Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс - әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Психология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: КОНТРАКТІЛІ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ ЖЕМІСТІ БОЛУЫНА МІНЕЗ

АКЦЕНТУАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КОНТРАКТІЛІ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖЕМІСТІ БОЛУЫНА МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА АНАЛИЗДЕУ

1. 1 Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері

. 1 1. 2 Контарктілі қызметтегі әскери қызметкерлердің тұлғасына жалпы түсінік.

1. 3 Мінез акцентуациясы және акцентуациясы бар тұлға 42

2 КОНТРАКТІЛІ ҚЫЗМЕТТЕГІӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖЕМІСТІ БОЛУЫНА МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2. 1 Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс- әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсерін зерттеу

әдістемелері мен процедурасы

2. 2 Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс- әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсерін эксперименталды зерттеу нәтижелері

Қ0РЫТЫНДЫ 62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

ТІРКЕМЕ А Барлық қолданылған әдістемелердің жалпыланған матрицасы

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп көрсетеді. [1, С2-5] .

«Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз - аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамассыз ету» (Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Әрбір әскердің кәсіби іс-әрекеті біздің Қарулы Күштер болашағына жауапты. Сондықтан Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады. Ел басымыздың 28 ақпандағы 2007 жылғы соңғы халыққа берген «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстан Қарулы Күшіне зор үлесін қосатындығын айқын көрсетіп айтып кетті. [1, С 7] .

Ал 20 мамыр 2007 жылы Қазақстан Қарулы Күшіміздің министірі Даниял Ахметов Кенжетаевич өз сөзінде Қарулы Күштерімізді нығайтатынын, әскерлердің жалақысын, баспанасымен қамтамассыз ететіндігі туралы сөз қозғады. Қарулы Күштеріміздің санын көбейтумен, сапасын да арттыратынын айтты. [2, С10] .

Соңғы уақытта Қарулы Күштер қатарына психологтардың жұмысына деген қажеттілік туған. 2007 жылдан бастап психологтарға штаттар ашылып, өз жұмыстарын жүргізу үстінде.

Отан қорғаушы, әлеуметтік рольді орындаушы болып табылады. Сонымен тұлғаның бейімделу ерекшелігі кәсіби іс-әрекетіне бейімделу зор ықпалын тигізеді. Әскерлердің тез бейімделінуіне өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан тұлғаның ерекшеліктерін дамытып, қандай жағдай болмасын тығырықтан шыға алатындай деңгейге жеткізу керек. [2, С11] .

Осыған орай, әрбір әскердің кәсіби іс-әрекеті біздің Қарулы Күштер болашағына жауапты. Сондықтан Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады. Сондықтанда Қазақстан Республикасына, өзіміздің Отанымызды психолог ретінде әскерлердің кәсіби іс- әрекетінің жемісті болуына өз үлесімізді қосайық. [2, С14] .

Зерттеу тақырыбы: контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсері

Зерттеу пәні: контрактілі қызметтегі әскерлердің мінез акцентуациясының әсері

Зерттеу мақсаты : контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі: контрактілі қызметтегі әскерлердің мінез акцентуациясы

Зерттеу болжамы: контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез- акцентуациясы негативті түрде әсер етеді.

Зерттеу міндеттері:

1) контрактілі қызметтегі әскерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез акценуациясының әсеріне байланысты ғылыми психологиялық әдебиеттер мен басылымдарды қарастыру;

2) әскери қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетімен танысып, олардың кәсіби іс- әрекеттерінің ерекшеліктерімен танысу;

3) әскерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясы қаншалықты әсер ететіндігін эксперименталды жолмен анықтау, яғни әдістерді таңдап және экспериментті өткізу жерін таңдау;

4) әскерлердің кәсіби іс-әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясы қаншалықты әсер ететіндігі туралы эмпирикалық зерттеуді анализдеп, қорытындылау;

Зерттеу әдістері :

1) Шмишек- Леонгард әдістемесі;

2) Арнайы сауалнама, КНБ РК Әскери институтында өңделген;

3) Эксперттік бағалау әдісі. Әксперт- бөлімше командирі;

Сараптама базасы :

Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласында Жаңа-Ахмирова кентінде орналасқан әскери бөлімше - Ә/Б 27943

Экспериментке 45 адам қатысты. Оның 4- і әйел адамдар. Әскери орында 5-10 жыл қызмет еткендер.

Зерттеу жұмысы: 28 сәуірден 15 мамыр аралықтарында өткізілді.

1 КОНТРАКТІЛІ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖЕМІСТІ БОЛУЫНА МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА АНАЛИЗДЕУ

1. 1 Контрактілі қызметтегі әскерлердің кәсіби іс- әрекетінің ерекшеліктері

Әскерлер туралы Қазақстан Республикасының Заңында 20 наурыз 2001 жыл №167-2 бекітілді. Бұл заң қоғамдық қарым-қатынасты, яғни келісім-шарт бойынша әскерлердің қызметін өтеуі және ұйымды реттеу, екі жақты келісімді, міндет жауапкершілікті өзара орнату. [2, С15] .

1 бап. Контракт бойынша қызметін өтеп жүрген әскерлер-Қазақстан Республикасының азаматтары, олар өз еркімен Қорғаныс күштеріне әскери қызметтікке түскен азаматтар. Республикалық бюджет арқылы еңбек ақысы төленеді. [1, С5] .

Контракт-екі жақтың өзара міндетін және жауапкершілігін орнату (әскери қызметке түсуші азаматтар, мемлекеттік жүйеде қызмет атқарушылар), ұжым қызығушылығы үшін, және әскери қызметті келісім-шарт бойынша өтеу.

5 бап. Контракт бойынша қызмет ететін әскерлердің түрі.

Контракт бойынша қызмет ететін әскерлер келесі түрге бөлінеді:

1 ) офицерлік құрам қызметі;

2 ) прапорщик және мичман қызметі;

3) әскери жоғары оқу мекемісіндегі курсанттар;

4 ) сарбаз, матрос, сержант және старшин қызметі;

Өтем ақы - кәсіби жағдайдың күн тәртібі үшін, әскери адамға зиян келтіру, яғни денсаулығына, әскери қызметін өтегенде зиян келсе, ақшалай өтем ақы төленеді.

Қызмет жағдайы - төлем жағдайы, әскери адам еңбегін қорғау, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, тұрмыстық жағдайы жәнеде келісім-шарт бойынша жасалған жағдайлар. [2, С12] .

Контракт бойынша қызмет ететін әскерлерге жалпы түсінік Әскерлердің кәсіби іс-әрекеті. Адамның ең басты ерекшелігі, ол еңбек ете Еңбектің қай түрі болмасын іс-әрекет болып табылады.

Іс-әрекет- субъектінің өмірмен динамикалық жүйе әрекетінде байланысты, сол үрдістің барысында объектіде психикалық бейненің пайда болуы болады. Және субъект қоршаған ортаның шындық қатынасымен танысады. Тіпті біраз іс-әрекеттің өзі субъектілік әрекеттің көрінісі болып табылады. Ол дегеніміз субъектінің әртүрлі іс- әрекеті әрекет қорытындысы болады. Ол берілген қорытындының себебін және ықпалын көрсетеді. [3, С147] .

Адам іс-әрекетін тудырушы себептің бірі- мотив.

Мотив - ішкі және сыртқы жағдайдың жиынтығы. Субъектінің бағыттылығын анықтайды. Яғни бағыттылықтың мақсаты және міндеті.

Мақсат - адам іс-әрекетінің бағыттылығынан туған саналы қорытынды бейнесі. Мақсат қандайда да бір зат, көрініс немесе нақты әрекет болуы мүмкін. [3; С145]

Міндет - іс-әрекет мақсатының нақты жағдайының көрсеткіші, оны нақты іс-әрекет арқылы шешуге болады. Қандайда болмасын міндеттің мақсаты бар. Сол мақсатқа жету керек. Міндет мақсатқа жетелеп, адамды итермелеп отыпады. Мысалы: қандайда бір маман болу үшін, сол пәннің теориясын білу керек, біліми мәселелерді шешу керек, содан бірақ алған білімді тәжірибиеде қолдану керек. Содан бірақ оны нақты білімді маман деп айтуға болады. Қазіргі адам іс-әрекеті әркелкі. Оны біршама бөліп қарастырудың өзі біршама жұмыс. Яғни әр адамның қажеттілігі әртүрлі. Ол адам индивидуалды ерекшелігіне сай келеді. Сонда қаншама адамдар болса, соншама қажеттілік және соған сәйкес іс-әрекеттер де көп. Бірақ басты әрекетті бөліп көрсетуге болады. Ол жалпы қажеттілікке сай келеді. Ол дегеніміз- әлеуметтік адам іс-әрекеті. Оған: қарым-қатынас, ойын, оқу, еңбек. [4, С85] .

Қарым-қатынас - адамның индивидуалды түрде дамуында пайда болатын үрдіс. Іс-әрекеттің ең басты түрі. Одан кейін ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттері. Осылардың бәрі адамды индивидуалды түрде интеллектуалдығын, тұлғасын дамытады. Қарым-қатынасты іс-әрекет деп айтуының себебі, қарым-қатынасқа түскен екі адамның арасындағы информация. Екі адам арасындағы өзара келісімділік, бір-біріне деген қамқорлық, оқу-тәрбие ықпалы қарым-қатынасқа тікелей немесе жанама, вербалды және вербалды емес түрде болады. [4, С87] .

Тікелей қарым-қатынаста адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Вербалды және вербалды емес информациямен бөлісе алады және қарым-қатынас барысында қосымша құралдарды қолданбайды. Ал тікелей емес қарым-қатынаста адамдар арасында тура байланыс жоқ. Информациямен басқа адамдар арқылы бөліседі немесе жазу және жаңғырту информациясы арқылы іске асады.

Ойын - іс-әрекеттің ең ерекше түрі. Ойын іс-әрекеттің мінезі демалу мақсаты болып табылады. Ойын жүйке психикасы разрядка алу үшін қажет. Ол адам қажеттілігінің туындауынан болады. [4, С90] .

Оқу - білім, дағды, біліктілікті жинау болып табылады. Ол арнайы білім орнында немесе жол жөнекей қалыптасуы да мүмкін. [4, С95] .

Үлкендерде оқу іс-әрекеті өзін-өзі оқытудан туындайды. Адам іс-әрекетінің ең басты және маңыздысы ол еңбек. Еңбек арқылы адам адам болады. Адам еңбек арқылы қоғам орнатты, материалдық, рухани мәдениетті өрбітті, өмір жағдайын жандандырып, болашаққа жаңа жол аштыртты. Қазіргі таңда еңбек іс-әрекетінің түрі өте көп. Қоғамның дамуына сай, еңбек іс-әрекетінің түрі де көбейді. Еңбек іс-әрекетінің мәні оның қоғамда қаншалықты маңыздылығында. Осы көзқарастармен әскери-кәсіби іс-әрекетінің өзі ең басты болып табылады. Ең бастысы әскери-кәсіби іс-әрекетті қарастырмас бұрын, адам іс-әрекеті күрделі және көп қырды құбылыс. Іс-әрекеттің іске асуына адам иерархиялық құрылымның барлық түрі енгізілген: психикалық, физиологиялық және әлеуметтік. Ең басты іс-әрекеттің ұйымына, психикалық процесс, ерік, зейін, ойлау, ес, қабылдау жатады. Бірақта іс-әрекет - ол тек психикалық сфера емес және ол физиологиялық болып табылады. Және де іс-әрекет әлеуметтік сферамен де байланысты, себебі адамның қағамда өз орнын таба алуы, оның саналы іс-әрекетінің пайда болуынан туады. Отандық психологияда іс-әрекет теория позициясы бойынша адам іс-әрекет құрылымның құрылымы зерттелінді. Бұл совет заманында құрылып, ол орталық психологиялық теория және елу жыл көлемінде дамыды. Бұл теория Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин және тағы басқа аттарымен тығыз байланыста. Бұл теорияның ерекшелігі диалектикалық материализм принципіне сүйенген. Яғни сана іс-әрекеті анықталмайды, керісінше адамның іс-әрекеті оның санасын анықтайды деп аталған. Бұл теория позициясы бойынша, адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымнан тұрады. Ол бірнеше деңгейден тұрады. Ең жоғары - іс-әрекет түрлерінің ішіндегі, ол әскери-кәсіби іс-әрекеті жатады. Ортаңғысы - әрекет. Ең төменгі - психофизологиялық функция. Қандай болмасын іс-әрекет көптеген әрекеттерден тұрады. Сондықтан әрекет іс-әрекетінің басты, орталық көрсеткіші болып табылады[5, С358] .

Әрекет- қандайда бір мақсатқа итермелейтін үрдіс. Және соған сәйкес тосқан қорытындыны күтеміз. Қандайда бір әрекетті істегенде, адам өзінің санасына бейне етіп сақтайды. [6, С120] .

Мақсат - саналы бейне. Сонымен әрекет-адамда саналы жылдамдықтың көрінуі, әрекет күрделі элемент. Және осы элементтің өзі бірнеше көптеген элементтерден тұрады. Бұның өзі әрбір әрекет мақсаттан тұратындығын көреміз. Адам мақсаты әртүрлі ғана емес, және көп масштабты болып келеді. Мақсаттың өзі көп бөлімшелерден тұрады. [6, С119] .

Операциялар- әрекеттің орындалу тәсілдері. Әрекеттің орындалу тәсілі жағдайға тікелей байланысты. Бір мақсатты әртүрлі жағдайда орындалуына, әртүрлі операциялар қолданылады. Анық жағдайдағы мақсатты мәселе деп қарастырады. Мәселеге байланысты операция әртүрлі әрекеттен тұруы мүмкін, оның өзі тағы одан ұсақ әрекеттерге бөліну мүмкін. Сонымен операция - әрекетке қарағанда іс-әрекеттің ең үлкен үлшемі болып табылады. Операцияның ең басты қасиеті ол аз саналады немесе тіпті де саналанбайды. Осымен әрекеттің операциялардан айырмашылығын көре аламыз. Ол саналы мақсатты және саналы бақылауды талап етеді. Операция деңгейі -дағды және әрекеттің автоматтырылған деңгейі. Дағдыдан адамның саналы әрекеттің автоматтырылған құрамын көруге болады. Әскери-кәсіби іс-әрекетке дағды өте қажет. Себебі операцялардың тез орындалуына, яғни соғыс экстрималды жағдай барысында көрінеді. Қазіргі ұрыс жылдамдығымен көзге түспейді, сонымен қатар өзгермелігімен де көрінеді. Ұрыс кезіндегі жағдай жылдам өзгеріп тұрады. Осындай жағдайда әрекеттің автоматты түрде жылдамдығына байланысты. Сондықтан командир қол астындағы адамның дағдысын жақсы жоғары деңгейге жеткізуге міндетті. Ең төменгі деңгей- психофизиологиялық логикалық функция. Адам биоәлеуметтік пенде, сондықтан психикалық процесс, физиологиялық деңгейден ажырамай бірге жүреді. Біріге отырып, психикалық процестің мүмкіндігін арттырады. Организмнің көп мүмкіндіктері психикалық функциясыз іске аспайды. Оған бірінші болып түйсікке деген қабілет, моторлыққа деген қабілет. Психикалық функцияның орындалуына психофизиологиялық функцияның әсері зор. Мысалы: біз бірнәрсені есімізге сақтағымыз келсе, арнайы тәсілдерді қолданамыз. Егерде мнемикалық функция болмаса біз есте сақтай алмас едік. Мнемикалық функция туғаннан болады. Сондықтан әскерлерді әскери мамандықтарға бөлмес бұрын, оның психофизиологиялық функциясының дамуының ерекшеліктеріне назар аударады. Сондықтанда Қарулы Күштерде кәсіби психологиялық талдау ең бірінші орында тұр. [7, С40. ]

Әскери- кәсіби іс- әрекеттің ерекшеліктері. Әскери қызмет адам іс-әркеті болып табылады. Және ең маңыздысы болып саналады. Себебі бұнда әлеуметтік, экономикалық және саясат көрініс табады. Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырда әскери қысым көбейді. Мемлекеттер арасындығы қарым-қатынастың қысымы артты. Қазіргі таңдағы терроризм әрекеттері. Сондықтан Қарулы Күштерімізді нығайтып, күшейту үстінде және де оның әлеуметтік маңыздылығы өтн жоғары. Бұл іс-әрекеттің маңыздылығы неде?

Келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскерлердің кәсіби іс- әрекетінің ерекшеліктері.

Әскери-кәсіби іс-әрекет - бұл Отан қорғау іс-әрекеті. Бұдан көптеген компоненттерді бөліп көрсетуге болады. Ең бастысы екі келесі түрден тұрады : соғыс кезіндегі іс-әрекет және бейбітшілік кезіндегі іс-әрекет. [4, С93] .

Ұрыс кезіндегі іс-әрекет-әскери қорғаныс күштерінде өз мақсатына жету әрекеті. Оның өзінің психологиялық заңы, мотиві, мақсаты, тәсілі болады. Оған көптеген фактор әсер етеді: әскери-саясаттық, әскери-техникалық, идеологиялық және психологиялық қару түрі, ұжымды басқару, тәрбиелік жұмыс, жеке құрамның ұрыс және психологиялық дайындығы. Басында айтып кеткендей әр іс-әрекеттің өзіндік мотиві болады. Ұрыс іс-әрекеттің мотивтері қажеттіліктер, сезім, тілек, талпыныс, қызығушылық, идеялары болады. Ең басты ұрыста адамның қажеттілігі тірі қалу үшін талпынуы. Бұндай қажеттілік болу керек. Ол генетикалық қажеттілік, адамның өзін-өзі сақтауы. Ұрыс іс-әрекеті әскери адамның мотиві Отанды қорғау, жанұяңды, жақын адамды қорғау болып табылады. Яғни Ұлы Отан Соғысы осындай мотив әскер адамды жеңіс үшін жанын беруге барған. Бұл мотив әлеуметтік мінез болып табылады. Ондай сезім туғаннан емес, тәрбие және әлеуметтік даму барысында дамиды. Сондықтан әрбір офицер сарбаздарына патриоттық сезімін тудырып, Отан үшін жан пида деген сезімдердін дамыту керек. [8, С140] .

Келесі әскери-кәсіби іс-әрекеті ол бейбітшілік кезіндегі іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттің басқалардан ерекшелігінің бірі саналы түрде өзінің ерігімен, ерік қалауымен басқа бір адамға бағыну және өзіндік бостандығы көп болмайды. Қатаң тәртіпке көп бағынады. Келесі ерекшелік қандай уақыт болмасын және қандай жағдай болмасын кәсіби жұмысқа дайын болу керек. Тіпті өз басына қатер төніп тұрсада, ол өз тарапынан психологиялық қысымды тудырады. Шынына келсе, бейбітшілік кезіндегі әскер-кәсіби іс-әрекет-ұрыс кезіндегі іс-әрекетке дайындық болып табылады. Оның өзі ұрыс техникасын игеру, жаңа ұрыс тәсілдерімен танысу, алған білімдерді ұрыс кезінде қолдану. Психологиялық қысым бейімделу кезінде тууы мүмкін. Ол жас сарбаз әскер қатарына енген кезде, жас курсант болып табылады. Әскери институтқа түскен кезде, жаңа ортаға түскен кезде, күн тәртібі өзгереді, тамақтануы физикалық күштер қысымы көбейді. Жалпы энергетикалық және алмасу үрдісі өзгеріп, жаңа жүйе қалыптасады. [8, С145] .

Бейімделу - организмнің ғылыми зерттеу ұғымының ең бастысы болып табылады. Себебі бейімделу механизмі эволюция процесінде құралған. Бейімделу процесі адам мен орта арасындағы балансты орнатып отырады. Әскери-кәсіби іс-әрекетте бейімделу үрдісі өте қажет. Бейімделу потенциялы өте жоғары болса, әскери адам қатаң жағдайда да өмір сүріп кетеді және кәсіби іс-әрекетін жемісті орындай алады. Бейімделу жүйке жүйесінің генетикалық құрылымына тәрбиеге байланнысты. Әскери адамның тез бейімделуіне қоршаған ортаның көмегі өте көп. Ортаның жағымды қарым-қатынасына тез бейімделуге әкеледі, ал жағымсыз бейімделу үрдісін тежейді. Субъектілі түрде бұл деңгей қоршаған ортаның демеуінде болса, өзін біреуге керек екендігін түсінеді. Келесі әскери-кәсіби іс-әрекетке бейімделу процесін анықтайтын жағдай, ол тұлғаның коммуникативті сапасы. Яғни адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы тұлға ретінде әр адам әртүрлі. Біреуі агрессивті түрде болса, екіншісі салмақты. Бәрімен тіл табыса алатын, жаңа жерге тез бейімделе алады. Келесі әлеуметтену. Әлеуметтік рөлді дұрыс түрде қабылдау. Келісім шарт бойынша әскер қатарына енген кезде адамның әлеуметтік рольдері өзгере бастайды. Ол Отан қорғаушы, әлеуметтік рольді орындаушы болып табылады. Сонымен тұлғаның бейімделу ерекшелігі кәсіби іс-әрекетіне бейімделу зор ықпалын тигізеді. Әскерлердің тез бейімделінуіне өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан тұлғаның ерекшеліктерін дамытып, қандай жағдай болмасын тығырықтан шыға алатындай деңгейге жеткізу керек. Сонымен қатар, бейімделу процесінің жолында стрессте болады. Және ол екі түрге бөлінеді:

- физиологиялық (жүйелік) ;

- психикалық (эмоцианалды) ;

Адам әлеуметтік пенде болғандықтан ең бастысы психикалық сфера, яғни эмоцияналды стресс көп әсер етеді. Стресс - ол функцияналдық күй, физиологиялық және психикалық белсенділіктің көтермеленуінен мінезделеді. Стресс кезінде жұмыс қабілеті, мүше функциясының эффективтілігі төмендейді және энергетикалық ресурстар арылады. [9, С288]

Әскерлердің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Офицерлердің кәсіби іс-әрекетінің басты бағыттарын көрсетуге болады: әскери ұжымның іс-әрекетін басқару, жеке құрам бөлігіне тәрбиелік және оқу процесін жүргізу:және кәсіби дағды және білімін арттыру.

Әскери басқару - командирлардың әскер тұлғасына бағытталған ықпалы. Әскери ұжымға жаңа сапаларды енгізу, мақсатқа жетуіне итермелейді. Тәжірибеде офицердің ұжымды басқара алу көрсеткішін, мәселелерді шешуде көре аламыз. Ұрысты жеңу үшін ұжым топ болып қана жеңе алады. Әскери ұжымды басқара алу деген ол, жеке құрамды мобильдеу, әскерлердің мақсатқа жете алу қабілеті, өз уақытында дұрыс шешім таба алу, ұрыс кезінде жеңіске жете алу. Офицер басқару дағдысын қалыптастырып, содан кейін ұжыммен басқару жұмысын жүргізе алады. Ол үшін ол өзімен жұмыс істеу керек, кәсіби өте жоғарғы білімді болу керек, ойлау қабілеті жақсы дамыған болу керек және жоспар құра білу керек. Зерттеушілер бойынша офицерлердің шығармашылық ойлау қабілеті келесі көрсеткіштерден тұрады [10, С335] .

- жағдайдың басты белгісін таңдайды;

- таңдап алған белгінің жағдайын берілген информация бойынша анықтайды;

- болжамдық жағдай арқылы варианттар шешімін табу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез акцентуациясының әсерін талқылау
Күту теориясы
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму ерекшеліктері
Психологиялық кеңес берудің мақсаты
Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелігін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz