Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . «Балапан» бағдарламасы балалар болашағының кепілі. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арнайы шығарылым (27 қаңтар, 2012 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев[1] .
Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.
Соңғы бес жылда мектепке дейiнгi бiлiм беру жағдайында жағымды өзгерiстер байқалуда, ол ұйымдар санының, сондай-ақ оларға баратын балалар санының өсуi. 2007 жылы облыста орын саны 6369 және оларға баратын балалар саны 6369 адамды құраған мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған жыл соңына тұрақты жұмыс iстейтiн 50 мекеме бар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген[2] .
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.
Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бір жарым жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар - 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.
Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89, 7% мектепке дейінгі ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10, 3%.
Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс жасайды. Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.
Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады[3] .
Республика көлемінде мектепке дейінгі балалардың психологиялық мәселелері Т. Тәжібаева[4], С. Балаубаев[5], М. Мұқанов[6, Ә. Алдамұратов[6], Х. Шериазданова[7], Ғ. Ракимбеков[8], А. Нұрахұнова[9] т. б. сияқты психолог-ғалымдардың еңбектерінде зерделенсе[10], балалар көркем шығармаларының тәлімдік мәнін М. Ғабдуллин[11], Б. Момышұлы[12], Б. Адамбаев[13], Ш. Ахметов[14], М. Әлімбаев[15], Қ. Жарықбаев[16], С. Қалиев[17], Ә. Табылдиев[18], М. Балтабаев[19], М. Бөлеев[20], З. Ахметова[21], М. Құрсабаев[21], М. Смайылова[21], М. Оразаев[21], С. Ұзақбаева[23-25], Қ. Қожахметова т. б. сияқты педагог-ғалымдар зерделеген[26] .
Елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б. Баймұратова[27], Қ. Меңдаяқова[28], М. С. Сәтімбекова[29], Р. Аралбаева[30], Р. М. Жұмағожина[31], А. К. Меңжанова[32], Ф. Жұмабекова[33], Г. Меңлібекова[34], Ә. С. Әмірова[35], М. Т. Тұрыскелдина[36], Н. Храпченкова[37], Т. Иманбеков[38], Т. А. Левченко[39], А. Е. Манкеш[40], С. Жиенбаева т. б. педагог-ғалымдардың еңбектерін атауға болады[41] . Бұл ғылыми-педагогикалық еңбектердің құндылығы, республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру іс-тәжірибелері талданып оны ұйымдастарудың мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болып саналуымен қатар, зерттеу жұмысымыздың бағыт-бағдарын белгілеуге жағдай туғызды.
Бағдарлама елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру үдерісінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады[42] .
Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді. Жалпы білім беретін жүйесінің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының міндеті жанұямен тығыз байланыс жасай отырып, сәбилерді жігерлі рухта тәрбиелеу, білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау. Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелік әлеуетін ашу үшін жағдайлар жасауды, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім жүйесін қалыптастыруды, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді қарастыратын мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатын іске асыруға бағытталған.
Б. Ж. Ноғайбекова, И. А. Тирская, Г. К. Мақсұтова ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1. 001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген[43] .
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
«2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын» жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады[44] .
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, дене, адамгершілік тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеулер, мектепке дейінгі дидактика мен психология, Кеңестік педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі ғылыми-зерттеу институттары жүргізген педагогикалық, психологиялық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың дамуында ерекше потенциалды мүмкіндіктер болатынын дәлелдеді. Осындай ғылыми дәлелдер оларға берілетін білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір шындығы туралы түсініктерін жетілдіріп, еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыруға болатынын көрсетті.
Балабақшадағы оқу, тәрбие жұмысының типтік бағдарламасын жасау қоғамның педагогикалық ғылымдар жүйесінің дамуы нәтижесінде және практикалық қажеттіліктен туындап отыр.
Демек, ұлттық балабақшаларында, бағдарламалардың тәрбие берерлік мүмкіндіктері мен оның мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру үрдісіне ендіру деңгейінің таяздығы аралығында, балаларға бағдарламалардың бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның ғылыми - педагогикалық негіздері, мазмұндары және оны ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік жүйесінің толықсыздығы аралықтарында қарама-қайшылықтар туып отыр. Бұл қайшылықтардың шешімін табуға себепші болатын қазіргі кезде қолдану жағдайы қарастыру зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ. Оның көкейкестілігі мен ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттелмегендігі, тақырыпты « Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайы » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеп, оны анықтау.
Зерттеу нысаны: балабақшалардағы тәрбиелік-білім беру кешендері.
Зерттеу пәні: балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын жүйесін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын мүмкіндіктерін ашып, моделін құрып, өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындау;
- балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын мазмұндарын сұрыптау, оны ұйымдастырып іске асырудың қазіргі кезде қолдану жағдайын саралау;
- балабақшалардағы тәрбиелеу және білім беру үрдісіне бағдарлама материалдарын ендіруге байланысты ғылыми әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, тәрбие мазмұны мен бағдарламаны сұрыптау, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, бақылау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу ұсыныстар беру.
Зерттеудің базасы: Түркістан қаласы №31 мектеп балабақша, Балбөбек балабақшасында өтті.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде: тақырыптың көкейкестілігі көрсетілді, жұмыстың мақсаты, міндеттері, зерттеудің нысаны, пәні сипатталды.
Дипломның «Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері» деген бірінші бөлімінде балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қағидалары мен мұралары сипатталып, қазіргі кезде қолдану жағдайы ғылыми-теориялық негізі қарастырылды.
Мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қағидалары мен мұралары сипатталып, қазіргі кезде қолдану жағдайы мәселесі педагогика, психология тұрғысынан теориялық және практикалық жағынан негізделіп, ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тән тәрбиелік-мазмұндық сипаттама беріледі, сондай-ақ бүгінгі таңдағы жағдайы баяндалады.
« Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының әдістемесі» деген екінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қағидалары мен мұралары сипатталып, қазіргі кезде қолдану жағдайы мүмкіндіктері тәжірибе арқылы зерттеліп, ғылыми тұрғыдан негізделді. Тәрбиешілерге арналған курстың бағдарламасы мен балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қағидалары мен мұралары сипатталып, қазіргі кезде қолдану жағдайы қосымша бағдарламасы жасалды, көркем шығарма мүмкіндіктері ашылып, өлшемдері мен деңгейлері анықталды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері қорытындыланды.
Қорытындыда мәселені зерттеудің нәтижесінде анықталған тұжырымдар және мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қағидалары мен мұралары сипатталып, қазіргі кезде қолдану жағдайы мазмұндары мен оның құрылымын жетілдіру жайлы ұсыныстар берілді.
І. Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайының ғылыми практикалық негіздері
1. 1. Балабақша тәрбие бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде болып отыр. Оның басты себептері: мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшеліктер-іне де байланысты болмақ. Педагогика көп жағдайда сол елдегі қолданыстағы заңнамаға немесе жетекші идеологияға тәуелді дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдар елдің не әлеуметтік қызмет көрсету, не денсаулық сақтау ұйымдарына немесе білім беру жүйесіне қарайтын болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс бағыттары, педагогикалық дайындық деңгейлері өзгереді. Мектепке дейінгі ұйымдар әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне қарайтын елдерде (Австрия, Англия) ата-аналар қалауымен балаға күндізгі қамқорлық түрінде ұйымдастырылуы басым болса, Білім министрлігіне қарайтын елдерде (Ирландия, Қытай) ерте жастан оқыту үдерісі басым. Ал кейбір елдерде мектепке дейінгі білім беру енді-енді министрліктер қарамағына еніп отыр (Түркия, Жапония) [19; -56б] .
Тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Көптеген дамыған елдерде тәрбиешілердің дайындығы жеткілікті жоғары деңгейде (Германия, Франция, Англия, АҚШ, т. б. ) болып, олар әр түрлі ба-ғыттарда (музыкалық, дене тәрбиесі, ақыл-ой, тәрбиесі, эстетикалық) жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының өсуін бақылай біледі. Бұған физиологияны, балалар психологиясын, әлеуметтануды терең меңгеру ықпал етеді. Әлеуметтану оларға балалармен, ата-аналармен жұмысты сауатты құрып тіл табысуға көмек жасайды, жұмысты дербес және шығармашылықпен ұйымдастыруға әсер етеді. Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерістерін салыстыра келе, түрлі қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға қызмет еткеннің өзінде қоғамда бала тұлғасының дамуын көздейтін, олардың ғылыми негізделген заңдылықтарда көрініс табатын ортақ белгілері, ұстанымдары байқалады: отбасында, балалар ұжымында, қоршаған ортада, дүниетануда өзінен, отбасынан, балалар тобынан бастап, елді, құрлықты, жер шарын, ғарышты тануға бағытталуы; өзіне-өзі қызмет көрсетуде, шығармашылық табыстарында, ұмтылыстарында, т. б. тәуелсіз, дербес болуға барған сайын ұмтылу; өз бетінше ойлау, өз ойын, сезімін еркін жеткізу, еркін сөйлеу, түсініп оқу, түсініп тыңдау; балаға шектеуге болмайтын тұлға деп қарау, барлық жауапкершіліктің ата-анаға жүктелуі, мектепке дейінгі ұйымдарды оларда бар қабілет икемдерді дамытады деп санау[22] .
Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда белгілі бір жүйесі қалыптасқан Батыс Еуропа мен Америка елдерінде қазіргі бар модельдерді үш түрге топтастыру тенденциясы байқалады: Латын еуропалық (Франция, Бельгия, Швейцария, Италия), скандинавиялық (Финляндия, Швеция) және англо-саксондық (Улыбритания, АҚШ, Канада) Латын Еуропалық модель өздерін "отбасынан тыс тәрбие" деп атайды, 2-5 жас аралығындағы балалардың басым көпшілігі дамыған (Франция мен Бельгияда - 95%, Италияда - 85% дейін) . Франциядағы осындай "мектеп-ана" моделі 4 және 5 жастағы балалардың бәрін міндетті қамтуды көздейді. Алайда, олардың бағдарламалары бірыңғай емес: бастауыш мектептен үйлестірілгендері де, тіптен үйлестірілмегендері де бар. Бұл екінші жағдайда тәрбиеленген балаларды мектепке барғанда, бейімделу түрғысынан қиындықтарға ұшыра-тады.
Скандинавиялық модельдің шведтік үлгісі мейлінше жалпы талаптарға жақын келеді. Олар 7 жасқа дейінгі барлық балаларды міндетті қамтыған және ата-аналары жұмыста болатын 7 жасар 1-сынып оқушыларын да қам-қорлыққа алған. Олардың жоғарғы сапалығына ықпал ету үшін арнаулы бақылау ұйымдары құрылған және ондағы оқу-тәрбие жұмысы ғылыми негізделген жағдайда ғана жүргізіледі. Оқу-тәрбие бағдарламасының орын-далуын мемлекет мойынына алған, ата-аналар 10%-ын ғана төлейді. Балаға 1, 5 жасқа келгенде мектепке дейінгі білім беру ұйымына қамтылуына кепілдік беріледі.
Англо-саксон моделі (Ұлыбритания, АҚШ, Канада) мынандай сипаттармен ерекшеленеді: баланы өз тағдырын өзі анықтауға құқы бар тәуелсіз тұлға деп түсіну, теория мен тәрбие тұжырымдамаларының плюрализмі, мектепке дейінгі білім беруде мемлекет үлесін шектеу. Осының салдарынан ол елдерде орталықтанған басқарумен қаржыландыру жоқ, олар жергілікті билік ұйымдары құзырында, сондай-ақ бұл іске әр түрлі ұйымдар мен жеке адамдар қатыса алады. Бұл модельде бағдарлама сан алуан, сонымен бірге жергілікті жағдайлар мен баланың жеке ерекшеліктеріне, ата-ананың қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге икемділігімен си-патталады. Бағдарламаның және бір ерекшелігі балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісінде ата-анаға субъектілік орын берілген: күн сайын белгілі бір ата-ана тәрбиеші жанында болып, оған көмектесуі міндеттелген[22; -64б] .
Англо-саксон үлгісіндегі мектепке дейінгі тәрбие мемлекет құзырында болмағандықтан, оның балабақшадан тыс әрі қамқорлық көрсететін, әрі оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыратын көптеген түрлері бар:
- "үйдегі қамқорлық" - бала тәрбиеші мен күтуші тәрбиесінде болады, бірақ тәрбие өз үйінде жүргізіледі;
- "күндізгі отбасы қамқорлығы" - бірнеше отбасы бірлесіп, бір үйде балаларды күндіз қамқорлыққа алады, тәрбиеші мен күтуші жалданады және міндетті түрде ата-аналардың біреуі болады;
-. "күндізгі қамқорлық орталығы" - отбасынан тыс арнаулы орында ұйымдастырылған жеке меншіктегі балабақша;
- балалар мектебі - бастауыш мектепке дайындау сы-
ныбы.Біздің көзқарасымызша, жалпы ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда, мектепке дейінгі балабақша ісінің орталықсыздануының елдердің даму ерекшеліктеріне лайықтылық сипаттары төмен.
Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастырылуына олардың типтері, қамтылатын балалардың жас мөлшері, мақсат-міндеттері, бағдарламалары (білім мазмұны), әдіс-тәсілдері өзіндік ерекшеліктері бола тұра мақсаттары мен көздейтін нәтижелерінің бағыттастығы мен үндестігін көруге болады.
Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады. Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Ал 5 жастан бастап олар міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін сәби ана тәрбиесінде болуы дұрыс деп есептеледі. 3-5 жастағы сәбидің жас және психологиялық ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі ұйымдар Англияда отбасы жағдайына неғұрлым жақын түрде құрылуды көздейтін күндізгі яслилер (муниципалды және жеке меншікті), толық ясли емес яслилік сыныптар, ойын топтары, аналар мен балалар клубтары (керегінде анасы қасында болады), күтушілер институттары, "мүмкіндіктер" топтары, т. б. әрбір тәрбиешіге 10-13 баланы қарау жүктеледі[19; -82б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz