Бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі маңызы


ЖОСПАР
Кіріспе
Бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
1 Бұлтартпау шараларының түсінігі және олардың қылмыстық iс жүргiзудегi маңызы
2 Бұлтартпау шараларының түрлерi және оларды қолданудың кейбір мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституция 1-бап) .
Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (Конституция 12-бап. 2-тармақ) .
Құқықтық мемлекет құру жолында бұл қағидалардың сақталуының маңызы зор.
Дегенмен, адам өз құқықтарын жүзеге асырғанда өзiнiң қоғам алдындағы мiндеттерiн естен шығармағаны жөн. Сондықтан да, Конституцияның 12-бабының 5-тармағында “адамның өз құқықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс” деп көрсетiлген. Бұл ереженi мiндет ретiнде қарастыру қажет. Өз мiндетiн тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда шаралар қолданылады. Өз кезегiнде шаралардың қолданылуы адам құқығының елеулi дәрежеде шектелуiне алып келедi. Шектеу тек заңмен және қажеттi шамада қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығын, конституциялық құрылысты қорғау мақсатында ғана жүргiзiледi. Осындай шектеулердiң бiрi - қылмыстық iс жүргiзудегi бұлтартпау шаралары.
Бұлтартпау шаралары iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларының бiр түрi. Оларды қолдану сөзсiз белгiлi бiр мөлшерде адам құқығын шектейдi. Мысалы, қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы адамның жеке бас бостандығына құқығын шектейдi. Бұлтартпау шаралары мәселесiнiң маңыздылығына келсек, бұл шаралардың айыпталушы мен сезiктiге қатысты қолданылуында. Яғни, адам бұл жағдайда әлi кiнәлi деп танылмайды. Себебi, кiнәлi ретiнде тек сот қана таниды. Ал, бұлтартпау шарасын iс жүргiзушiлiк басқа да органдар: прокурор, тергеушi қолдана алады. Сондықтан да, бұлтартпау шарасын қолданғанда аса мұқият болу керек. Өйткенi, адам құқығы шектелiп, кейде кiнәсiз тұлғалар қиыншылық көрiп қалуы мүмкiн. Мұндай жағдайды болдырмау үшiн, бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы лауазымды тұлғаларда бұл жөнiнде терең бiлiм болуы қажет. Өз кезегiнде заң мәжбүрлеу шараларын қолданғанда арнаулы процессуалдық кепiлдiктердi көрсетедi. Атап айтсақ, адам тек қана прокурордың санкциясымен немесе сот шешiмiмен қамауға алынады.
Демек, бұлтартпау шарасын қолданатын лауазымды тұлғада терең бiлiмнің болуы және заңда көзделген процессуалдық кепiлдiктердiң сақталуы адамды заңсыз жауапқа тартуды, оның құқығын заңсыз шектеудi болдырмаудың бiрден-бiр амалы.
Бұл курстық жұмысын жазудың басты мақсаты - бұлтартпау шараларын қолданудың маңызды мәселелері туралы, оны тәжірибеде қолданушы құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге теориялық тұрғыда зерттеу арқылы көмектесу болып табылады.
1. Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және олардың қылмыстық iс жүргiзудегi маңызы
Бұлтартпау шаралары қылмыстық iс жүргiзудегi iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларының бiр түрi болып табылады. Бұл шаралар тек заңмен көзделген нысанда және әдiлсоттың мақсатына жету үшiн қолданылады. П. С. Элькинд қылмыстық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолданғанда орындалуы қажет 3-шартты көрсетедi.
- Тек қана қылмыстық iс жүргiзуде қолданылады;
- Кiмге қатысты және қалай қолданылатындығы заңмен көзделуi қажет;
- Оларды қолдану iс жүргiзушiлiк кепiлдемелер және прокурорлық қадағалаумен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қылмыстық жазалау шараларынан ажырата бiлу қажет. Жаза тек сотпен қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танылған адамға тағайындалады. Ал мәжбүрлеу шаралары болса, тек сотпен ғана емес, сонымен қатар тергеушiмен, прокурормен қолданылуы мүмкiн және де мәжбүрлеу шараларының мақсаты қылмыстық iс жүргiзудiңң қажеттiлiгiнен туындайды.
