өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін арнайы мекеменің құрылысы туралы атап өтті.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады. Сөйте отырып бастапқы негіздерді біршама ұғыну болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше бөлімдерден және қортындыдан, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы ол - адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам өлтіру - бұл ең ауыр қылмыс болып табылады. Біздің ҚК-те “Жеке адамға қарсы қылмыстар” тарауында заң шығарушылар жеке адамға қарсықылмыстар үшін жауаптылық көзделген. Менің Дипломдық жұмысымның мақсаты жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсете отырып олардың түрлеріне, мазмұнын ашуға тоқталып өту. Яғни, мазмұнын ашу дегеніміз-қылмыс құрамына заңдылық талдау жасау болып табылады. Кез келген қылмыс құрамын дұрыс анықтаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мен жұмысымда осыларды саралауға арнап біршама тоқтала кетейін.
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Өмірге қарсы қылмыстар
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК-і бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК-тің 96 бабы) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98 бабы) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 99 бабы) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 100 бабы) ; абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тің, 101 бабы) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК-тің 102 бабы) . Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы, адам өлтірумен байланысты. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тікелей жазылған. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де объектісі адамның өмірі болып табылады. Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры екені белгілі. Адамның өмірі табиғат берген маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Адам өлтіру объектісі - адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т. б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер етпейді.
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған адамның өміріне қастандық жасау мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабы клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа «клиникалық өлім» деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады.
Адамға клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс-әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
Өлтіру, ол - басқа адамның өмірін жою. Өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды.
Жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң болғандығы маңызды емес.
Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т. б. ), психикалық, ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т. б. ) айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Өлтіру тәсілдері әрқилы болып келетінін біз естіп біліп жүрміз. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтіру - заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірілсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге - өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру тірізді әрекеттер жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалмайтынын біледі, соны тілейді - яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса - жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі.
Адам өлтірудің субъектісі (ҚК-тің 96 бабы) - жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі) .
ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру - адам өлтірудің қарапайым деп аталатын түріне жатады. Бұл түрге жазаның жеңілдетілген мән-жайлары да жоқ (ҚК-тің 97, 100 баптары), сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ (96 баптың 2 бөлігі) адам өлтіру жатады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.
Адам өлтірудің 50%-тен астамы ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, сондықтан оның неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Өлтіру тәсілдері әрқилы болып келетінін біз естіп біліп жүрміз. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтіру - заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірілсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге - өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру тірізді әрекеттер жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалмайтынын біледі, соны тілейді - яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса - жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, Адам өлтірудің субъектісі (ҚК-тің 96 бабы) - жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі) .
ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру - адам өлтірудің қарапайым деп аталатын түріне жатады. Бұл түрге жазаның жеңілдетілген мән-жайлары да жоқ (ҚК-тің 97, 100 баптары), сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ (96 баптың 2 бөлігі) адам өлтіру жатады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.
Адам өлтірудің 50%-тен астамы ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, сондықтан оның неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік.
Екі немесе оданда көп адамды өлтіру (ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «а» тармағы) . 1996 жылғы 20желтоқсандағы №11 қаулысымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулыда былай көрсетілген: «ҚК 88-бабы 1-бөлігінің «з» тармақшасы бойынша (екі немесе одан көп адамды қасақана өлтіру) екі немесе одан көп адамды қасақана өлтірген жағдайда саралануға тиіс, егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса және де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғандығы анықталса. Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды өлтіріп, екінші адамға қастандық жасаса, бұл аяқталған қылмыс ретінде- екі немесе одан көп адамды өлтіргендік деп қарастырмайды, себебі - қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалды»
Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК 24-бабы және 96-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша және басқа сараланатын нышандардың болуына қарай ҚК 96-бабының 2-бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек. Ал қылмыскердің бір адамды өлтіру және екінші адамға қастандық жасау әрекетінің қандай кезекпен орындалғандығы қылмысты саралауға әсер етпейді.
Егер қылмысты бірнеше адам орындайтын болып, олар бірнеше адам алдын ала жобалап және озара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысыбасқа адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе, олардың әрқайсысының әрекеті ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша саралануға жатады.
Егер, екі немесе одан көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бұл әрекеттер айыпкердің бір жолғы ойымен жүзеге асырылмаса, онда бұл қылмыстар ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «н» тармағы бойынша бірнеше рет адам өлтіру ретінде сараланады.
Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай өлтірген айыптының әрекетінде бұл қарастырылып отырған қылмыстың құрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы: адам өлтіру немесе абайсызда кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса, бұл іс-әрекетті ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а» және «е» тармақтары бойынша саралау керек.
ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а» тарсағы қолданыла алмайды, егер екі адам өлтірудің біреуі жеңілдетілген мән-жайларда жасалса (ҚК 97-100-баптары) .
Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру ( ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы) . Қылмыстың бұл түрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы (лауазымды немесе басқа адамдар), сондай-ақ кәсіби және қоғамдық борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары болуы мүмкін. Бұл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын заңды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды өлтіру, тергеуде немесе сотта куәген ретінде жауап берген адамды өлтіру.
ҚК 96-бабының 2-бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адам өліміне себеп болған әрекеттердің қашан жасалғандығына мән берілмейді. Жәбірленушінің өз қызметтікміндетін немесе кәсіби не қоғамдық ьорышын атқару кезінде ғана өлтірілуі мүмкін емес.
Айыптының әрекетін осы көрсетілген тармақ бойынша саралау үшін, адам өлтіру сол жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық, не кәсіби борышын өзінің ( туыстарының немесе жақындарының емес) атқаруымен байланысты жүзеге асыруға тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында көрсетілгендей, жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық не кәсіби борышты атқаруына байланысты жасалған қылмысты сараланғанда ауыпталушы өзінің қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын атқарушы адамға қарсы әрекет жасап отырғанын және соған байланысты қылмысқа баратындығын өзінің түйсінетіндігін және жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық борышты атқарудағы қандай заңды әрекеттерді айыптыны қылмыс жасауға итермелегенін анықтау қажет.
Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз- адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы.
Қоғамдық борышты атқару дегеніміз - кез келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез келген басқа әрекеттерді орындау ( қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т. б. ) . 1
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің сот шешімінің немесе өзгедей сот актісінің орындалуына байланысты судьяның, прокурордың, тергеушінің анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не өлтіру) арнаулы норма- ҚК 340- бабы бойынша жауаптылыққа апарады. Құқық қорғау органдарының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануға тиіс.
Жаңа қылмыстық заң бұл құрамға қоғамдық борышпен қатар жаңа нышан- кәсіби борышты енгізген. Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін міндеттер жатады.
Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышын атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. «Жақындар» деген түсінікке тек арғы-бергі туыстар ғана жатпайды, сонымен қатар достық, сүіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т. б. ) адамдар да жатады. Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышты атқарумен байланысты болады, оны өз қызметін атқарудан бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін өш алу мақсатында жасалынады.
Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан жағдайда адам өлтіру.
Адамды ұрлау не адамды кепілге алу оқиғаларының көбейюі, дәрменсіз жағдайдағы адамға қастандық жасау фактсіне қоғамдық басқа көзбен қарауы, бұл жайларды адам өлтірудің саралаушы нышандары ретінде саралауға негіз болады,
Адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз - адамның физиологиялық немесе басқадай себептермен ( әлі жас, қартайған, ауру, кеміс: соқыр, керең, ақсақ, шолақ, т. б. ) қылмыскерге жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтіредің бұл түріне ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір себептермен есінен танған адамды өлтіру де жатады. Бұл жағдайда жәбірленушінің дәрменсіз екені айыптыға белгілі болуы тиіс.
әбірленушінің дәрменсіз жағдайы айыпкердің әрекетінің салдарынан да, онсыз да болмауы мүмкін. Ұрланған немесе кепілге алынған адамды өлтірудің осы қарастырылған нышанмен ұқсастығы бар, сондықтан олар 96-баптың 2-бөлігінің бір тармағына біріктірілген. Ұрланған немесе кепілге алынған адам да дәрменсіз болады. Мұндай адамды өлтіру ҚК 96-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы бойынша және 125-бап немесе 234-бап бойынша сараланады.
ҚК 96-баптың 2-бөлігінің осы қарастырылып отырған тармағы қалданылғанда жәбірленушінің ұрланған кезде немесе бірқатар уақыт өткеннен кейін қаза болғандығы ескерілмейді. ҚК 96-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы ұрланған немесе кепілге алынған адамның өлтіргендігін ғана емес, сонымен қатар адамды ұрлауға тнемесе кепілге алуға байланысты басқа адамдарды өлтіргендігін де қамтиды (мысалы, кепілді босатуға тырысқан немесе ұрлауға кедергі келтіргенадамды өлтіру) .
Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру (ҚК 96-бабының «г» тармағы) .
Бұл қылмыс үшін жауаптылықтың қатаң болу себебі сонда- мұндай жағдайда қылмыскер тек әйелді ғана өлтіріп қоймайды, бойына жан біткен, бірақ әлі өмірге келмеген ұрпақты да өлтіреді [15, Б. 39]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz