Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Баға құрылымы

1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар ... ... 4
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Нарықтық экономикадағы бағаның теориялық негіздері ... ... ... ... ... 11

ІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу ... ... ... ..13
2.2. Нарықтық немесе тепе.теңдiк баға ... ...14
2.3. Баға, сұраныс және ұсыныс ... ... ..19
2.4. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ...24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.
3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.
4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.
5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 ғ5.
6. Информационно-статистический сборник Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.
7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.
8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.
9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.
10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.
11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.
12. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Баға құрылымы

1. Бағаның қалыптасуындағы
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...4
2. Бағаның мәні мен атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9
3. Нарықтық экономикадағы бағаның теориялық
негіздері ... ... ... ... ... 11

ІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

2.1. Бағаны мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Нарықтық немесе тепе-теңдiк
баға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3. Баға, сұраныс және
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық
аспектілері ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі
қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси
және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай
саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту
мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды
көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып
жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта
дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары
арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен
қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия
шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен
мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың
біріне саналады.
Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен
бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау,
ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға
тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына
тоқталу табылады.

І. Баға құрылымы
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін
қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған
жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі
тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық
мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны
кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын
талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі
либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы
дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей
экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және
ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық
теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара
пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын
көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол
құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық,
сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға
– тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын
баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық
экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді.
Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде
қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және
нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын.
Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде
қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы.
Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін
қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты.

Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің
әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін
қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды
дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық
баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн
екі жақты сипатталады:
• Сандық;
• Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен
еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік
қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау
мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі
кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек
шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда
болады. Оған жататындар:
• Сұраныс және ұсыныс қатынасы бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін
қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі;
• Әлеуметтік факторлар бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін
мемлекеттің араласуы;
• Мода және тауар болашағы факторлары, көбіне бұл жайлар монополиялық
өндіріспен сәйкестенеді;
• Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары кейбір ұлттардың
тағамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден
қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың
баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар
үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік
жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады.
Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір
жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
Нарық жағдайында баға тауар қозғалысының әдiстерiне байланысты
белгiленедi.
Массалық тауар қозғалысының үш белгiлi кезеңдерi бар:
кәсiпорын – көтерме сауда
көтерме сауда – бөлшек сауда
бөлшек сауда – тұтынушы
Осы кезеңдерге сәйкес тауар қозғалысы бағаның үш негiзгi түрлерiн
айқындайды:
1. Кәсiпорынның көтерме сауда бағасы
2. Өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы
3. Бөлшек сауда бағасы
Кәсiпорынның көтерме сауда бағасы дегенiмiз - бұл кәсiпорыннан
шыққан тауар бағасы, ол тауардың өзiндiк құнынан және кәсiпорынның
пайдасынан құралады.
Өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы дегенiмiз - бұл баға кәсiпорынның
көтерме сауда бағасынан және өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерiнен
құралады.
Өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерi дегенiмiз - жабдықтау және
өтiмдiлiк қызметерiне байланысты бағалар.
Барлық бағалар сияқты өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерi жабдықтау
өтiмдiлiк ұйымдарының шығындарын өтеуi қажет.
Бөлшек сауда бағасы дегенiмiз - бұл баға соңғы тұтынушыға тауарды
жеткiзу, яғни баға белгiлеу процесiн аяқтайтын баға. Бұл баға өнеркәсiптiң
көтерме сауда бағасынан сауда жеңiлдiктер көлемiне ерекше болады.
Сауда жеңiлдiгi дегенiмiз - бұл соңғы тұтынушыға тауар жеткiзу
қызметтерiнiң бағасы. Сауда жеңiлдiктерi әдетте бөлшек сауданың
пайыздарымен байланысты белгiленедi.
Баға белгiлеу- бұл нақты бiр тауарға баға орнату процесi. Көбiнесе
баға белгiлеу шешiмiне кәсiпорынға қатысты сыртқы факторлар себеп болады.
Кейде бұл себептер белгiленген бағада кәсiпорынның бостандығын шектейдi,
басқа жағдайда – баға белгiлеу бостандығына үлкен әсер етпейдi, ал кейбiр
жағдайларда бұл себептер бостандықты белгiлi дәрежеге дейiн кеңейтедi.
Бiрiншi баға белгiлеу кезеңiнiң қорытындысы бойынша кәсiпорын өнiмiне баға
белгiлеуде ''бостандық шекарасын'' анықтау қажет.
Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты
көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
• Есептік өлшемдік;
• Қайтаүлестіру;
• Ынталандыру;
• Баланыстық теңестіру;
• Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық
үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы
бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік
дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті
кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі,
оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-
өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің
еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына
мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының
қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен
қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері
жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес
баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей
сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда
пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін
қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну
құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік
туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен
бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға
ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына
байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы
ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының,
аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік
тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы:
қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек
сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы
қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл
функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық
сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне
мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады.
Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес.
Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.

1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек
шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру
қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер
етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш
салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі
сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі
кезінде байқалады.
4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен
өндірісті теңгергенде байқалады.
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы
туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы
келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың
төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері –
банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден
тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында
қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар
(мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей
және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер
арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан
Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке
және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың
банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру
белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан
Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін
және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен
банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін
қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге
асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі
қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең
төменгі талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің
заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен,
оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен
аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен
де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан
Республикасы аумағында валюталық
заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын
жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш
пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке
жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне
банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап
ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша
мәліметтерді қосуға болады.

1.3. Нарықтық экономикадағы бағаның теориялық негіздері
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін
әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық
дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А.
Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер
жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және
т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу,
корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері –
банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден
тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік
және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей
және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер
арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан
Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке
және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың
банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру
белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында
Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың
тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ
Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және
кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне
бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған
жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын
қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама
актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның
ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен
аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен
де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан
Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік
валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген
нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару
туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып
табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не
Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті
деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

ІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір
жүйемен жүргізіледі:
1. Ұкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты –
еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің
индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар,
бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік
қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық
статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір
сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын
өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін
көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік
араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін
өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым
арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға
аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді
өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай
жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші
фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға
бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің
шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда
орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы
сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің
негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық
қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін
бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы
әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта
қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет
аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға
шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

2.2.Нарықтық немесе тепе-теңдiк баға
Нарық жағдайында баға бәсекелестiгi шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң арасындағы күрестiң негiзгi формасы болып табылады. Бағада
барлық субъектiлердiң мүдделерi шоғырланған. Баға экономикалық категория
ретiнде өнiмдi сипаттайтын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
әрекетiн көрсететiн түпкi бағалау көрсеткiшi, яғни өнiмнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Орман шарушылығы қызметкерлеріне сыйақы беру ерекшелігі
Бағаны тұрақтандырудың модельдері
Баға
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша
Қазіргі нарық шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жемісі
Жаңа тауарға баға белгілеу
Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Пәндер