Діннің мәні, түрлері



2.1 Діннің негіздері
2.2 Діннің қоғамдағы ролі мен әлеуметтік қызметтері
2.3 Ой еркіндігі мен атеизм тарихы
3. Қорытынды
Дін – адамзат қоғамындағы аса кұрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Діннің мәні , түрлері

Дін – адамзат қоғамындағы аса кұрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана.
Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға
сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді
байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша,
рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар
болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық
тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін
оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман
істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын
жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл
болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-
сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік
жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте
кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың
жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет
ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық
белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол
ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен
бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі
көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық
болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден
ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес.
Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және
ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді.
Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің
католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі
сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық.
Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да
қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің
ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету
және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың
ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар.
Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып,
билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі
халқының діні, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда)
ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске
шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс
таңбалы діндер деп аталынады. Қазақстан Республикасының Конституциясында
азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген.
Дін және мәдениет

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда
діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын
көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің
өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып
табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты
діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың
мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау
оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы
мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру
дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар
негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп
анықтауға болады. Ислам діні жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб
түбегінде дүниеге келді. Мұсылмандар Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш
тайпасынан шыққан Абдуллаһ ұлы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға Алла тағала
қасиетті уахи етті деп санайды.

Мұсылмандар жаңа дін жаратылғаннан аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап
шығып, осы күнгі Сүрия, Паластин, Ирақ жеріне жетті, Исләмды ту еткен араб
қосындарының бір бөлігі Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра
әрі қарай қазіргі Мағриб араб елдеріне де байрағын желбіретті. Либия,
Тунисия, Әлжезаир, Мағрибия (Марокко) исләмге мойынсұнды.

711 ж.ы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен
Жерорта теңізі бөліп жатқан Жебелі-Тарық бұғазынан өтіп, Андалусияға
(Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы
Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана
емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.

Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен
Кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп
аталған Орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұқар мен Самарқан, Шаш
(Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исләмды қабылдады.

Сөйтіп Ислам діні ЫХ —Х] ғасырлары сұнниттік бағытта бірте-бірте түркілер
әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де қазақ жеріне түгел тарап, біржола
орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді. Мұхамед Пайғамбар 40 жасында
пайғамбар болады. Ол әділ адал болады

Негізгі қағидалары

Исламда бес парыз бар:
Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру;
Бес уақыт намаз оқу;
Зекет беру;
Шамасы жетсе, қажылыққа бару;
Рамазан айы бойы ораза тұту;

Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

Ислам дінінің әдет-ғұрпы

Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа
әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам
дінінде 2 бөлімнен тұрады: 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар:
бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару)
жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде
орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша құдай-тағаланың әмірін орындап,
құлшылық еткендер, яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер
ғана жұмақтың тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар тозаққа
барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен
мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2.
Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб,
Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.

Құрбан шалу

Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан алынған. Ерте
кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған құдайларынан малдарын
аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе
осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы
Исмаилды алла жолына шалмақ болыпты-мыс деген аңызбен ұштасады. Құрбанның
мөлшері әртүрлі. Мысалы, бір адамға ұсық мал, 7 адамға сиры, 9 адамға түйе
шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға – тауық-қаз союға, оларда
болмаса ақшалай құдайы беруге рұқсат етіледі. Құрбандыққа тек аша тұяқ
малдар сойылған. Құрбандыққа шалынған мал О дүниеге барғанда қыяметтің қыл
көпірінен қиып өтетін пыраққа айналады-мыс. Ал күнәсі көп адамдар қыяметтің
қыл көпірінен өте алмай – тозақ отына жанады-мыс.

Сүннет

Сүннет екі түрлі.
Намазға байланысты орындалады. Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және
сүнеттен тұрады. Сүниттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүнетін оқымайды.
Сүнеттің екінші түрі – балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар өсиет еткен дейді. Баланы сүндетке отырғызуды
алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен
орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің
сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және
дәріптейтін құралға айналды.

Ислам мейрамдары

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-
ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең
тарағаны ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам
дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-
ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан
мейрамдары жаңа мәнге иен болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза
айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт)
мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық
орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол
күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза
мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге
сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының
орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз
бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті. Ислам діні тараған
кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен
ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне
байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және
т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу
дәстүрлері. Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл
мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі,
мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни
өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол
үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні
тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында
оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте
дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие
жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек.
Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны
қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер
болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық
пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми,
табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін,
ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек. Сунизм – қоғам дамуының
талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар
жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара
қатыынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед (с.ғ.с)
пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері,
дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы есунна шықты. Сунна
жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-
бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды
қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін
қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ ас-Сахих. Сөйтіп,
сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни
сүниттер деп атады. Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің
алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт.
Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің)
маңайына жиналды. Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің
аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі Нұр дейтін сүре қосты. Ол
екі Нұры – Мұхаммед (с.ғ.с) пен Әли. Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде,
Кенияда, Азербайжанда кездеседі. Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің
алғышқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде ЫХ ғасырда пайда болды.
Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында ВЫЫЫ ғасырдың
өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның Сүфи, одан
софылық деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі
мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай,
қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін
көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену,
бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың
әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл
болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да. Кейіннен
сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар
өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды.
Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда
сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды.
Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан
аймағында көптеп кездеседі. Сопылық ХЫ-ХЫЫ ғасырларда ислам дінінің негзгі
бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық
қауым байыған Шйхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында
арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал
дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар
арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады.

Құран

Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың Қаиметті - кітабы аталған
құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің (с.ғ.с) аңыздары
түрінде айтылады. Құран деген сөз қазақ тілінде оқу деген ұғымды
білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы
жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен
әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың
әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен
салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір
мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида,
заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы
әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін
құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады
дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға
боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке (с.ғ.с) мезгіл-
мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген
өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы
кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай
сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген
діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір
шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға
сыйға тартты делінеді. Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана
емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені
теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі.
Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою
дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды
алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. Құранның 12 сүресінің
2 аятында құдай атынан: мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп
араб тілінде жібердім делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай
бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым
салады да, құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын деген
тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында құран
қаисетті кітап деген сеніп орнап, Аллаһқа сиынып, жалбарынды. Құран орта
ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-
бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар
бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні
шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен (с.ғ.с) кейін болған халифтер
тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф
Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында
ғана Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар
Мұхаммедтің (с.ғ.с) ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға,
сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден
жинап құрастырды. Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф
Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы
Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге
жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге
жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол Осман шығарған құран деп
те аталады. Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде,
қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей
көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны
біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3
аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. Медина құранында аяттардың
саны 6000.[1] Куфа құраны мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят
бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай
орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер.
Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз
жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре
тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған. Құран
сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге,
оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан
араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат
құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі
арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте
көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері
кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден
алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей),
Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен
пайғамбарларды құран алланың әділ сөзін адамдарға жеткізу үшін, оларды
алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні жолына түсіру үшін келген
көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі
соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның
ақыл-ойын шандып, матап тастайды.

Діннің мәні

2.1 Діннің негіздері
2.2 Діннің қоғамдағы ролі мен әлеуметтік қызметтері
2.3 Ой еркіндігі мен атеизм тарихы
3. Қорытынды
Тарихи дін тануны жетіТарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына
көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін
толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз
айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы
факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын
орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді
ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін
емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш
қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын
реттеуде болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық
бастапқы мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты
қалыптастыру дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және
ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны
әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп
анықтауға болады.

Қытайдағы дін, Теңдік және уйлесім сисволы

Ортодокс кресті

Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған
болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ.
Дегенмен діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып
қойды Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және
т.е.с. да діни сенімнің өз алдына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Діннің қоғамдағы маңызы
Дін ең көне қоғамдық форма ретінде
Діннің мәні
Абайдың алла, дін, мұсылманшылық туралы философиялық ой-толғамдары
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Теориялық дінтану
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Діннің тәрбиелік мәні
Пәндер