«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Адамдарды саудаға салу қылмысының жеке адамға қарсы қылмыстар тарауындағы орны ... ..19

2 Адамды саудаға салу қылмысының қылмыстық.құқықтық сипаттамасы
2.1 Адамды саудаға салудың объектісі және объективті жағы ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Адамды саудаға салудың субъектісі және субъективті жағы ... ... ... ... ... ... .33

3 Адамды саудаға салудың халықаралық мәні және онымен күресу жолдары
3.1 Адамдарды саудаға салуға қарсы әрекетінің қылмыстық.құқықтық саясатын қалыптастырудың концептуалдық негіздері ... ... 41
3.2 Адамды саудаға салумен күресудің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... 49


Қорытынды ... ... ... ... ... ... .65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... 70.72
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1].
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі – қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды сату үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды сату құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
1. ҚР Конституциясы
2. ҚР Қылмыстық кодексі
3. ҚР Жоғарғы сотының Пленумының № 11 «Азаматтардың өмірі және денсаулығына қарсы қолсалушылық үшін жауапкершілікті реттейтін заңдылықты соттардың қолдануы жөнінде» қаулысы
4. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 23 желтоқсан 1994 жылғы № 7 қаулысы
5. Шеденова Н. Неравенство на рынке труда как основа дискриминации трудовых мигрантов: гендерный аспект // Бюджет, миграция, насилие, семья и СМИ в контексте гендерной политики (Материалы IV международной конференции «Гендерная политика в Евразии: на пути формирования современной политической культуры равенства», Алматы, 26-27 ноября 2007 г.) Алматы, 2008. С. 91
6. Аким Алматы предлагает на законодательном уровне решать вопросы внутренней миграции республики. Интерфакс-Казахстан, 12 февраля 2008 //
7. Тимофеенко Л.А. Проблемы наркотрафика // Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и перспективы. Алматы: КИСИ, 2008. С. 67.
8. Адам сатылады. Арзан / Жас қазақ, 28 наурыз, 2008
9. Жас қыздарды ұрлап сататын кімдер? / Айқын, 19 маусым, 2008
10. Құл иеленушілер құрыған жоқ/ Айқын, 1 қараша, 2007
11. Шорманбаева А. Анализ законодательства Республики Казахстан в области трудлвой миграции и противодействия торговле людьми // Бюджет, миграция, насилие, семья и СМИ в контексте гендерной политики (Материалы IV международной конференции «Гендерная политика в Евразии: на пути формирования современной политической культуры равенства», Алматы, 26-27 ноября 2007 г.) Алматы, 2008. С. 100
12. В Казахстане потребность в дополнительной рабочей силе к 2015 году превысит 1 млн. человек - прогноз. Интерфакс-Казахстан, 11 июня 2007
13. Выгодный бартер / Литер, 6 сентября 2007.
14. Гастарбайтерлер «гастрольде» жур // Алтын орда, 16 сауір. 2003 ж.
15. Материалы служб органов внутренних дел, Комитет административной полиции. Круглый стол на тему: «Нелегальная миграция в Центральной Азии в условиях глобали-зации
16. Абышева X. Джакупов М. Трудовая миграция и противодействие торговле людьми: проблемы и перспективы // Бюджет, миграция, насилие, семья и СМИ в контексте гендерной политики (Материалы IV международной конференции «Гендерная политика в Евразии: на пути формирования современной политической культуры равенства», Алматы, 26-27 ноября 2007 г.) Алматы, 2008. С. 82
17. Соглашение между правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики и Правительством Республики Узбекистан по созданию правовых, экономических и организационных условий для свободного перемещения рабочей силы. Бишкек, 14 марта 1997
18. Киргизия просит Казахстан содействовать организованному трудоустройству у него своих граждан / Интерфакс-Казахстан, 7 июня 2007
19. Ушаков М.И. Уголовная ответственность//М., 2001, С. 221
20. Соташение об образовании Консультативного совета по труду, миграции и социальной защите населения государств-участников Содружества Независимых Государств. Москва, 13 ноября 1992 г.; Соглашение о сотрудничестве в области трудовой миграции и социальной защиты трудящихся-мигрантов. Москва, 15 апреля 1994 г.; Декларация о согласованной миграционной политике стран СНГ, принята 5 октября 2007, г. Душанбе // 2007-10/06/соntеnt_500997. һіt
21. Мажилис РК: Круглый стол «О ходе реализации Концепции миграционной политики Республики Казахстан на 2007-2015» , С. 321
22. Қазақстан Республикасының гендерлік теңдікті 2005-2015 жылдары іске асырудың Тұжырымдамасы
23. беляев А.Е. О роли Учебного центра подготовки специалистов по борьбе с нелегальной миграцией и торговле людьми в подготовке квалифицированных кадров ОВД РК // Сборник материалов научно-практической конференции по вопросам правоприменительной практики в области противодействия торговле людьми. Алматы, 2007. С. 258
24. Борчашвили И.Ш. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по российскому праву. М., 1994. С. 179
25. Уголовная ответственность за детоубийство. М.:ВЮЗИ, 1984.– 116 с.
26. Загородников Н.И. Квалификация отдельных видов тяжких преступлений. Учебное пособие. //Г.Б.Витенберг. –Иркутск: изд-во ун-та, 1994.
27. Рустемова Г.Р. Медико-правовые проблемы трансплантации органов и тканей человека. Алматы: Санат, 1998. – 128с.
28. Сафронов В.Н., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации половых преступлений. Волгоград, 1984.
29. Саматова Г.Б. Схемы по особенной части уголовного права Республики Казахстан. Преступления против личности. Алматы, 2003.– 89с.
30. Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни, здоровья, свободы и достоинства личности. Ереван, 1990.
31. Ткаченко В.И. Преступления против личности. М.:ВЮЗИ, 1981. – 78с.
Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник. Алматы, 2003. – 792с.
32. Абдрашит А. Ответственность за чужое здоровье: О понятии умышленного причинения тяжкого вреда здоровью по уголовному законодательству Республики Казахстан. //Мир закона.–2002.-№10.–С.33-37.
33. Ахметова Е. К вопросу о причинении вреда в состоянии аффекта. //Мир закона.–2004.- №3.–С.15-16.
34. Беляева Н., Орешкина Т. Квалификация преступлений, посягающих на личную свободу человека // Законность. -1994. -№ 11. -С. 14-19.
35. Богданович С. Преступления против половой свободы женщин. //Правовая реформа в Казахстане.-1998.-№2.–С.20-27.
36. Бриллиантов А.В. О некоторых проблемах квалификации убийства. //Российский следователь.–2000.-№4.–С.22-24.
37. Габбасов Н. Квалификация убийства матерью новорожденного ребенка. //Фемида.– 2002.-№11.–С.59-61.
38. Гаухман Л., Максимов С., Сауляк С. Об ответственности за захват заложников и похищение человека //Законность. 1994. -№ 9.- С. 43-46.
39. Каиржанов А. Квалификация признаков убийства по найму. //Закон и время.– 1999.-№2.
40. Лысов М. Ответственность за незаконное лишение свободы, похищение человека и захват заложников // Российская юстиция. 1994.- № 5.- С.40-41.
41. Бекмагаметов А.Б.
42. Нагашыбай Н. Убийство матерью новорожденного ребенка. //Закон и время.–2004.-№7.–С.47-48.
43. О жертвах насилия. //Мир закона.–2000.-№4.–С.28-29.
44. Преступления против личности. //Юридические консультации.–2004.-№2. С.21-27; 2004.-№6.–С.21-27.
45. Расторопов С. Содержание субъективной стороны преступлений против здоровья человека. //Законность.–2004.-№2.–С.56-57.
46. Рахметов С.М. Изнасилование: вопросы квалификации. //Право и государство.–2000.-№1-2.–С.56-58.
47. Сарсенбаев Т. Беспомощное состояние как квалифицирующее обстоятельство убийства. //Правовая реформа в Казахстане.–2002.-№1.–С.41-47; 2002.-№3.–С.32-38.
48. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық//Алматы-2007, 123 б.
49. Скобликов П. Критерии добровольности освобождения похищенного и заложника. //Законность.–2002.-№7.-С.14-17.
50. Тлеукенов Н. Субъективная сторона похищения человека. //Тураби.–2000.-№4.-С.14-19.
51. Шишков С. Установление «внезапно возникшего сильного душевного волнения (аффекта)». //Законность.-2002.-№11.-С.24-28.

Диплом жұмысының тақырыбы: Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық –
құқықтық және криминологиялық проблемалары

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Адамдарды саудаға салу қылмысының жеке адамға қарсы қылмыстар
тарауындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .19

2 Адамды саудаға салу қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2.1 Адамды саудаға салудың объектісі және объективті
жағы ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Адамды саудаға салудың субъектісі және субъективті
жағы ... ... ... ... ... ... .33

3 Адамды саудаға салудың халықаралық мәні және онымен күресу жолдары
3.1 Адамдарды саудаға салуға қарсы әрекетінің қылмыстық-құқықтық саясатын
қалыптастырудың концептуалдық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..41
3.2 Адамды саудаға салумен күресудің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .70-72

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін
демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары[1].
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары
әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық
және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды
қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың
конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең
үлкен зиян тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі –
қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды сату үшін қылмыстық
жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық ережелерді
қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін
елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді.
Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты
нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды сату
құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті
болып табылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. 1961 жылғы Қаз ССР ҚК-іне қарағанда бұл ҚР
ҚК-інде Жеке адамға қарсы қылмыстар бірінші тұр, Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімі содан басталады[2].
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып
табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық
нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және
басқа да құқықтарының Казақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-
жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген
Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның
12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Конституцияның II бөлімі адам және азамат, оның құқығы,
бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың
кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге
көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар
теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және
азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси
құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға
Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда
жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап) [3].
Адам құқықтарын және бостандықтарының сақталуына бақылауды және
қорғауды жүзеге асыратын маңызды институттардың бірі үкіметтік емес
құқықтарын қорғау ұйымдары болып табылады. Қазақстанда қоғамдық
сектордың бастапқы құрылуы 90 жылдардың басына келеді, яғни бұл кез
мемлекеттің өмірінде экономикалық және қоғамдық — саяси
реформаның болып жатуымен сипатталады. Тәуелсіздікті алғаннан бері
Қазақстанның үкіметтік емес секторын қалыптасу және
ұйымдастыру процестерін өтті. Қазір олар қызметтің 30-ға
жуық бағыттарын қамтиды, құрамында тұрақты негізде 35 мыңға жуық
адам, қызмет жасайды, уақытша негізде 50 мың адам, консультант, сарапшы
қызметтерін атқарады, ал ерікті негізде - 100 мың өз еркімен
қатысушылар жұмыс жасайды. Қазақстанда 3,5 мың әр түрлі үкіметтік емес
құқық қорғау органдары тіркелеген.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары құқықтың ерекше саласы
болып табылады. Өйткені оның құрамында адамзаттың ортақ өмір сүруіне
қажетті құндылықтар: өмір сүру бостандықтары жеке автономия және т.б.
жинақталған. Бұл құндылықтар адам құқықтарында өзінің нормативті жағынан
бекітілген және құқықтық құралдарымен институт арқылы қамтамасыз етілген.
Қазақстан әлемдік реформа бағытымен дами отырып адам құқығын ең жоғары
құндылық ретінде жариялады және бұл салада халықаралық стандарттарға
сүйенеді.
ҚР адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында
ұлттық заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы
адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем
стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына,
ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-
әрекеттер жеке адамға карсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар
жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, занды
құқықтары мен бостандығына қауіп тенеді. Мұндай қылмыстардың тектік
(түрлік) объектісі — жеке адам, ал тікелей объектісі — оның өмірі,
денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті. Қылмыстың тікелей объектісіне
байланысты бұл тарауды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Өмірге қарсы қылмыстар (КК-тін. 96-102 баптары);
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК-тін. 103-111, 114-116 баптары);
3. Өмірге және денсаулыққа кауіп төндіретін қылмыстар (ҚК-тін 112,
113, 117-119 баптары);
4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы
қылмыстар (КК-тін 120-124 баптары);
5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК-
тің 125-128 баптары);
6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы
қылмыстық-құқықтық қылмыстар (ҚК-тің 129, 130 баптары).
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға
кепілдік береді (29-бап). Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір
нысаны — денсаулыққа, қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі
тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық КҚ-тің 110-111-баптарында
көзделген.
Диплом жұмысының мақсаты. Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық
– құқықтық және криминологиялық проблемаларын зерттеу.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2006 жылдың 2 наурыз айында
заңмен енгізілген толықтырулар және өзгертулермен қоса Ерекше бөлімнің 1-
тарауының 128-бабында адамды саудаға салғандық үшін жауаптылық көздейді.
Осы баптың диспозициясында: "Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге
де мәмілелер жасау, сол сияқты оны пайдалану не азғырып көндіру, тасу,
беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау"-
дейді. Бірінші бөлігінің санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз
бес жылға дейінге мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл
қылмыстың дәрежеленген және ерекше дәрежеленген түрлері көзделген.
Ал, ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің 133-бабымен кәмелетке толмағандарды
саудаға салғандық үшін жауаптылық көзделген. Заң шығарушының бергенінде
аталған екі норма аралас құрамды. Оларды бір бірінен ажыратып тұрған тек
қылмыстардың тектік немесе топтық объектілері мен жәбірленушілердің жас
белгілері. Әрине заңшығарушы 133-баппен көзделген қылмыстың
жәбірленушісінің жас шамасына қарай дәрменсіз болатындығын ескере отырып,
тағайындалатын жазалардың мөлшерін 128-бапқа қарағанда біршама қаталырақ
белгілеген. Мысалы, ҚК-ң 133-6. 1-бөлігінің санкциясы бойынша мүлкі
тәркіленіп не онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Сондықтан, кәмелетке толмағандарды
саудаға салу қылмысы адамды саудаға салу қылмысына қарағанда санатына қарай
ауырырақ.
Тұлғаның ар-ожданы және қадір қасиетіне қарсы қылмыстар тобын жала жабу
және қорлау сынды екі құрам құрайды. Оларды оқыту барысында ҚР-ның Жоғарғы
сотының Пленумы 1992 жылы 18 желтоқсанда қабылдаған №6 18. 06. 2004 жылы
өзгертулер енгізілген №10 нормативтік Жеке тұлға және заңды тұлғаның ар
ожданы, қадір-қасиеті және іскерлік репутациясын қорғау жөніндегі
заңдылықтарды қолданудың сот тәжірибесі жөніндегі қаулысымен танысу қажет.

Зерттеудің практикалық маңызы. Адамды саудаға салу қылмысы нақты
статистикалық мәліметтер ала алмадық. Бірақ жалпы қылмыстың Республика
көлемінде жасалғаны бойынша мәлімет алдық. Ол соңғы жеті жылдың ішінде
мынадай денгейде болды. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының
құқықтық статистика және ақпарат орталығының 2007-2013 жылдарындағы қылмыс
денгейінің деректері келесідей. 126433 (2007 ж.), 125950 (2008 ж.), 119690
(2009 ж.), 129323 (2010ж.), 205131 (2011ж.), 284897 (2012ж.), 356952
(2013ж.). Әрине бұл жерде жалпы қылмыс санының өсуі байқалады.
Диплом жұмысының міндеттері. Жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер
қарастырылды:
- адамды саудаға салу қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы;
- адамды саудаға салумен күресудің құқықтық негіздері
- адамды саудаға салудың халықаралық мәні және онымен күресу жолдары
т.б. мәселелерді зерттеу барысында тақырыптың мәнін ашу.
Зерттеу деңгейі. Қазақстан Республикасы Конституциясының адамның өмірі,
құқықтары мен бостандығы туралы баптары, Қазақ ССР-і және Қазақстан
Республикасы қылмыстық заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің
шешілуіне өз үлесін қосқан ғалымдар З.О.Ашитов, Н.М.Абдиров, А.Н.Ағыбаев,
Қ.Ә.Бәкішев, Б.М.Жүнісов, Г.М.Мұқашев, И.И.Рогов, А.А.Смағұлов және т.б.
ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.
Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексіне байланысты қылмыс міндеттемелерінің
қылмыстық-құқықтық мәселелеріне арналған Л.М.Вайсберг, У.С.Жекебаев,
Р.Н.Судакованың ғылыми еңбектері бар.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:
Адамдарды сату, оны құлдыққа салумен күрес бүгінгі құқық қорғау
органдарының басты қызметі. Әрине, біздің жерімізде мұндай ауыр қылмыстар
әзірге орын алған жоқ, оның бетін әрі қылсын. Алайда сақтықта қорлық жоқ
деген қағиданы есте ұстауымыз керек. Мұндай әрекеттермен әрбір азамат
белсене күресуі, құқық қорғау органдарына көмекші болуы тиіс.
Диплом жұмысын қорыта келе, мынадай ұсыныстар жасағым келеді:
- Адамдарды сату, оны құлдыққа салумен күрес бүгінгі құқық қорғау
органдарының ең бірінші қатал да өзекті мәселесі болуға тиіс;
- Әрбір адам өз құқығын қорғауға тырысу керек;
- Елімізде адамдарды сату проблемасын мәңгілікке жоғалту керек;
Адам сатумен айналысқан адамдарға өте қатал жаза беру керек.
Берілген дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қазақстандық және
ресейлік авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасы, мерзімдік басылымдардан алынған материалдар құрады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлім және қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі

Қазақстанның жаңа ҚК Ерекше бөлімінің жүйесі Жеке тұлғаға қарсы
қылмыстар тарауынан басталады. Осыдан ҚР Конституциясымен бекітілген басты
құндылықтар адам және азаматтық жеке тұлғасы екенін көреміз[4].
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар деп адамның өмірі, денсаулығы, жыныстық
бостандық, жыныстық қолсұғушылық, жеке бостандығы, ар-ожданы мен қадір
қасиетіне қарсы жасалған қоғамға қауіпті әрекеттерді айтамыз. Бұндай
қылмыстар жасалынуы нәтижесінде адамға мәнді зардап келтіріледі немесе оның
өмірі, денсаулығы, заңды құқықтары мен бостандықтарына зардап келтіру қаупі
туындайды.
Аталған қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі болып жеке тұлға,
тікелей объектісі болып жеке тұлғаның өмірі, денсаулығы, бостандығы, ар-
ожданы табылады.
Тікелей объектісіне қарай, тарауды келесі топтарға бөлуге болады:
1.     Адам өміріне қарсы қылмыстар (96-102 б. ҚК);
2.     Денсаулыққа қарсы қылмыстар (103-111, 115, 116 б. 2, 3, 4 б.
ҚК);
3.     Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (112-114, 116 б.
1 б. , 117-119 ҚК);
4.     Жыныстық қолсұғылмаушылық, жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
(120-124 б. ҚК);
5.     Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстар (125-128 б. ҚК);
6.     Адамның қадір-қасиеті, ар-ожданына қарсы қылмыстар (129, 130 б.
ҚК).
Адам өміріне қарсы қылмыстар ішінен үш түрлі қылмыстарды – кісі өлтіру
(ҚР ҚК 96-100 бб. ), абайсызда қаза келтіру (ҚР ҚҚ 101 б. ) және өзін өзі
өлтіру қаліне жеткізу.  Өз ішінде адам өлтіру қарапайым өлтіру (ҚР ҚК 96 б.
1 б. ); жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (ҚР ҚК 97-100 бб. );
ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (ҚР ҚК 96 б. 2 б.  а дан н
тармағына дейін).
Адам өміріне қарсы қылмыстарды зерттеу барысында 23 желтоқсан 1994 ж.
ҚР Жоғарғы сотының Пленумының № 11 Азаматтардың өмірі және денсаулығына
қарсы  қолсалушылық үшін жауапкершілікті реттейтін заңдылықты соттардың
қолдануы жөнінде қаулысы мен танысу қажет[3]. Онда қарапайым адам өлтіру,
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтіру мен байланысты
көптеген сұрақтарға түсіндірмелер жоғырланған.
Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы ең ауыр қылмыс. ҚК 96 б.  1 бөлімі
адам өлтіру – басқа адамға қарсы қасақана қаза келтіру деп аныќтайды.
Адам өлтірудің объектісі – азаматтығы, ұлттық, нәсілдік ерекшелігі,
шыққан тегі, жасы, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, денсаулығы, білімі, ақылына
тәуелсіз кез-келген адамның өмірі. Қылмыстық заң кісі өлтіру деп тек қана
басќа адамның өміріне жәбірленушінің еркінен тыс қасақана қаза келтіру
жағдайы емес, оның келісімімен өлтірілген (фатаназия) жағдайын да
жатқызады. Жәбірленушінің тұлғасына қатысты қате адам өлтіру үшін
жауапкершілікке әсерін тигізеді.
Адам өлтіру әрі іс-әрекет, әрі әрекетсіздік арқылы жасалады – Адам
өміріне қаза келтіру физикалық (жарақат келтіру, буындыру, улау т. б. )
және психикалық (қорқыту, үркіту, лақап ақпарат тарату ж. т. б. ) түрде
кездеседі.
Адам өлтіру кінәнің қасақаналық түрімен сипатталады. Кісі өлтірудің
субъектісі (ҚР ҚК 96 б. ) 14 жасқа толған (ҚР ҚК 15 б.  2 б. ) есі дұрыс
жеке адам. Өмірге қарсы басқа қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16
жастан басталады.
Жеңілдетілген мән-жайлардағы кісі өлтіру анасының жаңа туған сәбиін
өлтіруі, аяқ астынан пайда болған күшті жан күйзелісі жағдайында кісі
өлтіру (аффект), қажетті қорғану шегінен асып кету жағдайында кісі өлтіру,
қылмыс жасаған адамды ұстау үшін  қажетті шаралардың шегінен асып кісі
өлтіру.
Кісі өлтірудің ауырлататын мән-жайларын төрт топқа бөлуге болады, әр
қайсысы қылмыс құрамының жеке элементін құрайды.
1. Қолсұғушылықтың объектісін сипаттайнын ауырлататын мән-жайлар:
-         екі немесе оданда көп адамдарды өлтіру;
-         адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруы не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды не оның жақындарын өлтіру;
-         дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол
сияқты адам ұрлау және адамды кепілге алумен ұстасқан;
-         жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру.
2.  Қолсұғушылықтың объективтік жағын сипаттайтын ауырлататын мән-
жайлар:
-         аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру;
-         көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру.
3.  Қылмыстың субъектісін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар;
-         адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы
немесе ұйымдасқан топ арқылы жасалған кісі  өлтіру;
-         ҚР ҚК 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда
бұрын адам өлтірген адамның жасаған адам өлтіруі.
4. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар:
-         пайда табу мақсатымен сол сияқты жалданып қарақшылық,
қорқытып алушылық, бандитизммен өш асқан кісі өлтіру;
-         бұзақылық ниетте адам өлтіру;
-         басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен
жасалған, сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш ќолдану
әрекетімен ұштасқан;
-         әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық
не қанды кек себебімен адам өлтіру;
-         жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін пайдалану мақсатымен
жасалған адам өлтіру.
ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 23 желтоқсан 1994 жылғы № 7 қаулысында[4]
адам өлтірудің жеке саралаушы белгілері орын таппаған, себебі олар заңның
жаңалығы боп табылады, ал кейбіреуін заң шығарушы саралаушы белгілер
қатарынан алып тастаған, олардың өзектілігі – тек тарихи сипатта.
Абайсызда жаза келтіру (ҚК 101 б.) қылмыстық менмендік немесе қылмыстық
немқұрайлылықпен сипатталады. Бұл қылмыс құрамын кінәлінің әрекетінің
субъективтік бағытының ерекшелігіне қарай, жанама қасақаналықпен жасалған,
қос кінәлікпен жасалған кісі өлтіруден ажырата білу керек. ҚК 101 б.  2 б. 
ауырлататын мән-жай екі немесе одан да көп адамға абайсызда қаза келтіруді
білдіреді.
Өзін өзі өлтіру халіне жеткізудің міндетті шарты қатыгез қарау,
қорқыту, адамдық қасиетін ұдайы қорлау, кінәлінің әрекеті мен
жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру арасындағы себептік байланыстан басқа,
жәбірленушінің өлімі. Қылмыс өлім туындаудан басқа, оған оқталу болған
уаќытта да аяќталған деп есептеледі. Өзін-өзі өлтіруге жеткізудің саралаушы
белгісі жәбірленушінің кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте
болуы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің түрлері,
азаптау, сөз ауруларын жұқтыру, ИВТЖҚТБ жұқтыру.  Денсаулық сақтау істері
бойынша ҚР Агентігі № 226 бұйрығымен  11 наурыз 2001 жылы бекітілген
денсаулыққа зиян келтірудің ауырлығын бағғалаудың сот – дәрігерлік
Ережелеріне сәйкес адамның денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығы үш
дәрежеге ауыр, орташа ауырлықтағы жеңіл деп бөлінеді.
Жалпы және кәсіби еңбек қабілетін, оның тұрақтылығын жоғалту дәрежесі
де маңызды. Бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуынан тұратын
денсаулыққа келтірілген зиянды анықтау кезінде эстетикалыќ ескеріледі.
Кінәсінің нысаны бойынша денсаулыққа зиян келтіру қасақана әрі
абайсызда жасалады.
Денсаулыққа қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру,
денсаулыққа ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз зиян келтіру;
денсаулыққа ауырлататын мән-жайларда зиян келтіру; денсаулыққа жеңілдететін
мән-жайларда зиян келтіру болып бөлінеді.
09. 12. 2004 ж. ҚР Заңы бойынша ҚР ҚК 106 б. ұрып-соғу; ҚР ҚК 111 б. 
3 б. абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықта, зиян келтіру алынып
тасталған, 108 б.  аффект  жағдайында зиян келтіру; 115 б. Соз ауруларын
жұқтыру жаңа редакцияда жасақталды, ҚР 108 б.  бойынша жауапкершілік аффект
жағдайында жасалған денсаулыққа зиян келтіру, тек ауыр зиян келтірілгені
үшін жауапкершілікті көздейді, сүз ауруларын жұқтыру үшін (115 б. ҚК) ауыр
зардапқа әкеп соқса және екі немесе одан да көп адамға әрі көрінеу
кәмілетке толмағандарға қатысты жасалса жауапқа тартылады.
Тұлғаның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар:
- қорқыту (ҚК 112 б. );
- ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе
тінін алуға мәжбүр ету (ҚК 113 б. );
- медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (ҚК
114 б. );
- адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ) жұқтыру (ҚК 116 б. 1б) ;
- заңсыз аборт жасау (ҚК 117 б. );
- науқасқа көмек көрсетпеу (ҚК 118 б. ); 
- қауіпті жағдайда қалдыру (ҚК 119 б. )[5, 166 б.].
Өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты
адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетумен не мүлікті өртеп құртамын деп,
жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту үшін жауапкершілік
бұл қорқытудың іске асатындығына ќауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар
екендігі кезінде туындайды.
ҚК 113 б. ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын
немесе тінін алуға, күш көрсете отырып не күш көрсетемін деп қорқыта отырып
жасалған мәжбүр ету үшін жауапкершілікті көздейді. Ауырлататын мән-жайлар:
кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу немесе кінәліге материалдық
немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты, көрінеу кәмелетке толмағанға
қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты, абайсызда донордың қайтыс
болуы немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайлары.
ҚК 114 б.  бойынша кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал
қарамауының салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы егер бұл
әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соққан жағдайда медициналық қызметкер
жауапкершілікке тартылады, сонымен қатар ҚК 114 б,  2 б.  бойынша
денсаулыққа ауыр зиян келтірілсе және ҚК 114 б. 3 б. денсаулыққа орташа
ауырлықтағы зиян келтірсе жауапкершілікке тартылады.
ҚК 116 б. 1б. объективтік жағы жұқтыру тәсіліне тәуелсіз басќа адамды
АИВЖҚТБ-ны жұқтыру қаупінде қалдырудан тұрады.
ҚК 117 б. түрлі констуктивті белгілерден тұрады:  тиісті бағдардағы
жоғары медициналық білімі жеќе адамның аборт жасау (1 б);  тиісті
бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасауы (2 б);
заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның заңсыз аборт жасауы
(3б); тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның сол сияќты
мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы, егер бұл әрекет абайсызда
жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса
(4 б).
Науқасқа көмек көрсетпеу және ќауіпті жағдайда қалдыру қылмыстарының
құрамын қарастыру барысында қылмыс субъектісі ауыруларға және ќауіпті
жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті және көмек көрсету
мүмкіндігіне ие болған адам екеніне көңіл бөлу қажет[6, 47 б.].
ҚК 118 жєне 119 бб 2 б. көзделген зардаптардың туындауына кінәлінің
субъективтік қатысы кінәнің абайсыздық нысанынан көрінуі керек.
Адамның жыныстық қолсұғылмаушылығы және жыныстық бостандығына қарсы
қылмыстар жеке тұлғаның жыныстық бостандығы және жыныстық қолсұғылмаушылығы
қарсы күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар (ҚК 120, 121, 123 бб) және күш
қолданылмайтын жыныстық қылмыстар (122, 124 бб. ) деп екіге бөлінеді.
Зорлау (ҚК 120 б) деп, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш
қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз
күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа тосу танылады.
Бұл қылмыстардың белгілеріне түсіну үшін 1993 жылы 23 сәуірде
қабылданған ҚР Жоғарғы Сот Пленумының №1 Зорлау қылмысы үшін
жауапкершілікті реттейтін заңдылықтарды соттардың қолдануы тәжірибесі
жөніндегі қаулысы мен танысу керек.
Зорлаудың сараланған түрлері: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан
адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау, өлтіремін деп қорқытумен
ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса
қатыгездікпен жасалған зорлау, жәбірленушінің сүз ауруын жұқтырып алуына
әкеп соқса, бірнеше рет немесе бұрын кәсіп құмарлық сипаттағы зорлау
әрекеттерін жасаған адам жасаған зорлау, көрінеу кәмелетке толмаѓан адамды
зорлау, абайсызда адамның (жәбірленушінің) өліміне әкеп соқтырған зорлау,
абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИВЖҚТБ-ны
жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жәбірленушінің
үш төрт жасқа толмауын көрінеу біле тұрып зорлауы, қоғамдық зілзала
жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған
зорлау.
ҚК 121 б. объективтік жағы зорлауға ұқсас жолмен еркек пен еркектің,
әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі немесе басқа да нәпсілік
әрекеттерді сипаттайды. ҚК 120 б. мен 121 б. сараланѓан белгілері ұқсас.
Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына,
әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсілік сипаттаѓы өзге
де іс-әрекеттерге мәжбүр ету адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүмкін
бүлдіру немесе тартып алу жасымен не жәбірленушінің материалдық немесе өзге
тәуелділігін пайдалану арқылы жасалынады (ҚК 123 б. ). Ал ҚК 122 бабы
жәбірленушінің келісімімен нәсілік сипаттағы күш колдайтын әрекеттерді
жасағаны үшін жауапкершілікті көздейді. Бұл қылмыстың міндетті шарты қылмыс
субъектісінің аталған әрекеттерді 16 жасқа толмағандарға қатысты жүзеге
асырып жатырғанынан хабардар болуы тиіс.
Жас балаларды азғындату (ҚК 124 б) 14 жасқа толмағандарды жыныстық
құмарлыққа итермелеуден тұратын түрлі интеллектуалды және физикалық
әрекеттер боп табылады[7, 89 б.].
Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстар қатарына адам ұрлау (ҚК 125
б); бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б); психиатриялық стационарға
заңсыз орналастыру (ҚК 127 б); адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіруді
(ҚК 128 б) жатқызамыз.
Адам ұрлау  жәбірленушіні ұстап алу, оны өзінің үйреншікті микро
ортасынан оқшаулау. үнемі немесе уақытша өмір сүріп жатырған орнынан басқа
орынға ауыстыру, еркінен тыс ұстап отыру дан тұрады. Адамды ұстап алған
уақытынан және оны ең болмаса уақытша басқа орына ауыстырған уаќыттан
бастап қылмыс аяқталған болып есептеледі.
Адамды ұрлаудыњ сараланған түрлері ҚК 125 б.  2, 3 б. көзделгендей:
алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, бірнеше мәрте, адам өмірі мен
денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған, қару мен қару ретінде
пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған, кәмелетке толмағандығы көрінеу
анық адамға қатысты жасалған, кінәліге жүктілік жағдайындағы екендігі анық
әйелге қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты, пайдакүнемдік ниетте
жасалған, ұйымдасқан топ жасаған, ұрланған адамды нәсіпқұммарлық немесе
өзге пайдалану мақсатында жасалған, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе
өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау.
ҚК 125 б. ескертуінде ұрланған адамды өз еркімен босатқаны үшін
қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы шарты келтірілген.
Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б) дегеніміз жәбірленушіні өз
еркімен кеңістікте, уақыт аралығында қозғалу мүмкіндігінен айыру, мысалы:
жайға қамап қою, байлап тастау т. б.
Адамды бас бостандығынан айыру заңсыз және ұрлаумен байланыссыз болуы
керек. Қарастырылып отырған қылмыстың сараланған және ерекше сараланған
түрлерінің белгілері адам ұрлаудың сараланған түрлерінің белгілеріне ұқсас.

ҚК 127 б.  адамды психиатриялық стационарда заңсыз орналастыру немесе,
онда заңсыз ұстау үшін жауапкершілік тағайындалған. Бұл қылмыстың
объективті жағының мазмұнын түсіну үшін 16 сәуір 1997жылы ќабылданған №96
Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтарының
кепілдігі жөнінде ҚР Заңымен танысу керек.
ҚР ҚК 127 б.  2 б.  бойынша дәл сол әрекеттер, егер пайдакүнемдік
ниетпен жасалса, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, абайсызда
жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса сараланады.
Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сонымен қатар оларды
тасымалдау әрі транзит үшін жауапкершілік ҚК 128 бабында көзделген (09. 07.
2003 ж. ҚР Заңы бойынша). Қолсұғушылықтың объективті жағы адамдарды алдау
жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-
көндіру деп (1 б); саны мен қатар адамдарды Қазақстан террриториясынан тыс
жаққа әкету және оларды бір шет мемлекеттен ҚР территориясы арқылы
көшіруден (3 б) тұрады.
Саралаушы белгілері алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған
әрекеттер, көрінеу кәмелетке толмағандығы белгілі адамға қатысты жасалған,
ұйымдасқан топ жасаған, азғырып-көндірілген адамдарды Қазақстан
территоиясының шегінен тыс жерлерге әкету мақсатында жасалуы[8, 123 б.].
Тұлғаның ар-ожданы және қадір қасиетіне қарсы қылмыстар тобын жала жабу
және қорлау сынды екі құрам құрайды. Оларды оқыту барысында ҚР-ның Жоғарғы
сотының Пленумы 1992 жылы 18 желтоқсанда қабылдаған №6 18. 06. 2004 жылы
өзгертулер енгізілген №10 нормативтік Жеке тұлға және заңды тұлғаның ар
ожданы, қадір-қасиеті және іскерлік репутациясын қорғау жөніндегі
заңдылықтарды қолданудың сот тәжірибесі жөніндегі қаулысымен танысу қажет.

Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан
келтіретін немесе оның іскерлік беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер
тарату (ҚК 129 б).  ҚР ҚК 129 б.  2 б. көпшілік алдында сөз сөйлегенде не
көпшілікке таратылатын шығармада не бұқаралық ақпарат құралдарында жал
жабудың сараланған түріне жауапкершілік тағайындайды. 3 бөлімі сыбайлас
жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаудан тұратын жала
жабуды сипаттайды (25. 09. 2003 ж. ҚР Заңы негізінде).
Қорлаудың (ҚК 130 б) объективтік жағы адамның ар-намысын, қадір-
қасиетін әдепсіз түрде кемсітуден турады. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде
не көпшілікке таратылатын шығармада не бұќаралық ақпарат құралдарының
көмегімен қорлау бұл таптың 2 б.  бойынша сараланады[9, 56 б.].

1.2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық
бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны
жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс ұғымы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: Осы
кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс
деп танылады.
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де,
әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі
адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды.
Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық
жасауға алып келмейді.
Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты
қауіп төндіреді.
2. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл
қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық
кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
3. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана
немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
4. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде
қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау
және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде
қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің
түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын,
келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті
жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында,
үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып
негіздеулері тиіс.
Қоғамдық ортада адамның жеке басына қарсы қылмыстар кең тарауда
Қазіргі таңда, бұрынғы жылдарға қарағанда жеке басқа қол сұғушылық, соған
байланысты адам өлтіру, адам өлтіру, соз ауруын жұқтыру, ұрып - соғу,
науқасқа көмек көрсетпеу, заңсыз аборт жасау, зорлау сияқты, адамның
өмірімен денсаулығана төнетін қауіп - қатерлер саны көбейіп кетті. Осы
орайда Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына сәйкес, Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылдың 1 - қантарынан бастап заңды
күшіне енді.
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айра алмайды. Сондықтанда заңдар мен
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы оның жасаған
қылмысына қарай анықталады[10, 156 б.].
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар және адамның құқықтары мен
бостандықтары бұзылған жағдайда заңды түрде қорғалады. Ешкімнің өз бетінше
адам өмірін қиюға қақысы жоқ.
Өлім жазасы тек, ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде
есептеледі. Осындай әрекеттердің көбею себебінен „Адамның жеке басына
қарсы қылмыстар” қоғамда ерекше орын болып отыр. Бір адамның қылмыс жасауы
арқылы бірнеше адамның құқықтары бұзылады. Ал, бұл жалғыз адамның басына
байланысты мәселе болғанымен мемлекеттің болашақ ұрпағына үлкен әсерін
тигізетіні рас.
Қазіргі таңда ақпараттық-бұқаралық технологияның дамуына байланысты
әртүрлі бейне фильмдердің көрсетілуіне байланысты кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің де қылмысы үлкен орын алуда. Сонымен қатар бұрын біздің
елімізде болмаған түрлі аурулар қатары күннен күнге өршіп, тіпті өлімге
дейін апарып жатыр.
Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтары конституциялық
құрлысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын,
халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана
және тек заң актілерімен шектеледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 - бабы адам, оның өмірі
құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. Бұрынғы Қаз
ССР Қылмыстық Кодексіне қарағанда бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Жеке адамға қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі
содан басталады[1].
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына,
ар намысы мен қадір қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс -
әректтер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар
жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды
құқықтарымен бостандығына қауіп төнеді . Осындай қылмыстардың тектік
обьектісі-адамның жеке басы, ал тікелей обьектісі - оның өмірі, денсаулығы,
ар - намысы қадыр қасиетті.
Жаңағы қылмыстың тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауды мынандай
топтарға бөлуге болады:
1. Қылмыстық кодексінің 96 - 102 баптарында өмірге қарсы қылмытар
туралы көрсетілген.
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар қылмыстық кодекстің 103 - 111 - 114
- 116 баптарында көзделген
4. Өмірге және денсаулыққа қаіп төндіретін қылмыстар Қылмыстық
кодекстің 112 – 113 – 117 - 119 баптарында көрсетілген.
1. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы
қылмыстар. Қылмыстық кодекс 120 – 124 баптарында көрсетілген
2. Қылмыстық кодексінде 125 - 128 баптарында адамның және азаматтың
жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар көрсетілген.
3. Адамның және азаматтың арнамысы мен қадір - қасиетіне қарсы
қылмыстар Қылмыстық Кодексінің 129 - 130 баптарында көрсетілген.
Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар заң шығарушы жеке адамға
қарсықылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда
қоғамаға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық - құқықтық нышандарға
нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін
қылмыстық жаза түрі қарастырылған[11, 258 б.].
Сонымен, адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына,
бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған
қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға карсы қылмыстар деп танылады. Мұндай
қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне,
денсаулығына, занды құқықтары мен бостандығына қауіп тенеді. Мұндай
қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі — жеке адам, ал тікелей объектісі —
оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті. Қылмыстың тікелей
объектісіне байланысты бұл тарауды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Өмірге қарсы қылмыстар (КК-тің 96-102 баптары);
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК-тін. 103-111, 114-116 баптары);
3. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (ҚК-тін 112,
113, 117-119 баптары);
4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы
қылмыстар (КК-тін 120-124 баптары);
5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК-
тін 125-128 баптары);
6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы
қылмыстық-құқықтық қылмыстар (ҚК-тің 129, 130 баптары).
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға
кепілдік береді (29-бап). Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір
нысаны - денсаулыққа, қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі
тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық КҚ-тің 110-111-баптарында
көзделген.
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-
медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті
1998 жылғы 41 мамырда бекіткен Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-
медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК-і бойынша өмірге
қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
- адам өлтіру (КК-тін 96 бабы);
- жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (КК-тің 97 бабы);
- жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98 бабы);
- қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тін 99
бабы);
- қылмыс жасған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу
кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тін 100 бабы);
- абайсызда кісі өлтіру (К.К-тін 101 бабы);
- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК-тің 102 бабы).
Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы, адам
өлтірумен байланысты.
Қылмыстық құқықтың 96 – бабында адам өлтіру туралы мәселе қаралады.
(КК-тің 96 бабы)
Адам өлтіру — жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры. ҚК-тің 96
бабының бірінші бөлігі, адам өлтіру дегеніміз — басқа адамға құқыққа карсы
қасақана қаза келтіру деп анықтама береді. Адамның өмірі табиғат берген,
маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Адам өлтіру объектісі — адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына
және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен
айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т.б. байланысты емес.
Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның
келісімімен каза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады.
Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу каса-қана адам өлтіргендік үшін
жауаптылыққа әсер етпейді[12, 233 б.].
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін
оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Қылмыстық – құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне
дейінгі аралықта өмір бар деп саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған
адамның өміріне қастандық жасау мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам
пайда болған кез-ден бастап өмір басталды деп есептейді. Бірақ қылмыстық
заң ғылымында көптеген ғалымдар өмір адам туылғаннан кейін басталады деген
пікір айтады. Физиологиялық тууға дейін баланы өлтіріп түсіру, егер оған
медициналык негіз болмаса, криминалдық абортқа жатады.
Қылмыстық заңда адамның өлген көзі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабы
клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған
кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа клиникалық өлім деген түсінік бар,
бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады. қазіргі медицина тоқтап қалған
жүректі бірнеше сағаттан кейін қайта жүргізе алатындай немесе оны баска
жүрекпен ауыстыратындай дәрежеге жетті. Мұндай жағдайда өмірді қайта
қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Жүрек тоқтағаннан кейін бас миының қабы 4-7
минут еткен сон өледі, бұл жағдайда адамды тірілту мүмкін емес.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды
саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау
кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын,
ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен
сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық
процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау
қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді
келтіре отырып негіздеулері тиіс.
Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға
алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін,
қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын,
сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде
адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе
ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және
жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау,
олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының екінші
бөлігіне (бұдан әрі- ҚК) сәйкес, бір ниетпен әрекет еткен, осыған орай
қылмыс жасау процесіне тікелей өздері қатысқан (қылмыстың объективтік жағын
орындаған) не жасына, ақыл-есі дұрыс еместігіне немесе ҚК көзделген басқа
да жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа
да адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған, сондай-ақ тетіктер мен
жануарлардың көмегімен қылмыс жасаған адамдарды қылмыстың орындаушылары деп
тану керек. Олардың әрекеттері қылмыс жасағаны үшін жауаптылық көздейтін
тиісті баптың бөлігі (тармақтары) бойынша саралануға жатады[2].
Заңға сәйкес ұйымдастырушы, көмектесуші, қылмысқа айдап салушы деп
танылған басқа қатысушылардың әрекеттері, егер олар бір мезгілде осы
қылмыстың қоса орындаушысы болып табылмаса, ҚК 28-бабына сілтеме жасала
отырып, орындаушы жасаған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бап бойынша
саралануы қажет.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де,
жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық
субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан
қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің
ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және
нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және
белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі
өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-
болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-
болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардың
кедергі болғанын анықтау қажет.
Осыған байланысты, ҚК 96-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде
кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа
қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын
ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша
қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.
Адам өлтіруді ҚК 96-бабы 2-бөлігінің а) тармағы бойынша саралауға
кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға қаза келтіру ниеті негіз болып
табылады. Осындай жағдайларда екі және одан да көп адамды өлтіру, әдетте,
қысқа аралық мерзім ішінде бір немесе бірнеше іс-әрекетпен жасалады және
кінәлінің екі және одан да көп адамға қаза келтіру туралы ниетін
растайды[2].
Кінәлінің ниеті екі және одан көп адам өлтіруге бағытталған кезде,
қылмыстық ниеттің нәтижесі - бірнеше адамның өлімі қылмыс субъектісінің
еркіне байланысты емес жағдайлар бойынша туындамаса, бір адамды өлтіру және
басқа адамды өлтіруге оқталғандық жасау - екі адамды өлтірген - аяқталған
қылмыс ретінде қаралуы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған адам
өлтіру бойынша кінәлінің әрекеті ҚК 24-бабының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы
Есірткіге қарсы күрес
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Пәндер