Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері



1.Дене тәрбиесінің мазмұны,міндеттері.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері.
3. Дене тәрбиесінің әдістері.
Дене тәрбиесінің пайда болуы мен бастапкы даму дәрежесі халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі бір мақсатты шешуге бағытталды. Ол мінез-құлық, өндіріс деңгейі, адам санасы сияқты факторларға негізделді. Адам сойыл, найза т. б. еңбек кұралдарын пайдалану арқылы өз қозғалыс дағдыларын қалыптастырды. Бұл қозғалыс дағдысы дами келіп, ол кейін кәсіби қызметке айналды. Өндіріс пен күнделікті тіршілік адамдардың шынығуын қажет етуі дене тәрбиесіне үлкен мән беруді талап етті. Адам бір нәрсені үнемі орындап дағдылануға саналы түрде кірісетін болды. Еңбек құралдарын тиімді пайдалану үшін, дененің еңбекке дайындығы қажет екенін түсіне бастады. Осының нәтижесінде адам еңбек процесінен тыс кездерде де тіршілікке қажетті кимыл-козға-лыстарды қайталап орындап, өзін-өзі дамытып отырды.
Сол кезден бастап табиғи түрдегі қимыл-қозғалыстар аса қажетті дене жаттығуларына айнала бастады. Дене жаттығуларымен Шұғылдану адамның тіршілікке Қажетті өнімдерді өндіруіне пайдасын тигізетінін білді. Осылайша, Дене тәрбиесінің дамуы адамды еңбекке дайындаудың құралы мен әдісіне айналды. Кейіннен, қоғамдық сана мен тұрмыс жағдайының деңгейі өскен кезде, яғни күнделікті өмірдегі бос уақытта дене тәрбиесі ермектік ойынға ауысып, жаңаша қалыптаса бастады.
Қоғамдық жағдайлардың өзгеріп отыруы дене тәрбиесі жүйесіне де өзгерістер әкеледі. Ал дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі денені шынықтыруға арналған жаттығу түрлерін көбейтеді. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеті.
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі пәні мұғалімін дайындауда “Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі” атты пәнді сжыту негізінде болашақ жоғары білімді маманға тәжірибелік жұмыс кезеңдерінде алға қойылған дене тәрбиесіне қарасты мақсаттарды орындаудағы тиімді жолдарды пайдалану, дене тәрбиесінде қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып көптеген әдістермен тәсілдерді дұрыс іріктеп қолдануды үйрету болып табылады. Жоғарыдағы айтылған ойлы түйіндейтін "дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі" атты оқу курсының ең басты мақсаты - болашақ жоғары білімді дене тәрбиесі маманын дайындауда, көптеген пәндерді қоса оқу арқылы алған білімдерін, игерген әдістері мен тәсілдерін болашақ, педагогикалықк тиімді жолдарын тауып жүзеге асыру.
Білім беретін оқу орындарында "Дене тәрбиесі" атты пәннің маңызын биіктете отырып жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу үшін, болашақ жас мамандар әрбір тақырыпты оқу кезінде нақтылы мақссатты жолға қоя білу және көпшілік арасында дене тәрбиесі жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйренеді.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257б.
2. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңы // Егемен Қазақстан, 1999. – 11 маусым.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Химия мектепте, 2005. №3.
4. Қ.Р президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауы
5. Қ.Р президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы халыққа жолдауы
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1990. – 201б.
7. Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1976. Т. 3. –423б.
8. Құнанбаев А. Шығармалар. Т. 1. – Алматы, 1977. – 312б.
9. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990
10. Лесгафт П.Ф. Избранные труды. – М.: Физкультура и спорт, 1987. – 311с.
11. . Ж. Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» 2002
12. Таникеев М. Теория и практика взаимовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического воспитания и спорта в Казахстане. Дисс…д.п.н. – Алматы, 1998. – 254с.
13. Чернышевский Н.Г. Сборник сочинений. – М., 1977. – 335с.
14. Дистерверг А.И. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1956. – 259с.
15. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: Тұран, 2004. – 277б.
16. Ашмарин Б.А., Завьялов Л.К., Курамшин Ю.Ф. Педагогика физической культуры. – СПб.: 1999. – 353с.
17. Е.Қ.Төлемісов. Шынықтыру мектебі.- Алматы, 1974 ж. – 83 б.
18. Лесгафт П.Ф. Теория урока физической культуры. – М., 1989.
19. Сластенин В.А. Формирование теоретических основ современного педагогического образования. – М., 1987. – 245с.
20. Мухамеджанов Б. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. – Шымкент: Ғасыр-ІІІ, 2006. – 166 б.
21. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990
22. Уроки физической культуры в 9-10 классах средней школы /Под. ред. Г.Н.Озолина – М.: Просвещение, 1987. – 117с.
23. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения. В 6 т. Т. 2. / Составитель С.Ф. Егоров. – М.: Педагогика, 1988. – 416с.
24. Макаренко А. Сборник сочинений. – М., 1977. – 335с.
25. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1990. – 201б.
26. Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1976. Т. 3. –423б.
27. Құнанбаев А. Шығармаларының жинағы. 2 том. – Алматы: Жазушы, 2002. – 544б.
28. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560б.
29. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 319б.
30. Жұмабаев М. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 2003. – 230б.
31. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Қызылорда, 1924. – 105б.
32.Жаңабаев Қ.Т. Балалар үйінде дене тәрбиесінде ойындарды пайдаланудың педагогикалық шарттары. – Алматы, 2005. – 87б.
33.Сластенин В.А. Формирование личности учителя в процессе профессиональной подготовки. – М.: Просвещение, 1976. – 159с.
34. Концепция педагогического образования. – Алматы, 2000. – 73с.
35. Бодалев А.А. Психология о личности. – М., 1988. – 188с.
36. Кабанова-Меллер Е.Н. Формирование приемов умственной деятельности и умственное развитие учащихся. – М.: Просвещение, 1986. – 288с.
37. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. – М.: Педагогика, 1990. – 424с.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Дене тәрбиесінің мазмұны,міндеттері.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері.
3. Дене тәрбиесінің әдістері.

Дене тәрбиесінің пайда болуы мен бастапкы даму дәрежесі халықтың
тұрмысы мен санасына байланысты белгілі бір мақсатты шешуге бағытталды. Ол
мінез-құлық, өндіріс деңгейі, адам санасы сияқты факторларға негізделді.
Адам сойыл, найза т. б. еңбек кұралдарын пайдалану арқылы өз қозғалыс
дағдыларын қалыптастырды. Бұл қозғалыс дағдысы дами келіп, ол кейін кәсіби
қызметке айналды. Өндіріс пен күнделікті тіршілік адамдардың шынығуын қажет
етуі дене тәрбиесіне үлкен мән беруді талап етті. Адам бір нәрсені үнемі
орындап дағдылануға саналы түрде кірісетін болды. Еңбек құралдарын тиімді
пайдалану үшін, дененің еңбекке дайындығы қажет екенін түсіне бастады.
Осының нәтижесінде адам еңбек процесінен тыс кездерде де тіршілікке қажетті
кимыл-козға-лыстарды қайталап орындап, өзін-өзі дамытып отырды.
Сол кезден бастап табиғи түрдегі қимыл-қозғалыстар аса қажетті дене
жаттығуларына айнала бастады. Дене жаттығуларымен Шұғылдану адамның
тіршілікке Қажетті өнімдерді өндіруіне пайдасын тигізетінін білді.
Осылайша, Дене тәрбиесінің дамуы адамды еңбекке дайындаудың құралы мен
әдісіне айналды. Кейіннен, қоғамдық сана мен тұрмыс жағдайының деңгейі
өскен кезде, яғни күнделікті өмірдегі бос уақытта дене тәрбиесі ермектік
ойынға ауысып, жаңаша қалыптаса бастады.
Қоғамдық жағдайлардың өзгеріп отыруы дене тәрбиесі жүйесіне де
өзгерістер әкеледі. Ал дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің
өзгеруі денені шынықтыруға арналған жаттығу түрлерін көбейтеді. Дене
тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеті.
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, жоғары оқу
орындарында дене тәрбиесі пәні мұғалімін дайындауда “Дене тәрбиесінің ілімі
мен әдістемесі” атты пәнді сжыту негізінде болашақ жоғары білімді маманға
тәжірибелік жұмыс кезеңдерінде алға қойылған дене тәрбиесіне қарасты
мақсаттарды орындаудағы тиімді жолдарды пайдалану, дене тәрбиесінде
қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып көптеген әдістермен тәсілдерді дұрыс
іріктеп қолдануды үйрету болып табылады. Жоғарыдағы айтылған ойлы
түйіндейтін "дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі" атты оқу курсының ең
басты мақсаты - болашақ жоғары білімді дене тәрбиесі маманын дайындауда,
көптеген пәндерді қоса оқу арқылы алған білімдерін, игерген әдістері мен
тәсілдерін болашақ, педагогикалықк тиімді жолдарын тауып жүзеге асыру.
Білім беретін оқу орындарында "Дене тәрбиесі" атты пәннің маңызын
биіктете отырып жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу үшін, болашақ жас
мамандар әрбір тақырыпты оқу кезінде нақтылы мақссатты жолға қоя білу және
көпшілік арасында дене тәрбиесі жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізу
тәсілдерін үйренеді.
Осы курсты оқу барысында жас мамандарды жүйелі түрде өз беттерімен
кәсіби білімдерін арттыруға ұмтылдыруды, бұрын-соңды кеңінен пайдаланған
озық тәжірибелермен танысуды және оларды болашақта өздерінің күнделікті
жұмыстарында тиімді пайдалану арқылы жасөспірімдердің алдына қойылған
мақсаттарды шешу жолдарына назар аудару қажеттілігі туындайды. Ілімдік
білімді тәжірибелік жұмыста пайдаланғанда ғана жемісті еңбек етуге болады
және олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігі ескеріледі.
Егер адам баласының жалпы тәрбиесінің бір бөлігі деп дене тәрбиесін
айтатын болсақ, онда болашақта дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып өткізуші
мұғалімді дайындау кезеңінде оның адамгершілік қасиеттерінің дұрыс
қалыптасуына аса көңіл бөлінеді. Біріншіден болашақ мұғалім өз оқушыларына
дене тәрбиесінің денсаулықты қалыптастыруда, адам тұлғасын жан-жақты
дамытуда, сонымен қатар еңбекке отанды қорғауға дайындаудағы ең бір қажетті
ғылыми пән екендігі жөнінде ауызша түсіндіре алатындай дайындық алады.
"Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі" атты курстың
педагогикалық әдістемелерді игеру жолында, өткізілетін сабақ
барысында болашақ дене тәрбиесінің мұғалімдері мынандай салалардан
білім алып пайдалана білуге тиісті: -мектептердегі дене тәрбиесі
сабақтарының алдына қойған мақсаттарын белгіленген міндеттерді шешу
жолында тиімді әдістер мен әдістемелерді іріктеп алуды және сабақ кезіндегі
берілетін жүктемелерді керекті мөлшерде бақылауды білу;
- дене тәрбиесін ұйымдастырып өткізуде жұмыс жоспарларын құруды және
сол жоспарлардың бақылау әдістерін игеру;
- өткізілетін жұмыстардың дұрыс ережесін жазу және көпшіліктің
қатысуымен ұйымдастырылатын шаралардың жоспарын құрып, өткізу тәсілдерін
пайдалану;
- оқушылардың жетістіктерін әділ бағалау және олардың өз беттерінше
дене тәрбиесімен шұғылдану кездерінде жетекшілік қабілеттерін көрсету;
-балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің және балалар қатысатын
оқу орындарының жұмыс жүйелері жөнінде мағлұматтар мен қоса олардың жұмыс
нәтижелеріне баға беру әдістерімен танысу;
-мектептегі және мектептен тыс өткізілетін шараларды жалғастыру арқылы
оқушылар арасында өткізетін дене тәрбиесі пәнінің сапасын арттыруды көздеу;

-дене тәрбиесін оқытуды жүзеге асыру барысында тәжірибелік
әдістермен қоса спорттық құрал-жабдықтарды тиімді және орынды пайдалану.
Дене тәрбиесі жүйесінің ең басты мақсаты адам баласының денесінің жан-
жақты жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін күткендегідей нәтижеде болуын
қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның өзі дене тәрбиесі жүйесінің және
оның қалыпты жұмыс жасауын көтермелеп отыруға міндетті Бұл күтіліп отырған
көрсеткіш қоғамның дамуының зандылықтарына негізделген. Бұл мақсатта
олардың денсаулығын жақсарту, спорттық шеберлігін арттыру арқылы елдің
негізгі байлығын арттыру яғни оны қорғауға дайын адамдар жөніндегі қоғамның
обьективті қажеттілігі көрініс тапқан.
Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты денсаулығы мықты, рухани байлықты
игерген адамгершілігі таза, Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық
еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсат біздің еліміздегі әрбір адамның және қоғамның мүддесін
білдіреді. Денені дамытып жетілдіру, дене ағзаларының кемістігі жоқ барлық
қажетілікті бойына жинақтаған адам туралы адамдардың ғасырлар бойғы арманын
бейнелейді.
Дене тәрбиесі процесінде шешуге тура келетін барлық міндеттердің көп
түрлілігі Үш топты құрайды: Сауықтыру, Тәрбиелік және білім беру
міндеттері.
Сауықтыру міндеттері денсаулықты арттыруға, денені жетілдіруге
көмектесетін, адам ағзасының құрылымын бір қалыпты денгейге дамыта
бағытталған. Сауықтыру міндеттерінің негізгі көрсеткіші адамның денсаулығын
жақсарту және денені дамыту болып табылады.
Ал дененің дамуы дегеніміз-адамның бүкіл өмірінің ішінде ағзаның
функииялары мен формасының өзгеріске ұшырауы. Адам денесінің дамуына үш
факторлар әсер етеді: биологиялық, әлеуметтік және табиғи күштер (ауа-райы)
Биологиялық факторлар тобын тұқым қуалаушылық факторы құрайды. Мысалы,
ата-анасының денесіне қарап балалардың өсуі жөнінде де болжам
жасауға болады. Осы факторлардың әсерінен дене дамуы жалпы
табиғат заңдарына бағынады.
Табиғат (ауарайылық) факторлар тобына адамның тұрғылықты жеріндегі
метрологиялық және ауа-райы жағдайларына негізделген факторлар енеді,
мысалы: солтүстікте күннің жарықтығының аздығы және қатты аяздары, Орта
Азия аудандарында болатын ауаның өте жоғары ыстық температурасы жәнс
құрғақшылық.
Әлеуметтік факторлар тобына өмірдегі тұрмыстық жағдайлар, еңбек, оқу
қызмет, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны және т.б. жатады. Барлық
әлеуметтік факторлар елдің қоғамдық-экономикалық дамуына толықтай бағынады.
Сонымен бірге әлеуметтік факторлар биологиялық және географиялық
(ауарайлық) факторларға белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді.
Мысалы, өмірдің тұрмыстық (материалдық) жағдайының жоғары деңгейді
болуы - адам бойының, кеуденің өсуіне, салмақтың артуына т.б. әсер етеді.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы іріктелініп алынған
жаттығуларды пайдалана отырып нашар дамыған қасиеттеріне өзінің ықпалын
тигізу көзделеді. Кейбір жағдайларда дененің дамуы дене тәрбиесі процесінде
қалыптасуы мүмкін, дегенмен де ағза дамуының биологиялық заңдылықтарын
есептей отырып, тиімді ұйымдастырылған дене жаттығуларының көмегімен
адам ағзасының барлық формалары мен функцияларының бірқалыпты дамуына
жетуге болады..
Дененің қаншалықты дамығандығын дене көлемін өлшеу арқылы анықтауға
болады (бойдың биіктігі мен дененің салмағы, кеуденің көлемі, аяқ
қолдарының ұзындығы т.б.) дене құрылысының сыртқы дамуын (кеуде қаңқасының
формасы, бұлшық еттер түрі, май жиналуы, терінің әдемілігі т.б. ), сыртқы
белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар кейбір функционалды
көрсеткіштерді өлшеу арқылы анықтау деп білеміз. Мысалы, өкпедегі ауа
сыйымдылығының көлемі. жекеленген бұлшық еттер тобының күшін өлшеу арқылы
дененің даму дәрежесі анықталады.
Дене дамуының осы көрсеткіштерін пайдалана отырып, мынаны ескерген
жөн. Дене дамуының жоғары деңгейі жақсы денсаулықтың кепілі, тиімді жұмыс
қабілеттілігінің бар екендігінің және үлкен спортта жоғары нәтижеге жете
алатындығының айғағы. Ал кейде, дене пішіні жақсы дамыған, бойшаң адамдар
суықтан пайда болатын ауруларға қарсы тұра алмайтындығын, немесе бұлшық
еттері күшті болғанымен арқан бойымен тартылып, шыға алмай жатқандығын
байқауға болады. Сондықтан да дене дамуының бағалауына әртүрлі
көрсеткіштер жиынтығы пайдалынылады және міндетті түрде денсаулық
көрсеткіштерімен. жұмыс қабілеттілігі, басқа да қимылдарды орындау деңгейі
салыстырылады. Дене тәрбиесі жоғарыда айтылған көптеген белгілерге белгілі
әсер ететіндігіне дене дамуының бір функциясы есебінде қаралады. Осыған
байланысты дене жаттығуларымен айналысу тиімділігі бағаланады.
Тәрбиелік міндеттер дене және рухани күштердің белгілі нәтижесінде
адамның жан-жақты дамуына бағытталған. Дене тәрбиесі педагогикалық
процесстің құрамында бола отырып, өзіне тән құрал, әдіс аркылы тәрбиенін
жалпы міндеттерін шешуге мүмкіндігі бар.
Білімділік міндеттер белгілі бір қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын
қалыптастыруға, осы саладағы арнаулы білімдермен қаруландыруға бағытталған,
нәтижесінде адам белгілі бір деңгейде дене дамуы туралы білім алушылық деп
білеміз.
Дене дамуы туралы білім дегеніміз бұл арнаулы, жүйелілік білім дене
жаттығуларын игеру процесі және оларды жеке дара зерттеу арқылы өмірде
қолдана білу көрсеткіші. Ал арнаулы білім деп дене тәрбиесінің
заңдылықтарын ашып көрсететін білім деп түсінгеніміз дұрыс. Біліктілік пен
дағдылар көлемін жәй игерумен оны жүйелі түрде игерудің арасында нақты
айырмашылық бар. Дене туралы білім адамдардың қозғалыс біліктілігі мен
дағдыларын, білімді жинақтауға ғана емес, сонымен қатар өз білімі мен
тәжірибесін өмірде қолдана білуді және дене жаттығуларын жеке- дара
игеруді. пайдалануды қарастырады.
Дене туралы білімді адам оқу, үйрену нәтижесінде алады. Дене тәрбиесі
дене туралы білім алудың жалғыз ғана әдісі болғандықтан, соңғысы дене
тәрбиесінің функцияларының бірі болып бағаланады, осыған байланысты дене
жаттығуларымен айналысу тиімділігін анықтайды.

Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері

Қандай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене шынықтыру мұғалімі дене
тәрбиесі жүйесінің принциптерін басшылыкқа алуға міндетті. Принциптердің
әрқайсысының толықтай орындалуы оқытушының қызметіне байланысты. Принциптер
әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшеліктеріне қарамастан, дене тәрбиесі
жүйесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті.

Дене тәрбиесінің әдістемелері

Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бөлімдеріндегі жалпы дене дайындығына
қойылатын міндеттері.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалар
дене тәрбиесінің мәні, қозғалысты, қимылдардың дамытудың ерекшеліктері.
Білімділік, тәрбиелілік, сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері. Шынықтыру
әдістемелері.
Оқушылардың дене тәрбиесі.
Маңызы мен міндеттері. Оқушылардың дене тәрбиесінің маңызы. Мектептегі
дене тәрбиесінің маңызы. Мектептегі дене тәрбиесінің оқу тәрбие процесінің
бір бөлігі және оқу жоспарының жалпы білімділік пәні. Дене тәрбиесінің
деңгейін көрсетуде жас кездерін ескерудің маңызы.
Міндеттер: дене тәрбиесіндегі білім берушілік және сауықтыру
міндеттерін нақтылау, оларды орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға
іске асырудың ерекшеліктері. Оқу барысында дене тәрбиесі процесінің ақыл-
ой, еңбек және эстетикалық тәрбиеге тигізер ықпалы.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міңдеттері
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты
міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы
денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының
маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Құқықтық негіздер
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Пәндер