Жер салығын төлеушілер


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жер салығын төлеушілер
  2. Салық салу обьектілері

Пайдаланылған әдебиеттер

Жер салығын төлеушілер

Келесі салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады:

1) меншік құқығында;

2) жерді тұрақты пайдалану құқығында;

3) жерді уақытша өтеусіз бастапқы пайдалану құқығында.

Жер салығын келесілер төлемейді:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемін¬де алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;

үй маңындағы жер учаскелері;

жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

6) жеке тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

7) діни бірлестіктер.

Салық кодексінің 381, 383-баптарына сәйкес жер салығының негізгі ставкалары қарастырылған. Салық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобалары (сызбалары) негізінде жергілікті өкілетті органдар автотұрақтарға (паркингтерге), жанармай құю станцияларына бөлінген және казино орналасқан жерді есептемегенде, Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен бекітілген жер салығы ставкаларын негізгі жер салығы ставкаларынан 50 пайыздан асырмай кемітуге немесе көтеруге құқы бар.

ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.

Жер салығы- меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.

Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді.

Оның мақсаты - экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.

Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекен жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге бөлінеді;

Жердің мынадай сипаттары:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

Орман қорының жерлері;

Су қорының жерлері;

Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.

Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.

Жер салығын есептеуге негіз болып:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері;

3) жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады;

Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:

- бірыңғай жер салығын төлеушілер;

- мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;

- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о. і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша - “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар

- діни бірлестіктер;

Жоғарыдағы аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

Жер салығының мөлшеріжер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.

Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:

- Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;

- Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;

- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

Қазақстанда әр түрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
Тікелей және жанама салықтар
Салық түсінігі және түрлері
Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі
Жер салығын салу
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Мүлік
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Жеке табыс салығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz