Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы



1 Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану
2 Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің санасында түбегейлі өзгерістер болды.
Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі - «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы».
Бұл еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт бағдарды айқындайды.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті білімді ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің саналы білім беріп, оқушыларды ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге
мамандандырылған мектебі

қазақ тілі мұғалімі Қапарова Н Н

Тақырыбы: Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің санасында түбегейлі
өзгерістер болды.
Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық
қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге
көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар
пайда болды. Оның дәлелі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту Тұжырымдамасы.
Бұл еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау
қажеттілігінен туындайтын басты бағыт бағдарды айқындайды.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық
деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті
білімді ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру
жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің саналы
білім беріп, оқушыларды ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі
зор.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі
сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс
істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс
тілінде жүретін мектептерде егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ
тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс тілді мектептерінде қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей
басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған

қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге
үйрету болады да, сондықтан сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық
ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазіргі уақытта орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда
тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады, соның бірі ИКТ.
Интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың
барлық кезеңінде, яғни, бастауыш мектепте оқытуды қызықты да әсерлі
өткізуге ықпалын тигізеді.
Интерактивті тақта бастауыш сыныптар үшін өте қолайлы. Оқушылардың
қызығушыларын арттыруда, сабақ барысында дидақтикалық материал түрінде
қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында,
оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның
қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына,
өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін
нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға
ретінде ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді.
1991 жылы дүниежүзіндегі бірінші интерактивті тақта ұсынылған болатын.
Интерактив (ағыл.бірлескен әрекет) өзара әсер ету деген мағынаны білдіреді.
Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдесін ұйымдастыруға толық
қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту
әдісі.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр
ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай
қолдануымыз керек?

Мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге
нұсқау ғана береді. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін
деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:
Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
1. Ақпараттық технологияларды зерделеу;
2. Тиімді тәсілдерді анықтау;
3. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;
4. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды
қолдануға болады:
1. Тренажер – бағдарламалар;
2. Бақылаушы - бағдарламалар;
3. Тәлімгерлік бағдарламалар;
4. Көрнекіліктер бағдарламалары;
5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар
Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге,
пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты,
көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да
басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің
сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін
жоғарлатады.
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін
бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы
ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен
таныстыруға болады.

Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен
оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы
белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта – ықыласына
жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологияның құрылымы
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерімен танысу арқылы шығармашылық жұмыстарын интерактивті ортада түрлі мазмұндық деңгейде флипчарттар құру
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Пәндер