Заңнамаға және заң әдебиеттерiне көз жүгiртсек мәжбүрлеу шараларының iшiнде көп кездесетiнi және тәжірибеде жиі қолданылатыны бұлтартпау шаралары. Олар мәжбүрлеу шараларының алдын-алу немесе сақтандыру түрлерiне жатады. Заң әдебиеттерiнде бұлтартпау шараларына байланысты бiрнеше анықтама берiлген.
З. З. Зинатуллин “бұлтартпау шаралары - анықтау, тергеу және прокуратура органдарының айыпталушыға, ал соттың үкiм заңды күшiне енгенге дейiн сотталушыға тек заңда көзделген реттерде қолданылатын және мақсаты мұндай тұлғаларға тергеу мен соттан жалтаруды, объективтiк шындықты ашуға кедергi келтiрудi немесе қылмыстық iсiн жалғастыруды болғызбау болып табылатын қылмыстық iс жүргiзушiлiк сипаттағы мәжбүрлеу құралдарың десе, Ю. Д. Лившиц бұған қоса бұлтартпау шараларын “алдын-алу сипатындағы тек нақты қажеттiлiк болғанда ғана қолданылатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шаралары“ деп көрсетедi.
В. А. Михайлов бұлтартпау шараларының мәселесiн қылмыстық iс жүргiзудiң теориясы құқығы және практикасы тұрғысынан зерттейдi. Оларды (б. ш. ) қылмыстық iс жүргiзудегi мәжбүрлеу шараларының бiрi ретiнде қарастырумен қатар, бұлтартпау шаралары туралы заң нормалары қылмыстық iс жүргiзу құқығының бiр бөлiгiн құрайды. Осыдан барып, бұлтартпау шаралары мәселесiн жүйелi түрде қарастыру қажеттiгi туындайды. Сондықтан да, В. А. Михайлов, бұлтартпау шараларын философиялық, мемлекеттiк-саяси, теориялық-құқықтық, криминалистикалық, ұйымдастырушылық-басқару және статистикалық аспектiде қарау қажеттiлiгiн ұсынады. Осы арқылы қылмыстық iс жүргiзудегi бұлтартпау шаралары теориясын ашып көрсетуге болады. Бұлтартпау шаралары теориясы-философияға ғылыми танымның жалпы методологиясы ретiнде сүйенедi; философияның танымдық әдiстерiн қылмыстылықпен күресуде қолданады. Себеп пен салдар, қажеттiлiк пен кездейсоқтық, мазмұн мен нысан, мән мен құбылыс секiлдi философиялық категорияларды қолдану арқылы бұлтартпау шараларының теориялық негiздерiн қалыптастыруға болады.
Бұлтартпау шараларын мемлекеттiк-саяси аспектiсi, мемлекеттегi қылмыстықпен күресудегi перспективалық мәселелерге сәйкес бұлтартпау шараларын жүзеге асырылу қажеттiлiгiн көрсетедi. Адам мен азаматтың құқығын қорғаумен қатар мемлекет бұлтартпау шараларының жүйесi арқылы қылмыстылықпен күрес жүзгiзiледi. Тiптi, бұлтартпау шараларын қолданудың негiздерiнiң бiрi “адамның қылмыстық әрекетiн жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiз” ҚIЖК 139-бабында көрсетiлген. Сондықтан да бұлтартпау шараларын мемлекетсiз қарастыру мүмкiн емес.
Бұлтартпау шарасының теориялық-құқықтық аспектiсi жалпы ұғымдар, заңдылықтар, мақсаты мен мiндеттердi қалыптастырады, бұлтаптпау шаралары туралы нормалар қылмыстық iс жүргiзудiң бiр бөлiгiн құрайды.
В. А. Михайлов, бұлтартпау шараларын мұндай тұрғыда қарастыру бұлтартпау шаралары теориясын iс жүргiзу ғылымының бiр бөлiгi ретiнде қарауға мүмкiндiк бередi дейдi.
Ұйымдастырушылық - басқару және криминалистикалық аспектiсiнде Р. С. Белкиннiң қылмыспен күресудегi басқарушылықтың 4-сатысы туралы iлiмiн негiзге алып қарастыру қажет:
- Ең жоғары сатыда бұлтартпау шараларын заңдастыру мәселелерi шешiледi;
- Келесi сатыда бұлтартпау шараларын қолдануды басқару тәртiбi көрсетiледi;
- Бұл сатыда бұлтартпау шараларын қолдану мәселесi криминалистикалық әдістеме тұрғысынан қарастырылады;
- Ең соңғы деңгейде бұлтартпау шарасын жеке тұлғаларға қатысты қолданудың процессуалдық тәртiбi мен тактикасының сұрақтары анықталады.
Статистикалық аспектiде бұлтартпау шараларының тәжірибеде қолдану деңгейi, жалпы көрсеткiштерге талдау жасалады. Осы арқылы оның олқы жақтары, кемшiлiктерi анықталады.
Бұлтартпау шараларының заңдық негiзiн ең алдымен Конституция, ҚР ҚIЖК және басқа да нормативтiк актiлер құрайды. Бұлтартпау шараларын қолданғанда халықаралық құжаттар: Адам құқығының жалпы декларациясы (1948), Азаматтық және саяси құқықтар жөнiндегi халықаралық пакт (1966), Қамауға алынғандармен қарым-қатынастың минималды ережелерi (1955) және басқа да халықаралық актiлердiң талаптары ескерiледi. Ал, дипломатиялық иммунитетi бар адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын қолданғанда Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының ережелерi басшылыққа алынады. Бұл аталған халықаралық құжаттарға Қазақстан Республикасы қосылған.
Бұлтартпау шаралары жалпы процессуалдық институт болғандықтан, ҚIЖК жалпы бөлiмiне енгiзiлген, арнайы қолдану мәселелерi жекелеген сатылардағы тарауларда көрсетiлiп жазылған. Қылмыстық iс жүргiзу теориясында қабылданған түсiнiк бойынша бұлтартпау шаралары - бұл мәжбүрлеу шараларының бiр түрi.
И. И. Карпец, А. В. Наумов секiлдi қылмыстық құқық ғалымдары бұлтартпау шараларын заңды жауапкершiлiкке жатқызады.
З. Д. Еникеев бұл пiкiрмен келiспейдi. Себебi, заңды жауапкершiлiк - тұлғаның өзiнiң құқыққа қайшы әрекетi үшiн қолайсыз жағдайларға ұшырауы, яғни жасалған құқыққа қайшы iс әрекет үшiн жазалануы. Ал бұлтартпау шаралары болса жазалау болып табылмайды. Ол, заңды жауапкершiлiктi iске асырудың, қылмыстың алдын-алудың құралы. Тұлға қылмыс жасап, бiрақ бұлтартпау шаралары қолданылмай-ақ қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн. Сондықтан да, қылмыс құрамының толық болуы қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырғанымен, ол - процессуалдық институт бұлтартпау шараларын қолдануға негiз болмауы да мүмкiн. Осыдан барып бұлтартпау шаралары жауапкершiлiк емес, алдын-алушылық рольдi атқарады.
З. Д. Еникеев бұлтартпау шараларын процессуалдық санкциялар деп атаған да дұрыс емес деп көрсетедi. Санкция норманың құқықтық талаптары орындалмаған жағдайда қолданылады және бұл мәнде ол норманың бiр компонентi ретiнде қарастырылады. Демек, санкция құқықтық норма бұзылғанда қолданылдатын жауапкершiлiк.
Құрылымдық жағынан қарағанда бұлтартпау шараларын реттейтiн нормалардың өздерi санкциямен қамтамасыз етiледi. ҚIЖК 148-бабы “айыпталушы қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмегенде, жалтарғанда бұлтартпау шарасы қатаң түрiнде өзгертiлуi мүмкiн” деп көрсетедi.
Сонымен, бұлтартпау шаралары дегенiмiз - қылмыстық iс жүргiзудiң мүддесiн қорғайтын кесiмдi алдын-алу құралдары. Оның мәнi - қылмыстық iс жүргiзуде ақиқатқа жетуге жағдай жасау және нақты жауапкершiлiктi анықтауға көмегiн тигiзу.
Бұлтартпау шаралары - ерiксiз түрде мәжбүрлеп қолданылатын шаралар. Өз кезегiнде бұл айыпталушының (сезiктi) еркiне қарсы болады және белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға немесе жасаудан бас тартуға мiндеттейдi. Бұлтартпау шараларының маңыздылығы оның белгiлерiмен анықталады:
- Мемлекеттiк мәжбүрлеудiң бiр түрi және тек қана өкiлеттi органдармен қолданылады.
- Түрлерi мен қолдану негiздерi, тәртiбi заңмен белгiленедi. Яғни, заңда көзделмесе, оны бұлтартпау шарасы ретiнде қолдануға болмайды. Сонымен қатар басқа құқық салаларымен көзделген мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын да бұлтартпау шарасы ретiнде қолдануға тиым салынады. Әкiмшiлiк қамау бұлтартпау шарасы ретiнде қолданылмауы керек.
- Бұлтартпау шаралары айыпталушыға, ерекше жағдайларда сезiктiге қолданылады.
- Кесiмдiлiк алдын-алу сипатында болады. Қолданылу мақсаты, айыпталушының қылмыстық iс-әрекетiнiң алдын-алу, жолын кесу, анықтау мен тергеуден және соттан жасырынуын болдырмау.
Қолдану шегi мақсатымен айқындалады. Мақсатқа жеткен соң бұлтартпау шарасы алынып тасталынуы тиiс. Тәжірибеде адамнан “өзiнiң қылмыс жасағанын” мойындату үшiн дәлелдемелер алу мақсатында қамауға алуды қолдану кездеседi. Сондықтан да, өкiлеттi орган бұлтартпау шараларын қолданғанда оны қолданудың негiздерiн және басқа да мән-жайларды ескеруi қажет.
Бұлтартпау шаралары мiндеттi түрде адам құқығын шектейдi. Бiрақ, оларды қолдану объективтi кажеттiлiктен туындайды. Кейбiр авторлар, құқықтық мемлекет құру жолында қылмыстық процестi кең түрде демократизациялау, кiнәсiздiк презумпциясын толық iске асыру үшiн, “адамның құқығын шектемей-ақ ақиқатқа жету жолын” iздестiрудi ұсынады.
Әрине, бұл ұсыныс утопия. Егер де, адам құқығын шектемей-ақ қылмыстық iс жүргiзуге болады десек, онда қылмыстық iс жүргiзудiң өзiнiң, мемлекеттiк мәжбүрлеу институты ретiнде өмiр сүруiнiң маңызы болмайды. Себебi, барлық айыпталушыларды тәртiптi, заңға бағынған деп қарау нақты жағдайға сай келмейдi. Сондықтан да, демократияландыру мен құқықтық мемлекет құрудың жөнi осы екен деп, бұлтартпау, мәжбүрлеу шараларынсыз қылмыстық iс-жүргiзу, тiптi қылмыстылықпен күресудiң өзi мүмкiн емес. Дегенмен де, бұлтартпау шараларын қолдану заң шеңберiнен шығып кетпеуi де тиiс. Заңға сәйкес қолдану және бұлтартпау шараларын тиiмдi қолдану ақиқатқа жетуге көп пайда тигiзерi сөзсiз.
Қорыта айтсақ, ҚР ҚIЖК 139-бабына сәйкес “айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде адамға қатысты (айыпталушы мен сезiктiге) қолданылатын iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары - бұлтартпау шаралары деп аталады”.
2. Бұлтартпау шараларының түрлерi және оларды қолданудың кейбір мәселелері
1. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхат беру - қылмыстық істі жүргiзушi органның сезiктiден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерiнен кетпеуге, iстi қарауға кедергi келтiрмеуге, шақыру бойынша келуге жазбаша мiндеттемесiн алу (ҚIЖК 144-бап) .
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алу тәжірибеде басқа бұлтартпау шараларына қарағанда көп қолданылады. Процессуалдық әдебиеттерде ешқайда кетпеу туралы қолхат алу көбiне ауыр емес қылмыс жасаған, тұрақты тұратын жерi бар, бостандықта жүргенде iстi тергеуге кедергi келтiрмейдi деген айыпталушыға қатысты қолданылатындығы көрсетiледi.
