Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі



І.Кіріспе ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі
1.1 Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдісі ... .5
1.2 Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде..6
1.3 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4 Азаматтық құқықтың жүйесі ... ... ... ... 14
1.5 Азаматтық құқықтың қайнар көздері ... ... ... 17
1.6 Азаматтық құқықтың қағидалары ... ... ... ... 24
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...30
"Азаматтық құқық" термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында кұқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады. Азаматтық құқық азаматтардың, заңды ұйымдардың, сонымен бірге мемлекеттің күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқық пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критерий/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады.
Құқыктық реттеудін пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана қоймай олардың ерекшелігі де анықталады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы). Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
Материалдық құндылықпен байланысты қоғамдық қатынастар (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, ақшамен және басқа да мүліктермен) мүліктік қатынастар деп аталады. Яғни мүліктік қатынас - мүлік иелену, пайдалану, мүліктің бір адамнан екіншісіне өту, яғни мүліктің тағдырының шешілуі тұрғысында болса, ол азаматтық заңдармен реттеледі. Демек, кез келген қоғамдық қатынастың мүліктік сипаты (мазмұны) болса, ол азаматтық заңдармен реттелсе, бұл - мүліктік құқықтық қатынас болып табылады.
Мүліктік емес құқықтық қатынастарға мүліктік сипаты жоқ (өмір сүру құқығы, есім алу кұқығы, өз кұпиясын сақтау құқығы, ар-намыс, іскерлік бедел, авторлық т.б.) азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар жатады.
1. Сүлейменов және Басин «Азаматтық құқық» – жалпы бөлім I том 59-69 беттер.
2. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» – жалпы бөлім I том 40-43 беттер...
3. Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі» – жалпы және ерекше бөлімі 2005 жыл...
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл, 30 тамыз...
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы 2004
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеті мен Құқығының негіздері. Алматы 2003
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, Алматы «Жеті жарғы», 2001
8. Казаков О. Что такое некоммерческий сектор и некоммерческая организация. Информационный бюллетень. М: Программа “Подержка общественных инициативов”. 1996г.
9. Либоракина М.М., Якимец В.Н. Гражданские инициативы в будущее России –М: Школа культурной политики. 1997г.
10. Абишев К.А. О субъектах гражданского общества // С.б: Становление гражданского общества в странах центральной Азии. – Алматы 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі
1.1 Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.2 Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық
ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ..7
1.4 Азаматтық құқықтың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .14
1.5 Азаматтық құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.6 Азаматтық құқықтың
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .24
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30

Кіріспе
"Азаматтық құқық" термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим
азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және
жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында кұқық жүйесі мұндай болып
бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
Азаматтық құқық азаматтардың, заңды ұйымдардың, сонымен бірге мемлекеттің
күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың
бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің
анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық
қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқық
пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді.
Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде
критерий құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады.
Құқыктық реттеудін пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана
қоймай олардың ерекшелігі де анықталады. Қазақстан Республикасының
азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне
негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе
мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-
бабы, 1-тармағы). Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың
негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
Материалдық құндылықпен байланысты қоғамдық қатынастар (мүлікпен,
жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, ақшамен және басқа
да мүліктермен) мүліктік қатынастар деп аталады. Яғни мүліктік қатынас -
мүлік иелену, пайдалану, мүліктің бір адамнан екіншісіне өту, яғни мүліктің
тағдырының шешілуі тұрғысында болса, ол азаматтық заңдармен реттеледі.
Демек, кез келген қоғамдық қатынастың мүліктік сипаты (мазмұны) болса, ол
азаматтық заңдармен реттелсе, бұл - мүліктік құқықтық қатынас болып
табылады.
Мүліктік емес құқықтық қатынастарға мүліктік сипаты жоқ (өмір сүру
құқығы, есім алу кұқығы, өз кұпиясын сақтау құқығы, ар-намыс, іскерлік
бедел, авторлық т.б.) азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар
жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары жеке мүліктік емес
қатынастардың екі тобын реттейді
а) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-
тармағы).
б) мүлікпен байланысы жоқ және мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1 -бабы,
2-тармағы)
Жеке мүліктік емес қатынастардың бірінші тобына мүлікпен байланысты жеке
мүліктік емес қатынастар жатады. Яғни, бұл дегеніміз жеке қатынастардың
мүлікке бағыныштылығын емес, олардың байланыстылығын, демек қоғамдық
қатынастардың бір кешенге бірігуін білдіреді. Мысалы, бір ұйымның келесі
ұйымның тауар белгісін заңсыз пайдалануы, алғашында оның мүліктік емес
құқығына залал келтірсе, соңында ол оған мүліктік залал келтіреді. Ал
мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар адамның жеке басынан
бөліп алуға болмайтын, мазмұны мүліктік құндылық емес жағдайға байланысты
туындайды. Мүліктік емес құқықтар конституцияда адам және азаматтардан
бөліп алуға болмайтындығы көрсетілген. Яғни азаматтық құқықтық реттеудің
пәніне мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады.
Қорыта келгенде, азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар
(азаматтық құқықтың пәні) басқа құқықтық пәндерден төмендегі екі негізгі
белгілер арқылы ажыратылады.
а) оның қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге
байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік
мазмүны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар заң құжаттарында көзделген реттерді
қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан
тәуелді бағыныштылықта болмайды. Егер азаматтық құқықтың пәнінің түсінігі
қандай қоғамдық катынастардың азаматтық күқық нормаларымен реттелетіндігіне
байланысты болса, ал азаматтық кұқықтың әдісі сол қатынастар азаматтык
кұқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні
мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.
Әрбір құқық саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
Азаматтық құкықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі, яғни жеке
заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан
тең құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты
негізде міндеттер жүктей алмайды.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және
заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін
иемденеді және жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар кұқықтарын қорғауда тең
кұкыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық
құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтімді
болуы (компенсация), келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
"Принцип" деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген
мазмұнды білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық
қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құкықтық мазмұны бар
негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
1.1 Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдісі
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан,
көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық
құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар,
азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы
болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң
ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде
құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білмнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін
жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық
ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ
бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық
әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның
субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім,
міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық
қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық
қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі.
Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін
дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық
жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалық ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен қатар талдаудың жеке
құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және
тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтық құқықта қолданылатын
құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, соңдай-ақ нақты
социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап
бағалау) жатады.

1.2. Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде
Азаматтық құкық және азаматтық, зандар ұғымына, жүйесіне және олардың
қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым
саласын азаматтық құқык ғылымы деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті – азаматтық - құқықтық нормалар
жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының
ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық - құқықтың
пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық кұқықтың
ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы — нақ азаматтық –құқықтың өзі
болып табылады (азаматтық-кұқықтың) анықтамасы I тарауда берілген).
Әлбетте, бұл пән азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық
қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі
мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да
және жетілдірілу мүмкіндіктерін де қамтиды.1
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген кұкыктық жүйелерді,
олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін
факторларды бағалай келе, азаматтық-құқықтың даму тарихына айтарлықтай
көңіл бөледі. Азаматтық-құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің,
оның жасаушылары мен зерттеушілерінің тарихы, ғылыми тұжырымдамалар мен
көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Біздің замандасымыз, қазір АҚШ-та
тұратын, Ленинград мемлекеттік университетінде көп жыл жұмыс істеген,
Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының дамуына тікелей белсене қатысқан
профессор О.С. Иоффе азаматтық-құкықтық ғылымның осы саласына зор үлес
қосты.2
КСРО-ның құқықтық ғылымының дамуына А.В. Венедиктов, С.Н. Братусь, Р.О.
Халфина, О.А. Красавчиков, Ю.Х. Калмыков секілді цивилист-ғалымдар зор
ықпал етті. Бұлар цивилистік ақыл-ойға идеологиялық және мемлекеттік қысым
жасалып тұрған жағдайлардың өзінде қазіргі кезде ТМД елдерінің азаматтық-
құқықтық ғылымының, оның ішінде Қазақстан ғылымының дамуына жәрдемдескен
шынайы азаматтық-құқықтық тұжырымдамаларды қорғай алды.
Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін
зерттейді, мұндай ерекшеліктердің пайда болу себептерін анықтайды, оларды
салыстырады және бағалайды. Азаматтық-құқықтық ғылымның бұл саласы
салыстырмалы құқықтану ғылымының едәуір бөлігін құрайды.
Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның
практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі, заң актілерін
дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді, құқықты
қолданудың нақты саяси, экономикалық жөне әлеуметтік жағдайларына заңдардың
сәйкестігін анықтайды, зандардағы олқылықтарды көрсетеді және оларды жою
жолдарын ұсынады, құқықтық нормаларды жетілдіруге жәрдемдеседі; осы
мақсатпен дүниежүзілік төжірибе байыппен зерттеледі.
Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың, мектептер мен
бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды. Мұндай күрес ғылыми
ұстанымдар мен идеялардың әлсіздігін анықтауға, ғылыми ақиқатты дәлелдеуге
мүмкіндік береді. Ол әдетте ғылыми пікірталастар, айтыстар түрінде, арнаулы
ғылыми жарияланымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде, ғылыми
конференцияларда, семинарларда, талқылауларда, басқа да ғылыми
кездесулерде, аудиторияға, ғылыми қарсыластар мен оппоненттерге ғалымның
пікірін жеткізуге, өз атына айтылған сын пікірлерге жауап беруге, өзінің
ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік беретін өзге де
түрлерде жүргізіледі.
Кеңестік цивилист-ғалымдардың атап өтерлік жақсы қасиеті - олар тіпті
қатаң цензура және партиялық-мемлекеттік идеологияға сай келмейтін пікірлер
басып-жанышталатын кезеңнің өзінде өздерінің идеялары мен көзқарастарын
ашық қорғай білді. Сол кездегі ғылыми пікірталастарда айтылған
көзқарастардың көпшілігін азаматтық құқық ғылымы жаңа, қазіргі даму
жағдайларында да түсіністікпен қабылдады. Мысалы, цивилист-ғалымдардың
"шаруашылық құқығы" (бұл тұжырымдама туралы осы оқулықтың I тарауында
айтылады) тұжырымдамасына қарсы ондаған жылдарға созылған ғылыми күресін,
азаматтық құқық пәні және қоғамдық қатынастарды реттеудің азаматтық-
құқықтық әдісі туралы, заңды тұлғаның, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындар
мен мекемелердің мәні және басқалары туралы қызу пікірталастарын атап
керсетуге болады. Сол пікірталастар үстінде ұсынылған көптеген қағидалар
қазір де Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымның қаруы болып келеді.

1.3 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы
Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы мұнда жоғары заң білімі алғашқы
қадамдарын жасаған 30-жылдары пайда болды. Сондықтан Қазақстанның алғашқы
заң жоғары оқу орындарының оқытушылары алғашқы қазақстандық цивилист-
ғалымдар болды. Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының бастауында
қазақстандық цивилист-ғалымдар М.А. Ваксберг, Г.М. Степаненко, А.И.
Беспалова, Б.В. Покровский, И.Д. Фондаминский, М.Г. Масевич, Ю.Г. Басин
тұрды. Олардың жұмыстары Қазақстанның азаматтық құқығының ерекшеліктерін
зерттеуге бастама болды. Мұнда Алматы мемлекеттік заң институтының жас
жетекшісі, Қазақстандағы заң ғылымының ең алғашқы кандидаттарының бірі
(қазір — Ұлттық ғылым академиясының академигі) С.З.Зимановтың осы саладағы
белсенді қызметі шешуші рөл атқарды. Оның қайратымен жөне күш-жігерімен
Алматы мемлекеттік заң институтының бір топ жас оқытушылары Мәскеуде
кандидаттық диссертациялар дайындап, ойдағыдай қорғап шықты[3].
50-жылдардың басынан бастап азаматтық-құқықтық проблемалар бойынша ғылыми
жарияланымдар пайда болды. Алматы мемлекеттік заң институты ғалымдарының
ғылыми еңбектерінің шығарылымы 1955 ж. жарық көрді. Құқықтың түрлі
салаларындағы мамандар еңбектерінің ішінде С.З.Зиманов пен А.Ерсеновтың
жерге феодалдық меншік құқығы туралы, М.А.Ваксбергтің сауданың құқықтық
мәселелері туралы, Г.М. Степаненконың азаматтық кодекстердің мәтіндері
туралы, Б.В.Покровскийдің колхоздармен жасалатын шарттар туралы жұмыстары
болды.
50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басына қарай Қазақстан цивилистерінің
құқықтық зерттеулері едәуір дамытылды. Қазақстандық заңгер-ғалымдардың
ғылыми және оқулық кітаптары негізінен Мәскеуде жарық көре бастады, мысалы:
"Правовые вопросы организации и деятельности совхозов" (1959 ж.); "Правовые
вопросы проектирования в строительстве" (1962 ж.); "Комментарий к
Положениям о поставках продукции производственно-технического назначения и
товаров народного потребления" (1962 ж.).
Сол жылдары КСРО-ның барлық одақтас республикаларында қабылданған
азаматтық кодекстерге берілген түсіндірмелердің алғашқысы — Азаматтық
кодекске Түсіндірме айтарлықтай практикалық маңызы бар сүбелі ғылыми еңбек
болды. Көлемі 50 баспа табаққа жуықтайтын ҚазКСР АК-на түсіндірме авторлар
ретінде сол жылдары Қазақстанда жұмыс істеген азаматтық құқық саласының
барлық ғылыми мамандарын біріктірді. Олардың ішінен Б.Б.Базарбаевты, Ю.Г.
Басинді, А.И.Беспалованы, М.А. Ваксберггі, М-Г. Масевичті, С.И.Меерзонды,
Н.Г. Мурзинді, Б.В. Покровскийді, Ғ.И.Төлеуғалиевты атауға болады.
Ленинград мемлекетгік университеті азаматтық құқық кафедрасының
меңгерушісі, азаматтық құқық саласының КСРО-дағы ең көрнекті өкілі —
профессор О.С. Иоффе де авторлық ұжымға қосылды. 1972 ж. оның қатысуымен
"Қазақ КСР-інің Неке жөне отбасы кодексіне Түсіндірме" жарық көрді[4].
Авторлық ұжымы айтарлықтай өзгерген "Азаматтық кодекске түсіндірмеңің"
жаңа нұсқасы 1990 ж., ал "Неке және отбасы туралы кодекске түсіндірменің"
жаңартылған түрі — 1989 ж. жарияланды. У.К. Ихсанов, Н.Б.Мухитдинов, К.Н.
Наменгенов, М.К. Сүлейменов секілді көрнекі зертгеуші-ғалымдардың есімдері
белгілі бола бастады. . Соңдықтан 60-жылдары қазақстандық цивилистикалық
мектепті құру жөнінде сөз қозғау мүмкіндігі туды.
60-жылдардың ортасынан бастап қазақстандық азаматтық құқық проблемаларын
талдауға республика Ғылым академиясының Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу
институтының цивилистері белсене қатысты. Осы институттың азаматтык, құқық
мамандары көбіне Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық
оқытушыларын қатыстыра отырып, сол жылдардағы бірқатар ерекше өзекті
проблемаларды талдады. Ғылыми зерттеулер мынадай негізгі бағыттар бойынша
жүргізілді:
шаруашылық тетікті жетілдіру;
материалдық-техникалық жабдықтауды құқықтық реттеу;
— Күрделі қүрылысты құқықтық ретгеу;
— Тұрғын үй заңдарын жетілдіру;
— Ғылыми-техникалық шығармашылықтың құқықтық нысандары және оның
өндірісте пайдаланылуы.
Бұл ғылыми бағыттардың әрқайсысы көптеген жылдар бойы жан-жақты талданды;
осының нәтижесінде бүкіл елімізге жақсы мәлім мамандардың көптеген іргелі
монографиялары жарық көрді (олардың кейбіреулері шетелдерде басылып шықты)
және баспасөз бетіңде жақсы бағалаңды.
Ең алдымен шаруашылық тетігін жегіддіру құқықтық проблемалары зерттелді.
Зерттеудің басты тақырыбының ортақтығына байланысты жұмыстар циклін Ғылым
академиясының екі жетекші қызметкері — М.К. Сүлейменов пен Б.В. Покровский
дайындады, оларға түрлі жұмыстарды дайындауда М.Г. Масевич, Н.М.
Мухитдинов, Ю.Г. Басин және басқа ғалымдар қосылды. Ғылыми зерттеулердің
негізгі нәтижелеріне мынадай монографияларды жатқызуға болады:
"Кәсіпорыңдарды материалдық ынталандырудың құқықтық мәселелері" (1972 ж.),
"Өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық есеп жүргізуінің
құқықтық нысандары" (1975 ж.), "Құрылыс ұйымдарының шаруашылық есеп
жүргізуінің құқықтық нысандары" (1978 ж.), " Шаруашылық айналым саласындағы
өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың құқықтық қатынастары" (1985
ж.), "Халық шаруашылығындағы шарт" (1987 ж.), "Шаруашылықаралық
кәсіпорындардың құқықтық жағдайы" (1987 ж.)- Авторлар басқару және
шаруашылық практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасады.
Зерттеудің бұл бағытына дәл осындай мақсатта - халық шаруашылығын
басқарудың құқықтық тетігін жетілдіру мақсатында М.К. Сүлейменов жазған
мынадай ірі ғылыми жұмыстар қосылады: "Шарттық міндеттемелерді орындау
мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік" (1971 ж.) және "Шарттық-шаруашылық
байланыстардың құрылымы" (1980 ж.).
Ғылыми зерттеулердің белсенді түрде дамытылып келе жатқан бұл бағыты
ғылыми тұрғыдан қарағанда барынша маңызды әрі жемісті болып көрінеді.
Күрделі құрылысты құқықтық реттеу тақырыбына қазақстандық аторлардың,
атап айтқанда, Ю.Г. Басиннің жеке немесе мәскеулік ғалымдармен бірлесе
жазған көптеген жұмыстары арналған. 1969 ж. авторлар ұжымының "Правовые
вопросы строительства в СССР" деген монографиясы жарық көрді. Заң
саласындағы және практикадағы жаңа материалдар негізінде осы проблематика
бойынша 1972 ж. "Правовое регулирование капитального строительства в СССР "
атты ұжымдық монография дайындалып, жарыққа шықты, ол кейін неміс тіліне
аударылып, Берлинде жарық көрді. Күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларына
сондай-ақ "Правовые вопросы проектирования в строительстве", "Проект.
Строительство. Закон" және "Правовые основы хозяйственной деятельности
межколхозных строительных организаций" деген кітаптар арналды. Кейінірек
күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларын зерттеуге А.Г. Диденко қосылды.
Оның "Правовые рычаги укрепления хозрасчета в строительстве" (1982 ж.)
және "Правовые проблемы самостоятельности строительных организаций" (1984
ж.) атты монографиялары докторлық диссертацияға негіз болды[5].
Тұрғын үй құқығы саласында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеудің
жалпы проблемаларына және Қазақ КСР-інің тұрғын үй зандарының
ерекшеліктеріне арналған едәуір жұмыстар жарық көрді. Олардың арасынан ең
алдымен Ю.Г. Басиннің "Вопросы советского жилищного права" (1963 ж.) және
"О жилищных правах советских граждан" (1966 ж.) атты монографияларын атауға
болады.
Қазақстанның алғашқы Тұрғын үй кодексі қабылданғаннан кейін Ю.Г. Басин,
М.К. Сүлейменов, Р.С. Тазутдинов "Қазақ КСР-інің Тұрғьш үй кодексіне
түсіндірме" (1987 ж.) жариялады, ал Қазақстан Республикасының Тұрган үй
кодексі қабылданған соң оған түсіндірмені А.Г. Диденко дайындады. Бұл
авторлардың өзге де жұмыстары белгілі.
Ол жылдары қазақстандық цивилист-ғалымдар арасында ҚазМУ-дің заң
факультетінің оқытушылары айтарлықтай көп болғандықтан, ғылыми жұмыста
Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған азаматтық құқық
бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруға зор көңіл бөлінді. Өзінің
маңызы жөнінен оқулықтар ғылыми туындылар ретінде бағаланатындықтан ғана
емес, сондай-ақ Қазақстанның азаматтық заңдары (және оларды қолдану
практикасы) сол кездің өзінде-ақ студенттер мен практикалық қызметкерлерге
түсіндіру керек болатын айтарлықтай ерекшеліктермен көзге түсетіндіктен де
мұндай жұмыстарды дайындау, сөз жоқ, ғылыми қызметтің маңызды буыны еді.
Доценттер Б.Б. Базарбаев, Ю.Г. Басин, А.И.Беспалова, М.А. Ваксберг, А.Г.
Диденко, У.К. Ихсанов, Ғ.И.Төлеуғалиев азаматгық құқық жөніндегі оқу
құралдарының негізгі авторлары болды. 1968 ж. бастап "Қазақ КСР-інің
кеңестік азаматтық құқығын" шығару қолға алынды, ол осы оқу пәнінің курсын
ғылыми негізде дәйектілікпен баяндады. Оның жалпы көлемі 40 авторлық баспа
табақтан асатын 5 шығарылымы өмірге келді. Олар азаматтық құқықтың және
азаматтық-құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінің жалпы мәселелерін
қамтыды. Мұндай шығарылымдар Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі болып,
орталық мерзімді баспасөз беттерінде жақсы пікір қалыптастырды.
Ең жауапты кезең — біріккен оқулықтарды шығару — 70-жылдары басталды.
1978 ж. азаматтық құқық кафедрасының оқытушылар ұжымы республиканың Жоғары
және арнаулы орта білім министрлігінің ресми рұқсатын алған, көлемі 20
баспа табақ болатын "Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінің" I бөлігін жарыққа
шығарды. Оқулықтың осындай көлемдегі II бөлігі 1980 ж. баспадан шықты. А.И.
Беспалова мен У.К. Ихсановтың жалпы редакциясымен 1984 ж. "Отбасы құқығы"
оқулығы жарияланды.
Қазақ КСР-і дербес Қазақстан Республикасына айналған соң азаматтық
құқықтың қазақстандық мектебі айтарлықтай ілгері басты. Бұл республиканың
өзінің азаматтық зандарын жасау қажеттігін алға тартып, ол, біріншіден,
республиканың бұрынғы одақтық модельдер мен нұсқауларға қатаң ілесуінсіз
жасалған болар еді, екіншіден, Қазақстанның нарықтық экономикасының осы
заманғы талаптарына сай келер еді.
Қазақ мемлекеттік заң институтының (қазіргі - Қазақ гуманитарлық-заң
университетінің) Жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының (қазіргі —
институттың) кәсіпкерліктің дамуын және оның болашағын құқықтық бағалау
жөніндегі еңбектері бірінші дәрежелі маңызға ие болуда. Бұл бағытта бірден
М.К. Сүлейменовтың, Б.З. Покровскийдің, А.И. Худяковтың, В.А. Жакеновтын,
"Право и предпринимательство в Республике Казахстан" (1994 ж.) атты
монографиясы жарияланды.
Ю.Г. Басин мен В.П.Фурсовтың "Основы бизнеса и предпринимательства в
условиях рыночной экономики Казахстана" (1995 ж.), С.И. Климкиннің
"Правовые формы предпринимательской деятельности в Республике Казахстан"
(1997 ж.), А.Т. Жүсіповтың "Право собственности и другие вещные права"
(1995 ж.), И.В. Романкованың "Проблемы правового регулирования
предпринимательства граждан Республики Казахстан" (1997 ж.) еңбектерін атап
көрсеткен жөн. "Право и собственность в Республике Казахстан" атты
монографияның (жауапты редакторы — профессор. М.К. Сүлейменов, 1998 ж.)
жарық көруі айтарлықтай ғылыми оқиға болды.
Жеке құқық орталығының қызметкері И.У. Жанайдаров мемлекеттік меншік және
мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы бойынша маңызды зерттеулер жүргізді.
С.В.Скрябиннің, К.М. Ильясованың, Т.Е. Қаудыровтың, Ф.С. Қарағұсовтың, И.В.
Әмірханованың сүбелі монографиялары басылып шықты. 1994 ж. желтоқсанда
қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім)
талдап түсіндіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар циклі дайындалып, жарияланды.

А.Г. Диденконың жалпы редакциясымен осындай түсіндірмелердің 17
шығарылымы жарық көрді. М.К. Сүлейменов пен Ю.Г. Басиннің редакциясымен
1998 ж. Азаматтық кодекстің Жалпы бөліміне, 2000 ж. — Ерекше беліміне
көлемді түсіндірме жарияланды. Бұл түсіндірмелер 3 кітап түрінде 2003 ж.
қайта басылып шықты.
Республикада халықаралық жеке кұкық ғылыми бағыты мүлде жаңадан құрылды.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда бұл сала бойынша нормативтік актілер
қабылданбады, мамандар даярланбады - бұрын мұның бәрі Мәскеудің монополиясы
болды және одақтың мүдделерін білдіретін еді.
Егемен Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі алғашқы қадамдары
халықаралық жеке экономикалық қатынастарды реттеудің осы заманғы
дүниежүзілік тәжірибесін және республиканың сыртқы экономикалық саладағы
мүдделерінің ерекшеліктерін бейнелейтін өз заңдарын дереу қалыптастыруды
талап етті. Алайда мұндай заңдардың бара-барлығы мен тиімділігін бағалау
осы саладағы барлық құқық шығармашылық және құқық қолдану проблемаларын
терең ғылыми пысықтауды қажет етеді.
Мұндай проблемаларды шешу ісін Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты қолға
алды. Қазақстанда аз уақыттың ішінде халықаралық жеке құқық мектебі
қалыптасып, оның ұйымдастырушысы әрі жетекшісі профессор М.К. Сүлейменов
болды. Оның шәкірттері бірқатар диссертациялар қорғады және халықаралық
жеке құқықтың мынадай барынша өзекті проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулердің ңәтижелерін жариялады: республика экономикасына құйылатын
шетелдік жеке инвестицияларды мемлекеттік реттеу, сыртқы экономикалық
келісім-шарттарды жасасу және орындау, бірлескен көсіпорындар қызметінің
құқықтық режимі және т.с.с.
"Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан" (1997 ж.), "Право
и внешнеэкономическая деятельность в Республике Казахстан" (2001 ж.) атты
іргелі монографияларды құқықтың осы саласындағы іргелі жарияланымдарға
жатқызу керек.
Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының
меңгерушісі профессор М.А. Сәрсенбаев және оның кафедра мүшелері
халықаралық жеке құқықтың қазақстандық аспектілерін зерттеуге айтарлықтай
үлес қосты.
Республиканың азаматтық заңдарының дербестігі оларды ең алдымен
Қазақстанның заң жоғары оқу орындарында терең оқып-үйрену үшін оқу және
әдістемелік материалдардың дайындалуын қажет етті. Бұл жолы егемен
Қазақстан зандарының негізінде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың
екінші толқыны басталды.
ҚазГЗУ-дің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының, азаматтық құқық
кафедрасының және "Әділет" жоғары құқық мектебінің қызметкерлері, ҚазМУ-дің
мамандары жазған мынадай оқу құралдары алдыңғы орындарда тұр: "Сделки",
"Юридические лица по Граж-данскому кодексу Республики Казахстан",
"Залоговое право", "Ответственность за нарушение гражданско-правового
обязательства", "Правовая природа банковских договоров", "Международное
частное право", "Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности"
(екі басылымы). Соңғы екі кітапты жалпы редакциясын М.А. Сәрсенбаев
басқарған авторлар ұжымы жазды. Ғ.А.Жайлин, С.И. Климкин және басқа
авторлар дайындаған оқу құралдарын арнайы атап өткен жөн.
1998 ж. авторлар ұжымы дайындаған "Қазақстан Республикасының Азаматтық
құқығы" атты оқу құралы жарық көрді (жауапты редакторлары Ғ.М.Төлеуғалиев
және Қ.С. Мәуленов). Бұл жұмыс "Азаматтық құқық" атты екі томдық
академиялық курспен аяқталды. Бірінші томы 2000 ж., екіншісі - 2002 ж.
басылып шықты. Мұндай ғылыми жұмыстарға барған сайын практикалық
қызметкерлер көбірек тартылуда (К.Б.Сафинов, О.И.Ченцова және басқалары).
Республиканың азаматтық-құқықтық ғылымының қолданбалы заң шығармашылық
бағытта дамуын атап көрсету керек. Қазақстан Республикасының толық
дербестік алуы оның өзінің заңдарын дайындау қажеттігін алға қойды. Бұл
құқықтың барлық салаларының ғалымдары алдында тұрған міндет еді, ол әсіресе
азаматтық-құқықтық тұрғыда өткір қойылды, өйткені мұнда дербестік және
құқықтық мемлекет қалыптастыру проблемаларына экономиканы түбегейлі қайта
кұру, басқарудың әміршіл-әкімшіл түрін бастамашыл-шарттық экономикалық
қатынастармен алмастыру проблемалары қосылды.
Рынокты барынша шектеудің орнына — оның қажеттігін мойындау, шаруашылықты
толық монополияландыру орнына — антимонополиялық саясат, бәсекеге тыйым
салу орнына — оны кеңінен мадақтау, бәрін қамтитын және үстем түсетін
мемлекеттік меншік орнына — батыл жекешелендіру және барлық түйінді
экономикалық байланыстарды жеке меншіктің іргетасына көшіру.
Қазақстанның Ресеймен және ТМД-ның басқа да мемлекеттерімен экономикалық
байланыстарының біркелкі құқықтық нысандарын сақтай отырып, дамыған
капиталистік елдердегі экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің бай
тәжірибесін заң шығару процесінде пайдалану ісінде де айтарлықтай
проблемалар туындап отырды.
Осындай күрделі жағдайда жаңа зандарды дайындау жөніндегі негізгі
жұмыстар, әрине, экономиканың дайындалып жатқан заңдар қолданылатын
салаларының жоғары білікті практикалық қызметкерлерімен және мамандарымен
бірге еңбек еткен цивилист-ғалымдардың иығына жүктелді. Американың,
Германияның, ең алдымен, азаматтық заңдар айтарлықтай жаңарудан етіп жатқан
Голландияның ғалымдары көп көмек көрсетті.
Негізінен ғалымдардан тұратын жұмыс топтары қысқа мерзім ішінде
дайындаған мынадай құжаттарды заң шығару органдары қабылдады: Азаматтық
кодекс, "Шетелдік инвестициялар туралы", "Жер туралы", "Жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Ипотека
туралы", "Жекешелендіру туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
туралы", "Банкроттық туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Мемлекеттік
кәсіпорын туралы", "Өндірістік кооператив туралы" және басқалары.
ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарды құқықтық реттеу бірлігін
қамтамасыз ету үшін азаматтық құқық ғылымы модельдік заңдарды дайындау
практикасымен қаруланды. Арнаулы жұмыс топтары құрылып, олардың құрамына
ТМД-ның барлық елдерінің дерлік ғалымдары енгізілді. Бұл топтарда Ресей мен
Қазақстан мамандары жетекші рөл атқарды. Жұмыстар Ресейде, Қазақстанда,
Қырғызстанда, Грузияда және алыс шетелдерде — көбіне Лейден университеті
жанындағы Шығыс Еуропа құқығының Голландия институтында алма-кезек
жүргізілді.
ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы дайындаған модельдік заңдарды
ұсынылатын нормативтік актілер ретінде қарастырып, бекітті. Осылайша
Модельдік Азаматтық кодекс, "Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы",
"Акционерлік қоғамдар туралы", "Банкроттық туралы", "Ипотека туралы" және
т.б. Модельдік заңдар дайындалды.

1.4 Азаматтық құқықтың жүйесі
Біз барлық заң оқу орындарында оқылатын оқу пәнін де азаматтық құқық деп
түсінеміз. Оқу пәнінің міндеті — студентті азаматтық-құқықтық нормалардың
мазмұнын дұрыс түсінуге, олардың ерекшеліктерін, негізін, қолдану тетігі
мен салдарын білуге үйрету. "Азаматтық құқық" оқу пәнін құқық теориясының
қағидаларымен танысып, заңдардың күрделі иірімдерінде бағдарлай білу
дағдыларын меңгергеннен кейін оқыту тиімді.
Бұл оқу пәнінің жүйесі өзіндік бірқатар ерекшеліктеріне қарамастан, көп
ретте азаматтық құқықтың I тарауда қарастырылған жүйесіне ұқсайды. Мұңдай
ұқсастықтың себебін былайша түсіндіруге болады: студенттерді азаматтық-
құқықтық нормативтак актілердегі азаматтық-құқықтық нормаларды талдап,
түсіндіре білуге үйрету азаматтық-құқықты оқытудың басты міндеттерінің бірі
болып табылады: Бұл жағынан қарағанда, азаматтық құқық оқулығы мен оқу
құралдары АК мен басқа да заң актілерін баптары бойынша түсіңдіруге
жуықтайды. Алайда бұл олардың бір ғана қыры болып есептеледі.
Осымен бірге, азаматтық құқықты оқыту міндетті түрде тарихи элементгі
қамтиды, осы арқылы тұтас алғанда азаматтық құқықтың жене оның жекелеген
институттарының эволюциясын көрсете келе, белгілі бір заң үйғарымдарының
пайда болуының, өзгеруінің, толықтырылуының немесе күшін жоюының дәлелдерін
түсіндіреді.
Әр түрлі мемлекеттердегі ұқсас қатынастарды реттейтін заң институттары
мен жекелеген құқықтық нормаларды салыстыра қараудың да маңызы кем емес.
Бұл тұрғыдан алғанда, ерекшеліктерді анықтау және түсіндіру, сәйкес
қағидаларды қорыту, салыстырма баға беру маңызды болмақ.
Азаматтық құқық оқу пәні ретінде заңдарды түсіндіруге ғана емес, оларды
бағалауға да жәрдемдесетін құқық қолдану практикасының материалдарын оқу
мақсатында қорытумен және пайдаланумен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты оқыту ғылыми баға беріп, пікір айта білуді талап етеді.
Соңдықтан азаматтық құқық ғылымын азаматтық құқық оқу пәнінің нысанасы
азаматтық-құқықтық нормалар мен азаматтық-құқық нормативтік актілер секілді
дәрежеде қамтиды.
Пәнді оқыту ғылыммен ажырамастай тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі ірі
цивилист-ғалымдардың осымен бір мезгілде талантты оқытушылар болатыны бекер
емес. Академик А.В. Венедиктовтың, профессорлар Е.А. Флейшицтің, О.С.
Иоффенің, С.С. Алексеевтің, О.А. Красавчиковтың, Е.А. Сухановтың, Г.И.
Матвеевтің, Х.А. Рахманкуловгың, В.Ф. Чигирьдің, Б.Л. Хаскельбергтің, Ю.К.
Толстойдың, О.Н. Садиковтың, М.И. Брагинскийдің және басқалардың есімдерін
атасақ та жеткілікті.
Азаматтық құқық ғылымы жоғары оқу орындарында барынша белсенді дамытылды
жөне дамытылып келеді, олардың көпшілігі ірі цвилистикалық орталықтарға
айналды. Мұнда КСРО жағдайында Мәскеу және Ленинград университеттерінід
жанында, Свердлов және Харьков заң институттарында, Томск университетінде
Қазақ мемлекеттік университетінде пайда болған ғылыми мектептерді атауға
болады.
Соңғы жылдары жазылған азаматтық құқық оқулықтарының ішінен профессорлар
А.П. Сергеев пен Ю.К. Толстойдың редакциясымен шыққан "Азаматтық құқық",
жауапты редакторы Е.А. Суханов болған " Азаматтық құқық", жауапты редакторы
О.Н. Садиков болған "Ресейдің Азаматтық құқығы", жалпы редакциясын Т.И.
Илларионова, Б.М. Гангало, В.А. Плетнев басқарған "Азаматтық құқық"
еңбектерін атау керек. Азаматтық құқық бойынша бұрынғы КСРО-да шығарылған
профессор О.С. Иоффенің оқулықтары бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Азаматтық құқық оқу пәні - азаматтық зандардың құқықтың басқа да
салаларының нормаларын қамтитын нормативтік актілермен байланысын көрсетуі
тиіс. Сондықтан әр түрлі оқу орындарында даярланатын мамандардың саласына
қарай азаматтық құқықтың жалпы курсымен қатар, азаматтық құқыққа сүйенетін
оқу курстары (арнаулы курстар) өтіледі, оларды оқып-үйренуде әкімшілік,
отбасы, қаржы және құқықтың өзге де салаларының мол материалдары
пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық құқығы, патенттік құқық, банк несиелері,
есеп-шоттары және т.с.с. Оларды оқып-үйрену үшін арнайы оқу әдебиеттері
дайындалады.3
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының жүйесі жалпы және ерекше
бөлімдерден тұрады.
Бұл екі бөлім де бірнеше институттардан құралып, бұл институттардың өзі
өзара ұқсастық белгілеріне орай бөлімшелерге топтастырылады. Жалпы бөлім
-ережелерден, меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардан, міндеттемелік
құқықтан тұрады, ал ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген құқықтан және
халықаралық жеке құқықтан тұрады.
Азаматтық заңдарға АК-тің 1-бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін
заңдар жатады. Бұл жерде 1-баптың 3-тармағында көрсетілгендей тараптар
арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен,
отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және
айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар
реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген
жағдайларда ғана ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою арқылы іс жүргізу
Мамандықтың пәндер каталогы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқықтың жүйесі
Халықаралық жеке құқық туралы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Азаматтық құқықтың түсінігі мен пәні
Азаматтық құқық пәні
Пәндер