Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... .3
1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері ... ... ... ..4
2.Жұмыс уақытының режимі ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .10
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
1. Қағазов Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2001.
2. Айымханова Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2002
3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2000. – 88с.
4. Сериков О.Т. Вопросы единства и дифференциации в правовом регулировании труда // Право и государство, 1999. № 1 (12). – С. 70-73.
5. Абузярова Н.А. Значение нормативной обоснованности правовых актов в трудовом праве // Право и государство, 1998. № 2 (10). – С. 43-45.
6. Димитрова С.А Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеты Жаргы, 1997. –176с.
7. Б контракт: издержки законодательного обеспечения. // Мир закона. С.4-7.
8. Абузярова Н. Обеспечение законности в трудовых отношениях Алматы: Жеты жаргы,1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Жұмыс уақытының
режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10

Кіріспе

ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі
ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде
жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек
қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың
ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар
қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен
балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл
заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге
тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның
аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс
уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған
уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол
қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара
байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс
уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар
қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында
еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші
еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін.
Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының
ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек
кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда
бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы
бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.

1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық және жеке еңбек
шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын
уақыт. Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған уақыт та,
сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек құқығының нормаларына сәйкес
жұмыс уақытынан алып тастауға болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің
тоқтап тұруы, төленбелі үзілістер және т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда
белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да жұмыс уақытына
кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы төленуі керек. Демалыс және
тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты,
сонымен қатар, жұмысқа кешігіп келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын
кету жұмыс уақытының құрамына енбейді. Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты
белгілі бір дәрежеде қызметкерлердің өмірінің деңгейіне әсер етеді. Оның
ұзақтығы демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның
дамуына, адамдардың мәдени және өзге де қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуына әсер етеді. Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты
туралы кодекстің нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл жұмыс
уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы үшін барлық қажетті
жағдайлар жасауға және қызметкерлердің демалуға және еңбекті қорғауға
қатысты құқықтары бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті.[1]
Қолданыстағы еңбек кодексінің 76-бабында жұмыс уақытының келесі
түрлерін көзделген:
1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты
болуы мүмкін.
2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар,
құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және
жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті
ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген
үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында
болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі
кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс
берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір сүруіне және дамуына
зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы. Қызметкерлердің
кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (ЕК-77 бап). Аталған ереженің
күші меншік нысанына, экономика саласына, кәсібіне, мамандығына, лауазымына
қарамастан барлық қызметкерлерге таралады. Қазіргі кезде мемлекет жұмыс
уақытының шектелген ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты
өзге мәселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды, ауысу сменаларының
кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері шешеді. Алайда, жұмыс уақытының
ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады. Еңбек шартында,
ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей
төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін[2].
Еңбек кодексінің 78-бабында қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын нормалаған төмендегі тармақшалар
қалыптасқан.
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді.
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді.
4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында
көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін.
5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген
кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
Жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартудың мақсаты – қызметкерлердің
денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа қабілеттіктерін арттыруға, оның
тұлғасының дамуына, жұмыс уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге
немесе қосымша кәсіп иеленуге және еңбек өнімділігін арттыруға жағдай
жасау. Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын және
өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі
бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
белгіленуі мүмкін:
- он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
- он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24
сағаттан;
- ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін
қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Ал мына жұмыстар ерекше тізімде көзделген;
- жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет ететін
қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар, дәрігерлер және еңбектің
ерекше жағдайларында жұмыс істейтін өзге де қызметкерлер). Мысалы,
мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері үшін
апталық нормативтік оқу жүктемесі келесідей белгіленеді: жалпыға білім беру
мекемесінің бастауыш сатысы үшін – 20 сағаттан аспайтын;
-жалпыға білім беру мекемесінің негізгі және жоғары сатысы, бастауыш кәсіби
және орта кәсіби білім беру ұйымдары үшін – 18 сағаттан аспайтын; мектепке
дейінгі ұйымдар үшін – 24 сағаттан аспайтын;
-мектептен тыс ұйымдар үшін – 18 сағаттан аспайтын (балалар және
жасөспірімдердің спорт мектептері үшін – 24 сағаттан аспайтын) (ҚР Білім
туралы заңы, ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 Мемлекеттік
білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу
жүктемесін бекіту туралы қаулысы)[3].
-Жоғары және орта білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін орташа алғанда
6-сағаттық жұмыс күні белгіленген. Бұл сағат ішіне тек оқу жұмысы ғана
емес, сонымен қатар ғылыми және әдістемелік жұмыс та енеді. Еңбектің ерекше
жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі олардың қысқартылған жұмыс
уақытының ұзақтығы көрсете отырып заңдарда белгіленеді;
- медициналық қызметкерлер (емхана, амбулатория, диспансерлер және т.б.
дәрігерлері) үшін;
- І және ІІ топ мүгедектері (көз аурулармен, ауыр науқастармен ауыратын)
болып табылатын қызметкерлер үшін.
Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытында жұмыс істеуге құқылы
тұлғалар санаттарын анықтау үшін жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық
беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін,
сонымен қатар, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар тізбесін басшылыққа алу
қажет. Қысқартылғын ұзақтықтағы жұмыс уақытындағы еңбек қалыпты ұзақтықтағы
жұмыс уақытының нормалары бойынша төленеді.
ЕК- 79-бабында осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт,
оның ішінде:
-толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының
нормасын азайту;
-толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын
қысқарту;
-бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту
және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс
уақыты болып есептеледі[4].
  ЕК-80-бабымен толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары ның
төмендегі нормалары қалыптасқан.
1. Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері
Еңбек құқығы және құқықтық қатынастар
Жұмыс уақытының ұғымы
Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу
Жұмыс уақытының нормасы
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері туралы
Пәндер