Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені



Лекция1 Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы
туралы жалпы түсінік.
Лекция2 Организнің бір тұтастығы
Лекция3.Нерв жүйесінің физиологиясы
Лекция 4.Нерв орталығы және оның қасиеті
Лекция 5 Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
Лекция 6 Жас эндокринологиясы.
Лекция 7.Тірек.қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері
Лекция 8.Қанқа еттердің құрылысы мен ерекшеліктері.
Лекция 9.Дене бітімінің жас ерекшеліктері.
Лекция 10.Ас қорыту органдарының жас ерекшеліктері.
Лекция11.Тамақтық заттар, олардың құрамы,энергетикалық бағалылығы
Лекция12.Зат және энергия алмасуы
Лекция 13.Қанның жас ерекшеліктері.
Лекция 14.Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері
Лекция 15.Терінің құрылысы мен қызметі және жас ерекшелігі.
Пән бойынша қысқаша сипаттама:Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы организмніңа жас ерекшеліктерінің физиологиялық функциясы және адамның денсаулығын сақтау жолдарын қарастыратын пән Болашақ мамандар ұрпақ жалғастыру саулығын сақтау, нығайту, тиімді тамақтану, шынығу, көп таралған аурулардың алдын алу, өмірге қатерлі факторларға қарсы тұру, денсаулығын сақтау, дене және ақыл-ой еңбегі қабілетін белсендіру жолдарын білу керек. Оның бәрі ұзақ өмір сүруге және адамның әлеуметтік, қоғамдық белсенділігіне оң ықпалын тигізеді.
Пәнді оқыту барысында жүйке жүйесінің физиологиясына, анлизаторларының эндокринді жүйеге көбірек көңіл бөлінеді. Себебі бұл бөлімдер педагогика мен псхологияның көптеген сұрақтарын дұрыс түсінуге маңызды негіз болып табылады.

Пәннің мақсаты: Балалар мен жас өспірімдер ағзасының құрлысының физиологиялық ерекшеліктерін және валеологияның негізін студенттерге үйрету болып табылады.

Пәннің міндеттері:
– Педагогтарға аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиолгиялық ерекшеліктерін беру;
– Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
– Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізі мен таныстыру;
– Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй,(эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру;
– Болашақ мамандардың балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзіде пайдалана білуге үйрету;
1.Қ. Дүйсенбин, З. Алиакбарова Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы, Алматы «Дәуір» 2003. 398б.
2. М.Т. Матюшонок , Г.Г. Турик,А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы .Алматы .Мектеп. 1984.2003б.
3.О.Л. Петришина ,Е.П.Попова. Бастауыш мекетеп жасындағы балалар анатомиясы ,физиологиясы және гигиенасы. Алматы 1984 203б

4.Р.К.Куандыкова. Жас өспірімдер анатомиясы ,физиологиясы және мектеп гигиенасы .Оқу әдістемелік құрал Түркістан 2003ж 45б.

5.Т.К. Мустафина.Основы валеологии Алматы 1999 117б.

6.Ә.У.Сағынбаев ,М.М.Асмырзаев Валеология.Алматы 2002 160б.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Ф.0Б-001026
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

“Бекітемін”
Оқұ ісі жөніндегі вице-президенті
т.ғ.д.,профессор _________ С.Тұртабаев
_______
__________ 2010ж

ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
ГИГИЕНАСЫ
пәнінің
ОҚҰ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтың аты,шифры: ППМ-911 050102 ЖМА-911 050109
Оқу формасы:–––––––––––күндізгі–––––––– ––––––––––––––––––––––––––––
Курс:–––––––––––––––1–––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––

1 сем
2сем Барлығы
Кредит саны: 1 1
1
Лекция 15 15
30
Практикалық: 15 ––
15
Семинар: ––

Лабораториялық: –– ––
––
СӨЖ: –– ––
––
ОБСӨЖ: 30 15
45
Аралық бақылау:(АБ): 2рет –– 2рет
Қорытынды бақылау: емтихан емтихан

Силлабусты құрастырған : а..ш.ғ.к. Абдукаюмов Сайдахмат Саитхакимұлы
Бас ғимарат, 415 аудитория
Жұмыс уақыты 8.30-18.00
СОӨЖ қабылдау: дуйсенбі, сейсенбі

Түркістан-2010ж

Оққ-әдістемелік кешен Қ.Р нің Білім және ғылым минстрлігі сервис мамандығы
үшін бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты Абай атындағы
Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің әдістемелік бірлестігі
ұсынған 2004ж типтік бағдарлама негізінде дайындалған

Оқұ-әдістемелік кешен География кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 01.09.2009ж

Кафедра меңгерушісі: техн.ғ.к. Ә
Мейірбеков

Факультеттің оқу әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралды
Хаттама №_____ _______ 2009ж

Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы ф.м.ғ.к., доцент Б.Бекмурзаев

ЖҰМЫС ОҚҰ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Сесестр Апта Аудиториялық сабақтарАудиториядан тыс
саны сабақтар

Лек Прак Сем Лаб ОЬСӨЖ СӨЖ
1 15 15 15 –– –– 30 ––
2 15 15 15
Барлығы 30 15 –– –– 45 ––

Пререквизиттер:Студенттер балалар мен жас өспіріндердің өсу қарқыны,
мүшелердің қалыптасуы,олардың қызметін реттеуші жүйке мен эндокринды
жүйелердің маңызы туралы білімдерді білуі қажет.

Постреквизиттер: Жас ерекшелік физиологиясы пәні организде жүріп жатқан
физиологиалық процестердің мәнісін,мағынасын,мазмұнын ашып көрсетеді және
реттеу механизмін түсіндіру арқылы болашақ мамандардың білімін жоғарлатады.

І Кіріспе
Пән бойынша қысқаша сипаттама:Жас ерекшелік физиологиясы
және мектеп гигиенасы организмніңа жас ерекшеліктерінің физиологиялық
функциясы және адамның денсаулығын сақтау жолдарын қарастыратын пән
Болашақ мамандар ұрпақ жалғастыру саулығын сақтау, нығайту, тиімді
тамақтану, шынығу, көп таралған аурулардың алдын алу, өмірге қатерлі
факторларға қарсы тұру, денсаулығын сақтау, дене және ақыл-ой еңбегі
қабілетін белсендіру жолдарын білу керек. Оның бәрі ұзақ өмір сүруге
және адамның әлеуметтік, қоғамдық белсенділігіне оң ықпалын тигізеді.
Пәнді оқыту барысында жүйке жүйесінің физиологиясына,
анлизаторларының эндокринді жүйеге көбірек көңіл бөлінеді. Себебі бұл
бөлімдер педагогика мен псхологияның көптеген сұрақтарын дұрыс түсінуге
маңызды негіз болып табылады.

Пәннің мақсаты: Балалар мен жас өспірімдер ағзасының құрлысының
физиологиялық ерекшеліктерін және валеологияның негізін студенттерге
үйрету болып табылады.

Пәннің міндеттері:
– Педагогтарға аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық
және физиолгиялық ерекшеліктерін беру;
– Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс
түсінік қалыптастыру;
– Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты
рефлекстердің негізі мен таныстыру;
– Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-
күй,(эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру;
– Болашақ мамандардың балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің
жас ерекшеліктерін іс жүзіде пайдалана білуге үйрету;

Қысқартылған сөздер: СӨЖ студенттің өзіндік орындайтын жұмысы
ОБСӨЖ-оқытушы басшылығымен студенттің
өзіндік
жұмысы

Курсты оқу барысында студенттер мынаны білуі қажет:
1.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы туралы жалпы түсінік.
2.Организмнің бір тұтастығы
3.Нерв жүйесінің физиологиясы.
4.Нейронның құрылысы мен қасиеттері
5.Нерв орталығы және оның қасиеті
6.Анализаторлардың жас ерекшелік .физиологиясы мен гигиенасы.
7.Көру анализаторы
8.Есіту анализаторы
9.Жас эндрокринологиясы
10.Қалқанша ,бүйрек үсті ұйқы бездерінің құрылысы.
11.Тірек-қимыл жүйесі,оның ерекшеліктері
12.Қанқа еттердің құрылысы мен ерекшеліктері
13.Дене бітімінің жас ерекшеліктері.
14.Ас қорыту органдарының жасерекшеліктері
15.Ас қорытудағы ферменттердің рөлі.
16.Тамақтық заттар,олардың құрамы,энергетикалық бағалылығы
17.Зат және энергия алмасуы.
18.Қанның жас ерекшеліктері.
19.Қан айналудың жалпы үлгісі.
20.Жоғары нерв әрекеттерінің типтері
21.Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері.
22.Тыныс алу типтері
23.Оқу бөлмелеріндегі ауаның физика-химиялық қасиеттері.
24.Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері
25.Терінің құрылысы мен қызметі және жас ерекшелігі.
26.Балалармен жас өспірімдердің денсаулық жағдайы.
27.Денсаулық жағдайының еңбек өнімділігіне және жұмыс қабілетіне әсері.
28.Жыныстық жетілу,жыныстық тәрбие
29.Ұйқы оның физиологиялық негіздерімен жас ерекшелігі
30.Бала организмінің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар

ЭДЕБИЕТТЕР:
1.Қ. Дүйсенбин, З. Алиакбарова Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы,
Алматы Дәуір 2003. 398б.
2. М.Т. Матюшонок , Г.Г. Турик,А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер
физиологиясы және гигиенасы .Алматы .Мектеп. 1984.2003б.
3.О.Л. Петришина ,Е.П.Попова. Бастауыш мекетеп жасындағы балалар анатомиясы
,физиологиясы және гигиенасы. Алматы 1984 203б

4.Р.К.Куандыкова. Жас өспірімдер анатомиясы ,физиологиясы және мектеп
гигиенасы .Оқу әдістемелік құрал Түркістан 2003ж 45б.

5.Т.К. Мустафина.Основы валеологии Алматы 1999 117б.

6.Ә.У.Сағынбаев ,М.М.Асмырзаев Валеология.Алматы 2002 160б.

4.ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК–ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ.
Сағ Көр
Куні Лекцияның тақырыбы және оның жоспары саны құрал Әдебиетте
1 2 4 5 6
3
1 010901.1.Жасқа сай физиология мен мектеп 1 Схема №1 §1 1-21
9 гигиенасы туралы жалпы түсінік. плакат
070901.1Жасқа сай физиологияның мақсаты және
9 міндеті
1.2 Балалардың өсуі мен дамуының негізгі
заңдылықтары

2 2.Организмнің бір тұтастығы. 1 Схема №2 §2 16-18
2.1. Организмның даму этаптары. плакат№3 §3 36-45
100902.2 Организм және қоршаған орта
9
3 170903.Нерв жүйесінің физиологиясы. 1 Схема №1 §1 21-29
9 3.1Нерв жүйесінің ақпаратты плакат№2 §2 68-81
қабылдау,өңдеу, өткізу қызметтерін
атқару кезіндегі рөлі.
1909093.2 Тітіркену,тітіркендіргіш, қозғыштық
26090қозу,тежелу ұғымдары.
9 3.3 Нерв талшықтарының жас
4 ерекшеліктері. 1 Схема №1 §2 32-35
плакат№2 110-115
4.Нерв орталығы және оның қасиеті
4.1Рефлекс және оның түрлері
4.2 Шартты рефлекторлық әрекеттің жасқа
28090сай ерекшелігі. 1 плакат№1 §2 37-54
5 9 4.3 Шартты рефлекстің тежелуі. №5
03100 §3 117-121
9 5.Анализаторлардың жас ерекшелік
физиологиясы мен гигиенасы.
5.1 Сыртқы ақпаратты қабылдаудың жүйелі
ұйымдасуы. 1 плакат№6 27-31
5.2 Организмнің сенсорлық жүйесі.
6 051005.3 Сенсорлық қабылдаудың рөлі
9
121006.Жас эндрокринологиясы.
9 6.1 Ішкі секреция бездері.
6.2 Ішкі секреция бездерінің
реттелуіндегі гармондардың рөлі. 1 Схема №1 §2 60-68
6.3 Жыныстық жетілудің физиологиялық
7 негіздері.

141007.Тірек-қимыл жүйесі,оның ерекшеліктері.
9 7.1 Адам қанқасы және құрылысы.
191007.2Тұлға және қол-аяқ сүйектерінің
8 9 дамуы. 1 Схема №7 71-77
7.3 Сүйектердің байланысы плакат№4 118-125

8.Қанқа еттердің құрылысы мен
ерекшеліктері.
8.1 Еттің құрылысы мен қызметі.
211008.2 Әр түрлі жас кезеңдеріндегі ет 1 Схема №1
9 массасы,ет күші. плакат§3 110-115
9 251008.3 Қозғалыс дағдыларының дамуы,жасқа
9 сай қозғалысты үйлестіруді жетілдіру.

9.Дене бітімінің жас ерекшеліктері.
9.1 Дене бітімінің қалыптасуы.
271009.2Көкрек клеткасының деформациясы 1 Схема №1
10 9 9.3 Мектеп жихаздарыны, шеберханаларға плакат§4 118-121
01110қойылатын гигиеналық талаптар.
9
10.Ас қорыту органдарының
жасерекшеліктері. 1 Схема №1
10.1Ас қорыту органдарының құрылысы мен плакат§4 120-124
11 қызметі.
10.2 Ауыз қуысындағы ас қорыту.

0511011.Тамақтық заттар,олардың 1 Схема №2
9 құрамы,энергетикалық бағалылығы. муляж §4 138-144
09110
9 11.1 Балалармен жас өспірімдердің
тамақтануын дұрыс ұйымдастыруға
қойылатын гигиеналық талаптар.
12 11.2 Тамақтану нормасы.
11.3 Тамақтанудың тәртібі мен реті. 1 Схема №1
11110 муляж §8 163-206
9 12..Зат және энергия алмасуы.
1511012.1 Организмдегі зат алмасудың негізгі
9 этаптары.
13 12.2 Энергия алмасуының жас
ерекшеліктері. 1 Схема №7 140-146
12.3 Зат алмасудағы ферменттердің рөлі муляж

1711013.Қанның жас ерекшеліктері.
14 9 13.1Қанның
23110жасалуы,тасымалдық,қорғаны стық 1 Схема №1
9 функциялары.Қан топтары. муляж §9 210-237
13.2 Жүректің құрылысы мен қызметі.

14.Тыныс алу мүшелерінің жас
ерекшеліктері.
15 14.1Тыныс алу органдарының құрылысы.
14.2Тыныс алуды реттеудің жас 1 плакат№2
ерекшелігі. §4 180-196
2511014.3 Мектепті жылыту мен жылыту
9 құралдарына қойылатын гигиеналық
30110талаптар
9
15.Терінің құрылысы мен қызметі және жас
ерекшелігі.
15.1 Терінің қорғаныш қызметі.
15.2 Дене температурасын тұрақты
02120үстаудағы терінің рөлі.
9 15.3 Теріге күтім жасау ережесі.
05120
9



08120
9
13120
9





17120
9
23120
9



































































Лекция1 Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы

туралы жалпы түсінік.
Жоспар:
Жасқа сай физиологияның мақсаты және міндеті.
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.

1.1 Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымының екі саласын қамтиды:
а) даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология.
б) адмның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып,
анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.
Оқулыктың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
Педагоктар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас
өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дүрыс
түсінік беру.
Оқыту жэне тәрбиелеу жүмысында маңызды орын алатын шартты
рефлекстердің негізі мен таныстыру.
Сезім, қабылдау, түйсік, ойлау, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция)
іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам
организімінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа сай физиологиясы мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің болашақ
азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты
болуына ыкпал етеді.
2. Жасқа сай физиология жэне мектеп гигиенасының басқа ғылымдармен
байланысы.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір
саласы.
Физиология ғылымы организімнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен
торшаларының ( клетка ) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың
функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір суру, экология (
яғни қоршаған орта ), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын
организімдегі қубылыстарды бақылайды. Жасқа сай физиология негізінде
анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған
физиология ғылымының үлкенсаласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін
зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Бул пэнге XIX - XX
ғасырларда орыс ғалымдары М.Сечнов, М.П.Павлов және олардың әріптестері мен
шэкірттері өз үлестерін қосты. Біздің республикамызда тіріторганизімдердің
анатомиялық қүрылысын зерттеуде. Ф.М.Мухаметқалиев, А.Р.Рақышевтердің үлесі
бар.
Қазақстанда физиалогия ғылымының қалыптасуы 1938жылдан басталды. Бул жылы
профессор А.П.Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының
Қ.И.Сәтпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филяалында физиология секторын,
1945 жылы физиология ғылыми зерттеу инсититутын ашуға ат салысты. Содан
кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер
бірнеше бағытта жүргізіле бастады.
1.2 Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі
клеткалардың саны мен салмағының үлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің
артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: а) бойы,
салмағы, кеуде шеңбері. Өсу мен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму -
сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық
көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға
бейімделуін, организммен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың
акыл-ой өрістерінің үлғаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады:
Физикалық.
Функциялық.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мушелерге бірдей: мүшенің үзындығы,
ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны. т.б.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты
әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялык дамуын анықтау үшін оның системелық
немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму жеке жетілу,
кемелдену, қартаю. Кэмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен
жастардың жыныстық жетілуі және өзінің үрпғын жалғастыру қабілетінің пайда
болуы, яғни түқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бүған қоса әлеуметтік
қызметтерді атқару, рухани жэне мәдени қазыналарын жасау, еңбек ету
қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 14 жаста басталады да жынысқа
сай қыздарда 16-18 жас, жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Өсу мен
дамудың барлық адамдарға ортақ бінеше заңдылықтары болады:
Өсу мен даму гетерехромды болады, яғни үнемі бірлікте болмайды.
Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу даму қарқыны әртүрлі.
Өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4. Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің
қызметтерінің
биологиялық беріктігі немесе мықты болуы.
5. Өсу мен дамудың түқым қуалау қасиеттері мен сыртқы
ортаның
жағдайларына тэуелділігі.
6. Өсу мен дамудыңакселерациясы.
1. Гетерохондылық өсу мен даму баланың, жазда, күзде, қыста, көктемде өсуі
бірдей емес. Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді.
Туғаннан үш жасқа дейін.
2-3-7 жас аралығында.
Жыныстық жетілу кезеңінде.

Лекция2 Организнің бір
тұтастығы.
Жоспар:
2.1 Организмнің даму этаптары.
2.2 Организм және қоршаған орта.
2.1 Жас кезеңдері деп өсу мен даму үқсас, физиологиялық ерекшеліктері
бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің
даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі
басталады.
1965 жылы Мәскеу каласының болған дүниежүзілік жаз кезеңдерінің шағын
жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
Жаңа туған сәби ( алғашқы 10 күн өмірі)
Емшектегі сэби (10 күн-1 жасқа дейін )
Алғашқы балалық шақ ( 1-3 жас )
Бірінші балалық шақ ( 4-7 жас )
Екінші балалык шақ ( қыздарда 8-11 жас, үлдарда 8-12 жас )
Жеткіншек немесе жасөспірімдер( қыздар 12-15 жас, үлдар 13-16 жас)
Кәмелеттік немесе жігіттік ( қыздар 16-20 жас, жігіттер 17-21 жас )
Ересектік мерзімнің 1-ші жартысы(әйелдер 21-35жас, ерлер 22-35жас)
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы(эйелдер 35-55жас, ерлер 36-60жас)

Егде жас ( эйелдер 55-74 жас, ерлер 60-74 жас )
Қариялар немесе кәрілік ( эйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас )
¥зақ өмір сурүшілер ( 90 жастан әрі)

2.2 Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде 2-2,5
есе артады (жаңа туған баланың миының салмағы 360-390). Жеті жасқа жеткенде
оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Онын себебі -
баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми аркылы іске асады, барлық
мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің әсіресе, орталық жүйке жүйесінің
қызметіне тікелей байланысты. Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне
оның дене пропорциясының өзгерісі жатады. Дене пропорциясы деп адамның
бастан, түла бойы мен аяқтарының қатнасын айтады. Ересек адамен
салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, түла бойы мен бастары үлкен
балады да, олардың дене пропорциясы: басының үзындығы 1:4; түла бойының
үзындығы 2:4; аяқтарының үзындығы 1:4; болады. Мүндай пропорция 1 жасқа
дейін, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктердің өсу
қарқынынан жылдамрақ болып, ден пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы
баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5; 2:5; 2:5; 2 жастан эрі қарай
жілік сүйектері жылдамрақ өседі де, 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа
сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді. Сондықтан 7 жастағы баланың басның
үзындығы 1:7, түла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қатынасындай болады, яғни 7-8
жасар баланың аяқтары мен түла бойының үзындығы теңеседі. Одан әрі қайтадан
жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8,
3:8, 4:8 қатынасында болады. Бүл пропорция дүрыс өсіп жетілген ересек
адамың дене пропопциясы болып қала береді. Өсу мен дамудың аксемрациясының
бірнеше белгілері бар:
- жаңа туған нэрестелердің ірі болуы.
(1970-1980ж. нэрестелердің салмағы 1950-1955. Алматы үзындығы 3-4см,
салмағы 0,5-кг ауыр)
белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы.
ерте жыныстық жетілу.
баланың сүйегі ерте қатады.
жастардың бойының өсу ерте тоқталады: жігіттерде 22-24 жасты,
қыздарда 20-22 жаста. Бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу 2
жылдай бүрын аяқталады.

Лекция3.Нерв жүйесінің физиологиясы.
Жоспар:
3.1 Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдау,өңдеу, өткізу қызметтерін атқару
кезіндегі рөлі.
3.2 Тітіркену, тітіркендіргіш,қозғыштық,қозу, тежелу ұғымдары.
3.3 нерв талшықтарының жас ерекшеліктері.

3.1 Нерв (жүйке) жүйесі — акпаратты жылдам жеткізетін және баскаруды жүзеге
асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның
негізгі қүрылымдық бірлігі - нерв клеткасы - нейрон.
Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден
және үлпалардан түратьн жоғары үйымдасқан биологиялық супержүйе болып
есептеледі. Осы күрделі қүрылымда ерекше рөлді орталық перв жүііесі ми мен
жүлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, үлпаларды,
мүшелерді, бүлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функциональдык. бір
түтастықта үстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер
мен үлпаларда болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентгі
(орталыкхз тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі
жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі мүшелердің әрекетін тудыратын немесе
тоқтататын, болмаса олардыңтонусын сакгауға,көмектесетін эфферентгік
(орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке
организмнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлык қызметтерінің ең
жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз
етеді.
Орталық нерв жүйесінің турлі мүшелер әрекетін.нақты бақылауы нерв
орталыктары мен шеткі органдар арасыцда екі жакты байланыс болғандақган
іске асады. Кдвдай да болмасьш эфферентгік импульстерден орындалатын
әрекеттен жүмыс аткарушы мүшелердегі рецепторлар тітіркенеді де афференттік
импульстер туады; ал олар тиісті әрекетгің нәтижесі туралы орталық нерв
жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалык әрекеті мен
басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде процестер негізделген.
Эеолюция барысында қозғалу функциясының күрделенуі мен жегілуіне байланысты
нерв жүйсінің бүл алғашқы типі көптеген өзгерістерге үшырады. Соның бірі —
әртүрлі маманданған нерв клеткалары белгілі бір орындарға жинақталады:
кабылдағыш (сезгіш) нейрондар рецепторларға жақын манда,
ал қозғағыш, (мото) нейрондар өздері жабдықтайтын бүлшықет топтарының
маңында орнығады. Осыдан түрлі нерв түйіндері (ганглийлер) түзіледі. Бүлар
бір-бірімен нерв талшықтары арқылы байланысады. Қүрттарда, буынаяктыларда,
моллюскаларда, тікентерілілерде болатын бүл жүйені ганглилі, түйінді немесе
тізбекті нерв жүпесі деп атайдьт.
Бүдан соңғы этаігга хордалы немесе тутікті нерв жуйесі пайда болған.
Хордалы жануарларда бүкіл орталық нерв жүйесі жануардың арқа жағында
орналасқан түтіктен түрады. Оның алдыңғы кеңейген жағы — миды, ал арткьт
иилиндр тәрізді бөлімі жүльтнды күрайдьт. Омьтрткальт жануарлар
эволюциясындағы ерекшеліктің бірі - ми дамуы каркынды жүреді де оның ең
жоғарғы бөлімі — ми сынарларының қыртысы пайда болады.

3.2 Нерв жүйесінің зволюциялык дамып жетілу барысында басгы рөлді ерекше
элементгер — рецепторлар аткарады. Бүлардың дамуы негізінен екі бағытта
жүреді. 1. Олардың тітіркендіруді сезгіштігі жоғарыладьг; 2. Рецепторлардың
белгілі бір топтары белгілі бір тітіркендірулерді қабылдауға бейімделді.
Осыған байланысты түрлі сезім мүшелері пайда болды.
Нерв жүйесі эволюциясындағы келесі ерекшелік нейрондар арасындағы байланыс
өзгерулерінен көрінеді. Ішек қуыстыларда нерв клеткалары бір-бірінен
жекеленбеген. Олар өзара үзын және жіңішке протоплазмалык көпіршелер арқылы
байланысқан (нейропвдьдік тин). Ал кейін нерв клеткалары қүрылысының
күрделенуіне байланысты олардың морфологиялык жекеленуі жүрді. Енді
нейрондар бір-бірімен ерекше нейронаралык морфофункциональдық қүрылымдар
арқылы байланыс жасайтын болды. Бүл аралық байланыстырғыш қүрылымдарды
синапстар деп атайды.
Нерв жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер ылғи да функциональдык
өзгерістерді тудырып отырады. Мәселен, организм жоғары сатыға кетерілген
сайын, яғни нерв жүйесі күрделене түскен сайын, оның толып жатқан
қасиеттері де жетіле, жақсара берді:
Орталық нерв жүйесінің функцияларын зерттеу үшін қолданылатын әдістер көп.
Солардаң ішінен мыналарды атап айтса да жеткілікті.
1 Жануарда орталық нерв жүйесінің әр
түрлі белімдерін түгел
немесе жартылай кесу, болмаса алып тастау (экстирпация).
Бүл
жағдайда организм қызметінде болатын өзгерістерге
бақылау
жүргізу арқылы тиісті ми немесе жүлын бөлімдерінің рөлі анықталады.
2. Мидың әр түрлі учаскілерін локальды бүзу. Бүл үшін
микроэлектордтар арқылы түрақты ток береді, мүздатады,
жоғары
температурамен өсер етіп, термокоагуляция жүргізеді,
рентген
сәулесін, ультра дыбыстарды пайдаланады.
3. Түрлі анестетиктерді қолдану арқылы әр түрлі үлескілер
функицияларын уақытша тоқтату.
Зерттелетін учаскені әр түрлі күші бар электр тогымен тітіркендіріп
(Фритч, Гитциг, 1870; кейін Данилевский, Бехтерешлер алғаш қолданган),
алынған
жауаптың сипатьш бақылау. Тітіркендіру және химиялық заттарды, механикалық
әсерлерді де пайдаланады.
Электрофизиологиялық әдіс. Мүнда орталық нерв жүйесінін әртурлі
үлескілеріндегі биоэлектрлік қүбылыстар (ең алдымен
әрекет
потенциалдары) зерттеледі.
6. Стереотаксистік техниканы қолдану (Зернов, 1889).
стереотаксистік атласты пайдалана отырьш
микроманипулятордағы
микробүранданың көмегімен микроэлектродты мидың тиісті бөліміне, тіпті
жеке нерв клеткасына жеткізіп тигізеді.
7. Шартты рефлекстер әдісі.

3.3 Нерв талшықтарының, яғни нерв клеткалары өсінділерінің ең негізгі
қасиеті — өздері арқылы қозу импульстерін өткізу (тарату) болып есептеледі.
Біртекті нерв клеткаларынан шығатын нерв талшықтары шоғырланып, орталық
нерв жүйесі шенберінде өткітгіш жолдар деп аталады (жүлын - мишық жолы,
жүлын таламикалық жол, т.б) Орталық нерв жүйесінен шыққан соң турлі
талшықтар бірігіп бағаны немесе нервтердіә қүрайды (орталыққа тепкіш -
афферентік, орталықтан тепкіш — эфференттік, қозғағыш, секрзторлық,
трофикалық, тамыр қозғағыш, висцеромоторлық т. б.)- Бір нервте әртүрлі
қымет атқаратын талшықтар бола алады.
Нерв талшықтарын морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе
миелинді және балдырсыз (миелинсіз) деп екі топқа айырады. Миелинді сезгіш
және қозғағыш талшықтар сезім мүшелері мен қаңқа еттерін
жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік
(автономиялық) нерв жүйесінің қүрамына енеді. Миелинсіз алшықтар омыртқалы
жануарларда негізінен симпатикалық нерв жүйесіне тән.
Нервтерде әдетте миелинді де, миелінсіз де талшықтар болады, бірақ
олардың сандық ара қатынастары әртүрлі нервтерде түрліше болып келеді.
Мәселен, тері нервтерінің көпшілігінде балдырсыз талшықтар басым болады, ал
қаңқа бүлшықеттеріне келетін нервтерде, керісінше, олар аз болады.

Лекция 4.Нерв орталығы және оның қасиеті.
Жоспар:
4.1 Рефлекс және оның түрлері.
4.2 Шартты рефлекторлық әрекеттің жасқа сай ерекшелігі.
4.3 Шартты рефлекстің тежелуі.

4.1 Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлы қыртысы жэне оған таяу
қүрылымдары орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл
жетекші бөлімнің қызметі - жоғары жүйке ісэрекетінің негізін құрайтын, яғни
мінезді бейімдейтін күрделі биологиялық әсерленісті жүзеге асыру.
Жоғарғы жүйке ісәрекеті туралы мэдилік ғылым төрт қаидаға: рефлекс,
доминанта, бейнелеу жэне мидың жүйелілік қызметіне негізделген.
Рефлекс үгымы XVII ғасырды алғашқы Рене Декарт (1596 - 1650) үсынған
әлемнің механикалық көрінісі туралы ілімінде пайда болды. Ол рифлекс мидан
бүлшықеттерге тойтарылып келетін жануарлық рух деп есептеді. Сөйтіп
тітіркендірістің себептестік (детерминизм) мәнін ашты. Сондықтан оны
себептестік пстхофизиологияның негізін қалаушы деп санауға болады.
Жүйке - психикалық себептестік ілімі чех физиологы Иржи Прохазканың (1749 -
1820) еңбектерінде ерекше орын алды. Ол рефлекс терминін бірінші қолданып,
оның биологиялык маңызын көрсетті.
Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И. М. Сеченов жануарлардың, адамның
мінез - қүлығы, оның санасы мен ақыл -ойының ең күрделі көріністері, мидың
рефлекстік қызметімен байланысы туралы батыл болжам үсынды. Оның Ми
рефлекстері (1863) деген еңбегі жарық көргенше, оқымыстылар психалық
қүбылыстарға салалы физиологиялық талдау жасай алмады. Ол анықтаған рефлекс
қүбылысының негізгі белгілері:
Рефлекс организмнің сыртқы ортамен қарым - қатынасының
ерекше және әржақты қасиеті.
Физиологиялық эрекеттерді қозумен бірге тежелу үрдістері
үйымдастырады.
Алдыңғы қатарда мидың жоғарғы орталықтарының үйлесімді
арақатынысы орын алады. Ең алдымен соларда физиологиялық
талдамыс өтеді.
Ми орталықтарының қызметі биологиялық беімделіс ретінде
қаралады.
Бүлшықет сезімталдығы мінез - құлықты себептестік түрғыды
талдауға қатысады.
Рефлекс эрі физиологиялық, эрі психикалық (ойлау, сана)
эрекеттердің негізін қалайды.

И. М. Сеченовтың ойларын И. П. Павлов ерекше дамытты және нақтылы тәжірибе
жүзінде дэлелдеді. Ол, шартты рефлекстер әдісін еңгізіп, жоғары жүйке
ісэрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын қалады. Оның зерттеулері
рефлекстік ілімнің негізі: себептестік, анализ және синтез, күрылымдык
қағидаларын жасады.
П. К. Анохиннің айтуынша, павловтың ілімі:
1. Адам мен жануарлардың бейімделу ісәрекетін тексерудің шартты
рефлекстік эдісін үсынды.
2..Біртүтас организм үшін шартты рефлекстің икемделу жэне
эволюциялық мэнін ашты.
3.Жүйке үрдістерінің байланысы ми қыртысы деңгейінде
түйықталатынын көрсетті.
Ми қыртысында, жүйке орталықтарындағыдай, тежелу
үрдістерінің бірнеше түрі болатындығын ашып, Сеченовтың
ойларын делелдеді.
4.Талдағыштар туралы ілімнің негізін қалады, оның шеткі
қабылдағыш, өткізгіш жолдарын, мидағы орталық бөлімдерін
анықтады.
6. Шартты бейнеліс қалыптасуы кезінде қозу мен тежелу
үрдістерінің нейродинамкалық өрнектері болатынын талдады.
7. Мінез - қүлықтың жылжымалы стереотиптік ісәрекетін
қалыптастырудағы мидың жүйелілік қағидасын жасады.

4.2 Қабылдау белгісіне қарй шартты рефлекстер экстрарецептивтік -сыртқы
қабылдағыштық жэне интерорецептивтік -ішкі қабылдағыштық болып екі үлкен
топқа бөлінеді.
Экстрарецептивтік шартты рефлекстерге сезім өзгешелігіне сайкес көру, есту,
иіс, дэм, түйсіну жэне температуралық болады. Олар организммен қоршаған
ортаның арақатынасында маңызда орын алады.
Интерорецептивтік шартты рефлекстер ағзалар қабылдағыштарын шартсыз
тітіркенумен үштастырғанда қалыптасады. Бұл ағзаларды механикалық
тітіркендіргенде, оларда қысым көбейгенде, қанның химиялық қүрамы, осмостық
қысымы, ішкі ортаның температурасы өзгергенде пайда болады.
Интерорецептивтік рефлекстер баяу қалыптасады жэне жануарлардың шартты
рефлекстік әсерленісі шаршыраңқы, жалпылама келеді.
Тиімділігіне қарай шартты рефлекстер вегетативтік жэне
аспаптық болып екі топқа бөлінеді.
Вегетативтік шартты, рефлекстер қатарына тамақтану, жүрек -тамыр, тыныс
алу, жыныс рефлекстері кіреді. Жоғары дэрежелі жануарларда шартты
рефлекстер организмде жүзеге асырылатын барлық зат алмасу үрдістеріне
қалыптасады.
Аспаптық шартты рефлекстер бұлшық еттердің шартсыз қимыл эсерленісі
негізінде үйымдастырылады. Аспаптық іс-әрекеттің мәнісі - организммен
қоршаған ортаның қарым -қатынасының өзгеруінде. Ол не дене жағдайының
кеңістіктегі ауытқуы, не организмнің басқа денелерге әсері.
Шартты түрткінің тиімділігі қоршаған ортадағы эсерлердің жиынтығы мен
жағдайына байланыты. Сонымен қатар, бұл үшін белгілі мотивация мен зерденің
және тағы басқа заттардың қатысуы қажет. Жануарлардың аспаптық әрекеті
жүзеге асырылуы үшін, мидың маңдай бөлігінің қалыпты қызметі сақталуы
керек. Егер мидың маңдай бөлігі екі жағынан да бұзылса, мұндай күрделі
рефлекстер пайда болмайды. Сойтып олар жануарлардың аспаптық ісэрекетіне
байымды эсер етеді.
Шартты рефлекстер тітіркендіру түріне қарай табиғи жэне жасанды
болып жіктеледі. Табиғи шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің
шын белгілеріне қалыптасады. Мэселен, тағамның иісіне немесе
түріне сілекей бөлінеді. Ал әр түрлі
талғаусыз тітіркендіргіштерге түйықталадын шартты рефлекстер жасанды
болады. Жануарлардың жаратылысында табиғи шартты рефлекстер ұрпақтан
ұрпаққа, олардың тіршілік тэсілдеріне сэйкес қалыптасады. Табиғи жағдайда
шартты рефлекстер ортаның бір неше тітіркендіргіштеріне ұйымдастырылады.
Сондықтан оларды
қарапайым жэне күрделі деп бөледі. Күрделі шартты рефлексті: бір мезгілді
жэне бір ізді деп тағы жіктейді. Мүнымен бірге тізбекті шартты рефлекстер
байқалады.
4Шартты, шартсыз тітіркендірулердің қарым-қатынасына жэне ұштастырылған
мерзіміне сэйкес шартты рефлекстер нақтылы жене ілеспелі болып
бөлінеді. Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз
тітіркендіргіштердің дэлме-дәл ұштастыру жағдайларына қалыптасады. Егер
шартсыз нықталу шартты тітіркендіру әсеріне 1- 3 с мерзімде қосылса, бұл
дэлденген шартты рефлекс болады, ал нықталу 5-30 с арасында кешіктіріліп
берілсе, бұл жылжытылған немесе кідіретін шартты рефлекс.

4.3 Кідіретін рефлекстің құрамында жігерлі жэне енжар екі кезі болады.
Мұнда әуелі жүйке жасушаларында шартты тітіркендірудің тежелу үрдісі
басталады. Содан кейін оның жекеленген әсері соңғы шартсыз тітіркендірумен
дәл келген кезде барып шартты бейнелыс жасайды.
Іліспелі рефлекстер нықтауыш тітіркендіргіш шартты сигналдық әсері
аяқталғанда қосылса пайда болады. Сондақтан шартты тітіркендіргіш ретінде
нақты сигналдың өзі емес, оның белгілі бір іздері жүйкеге эсер етеді.
Мысалы, сілекей бөлінетін рефлекс шартты сигналдың әсері аяқталған соң, 2-4
минуттан кейін ғана құрылады. Сөйтып, ілеспелі шартты рефлексиер мидың қозу
және тежелу үрдістерінің қарым -қатынасының арқасында туады. Бүл рефлекстің
тағы бір түрі білгілі бір уақыт мерзімінде қүрылатын -уақыттық шартты
рефлекс.
Уақыттық шартты рефлекстер эртүрлі уақыт аралықтарында қалыптасады. Оны
бағдарлайтын организмдегі көптеген ырғақты өтетін қүбылыстар. Тірі
организмде мұндай биологиялық ырғақтардың бірнеше толық жиынтығы болады.
Жоғары ретті шартты рефлекстер. Шартты сигналды шартсыз тітіркендірумен
ұштастырғанда қалыптасатын рефлекстер бірінші ретті деп аталады. Ал екінші
реттісі сыртқы эсерді бүрын жасалған бірінші шартты рефлексті қоздыратын
шартты сигналмен ұштастырғанда қалыптасады. Одан кейін талғаусыз
тітіркендіргішті екінші ретті шартты тітіркендірумен үштастыру жолымен
иттерде үшінші ретті шартты рефлекстер жасауға болады. Ол иттердің аяғын
электрмен тітіркендіретін тәжірибеде пайда болатын қорғаныш рефлексі арқылы
байқалады. Төртінші ретті шартты рефлекстер иттерде қалыптаспайды.
Балаларда алтыншы дэрежелі рефлекстер жасауға болатындығы анықталды. Сөйтіп
жануарлардың эволюциялық даму кезінде бір шартты рефлекстің негізінде
келесе тізбектелген бейнелістерді жасауға мүмкіндік туды. Балалардың
көзсіз еліктеуі кейін адамның азаматтық жақсы өнегеден тэлім алу
қабілетіне ауысады

Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
Жоспар:
5.1 Сыртқы ақпаратты қабылдаудың жүйелі ұйымдасуы.
5.2 Организмнің сенсорлық жүйесі.
5.3 Сенсорлық қабылдаудың рөлі.
5.1 Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы жэне ішкі орталардың әсерлерін
қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын
мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті
түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иісдері, қозғалыс, дәм және висцеральды
(лат. Висцералис - ішкі мүшелерге қатысты) яғни ішкі мүшелерге байланысты
жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен турады: 1)сезгіш немесе перифериялық
бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;
2)өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те атайды;
3)орталық немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары,
сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім жэне ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш
рецепторлардан турады. Олар тітіркендіргіштің эсерін қабылдап, қозуға
айналдырады ( рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін еске
түсірініз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен
шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден түрады.
Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысыңда орналасқан
сезім орталықтары қурады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына
көз алмасында орналасқан таяқша жэне сауытша пішінде жарық қабылдағыш
рецепторлар-фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен
тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми
сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17, 18, 19 аймақтары жатады.
Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың
бейнесі туралы сезім пайда болады.
5.2 Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау - алғашқы
саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің эсерін рецепторларда қозу толқындары ( қозу
импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің
күшіне байланысты келеді. Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды
өткізіп қана қоймай аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасайды.
Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқыланған кейін
рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың
орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана
қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дэрежелі биологиялық маңызына қарай
талдау мен талқылау жасалады. Бүл үшін жеке басының өмірден алған
тәжірибесі кажет. Былайша айтқанда шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды
қажет етеді.
Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
5.3 Талдағыштардың эрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері
болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бэріне бірдей қасиеттері де бар:
1 .Талдагыштардың рецепторлары өзіне тэн тітіркендіргіштердің эсерін
қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. Адекватус-
теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды.
Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал
болады. Көру талдағышы үшін жарық сэулелері, есту талдағышына дыбыс
толқындары, иіс талдағышына -жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм
талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
2.Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде
тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы
бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін
заттар көріне бастайды. Немесе, түзды тамақ алғашқы кезде ащы болып
сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дүрыс секілді болады.
Ал содан кейін түзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның түзы аз сияқты
болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп
келгенде этірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей келеді. Бұл
мысалдардың бэрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күшіне
тез бейімделетінін дэлелдейді.
3 .Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің
қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді жэне, керісінше,
біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы,
бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы
көлденең дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4.Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметің жартылай
болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшінің
дыбысынан қай жерде жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты,
даусынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағыш пен сау
талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында түрақты нервтік
байланыстар пайда болады. Біздің мысалымызға соқыр кісінің көру орталығы
мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс
пайда болады.
5.Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не
күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, үшқыштар тепе-теңдік
(вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын
төмендеткендіктен ушып келе жатқан үшақтын ішінде еркін қозғалып үзақ жүре
алады. Ал жай жолаушы ушып келе жатқан үшақтын ішінде үзақ уақыт түрегеліп
жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып қүсуы мүмкін. Әткеншекті көп тепкен бала
көлікте ұзақ жол жүре алады.
Көру талдағышы. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан.
Оларға торлы қабықтағы таяқша жэне сауытша пішіміді фоторецепторлар жатады.
Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға
барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми
қыртысының желке түсындағы көру аймағына ал сол көзден шыққан көру нерві оң
жақ ми қыртысындағы көру аймағына көзуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс
бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң жэне сол жақ көру
орталықтары жатады. Көз өте сезімтал, нэзік жэне маңызды сезім мүшесі. Оның
дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Жас эндокринологиясы.
Жоспар:
6.1 Ішкі секреция бездері.
6.2 Ішкі секреция бездерінің реттелуіндегі гармондардың рөлі.
6.3 Жыныстық жетілудің физиологиялық негіздері.
6.1Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық
бездер деп екі топқа бөледі. С ы р т қ ы секрециялық (лат. секреция — сөл
шығару) бездердің өзектері арқылы олардың енімдері, яғни секреттері (лат.
секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге қүйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей
безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің
өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық
немесе экзогендік (грек. экзо — сыртқы, сыртқа + ген-тек, болмыс) бездер
деп атайды. Бүларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарынасты бездері,
бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек.
эндон -ішкі + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Биология оқыту әдістемесі
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Физиология ғылымы
Пәндер