Мысалы Көкшетау қалалық IIБ ТБ тергеушiсi Қылмыстық кодекстiң 104-бабы бойынша, яғни орта дәрежелi денсаулыққа жарақат келтiрумен айыпталған азамат Б-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау жөнiнде қолхат алуды қолданып, оның негiздемесi ретiнде тұрақты тұратын жерiнiң, жұмыс орнының және жанұясының бар екендiгi көзделген.
Әрине, бұл жағдайлар айыпталушының тергеу мен соттан жалтаруын толық жоймайды. Дегенмен, жалтару мүмкiндiгiн, дәрежесiн төмендетедi.
Кейде тәжірибеде ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi бұлтартпау шарасына “жеңiл” деген көзқарастың қалыптастыруына байланысты, бұл бұлтартпау шарасын негiзсiз қолдану кездеседi.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алу айыпталушының жүрiп-тұру құқығын шектейдi: арнайы рұқсатсыз ешқайда шығып, жүрiп кете алмайды. Салыстырмалы түрде бұл бұлтартпау шарасы жеңіл болғанмен, оның қоятын шектеулерiне автоматты түрде немқұрайдылықпен қарамау қажет. Тергеушiлер мен айыпталушылардың кей-кезде ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға келтiретiн негiздемелерi қате болып келедi. Бiрақ, бұған қарамастан бұлтартпау шарасы қолданылады. Содан барып негiздеме шешiмге, ал шешiм заңға қайшы келетiн жағдайлар кездеседi.
Жол полициясының анықтаушысы Қылмыстық Кодекстiң 296-бабы бойынша, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыпталған У. деген азаматқа ешқайда кетпеу жөнiнде қолхат алуды қолданып, оның негiздемесi ретiнде “тұрақты тұратын жерiнiң бар екендiгi және тергеумен соттан жалтармайтындығы” көрсетiледi.
Бұл ретте анықтаушының қандай жағдайларға немесе мән-жайларға сүйенiп айыпталушының тергеу мен соттан жалтармайтындығы мүлдем көрсетiлмеген. Ал егер, шынымен де жалтармайтын болса, оған бұлтартпау шарасын қолданудың ретi қанша. Мұндай жағдайда анықтаушыға келу туралы мiндеттеме алумен де шектелуге болады.
Басқа бiр кезде, тергеушi Қылмыстық кодекстiң 105- бабы бойынша, денсаулыққа қасақана түрде жеңiл зиян келтiрумен айыпталған Н. деген азаматқа бұлтартпау шарасын қолданғанда, оның негiздемесi ретiнде “Н-ның тергеу мен соттан жалтармауына негiз жоқтығын” келтiредi де, ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды қолданады.
Осы келтiрiлген мысалдар тап осы реттердегi бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау жөнiнде қолхат алуды қолданудың негiзсiз екендігін көрсетiп отыр. Сондықтан да, айыпталушы мен сезiктi тергеу және соттан жасырынбайды деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болса, ол бұлтартпау шарасын қолданбау қажет.
Бұлтартпау шарасын қолдану тек арнайы себептер, айыпталушының мiнез-құлқының дұрыс екендiгi туралы ақпараттарды пайдаланып және оларды қаулының негiзiне салғанда ғана дұрыс болады.
Көкшетау қалалық IIБ ТБ тергеушiсi Қылмыстық Кодексiнiң 176-бабы бойынша Е. сенiп тапсырған мүлiктi иеленiп кетумен айыпталады. Алайда, азамат Е. келтiрiлген зардаптың жартысын өтеген, тұрақты жерiнiң бар екендiгi ескерiлiп, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi шара қолданылды. Осы жағдайларды негiздемеге алып қаулы еткен тергеушi, заңға сәйкес әрекет жасаған.
Бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау жөнiнде қолхат алудың мақсаты не деген мәселеге, ғалымдар арасында әртүрлi көзқарастар бар. М. С. Брайнин “мақсаты тергеу мен соттан жалтаруды болғызбау емес, сонымен қатар процестiң тез жүруiне жағдай жасау, айыпталушыны қылмыстық iс өндiрiсi болып жатқан жерге жақын ұстау” десе, Ю. Д. Лившиц “мақсаты айыпталушының тергеумен соттан жалтармауын қамтамасыз ету” деп көрсетедi.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың негiздерi айыпталушының бұл бұлтартпау шарасының талаптарын орындауға себеп болады. Оның iшiндегi ең маңыздысы - iстi жүргiзушi органның рұқсатынсыз тұратын жерден ешқайда кетпеу. Заңға сүйенсек, тұратын жерi тұрақты немесе уақытша болуы мүмкiн. Ең бастысы тұратын мекен-жайы белгiлi болуы керек. Осы жайы бойынша айыпталушы шақыртылуы мүмкiн.
“Ешқайда кетпеудің мәселесi бойынша, екi бiрдей шектен шығушылық бар. П. И. Люблинскийдi” айтуынша “айыпталушыға қаладан кетпеу туралы, қолхат алынса, ол қаланың iшiнде еркiн жүрiп-тұруына тiптi пәтердiң де ауыстыруына болады”. Бұл бiрiншi шектен шығушылық. Ал, егер ешқайда кетпеудi бiр тұрғын жермен шектесек екiншi шектен шығушылықты байқаймыз. Бұл кездегi ешқайда кетпеу үйде қамауда ұстауға ұқсас болып кетедi.
П. М. Давыдовтың пiкiрiнше “ешқайда кетпеу туралы қолхат алу айыпталушының қызмет бабы бойынша бiр тәулiкке жүрiп тұруына және жұмыс уақытына шектеу қоймауы қажет”. Бұл пiкiрге сүйенсек, айыпталушының бiр тәулiкке басқа бiр жерге жұмыс бабымен кетсе, ол бұл бұлтартпау шарасының талаптарын бұзбайды. Ал, егер мерзiм ұзарып кетсе жалтару болып табылады. Бiрақ, егер айыпталушы басқа бiр жерге кетiп, ол туралы тергеушi мен сот хабардар болса және бiлсе, ол жалтару болмайды. Әрине, алдын-ала рұқсат алынған жағдайда.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың екiншi бiр бөлiгi айыпталушының өзiн-өзi дұрыс ұстауы. Мұның мәнi, iстi қарауға кедергi келтiрмеу, шақыру бойынша келу туралы мiндеттемеден тұрады. Осы өзiн қалай ұстағанына байланысты бұлтартпау шарасы өзгертiлуi немесе жойылуы мүмкiн. Егер, тұлға iстiң қаралуына кедергi келтiрсе, шақыру бойынша келмесе, ол мiндеттi түрде бұл бұлтартпау шарасының талаптарын бұзады, соның нәтижесiнде бұлтартпау шарасы қатаң жағдайына қарай өзгертiледi.
Мiне, өзiн-өзi дұрыс ұстаудың мәнi осында.
Ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау жөнiндегi қолхат беру түрiндегi бұлтартпау шарасы ҚР ҚIЖК 156-бабына сәйкес қызметтен шеттету түрiндегi мәжбүрлеу шарасымен қатар қолданғанда қылмыстың алдын-алу жолын кесу функциясын мынадай құрамлар бойынша атқара алады: қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану, қызметтiк жалғандық және т. б. Сол арқылы айыпталушының терiс әрекет жасауына мүмкiндiк болмайды.
Егер, айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат алу талаптарының талаптарын бұзса, оған мiндеттi түрде қатаңырақ шара қолданылуы қажет. Ю. Д. Лившиц бұл кезде қамауға алуды қолданған дұрыс дейдi. Оның негiзi осы екi шарасының практикада көп қолданылуын келтiредi. Алайда, қамауға алу бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза 2-жылдан астам мерзiм болып табылатын қылмыс бойынша айыпталғанда ғана қолданылады. Сондықтан да Ю. Д. Лившицтiң бұл пiкiрiмен келiсе алмаймыз. Өйткенi, ешқайда кетпеу туралы қолхат алу секiлдi бұлтартпау шарасы қамтамасыз ете алмаған, мiндеттi түрде қамауға алумен емес, кепiлмен немесе үйде қамауда ұстаумен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2. Жеке кепiлдiк - сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепіл берушілердің саны екеуден кем болмайды. Жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi қажет.
Жеке кепiлдiк, кепiлдiк берушiлердiң айыпталушыға деген сенiмiне, айыпталушының кепiлдiк берушiлер алдындағы және ресми органдар алдындағы моральдық мiндеттемесiне негiзделедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz