Инновациялық менеджмент негізінде компанияны басқаруды жетілдіру


Кіріспе
1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1. 1. Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
1. 2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1. 3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
2-ші Бөлім. Инновациялық-инвестициялық жобаларды түзу және тиімділігін бағалау
2. 1. Компания қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары
2. 2. Компанияның инновациялық қызметін талдау және оның қаржылық тұрақтылыққа әсері
2. 3. Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
3-ші Бөлім. Басқарудың инновациялық әдістері негізінде компания қызметін жетілдіру шаралары
3. 1. Компанияның концептуалдық бейнесі және оның эталондық жағдайына жету жолдары
3. 2. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін инновациялық факторларды енгізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Инновациялық менеджмент негізінде компанияны басқаруды жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
Орындаған:
Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыстың бірінші бөлімінде инновациялық менеджменттің пайда болуының теориялық және әдістемелік негіздері және оны компаниялар мен кәсіпорындардың қызметіне енгізу қажеттілігі зерттелді.
Жұмыстың екінші бөлімінде зерттеу объектісіндегі қазіргі басқару жүесіне талдау жүргізіледі, компанияның қазіргі жоспарлау және басқару жүйесінің жақсы және теріс жақтары анықталды. Автордың өз концепциясы және зерттелуші компания үшін инновациялық менеджменттің әдістемесі құрастырылған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде компанияның шаруашылық қызметін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық менеджменттің механизмдерін қолдану негізінде зерттелуші объектті басқаруды жетілдіру шаралары құрастырылған.
Жұмыстың қорытындысында зерттелуші объекттің шаруашылық қызметіне енгізу үшін қорытындылыр мен ұсыныстар берілген.
Жұмыстың көлемі парақтан тұрады, әдебиеттер тізімі . . . атауды құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты шаруашылық субъектілердің қызметінің тиімділігін арттыруға, олардың нарықтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және табыс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін прогрессивті инновациялық менеджмент әдістері негізінде зерттелуші объектті - Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорындарын - басқаруды жетілдіру бойынша шараларды құрастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі «Алекс» ЖШС.
Нормативтік сілтемелер
- «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, Астана, 17 мамыр 2003 ж. № 1096.
- Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы. - Алматы, Жетi жарғы, 1995
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан газеті, 20 наурыз 2004 жыл.
- Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту Концепциясы. Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының № 19 қаулысы. 20 шілде 1999 жыл.
- Қазақстан Республикасының инновациялық даму Бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №617 қаулысы. 10 мамыр 2001 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 9 шілде 2001 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы. 3 шілде 2002 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы. 20 қараша 1998 жыл.
- 2003 жылдың 18 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №263 «2003-2005 жылдарға инновациялық қызметті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы.
- Қазақстан Республикасының Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, №2732.
- Қазақстан Республикасының Президентінің «ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» заң күші бар Жарлығы. 26 қаңтар 1998 жыл, №3838.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан қаржыгерлерінің ІІІ-конгресіндегі баяндамасы. Егеменді Қазақстан газеті 15 ақпан 2003 жыл.
- Қазақстан Республикасының Президентінің «Банк және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы. 31 тамыз 1995 жыл.
- Қазақстан Республикасының Президентінің «ҚР Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы. 30 наурыз 1995 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы. 5 шілде 2000 жыл.
Анықтамалар
Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т. б. ) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті
Өндірістік кәсіпкерлік - нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті.
Инновация - өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет.
Инновацияның диффузиясы - уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс.
Қысқартулар мен белгілер
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ҒТП - ғылыми-техникалық прогресс
ИП - инновациалық процесс
ЖЕ - жаңалық енгізу
ФЗ - фундаменталды зерттеу
ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі
ТЭН - техника-экономикалық негіздеу
ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар
ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы
АЭА - арнайы экономикалық аймақ
ЕврАзЭҚ - Евразиялық экономикалық қауымдастық
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ТМҚ - тауарлық-материалдық қорлар
Кіріспе
Қазақстанда соңғы онжылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Сонымен, соңғы онжылдықта ҚР-да шикізаттық емес салалардың үлесі 3-6 есеге азайды, керісінше орны толмас табиғи ресурстарды өндіру ұлғайды - мұнай, газ бен қара және түсті металл рудаларын. Елдің инвестициялық саясатының шикізаттық бағыты өнеркәсіпте қалыптасқан диспропорцияны одан ары тереңдетті.
Сонымен қатар әлемдік өңделмеген шикізат нарығы тұтынушы нарығы ретінде бағаланады, өйткені сатушы көп те, сатып алушы аз. Мамандардың есептеуі бойынша экспортерлер, орташа есеппен, экспорттаған тауарлар үшін батыс тұтынушысы төлеген соманың 25% ғана алады.
Бұл тығырықтан шығу жолы, бастапқы шикізаттан ондаған және жүздеген есе қымбат тұратын, жоғары технологиялық бұйымдарды өндіруді ұйымдастыру.
Бұл үшін өндірістік секторды алғы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде технологиялық жаңарту (модернизациялау) керек.
Сондықтан, экономиканы дивесификациялау мен модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен «2003-2015 ж. ж. елдің индустриалды-инновациалық даму стратегиясы» қабылданды, оның шеңберінде ЖҰӨ-ді 2015 жылға 3, 5 есе өсіру көзделген [2] .
Нарық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетістіктерді игеруге қомақты қаржыларды салуға мәжбүр ететін негізгі себеп, тіпті нарықта монополиялық жағдайды иемдену мүмкіндігі жоқ болса да, әрине, бәсекелестік болып табылады, онымен кез-келген технология беретін, өнім шығаратын немесе қандай-да бір қызмет көрсететін кәсіпорын бетпе-бет келуге мәжбүр. Кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін сақтауды және табыс алуды өздері ойлауы керек. Яғни, олар нарық жағдайын, негізгі және мүмкін бәсекелестердің іс-әрекетін, қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті өзгертуге қабілетті жаңа ғылыми және технологиялық жетістіктердің пайда болуын қадағалап және болжап отырулары керек. Соңғысы 70-ші жылдардан бастау алатын, қазіргі ҒТП кезеңінде ерекше маңызға ие болды.
Бұл келесі себептерге байланысты:
- өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы;
- жаңа техника және технологияларды құру, игеру мерзімдерін елеулі қысқарту қажеттілігі;
- экономиканың барлық салаларында ҒТП қолдануға мүмкіндік беретін өндірісті дамытудың интенсивті факторларының күшеюі;
- жаңа техника және технологияларды құру және енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушылық ролі;
- жаңа өнімді игеру барысында кәсіпорындардың шығындарының көбеюі және экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;
- техника және технологиялардың жедел моральдық ескіруі;
- жаңа техника және технологияларды өндіріске енгізуді жеделдетудің объективті қажеттілігі және т. б. Жоғарыда аталған мәселелерді шешудегі приоритет инновациалық менеджмент еншісіне тиеді. Инновациялық менеджмент дегеніміз дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т. б. ) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық менеджменттің негізгі міндеті - ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы, инновациялық процесстерді басқару.
Бұдан басқа инновациалық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен компанилардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін жаңалық енгізулерді ұдайы өндіріп және мақсаттық іздестіруді жүзеге асыратын орта қалыптастыру.
Инновациялық ортаның негізгі элементтері:
- инновациялар, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің немесе интеллектуалдық еңбек өнімдерінің жиынтығы;
- қандай да бір жаңалықтардың тұтынушысы болып табылатын, бәсекеге қабілетті тауар өндіруші;
- тауар өндірушіні қажетті жаңалықтармен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстар кешенін қаржыландыруды қамтамасыз ететін, инвесторлар;
- осы процесс барысында туындайтын мәселелерді шешуге мүкіндік беретін, инфроқұрылым (бизнес-инкубаторлар, технопарктер және т. б. ) . Ұйымның инновациялық ортасына ерекше көңіл бөлінеді, оны қалыптастыруда, жалпыға танымал бәсекелестік қабілетті қаматамасыз ету құралымен (маркетингпен) қатар, білімді алу процесін және осы білімді, нарықта сұранысқа ие, өнімге трансформациялау ерекше ролге ие болуда.
Жоғарыда аталғандар кәсіпорындар мен компанияларда, нарық жағдайында шаруашылық субъекттердің жоғары табысты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновациялық менеджментті енгізу және жетілдіру мәселесінің актуалдығын айқындайды. Сондықтан аталған мәселе осы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.
Жұмыста инновациялық менеджмент мәселесі компаниялар мен кәсіпорындар қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардың және олардың нәтижесінде пайда болатын өзгеріс процесстерінің алдын алу және дұрыстау әдісі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жұмыста инновациялық менеджмент деп нарықтық экономиканың дағдарыс алды, дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайларында кәсіпорындар мен компаниялардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржы- экономикалық және технологиялық сипаттағы шаралар жүесі түсініледі.
Нарықтағы кез келген өзгерістер әр уақытта тұрақты және оптималды жүйеге белгісіздік, айқынсыздық, тұрақсыздық енгізеді, оларды дағдарыстық жағдай деп қарастыру қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойында басқару процесінде нарықтағы дағдарыс жағдайына осы жағдай пайда болғаннан кейін, яғни оның алдын алу мүмкін болмаған кезде, көңіл аудара бастайтын. Қазіргі кезде жетекші компаниялардың әрекетінде алдын алу стратегиясының басымдылығы байқалады.
Теориялық та, тәжрибелік те тұрғыдан инновациялық менеджмент объектісіне нақты анықтама беру өте маңызды. Мұндай қажеттілік оның жаңалық енгізуді басқару жүесінің негізгі элементі болғандығымен және, оның құрылымына, функцияларына, басқару әдістері мен құралдарына, сонымен қатар оның тиімділігін бағалау критерийлеріне негізгі әсер ететіндігімен айқындалады.
Бұл жұмыста инновациалық менеджменттің зерттеу объектісі ретінде нарықтың әлеуметтік, экономикалық және техникалық жүйелерінде жаңалықтарды енгізуді және нәтижесінде пайда болған өзгерістерді құрастыру, игеру және тарату мақсаттық бағытталған процесстері түсініледі.
1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1. 1. Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
Кәсіпкерлік, экономикалық әрекет формасы ретінде, екі негізгі түрде жүзеге асырылу мүмкін (немесе олардың комбинациясы) :
1) тікелей өндіргіш функцияларын жүзеге асыру жолымен, яғни тауар, өнім, қызмет өндіру арқылы (өндірістік кәсіпкерлік) ;
2) делдалдық функцияларды жүзеге асыру жолымен, яғни тауарды тікелей өндірушіден, оны тұтынушыға жеткізуге байланысты қызметтер көрсету (делдалдық кәсіпкерлік) .
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті. Бұл кезде өндіру функциясы анықтаушы болып табылады. Жалпы қоғамдық тұрғыдан өндірістік кәсіпкерлік басымдылық маңызға ие, өйткені қоғамдық байлық материалдық, ғылыми-техникалық және сервистік өндіріс саларындағы жағдайға тәуелді.
Бұдан бөлек, тауар өндіру саласындағы кәсіпкерлік әрекет негізгі және қосалқы сипатта болуы мүмкін. Негізгілерге, нәтижесі тұтынуға дайын тауар өндіру болатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Қосалқыларға, мақсаты тікелей тауар шығарушыларға, өндіру процесі барысында өндірілетін тауардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін, әдістер мен амалдарды құрастыру және беру болып табылатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Бұған әрекеттерінің нәтижесі тікелей тауар өндірушілерге жаңа техника, технология немесе ғылыми-техникалық жаңалықтарды, өндірістік сипаттағы қызмет көрсету (құрылыс жұмыстары, транспорттық қызмет және т. б. ) болып табылатын кәсіпкерлік фирмалар да жатады.
Осыған байланысты экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің екі моделі бөліп қарастырылады: классикалық және инновациалық. Кәсіпкерліктің классикалық моделі (дәстүрлі, репродуктивті кәсіпкерлік) кәсіпкер жұмысты ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға ұмтылып ұйымдастырады деген болжамға сүйенеді. Нақты осы модель шеңберінде өндірістің өсуін басқару концепциясы қалыптасады деп есептеледі, оны жүзеге асыру кәсіпкер үшін сыртқы факторлар - субсидиялау, үкімет тарапынан протекционизм - есебінен бірқатар шараларды жүргізуді талап етеді. Рентабельділікті жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнім ассортиментін жаңарту үшін ішкі мүмкіндіктер де жұмылдырылады.
Екінші модель - инновациалық кәсіпкерлік (продуктивті) кәсіпорынның дамуының жаңа жолдарын іздеуді қарастырады, бұл өсуді, немесе инновацияны басқару концепциясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік әрекет тәжрибесінің құрамына, оның кез-келген формасында, әдетте инновациялық процесс кіреді. Өндіріс толық инновацияларға негізделген жағдайда, оның мұндай ұйымдастырылуының нәтижесі жаңа тауар немесе жаңа сипаты, қасиеттері бар тауар болады. Бірақ, нарыққа дәстүрлі тауарларды шығару да, өндірісті ұйымдастыруға, өндірістің техникалық элементтері немесе өндірілетін тауардың сапалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты қандай да бір жаңа элементтер мен әдістерді қолданып жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда дәстүрлі тауарларды жартылай инновация енгізу арқылы өндіру туралы айтуға болады.
Инновациалық кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы ғылыми қауымдастығы мен кәспкерелер үшін салыстырмалы жаңа ұғым. Дәл қазіргі уақытта ҚР жаңашылдықтың шарықтау кезеңін басынан өткізуде. Шарықтау - бұл жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған кәсіпкерлердің әрекеттерінен туындаған құбылыс. Шарықтау шектен тыс оптимистік үміттер есебінен күшеюі мүмкін. Шарықтаудың мәнін өндірістік жүйеге алғы технология, басқару әдістерін және жаңалықтарды енгізу деп түсіндіруге болады.
Экономиканы басқарудың бір формалары мен әдістерінің орнына басқалары келеді. Бұл жағдайда инновациялық қызметпен, басқарудың мемлекеттік деңгейінен бастап, шағын бизнесте жаңадан құрылған жауапкершілігі шектелген серіктестікке дейінгі, барлық шаруашылық субъектілері айналысуға мәжбүр.
Инновациялық менеджментке әр түрлі көзқараспен қарайтын ғалымдардың концепциясына байланысты, оларды келесі түрде жіктеуге болады:
- процесс ретінде - Твисс Б., Койре А., Пинингс И., Раппопорт В., Санта Б., Кабаков Г. М, ., Макаров В. ;
- жүйе ретінде - Шумпетер Й., Лапин Н. және басқалар;
- өзгеріс ретінде - Валента Ф., Яковец Ю., Водачек Л., және басқалар;
- нәтиже ретінде - Бешелев С., Гурвич Ф., Левинсон А. және басқалар;
Инновациялар бойынша зерттеулердің негізін қалаушы ретінде Н. Д.
Бірақ, Қазақстанда бұл мәселе өте аз зерттелген, мұнда әлі экономиканы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық бағытқа ауыстыру күрделі күйінде қалуда, жаңалық енгізуді басқарудың бірыңғай жүйесі ретінде инновациялық процессті құрудың критерийлері мен принциптері анықталмаған.
“Жаңалық енгізу” - бұл жаңа техника мен технологияны, ұйымдастыру мен басқарудың жаңартылған әдістерін игеру. Ал “инновация” - бұл “өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет”.
Э. А. Уткин “Фирманы басқару” жұмысында инновацияны (жаңалық енгізуді) жүргізілген ғылыми зерттеу немесе ашылған жаңалық негізінде, алдыңғы үлгіден сапалық айырмашылығы бар, өндіріске енгізілген объект ретінде анықтайды.
Инновцияларды дамытудың ынталандырушы механизмі бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Өндірушілер мен тұтынушылар ескірген техника мен технологияны пайдалану барысында дифференциалды зардап (шығын) шегеді, оның нәтижесінде инновация негізінде өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр. Тиімді инновацияларды алғашқы болып игерген кәсіпкерлік фирмалар өндіріс шығындарын азайтуға және оған сәйкес сататын тауарлардың (өнімдердің, қызметтердің) құнын төмендетуге, нәтижесінде ұқсас тауарларды (өнімдерді, қызметтерді) ұсынатын фирмалармен күресте өзінің нарықтағы жағдайын нығайтуға мүмкіндік алады.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Й. Шумпетер алғашқы рет “инновация” ұғымын қолданды, және оны өнеркәсіпте тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндіріс құралдарын, нарықтар мен ұйымдастыру формаларын енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірді.
Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:
- өндірістің интенсивті факторларының күшеюі, олар ғылыми-техникалық прогрессті экономикалық әрекеттің барлық салаларында қолдануға ықпал жасайды;
- жаңа техниканы құру мен енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушы ролі;
- жаңа техниканы құру, игеру мерзімін елеулі қысқарту, өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, ғалымдар мен жаңашылдардың шығармашылығын жаппай дамыту қажеттілігі;
- ғылыми-техникалық өндірістің ерекшелігі, шығындар мен нәтиженің белгісіздігі, зерттеудің айқын көрінетін көп варианттығы, қатер және мүмкін теріс нәтижелер;
- жаңа өнімді игеру барысында шығындардың көбеюі және экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы;
- техника мен технологияның жедел моральдық ескіруі;
- жаңа техника мен технологияны жеделдетіп енгізудің объективті қажеттілігі және т. б.
Инновациалық кәсіпкерлік деп техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесін түсіну керек. Әдетте, кәсіпкерлік әрекеттің негізінде жаңа нарық құрып, жаңа қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік беретін, өнім мен қызмет саласында жаңалық енгізу жатады. Сондықтан біздің ойымызша «кәсіпкерлерді инновациялық ой қабілеті ерекшелейді. Инновация - кәсіпкерліктің ерекше құралы» деп атап көрсеткен П. Дракер шындыққа жақын.
Дракер П. инновациалық идеяның жеті көзін бөліп атайды:
- ұйым немесе сала үшін күтпеген оқиға - күтпеген табыс, күтпеген шығын, күтпеген сыртқы оқиға;
- бейконконгруэнттік - күнделікті өмір (шындығында қандай) және ол туралы біздің түсінігіміздің (қандай болу керек) арасындағы сәйкессіздік;
- процесстің қажеттілігіне негізделген жаңалық енгізу (процесстің қажеттілігі деп, түзетілуі мүмкін және түзетілуі керек кемшіліктері мен осал жерлерін түсіну керек) ;
- сала мен нарық құрылымындағы кенеттен болған өзгерістер;
- демографиялық өзгерістер;
- көзқарас, көңіл-күй және құндылық ұстанымдардағы өзгерістер;
- жаңа мағына (ғылыми да, ғылыми емес те) .
Австриялық ғалым И. Шумпетер [8] бес типтік өзгерістерді бөліп қарастырады:
1. Жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді немесе өндірісті жаңа нарықтық қамтамасыз ету (сатып алу-сату) .
2. Жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу.
3. Жаңа шикізатты пайдалану.
4. Өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық жабдықтауды өзгерту.
5. Жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.
Инновациялық процесстің тауарлыққа айналу барысында оның екі органикалық кезеңі бөліп қарастырылады: а) құру және тарату; б) жаңалықты диффузиялау. Біріншісі, негізінен, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжрибелік өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру, коммерциялық өндіріс сияқты ғылыми зерттеудің кезеңдерін біріктіреді. Бірінші кезеңде әлі жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек қана мұндай жүзеге асырудың алғы шарттары құралады. Екінші кезеңде қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты өндірушілер, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында бөлінеді. Диффузия нәтижесінде өндірушілердің де, тұтынушылардың да саны және сапалық сипаттары өзгереді. Жаңалық енгізу процестерінің үзіліссіздігі нарық экономикасында жаңалық енгізу диффузиясының жылдамдығы мен кеңдігіне анықтамалық әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz