Құтадғу біліг (Құтты білік)



1 Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн
2 "Құтты білік" дастаны
Ғұлама шу өзіннің бойындағы Баласағұн қаласында туған толық аты Жүсіп Хас Хижип Баласұғын. Ол өзінің атақты «құт негізгі-білік» ( «Құтадғу білік») атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш түрік тілінде жазылған. Ғұлама өзінің еңбегінде ( арапша, тәжікше кітаптар көп). Ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ. Ислам дәуірі әдебиетінің ең көрнекті туындысы — Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу біліг" ("Құтты білік") дастаны. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн— ХІ ғасырдыңаса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшылы, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы — "Құтты білік" дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрижесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. женінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.
Ақын "Құтты білік" дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы (1070 жылы) жазып бітірген. Жүсіп Баласағұн сол жылы өз дастанын "Тамғаш қағанға" — "хандардың ханына" тарту етеді. Бұған риза болған Бограхан ақынға "ұлы Хас Хажыб" ("ұлы уәзір", "бас кеңесші") деген жоғары атақ береді. Бұлтуралы ақын:
1. http://www.google.kz/
2. Баласағұн Ж. Құтты білік. Аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
3. ХІХ ғасыр әдебиеті. (Құр. Х.Сүйіншәлиев). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 224 б.
4. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993. – 248 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн
(1921-1975)

"Құтадғу біліг" ("Құтты білік")

Ғұлама шу өзіннің бойындағы Баласағұн қаласында туған толық аты
Жүсіп Хас Хижип Баласұғын. Ол өзінің атақты құт негізгі-білік ( Құтадғу
білік) атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш түрік тілінде жазылған.
Ғұлама өзінің еңбегінде ( арапша, тәжікше кітаптар көп). Ал бұл біздің
тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ. Ислам дәуірі әдебиетінің ең көрнекті
туындысы — Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу біліг" ("Құтты білік") дастаны.
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн— ХІ ғасырдыңаса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс
елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшылы, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам
қайраткері. Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік
өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы — "Құтты білік"
дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи,
қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрижесі, әдет-ғұрпы,
наным-сенімі, т.б. женінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін
көркем туынды.
Ақын "Құтты білік" дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы (1070 жылы)
жазып бітірген. Жүсіп Баласағұн сол жылы өз дастанын "Тамғаш қағанға" —
"хандардың ханына" тарту етеді. Бұған риза болған Бограхан ақынға "ұлы Хас
Хажыб" ("ұлы уәзір", "бас кеңесші") деген жоғары атақ береді. Бұлтуралы
ақын:
Хандар ханы Табғаш Қара Богра—
Падишахтың құзырында оқыды.
Мархабатпен даңқ қосты атына
-Ақылы мен қаламының хақына.
Хас Хажыбтың атақ берді тағы да,
Мұны сеніп жақын тұтты жанына.
Сол мәні үшін жұрт құрметпен қарады,
Аты: Жүсіп Хас Хажыб деп тарады, — депжазады(44, 44).

Ақын "Құтты білікте" қандай адам "ұлы хас хажиб" болып істеуі мүмкін
деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады.
Ұлы Хас Хажыб—әмірші-патшаның көрер көзі, естір құлағы, ол мемлекет
заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады.
Сондай-ақ ұлы уәзір— қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін
хат көшірушілер мен қол-өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді
қабылдап шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға
сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер менжетім-жесірлердің арызын тыңдап,
оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Бограханға жеткізіп отыруы тиіс. Бұған
қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана
емес, сонымен бірге ақын "Құтты білікте" өзіне өтежақсы таныс мәселелерді
мейлінше терең біліп барыпжазғанын да аңғарамыз.
"Құтты білік" дастаны — мемлекетті басқару қағидалары мен
принциптерін сөз ететін ел басқарудың ережелері мен заңдарын, мінез-құлық
пен әдет-ғұрып нормаларын қамтыған көркем туынды. Этикалық-дидактикалық
сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл
дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі
әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай
болуы керек, олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс
екені баяндалады. "Құтадғу біліг" дастанын әр елде әртүрлі атады. Мәселен,
Шыңелінің(СолтүстікҚытай)адамдары "Адабул— мүлік" ("Әкімдердің әдептілігі")
деп, ал Машын (Оңтүстік Қытай) жұрты "Айнкүл мамлакат" ("Мемлекет
тәртібі"), Шығыс елдерінің әкімдері "Зийнатул-умаро" ("Әмірлердің сән-
салтанаты"), парсылар "Шаһномаитуркий" ("Түркілердің шаһнамасы"), тұрандық-
тар "Құтадғу біліг" ("Құтты білім") деп атайды. Бұл атаулардың қай қайсысы
болса да "Құтты білік" дастанының мемлекетті басқару істеріндегі моральдік-
этикалық, адамгершілік мәселелеріне арналғанын дәлелдей түседі. Бұл
дастанды зерттеуші ғалымдар да "Құтадғу білікті" орыс тіліне түрліше
тәржіма жасап отырды. Мәселен, В.В. Бартольд кітаптың атын орыс тіліне"
Патшаларды ақылға шақыратын білім" ("Знание, образующее царей"); С.Е. Малов
"Бақыт кітабы" ("Книга счастья"); А.А.Валитова "Басқару туралы білім"
("Наука об управлений"); В.В.Радлов "Бақыт сыйлайтын білім" ("Знание,
дарующее счастье"); В.Томсен "Бақытты болу өнері" ("Искусство сделаться
счастливым"); С.Иванов "Құтты білім" ("Благодатноезнание") деп аударды.
Ғалымдар "Құтты білікті" әрқайсысы әртүрлі тәржіма жасағаны рас, әйтсе де
барлығы ең басты мәселе бойынша бір жерден шығып отыр. Демек,
аудармашылардың бәрі де "Құтты білік" дастаны — мемлекетті басқарудың
моральдік-этикалық нормаларын жырлайтын туынды екенін мойындап отыр.
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның "Құтты білік" дастанының бүгінгі күнге
дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл
қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны
Вена нұсқасы дейді. Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі,
бұл қолжазба 1439жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен
көшірген адамның есімі— Хасан Қара Сейіл.
Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны
Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896жылы
немісғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург
Ғылым академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп
алады. Қазір бұл қол-жазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының С-
Пе-тербург бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.Валитова Өзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан еді. "Құтты білік" дастанының араб әрпімен
көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасы Ғылым
академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып
келеді.
Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971жылы дастанды өзбек әрпі негізінде
транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен біргежеке кітап етіп басып
шығарды.
Әрине, жоғарыда аталған үш қолжазбаның әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Сондықтан ғалымдар үш нусқаны да өзара салыстыра зерттеп,
"Құтты біліктің" ғылымға негізделген толық мәтінін жасап шығу үшін көп
еңбек сіңірді. "Құтты білік" дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде
хабар беріп, оның нусқасының бір бөлігін 1823 жылы "Азия" журналында
бастырып шығарған француз ғалымы Жауберт Амадес болды. Бұл істі кейінірек
венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Олдастанның бірнеше тарауын
транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік
жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы ""Құтты білікті" жеке кітап етіп
шығарды.
Әйтсе де мұның бәрі алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді.
"Құтты білікті" кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау
саласында келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов
бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы
(1890-1910) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып,
баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда осы кезде "Құтты біліктің"
бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты
В.В.Радлов шығарманы неміс тілін,аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын
уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін
зерттеп біліп алу қажет еді. "Кдлты білік" дастанын әдебиеттану, тіл
білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс,
А.Валитова, К.Каримов, С.Муталлибов сияқты көрнекті ғалымдардың мол үлес
қосқаны белгілі.
"Құтты білік" дастанының басты идеясы төрт принцип, негізделіпке
жазылған.
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай
әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бөйн өсі ретіңде. Күнтуды патшаны
көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет
мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің
баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағатынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің
туысы, дәруіш Одғұрмыш бейнесі арқылы әңгіме болады:
Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.
Бірі оның - шындық жолы Әділет,
Екіншісі құт пен ырыс, дәулет.
Үшіншісі — Ақыл менен парасат,
Төртіншісі -ұстамдылық, қанағат (44,44).

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі
жолдықөлең)тұрады. Бұл— 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға
бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде
жазылған. "Құтты білік" дастанының сюжеті де автор алға қойған этикалық-
моральдік, дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-
дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне
тікелей байланысты етіп құрылған.
Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді. Күнуды
деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жаһанға есімі мәшһүр болады.
Құдіретті де, әділ патшаның атақ-даңқын естіп, оған іштей тәнті болған
Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп алыс жолға аттанады: Ұзақ сапарда
көп қиыншылықтарға ұшырап ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен
Айтолдыны жан-жақты, әбден сынап көреді. Ақыры патша оны өзіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйғыр жазуы
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Түркі дәуірі ғалымдары мен ойшылдарының еңбектері (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, Ибн Сина)
Әл-Фараби- ғалым-энциклопедист
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Құтты білік дастаныны
Пәндер