Табиғат бүкіл әлем


Жоспар

1. Табиғат бүкіл әлем

2. Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі

Табиғат - бүкіл әлем.

Табиғат - адамның өмір сүретін ортасы.

Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тўраќты ќатыныста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын ќорытынды - адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетінің кеңістігі, ортасы.

Адамзаттың ќалыпты өмір сүруі үшін ең алдымен ќолайлы табиғи орта жағдайлары болуы ќажет. Сонымен бірге күнделікті тўрмыс ќажетіне пайдаланатынтабиғат байлыќтары болуы шарт. Жер бетінде адам санының артуы, түрлі шаруашылыќ салаларын игеруі оның табиғатќа әсерін күшейте түсті. Әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы жаңа жерлерді игеруге ыќпал жасады. Адам бўрын табиғатќа тікелей тәуелді болса, енді табиғат адамның іс-әрекетінің әсеріне тәуелді бола бастады.

18 ғасырдан бастап өнеркәсіптің пайда болуы, ауыл шаруашылығының ќырќынды дамуы адамның табиғатќа ыќпалын арттырды. Кейінгі кездегі адам санының ќарќынды өсуі, ғылыми-техникалыќ прогресстің дамуы адамның табиғатќа әсерін күрт өзгертті. Адам бўрын пайдаланбай келген табиғат байлыќтарын пайдалуныды ќолға алды. Табиғи орта жағдайларының ғаламдыќ деңгейде өзгеруі табиғат байлыќтарының ќорының таусылуына әсер етеді. Бўған көптеген пайдалы ќазбалар жатады. Табиғат байлыќтарын бей-берекет пайдаланудың нәтижесінде табиғи орта жағдайларының тарихи ќалыптасќан тепе-теңдігі бўзылады. Соның нәтижесінде жер бетінде экологиялыќ дағдарыс және экологиялыќ апатты жағдайлар пайда болды.

Экологиялыќ дағдарысты адамның белсенді іс-әрекетті арќылы жоюға болады.

Экологиялыќ апат кезінде табиғи орта жағдайлары өзгеріп, адамның тіршілік етуіне аса зор ќауіп төнеді. Экологиялыќ апатты аймаќтардағы табиғи ортаны бастапќы ќалпына келтіруге болмайды.

Пайдалы ќазбаларды өндіру және өңдеу кезінде олардың көп бөлігі ќалдыќќа айналып ќоршаған ортаны ластайды. Ќазіргі ғаламшарлыќ деңгейде ауа райының жылынуы, озон ќабатының жўќаруы, ауаның ластануы пайдалы ќазбаларды пайдаланумен байланысты.

Жер атмосферасы ( грекше atmos - бу және sphaira - шар ) - Жерді ќоршап тўрған газды ќабыќша. Атмосфера деп - Жерді онымен бірге айнала жүріп оны ќоршаған тўрған газды ортаны айтамыз. Атмосфера Жер бетіндегі барлыќ тіршілік процестерінің жүруін ќамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлыќ жаќтарына үлкен әсер етеді.

Табиғат үшін атмосфералыќ ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол, біріншіден, фотосинтез үшін көмірќышќыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Ол тірі организмдерді космостыќ сәулелерден ќорғайды, Жерде жылуды саќтайды, климатты реттейді, зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін ќабылдайды, плнетада су буларын тасымалдайды, бўлт, жауын-шашын түзілетін және басќа да метеорологиялыќ процесстер жүретін орын, ўшатын организмдер үшін тіршілік ортасы болып саналады, топыраќтың ќўнарлығына әсер етеді, т. с. с. өндірістің ќарќынды дамуы және отын түлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің ќоры азайып, ал көмірќышќыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бўзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірќышќыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2%-ға ўлғайып отыратынын аныќтады. Адамзат ќоғамында адам баласы отты ең алғаш рет ќолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процесстерінде 273 млрд. тонна оттегі жўмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90%-ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жўмсалған.

Ќазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500млн аса автомобиль жүріп тўрса, үлкен ќалалардағы атмосфералыќ ауаның тазалығын саќтау адамзат үшін ќаншалыќты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос-Анджелес ќаласының ауасын үнемі 2, 5 млн автомобиль, Парижде-900 мың, т. с. с ластайды. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 300кг көміртек оксидтері, т. с. с отынның толыќ емес жану өнімдері бөлінеді. Бўл физико-химиялыќ ќоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі

ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану -ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.

Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.

ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары.

Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%.

Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу - осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.

Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.

үй малдарының эктопаразиті - масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.

Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс - фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.

Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінің салдарынан осы тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған.

Тыңайтқыштарды өлшеусіз пайдалану, топырақты өндірістік қалдықтармен ластау, жердің құрамындағы зат алмасуын қиындатып бүлдіруде.

Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады.

Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл өзендердің бойында мал қораларымен қоса қойды карелинге тоғытатын орындар орналасқан.

Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.

Табиғатта тірі организмдер арасында трофикалык байланыс болады, демек тамақтық байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы химикаттар шашып кырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек етеді. Ал ірісімеи де, ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы балықтармен коректенетін құстарға да тиеді. өлген құстарды лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып шықты.

Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер- балдырлар, дафниялар, циклоптар, ұлулар, балықтар химиялық анализден өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың организміндегі токсофеннің мол жері миллионның 0, 3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид миллионның 0, 2-0, 7 ұсақ балықтарда 0, 3 бөлігіндей болатыны анықталды. Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы химикаттардың «қоймасы» деуге болады.

Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең қолданылғандықтан кейінгі кезде сыртқы қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр. Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан - суға, судан - топыраққа, топырақтан - өсімдіктерге, өсімдіктерден - малдарға малдардан - адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден тыс уланбауын қадағалап отырған жөи.

Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашық өндірісін машиналар мен құрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы - жерге әсерін тигізетін атты техниканы абайлап қолдануды қажет етеді.

Ауыл шаруашылық вшиналарының салмағы мен куатын есірудің белгіленген шегі бар, ол шек топырақ қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа, топырақтың терең нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының топырағына қысымы аз түсетін шынжыр табанды трак-торлармен өңдеген дүрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясындағы әлем мәселесі
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
Онтология мәселелері
Философия дүниетаным ретінде
Философия және мәдениет
Болмыс формалары
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы
Ислам философиясындағы әлем мәселесі. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі
Болмыс философиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz