Зейінді дамыту жолдары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зейін туралы жалпы ұғым.
2.2. Зейін түрлері.
2.3. Зейіннің негізгі қасиеттері.
2.4.Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Зейін өздігінен жеке дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Солай болғанымен әрекетке таным процесіне қатысып, адамның мүддесін, бағыт –бағдарын білдіреді. Зейін кез келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адамның іс -әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейінді өз ырқына қарай бағыттау және шоғырландыру жеке адам белсенділігін білдіреді. Зейін адамның психикалық өмірінің ерекшелігі ретінде еңбек ету процесі үстінде қалыптасқан. Мұндағы қажетті шарт объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейін келесі қызметтерді атқарады:
1. Психологиялық және физиологиялық процестерді белсенді етеді де, қажет еместерін тежейді.
2. Келіп түсіп жатқан ақпараттарды мақсатқа орай және жинақты түрде қабылдауға мүмкіндік туғызады.
3. Белсенділікті ұзақ мерзімді уақытқа бір ғана объектіге бағыттауды қамтамасыз етеді.
Зейін –бұл психикалық құбылыстардың ерекше қасиеті. Біз бір мезетте спалы түрде түрлі жұмыстарды атқара алмаймыз, әр түрлі заттар туралы да ойлана алмаймыз. Бұл қасиетті сананың жіңішкелігі деп атайды. Барлық психикалық процестер сана үшін күреседі. Сана бір мезетте олардың барлығына жетеді. Бұл күрес психикалық құбылыстар бір бітімге біріктірілмеген жағдайда байқалады. Біздің санамызда өте жарық орын бар. Ол – зейін. Психикалық құбылыстар әлгі жерден алыстағансайын бұлыңғыр болады. Біз оларды сезуден қаламыз.
1. Қ.Жарықбаев Жантану негіздері Алматы. 2002 ж.
2. Алмұратова Ә. Оқулардың грамматика ұғымдарын меңгеру психологиясы. Алматы Мектеп баспасы 1983 ж.
3. Жарықбаев Қ. Әбдірахманова Ә. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы. Мектеп 1976 ж.
4. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау Алматы. К.М.Б 1959 ж.
5. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психологиялық лекция жинағы Алматы 1982 ж.
6. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы. Қазақстан 1980 ж.
7. Мұқанов М.М. Жан дүниенің сыры Алматы. КМБ 1959 ж.
8. Мұқанов М.М. Қабілетілік әне оны тәрбиелеу Алматы. КМБ 1987ж.
9. Мухина В.С. Балалар психологиясы аударма Алматы. Мектеп баспасы 1987 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р :

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зейін туралы жалпы ұғым.
2.2. Зейін түрлері.
2.3. Зейіннің негізгі қасиеттері.
2.4.Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Зейін өздігінен жеке дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті
де болып саналмайды. Солай болғанымен әрекетке таным процесіне қатысып,
адамның мүддесін, бағыт –бағдарын білдіреді. Зейін кез келген психикалық
процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адамның іс -әрекетінің сапалы әрі
нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейінді өз ырқына қарай бағыттау және
шоғырландыру жеке адам белсенділігін білдіреді. Зейін адамның психикалық
өмірінің ерекшелігі ретінде еңбек ету процесі үстінде қалыптасқан.
Мұндағы қажетті шарт объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге
бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі
психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейін келесі қызметтерді атқарады:
1. Психологиялық және физиологиялық процестерді белсенді етеді де,
қажет еместерін тежейді.
2. Келіп түсіп жатқан ақпараттарды мақсатқа орай және жинақты түрде
қабылдауға мүмкіндік туғызады.
3. Белсенділікті ұзақ мерзімді уақытқа бір ғана объектіге бағыттауды
қамтамасыз етеді.
Зейін –бұл психикалық құбылыстардың ерекше қасиеті. Біз бір мезетте
спалы түрде түрлі жұмыстарды атқара алмаймыз, әр түрлі заттар туралы да
ойлана алмаймыз. Бұл қасиетті сананың жіңішкелігі деп атайды. Барлық
психикалық процестер сана үшін күреседі. Сана бір мезетте олардың
барлығына жетеді. Бұл күрес психикалық құбылыстар бір бітімге
біріктірілмеген жағдайда байқалады. Біздің санамызда өте жарық орын бар.
Ол – зейін. Психикалық құбылыстар әлгі жерден алыстағансайын бұлыңғыр
болады. Біз оларды сезуден қаламыз.

Зейін туралы жалпы ұғым.
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала
тұрақталуын көрсететін құбылсысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін
дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған
психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы
математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген,
мұнысы психикалық кейіпінен жақсы көрінеді ( бала көзін қадайды,
шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару
жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісіні шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң
географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі
нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің
әрбір түріне зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп
отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге
бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және
ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып
жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды
жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға
сәулелендіруге болмас еді.
Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп,
дамып отвыратындығын, заттардың, құбылыстадың сәулесін, санамызға
түсіретінін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу
процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінде де, дене еңбегінің де
мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне,
мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып құлақ салмаса, оларды жақсы ұғып,
есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы
болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.
Зейінді психологиялық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не
есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды.
Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен
бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше
бір сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер
етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші
болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді
де, ал көрші кластан естілген ән - күй сабақ тыңдап отырған баланың
зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер
етіп отырады.
Зейіннің пайда болуына, көтермеленіп отыруына бірнеше жағдайлар
себеп болуы мүмкін. Мысалы, әсер етуші заттардың күші және әсер ету
уақытының мөлшері т. б. Егер әсер етуші заттар күшті, көрнекті, ашық
болса, соншама ол заттарға адам зейінін молырақ бөледі. Сондай - ақ
тітіркендіргіштердің әсер ету мөлшері ұзақ болса, оларға да адам
еріксізден зейін аударады. Біріне бірі қарама - қарсы заттар да
еріксіз адам зейінін туғызады. Мысалы, электр шамы жанып тұрса
біз оған көңіл бұрмаймыз. Ал енді ол біресе жанып, біресе
сөніп тұрса, біз оған еріксізден зейінімізді бұрамыз. Эмоциялық
әсерлерге де адам көбірек зейіңнін бұрады. Адамның өткен
тәжірибесімен байланысты тітіркендіргіштер де зейінді өзіне тартады.

Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам
ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына
тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға
келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын
ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-
аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұңдайда бала
зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына
аударды, басқа заттардын бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды
дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы
ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да
оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған
заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Ой-
сананың бағытталуы деп ең алдымсн психикалық әрекеттің таңдамалылық
сипатын, нақты объектті күні бұрын тиісті іріктеуін не оған
мән бермеуін айтамыз.
Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында
өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейіңді болу үшін қандай да
бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып,
сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не
мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды әңгіме төркіні-сол
зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке
шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдыңда тұрған міндет
неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал
жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен
ауыстыра алумен де байланысты. Зейінді толығымен нақты бір істің
шешіміне бағытталған, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз
үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің
санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана
аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың
санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-
әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін
іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.
Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал
кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен
бейнелерге де багытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп
аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене
қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін
алынады. Мұнын бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге
танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да кайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына
түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін
табиғатын түсіндіруде Н.Н.Лаңге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын
алға тартады:
1. Зейін қимылдың икемделудің нвтігягкгі Мұндай пікір келесі негізде
туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет
қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары
қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағына шектеулі болатын туындайды Сана аумағы мен
ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И.Герберт пен
У.Гамюкьтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе
тежейтінін алға тартады.
3. Зейін көңіл-күй нәтижесі Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған
бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.Миль
"ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға
зейінді қатынас - екеуі де бір нәрсе" – деп тұжырымдайды.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі яғни адам білген, таныған затына
ғана ден қояды.
5- Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда
болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.
6. Зейін жүйке тітіркеңдіргіштері күшейуінің ңетижесі. Бұл
гипотезаға орай зейін орталық жүйке жуйесінің мекенді тітіркену кабілегшін
ұлгаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі ссбебін төмеңдегіше
пайымдайды: алғашқы физиалогиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы
басқа елестер мен козғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау
келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.
Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты
пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
- зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін
адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын
тұрақтатуға бағышталған психологиялық өрекет;
- өз кызметі бойынша зейін осы мазмұнға койылған бақылау, Әр адам
әрекеті бағьптау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі
үшінші іс зейін арқылы орындалады;
- белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекшс
зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
- психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған
құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жада
акыл-ес егілістерінің пайда болу ізімен туындайды.
Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әркайсысы
өздері ұстанған зейін бағділерін асыра көтеріп, қалғаңдарын елемеуге
тырысады. Ал, шындықка жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты
барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде
түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасын
қабылдаған.
Зейін бұл кісінің сезімдік ақыл-ес және қимылдық белсенділігін
көтеруге қажет дүниелік не идеялды нысанға сананың бағытталуы және
шоғырлануы.

Зейіннің физиологик негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке
процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И. П.
Павлов егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда
болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,
басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір
алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда
тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик
А. А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы
түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек
қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды. Мидың осы күшті
қозғыш алабы қалған алаптардағы әлзіз қозу процестерін өзіне
тартып лаып отырады. Осыдан мидың күшті қозғыш алабы онан
бетер күшейеді.
Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде
тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың
күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып
кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы,
сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше
беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы
басыңқы қозу Әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне
тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің
доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың Қозудың оптимальдық
алабы дейтін теориясы одан сайын толықтыра түседі.
И. П. Павловтың оптимальды қозу алабы теориясы ырықты зейіннің
табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына бірқалыпты тегіс
тарамайды, өйткені ондаәр уақытта қозупайда болатындай жағымды
оптимальдық жағдай жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы
алап – ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің
физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас
сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болмсақ, онда
ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдып
көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы
және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған
сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып
жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген
болар еді.
Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта
келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да
өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші
сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуыосы
оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар
алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді
күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол
қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын
екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын,
сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір- біріне
ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық
әрекеттің талғамалы сипатта болатындығын жақсы көрсетеді.

2. Зейін түрлері

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке
бөлінеді.
Ырықсыз зейін –ең қарапайым және адамда көрінетін психикалық
процесс, оны сонымен бірге енжар (пассив), еріксіз деп те атйды,
себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды, әрі
әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің қызықтылығы және
тосындылығымен еріксіз баурап алады.
Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы
мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адамеың еркімен тығыз
байланыста болып, оның еңбектіккүш салуларының нәтижесінде пайда
болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те
сипатталады.
Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз - ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан
адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не
милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін
елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі
кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері
(оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының
нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерлерге
берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз
зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет.
Адам өиірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын
алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. өйткені қызықты
іске көңіліміз тез ауады. Еріксіз зейін – адам әдейілеп алдына
мақсат қойып, жігерін жұмсамаса да, дүниедегі заттардың әсері
арқылы өздігінен пайда болған зейін. Мысалы, лекцияда отырғанда
бір адам жүгіріп келіп, есікті ашып қалса, студенттердің барлығыда
оған жалт етіпқарайды немесе даладан біреудің қатты дауысы
шықса, барлығы да соған еріксіз қарайды. Еріксіз зейін көбінесе
адамның қызығумен байланысты, оның рухани мақсаттары мен
байланысты. Егер театрда көрген ойынымыз, я болмаса естіп отырған
лекциямыз өте қызық болса, біз әдейілеп күш жұмсамай – ақ, оларды
көріп, тамашалаймыз. Ал ерікті зейін адамның ерік-жігерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зейінінің тәрбиелеудің теориялық және психикалық негіздері
Зейін туралы жалпы түсінік
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Зейінді тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Зейіннің негізгі қасиеттері
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Пәндер