Химиялық элеметтер



Өзінің құрлысының ерекшелігіне қарай органиқалық заттар сан алуан. Қазіргі кезде олардың саны он миллионға жуык, ал бейорганиқалық заттар —
әлдеқайда аз. Органиқалық косылыстар табиғатта аса кең таралған.
Адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршіліктің негізі болып табылатын органиқалық заттардан тұрады. Органиқалық қосылыстар біздің
тағамдарымыздың негізгі құрам бөліктері болып табылады және
киім-кешек дайындайтын материалдар, дәрі-дәрмек, т.б. алуға пайдаланылады. Олар адамның шаруашылық әрекетінде кеңінен
қолданылады.
Органиқалық заттардың барлығы дерлік жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда оңай бүзылады. Осы процестерде көміртегі (IV) оксиді түзілетіндіктен, зерттеліп отырған заттың органиқалық қосылыстарға жататынын оңай анықтауға болады.
Органиқалық заттар мен бейорганиқалық заттардың арасына
айқын шек қоюға болмайды. Көміртегі оксиді, көмір қышқылы,
оның тұздары және баска да бірқатар заттардың құрамында
көміртегі болғандықтан, оларды органиқалық заттарға жатқызуымыз
керек еді, бірак олардың қасиеттері осыған ұқсас бейорганиқалық
заттарға жақын, сондықтан оларды, әдетте, бейорганиқалық химияда
оқытады. Сендерге биология курсынан фотосинтез құбылысы белгілі.
Бұл құбылыс кезінде бейорганиқалық заттардан органиқалық
қосылыстар тұзіледі, ал органиқалық қосылыстар өз кезегінде
қайтадан бейорганиқалық қосылыстарға айналады. Табиғаттағы заттардың барлығы өзара байланысты, олардың арасында бір тұтастық бар.
Адам органиқалық заттармен ете ерте кезден-ақ таныс. Біздің арғы ата бабаларымыз табиғи бояуларды мата бояу үшін қолданған, өсімдіктер мен жануарлар майын, қамыс қантын тағамдық өнім ретінде пайдаланып, ашыту арқылы спиртті сұйықтықтардан сірке суын алған. Бірақ көміртегі қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың бірінші жартысында ғана пайда болды. Бұл кезде олар табиғи кездерден, яғни ағзалардан ғана беліп алынды. Бұл 1807 ж. швед ғалымы Й.Берцелиустің мұндай заттарды органиқалық заттар деп, оларды зерттейтін ғылымды органиқалық химия деп атауына негіз болды. Й.Берцелиус және онымен замандас басқа химиктср де органиқалық заттардың бейорганиқалық заттардан ерекше айырмашылығы бар деп есептеді. Олардың пікірінше, органиқалық заттарды бейорганиқалық заттар сияқты, зертханалық әдіспен алуға болмайды, олар ағзаларда ғана ерекше "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі деп санады.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элеметтер.

Өзінің құрлысының ерекшелігіне қарай органиқалық заттар сан алуан.
Қазіргі кезде олардың саны он миллионға жуык, ал бейорганиқалық заттар —
әлдеқайда аз. Органиқалық косылыстар табиғатта аса кең таралған.
Адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршіліктің негізі болып табылатын
органиқалық заттардан тұрады. Органиқалық қосылыстар біздің
тағамдарымыздың негізгі құрам бөліктері болып табылады және
киім-кешек дайындайтын материалдар, дәрі-дәрмек, т.б. алуға пайдаланылады.
Олар адамның шаруашылық әрекетінде кеңінен
қолданылады.
Органиқалық заттардың барлығы дерлік жанады немесе тотықтырғыштармен
қыздырғанда оңай бүзылады. Осы процестерде көміртегі (IV) оксиді
түзілетіндіктен, зерттеліп отырған заттың органиқалық қосылыстарға
жататынын оңай анықтауға болады.
Органиқалық заттар мен бейорганиқалық заттардың арасына
айқын шек қоюға болмайды. Көміртегі оксиді, көмір қышқылы,
оның тұздары және баска да бірқатар заттардың құрамында
көміртегі болғандықтан, оларды органиқалық заттарға жатқызуымыз
керек еді, бірак олардың қасиеттері осыған ұқсас бейорганиқалық
заттарға жақын, сондықтан оларды, әдетте, бейорганиқалық химияда
оқытады. Сендерге биология курсынан фотосинтез құбылысы белгілі.
Бұл құбылыс кезінде бейорганиқалық заттардан органиқалық
қосылыстар тұзіледі, ал органиқалық қосылыстар өз кезегінде
қайтадан бейорганиқалық қосылыстарға айналады. Табиғаттағы заттардың
барлығы өзара байланысты, олардың арасында бір тұтастық бар.
Адам органиқалық заттармен ете ерте кезден-ақ таныс. Біздің арғы ата
бабаларымыз табиғи бояуларды мата бояу үшін қолданған, өсімдіктер мен
жануарлар майын, қамыс қантын тағамдық өнім ретінде пайдаланып, ашыту
арқылы спиртті сұйықтықтардан сірке суын алған. Бірақ көміртегі қосылыстары
туралы ғылым XIX ғасырдың бірінші жартысында ғана пайда болды. Бұл кезде
олар табиғи кездерден, яғни ағзалардан ғана беліп алынды. Бұл 1807 ж. швед
ғалымы Й.Берцелиустің мұндай заттарды органиқалық заттар деп, оларды
зерттейтін ғылымды органиқалық химия деп атауына негіз болды. Й.Берцелиус
және онымен замандас басқа химиктср де органиқалық заттардың бейорганиқалық
заттардан ерекше айырмашылығы бар деп есептеді. Олардың пікірінше,
органиқалық заттарды бейорганиқалық заттар сияқты, зертханалық әдіспен
алуға болмайды, олар ағзаларда ғана ерекше "тіршілік күшінің"
әсерінен түзіледі деп санады.
"Тіршілік күші" жөніндегі немесе виталистік деп аталатын
ілім (латынша vita — өмір деген сөз) табиғаттан тыс күш бар деп сенуге
мойындататын қате ұғым болып табылды. Виталистік ілім бейорганиқалық
заттардан органиқалық заттар жасау мүмкін емес деген тұжырымдарымен
ғылымның одан әрі дамуын тежеді. Бірақ ол табиғатты танып білудін үдемелі
процесін, әрине, тоқтата алған жоқ. 1828 ж. Й.Берцелиустың шәкірті —
неміс химигі Ф.Вёлер бейорганиқалық заттардан органиқалық зат
мочевинаны синтездеді. 1845 ж. жасанды жолмен сірке қышқылы
алынды. Орыс химигі А.М.Бутлеров 1861 ж. зертханада қантты заттарды
синтездеп алды.
Бұрын тірі ағзалардан ғана өңдірілетін заттар бірінен соң бірі тез
синтсзделе бастады. Осылайша "тіршілік күші" жөніндегі ілім жеңіліске
ұшырады.
Қазіргі уақытта синтездеу жолымен көптеген органиқалық
заттардың табиғатта барлары ғана емес, сондай-ақ мүлде
кездеспейтіндері де алынуда. Зертханаларда, содан кейін зауыттарда
полимерлердің өмірде маңызды қасиеттері бар үлгілері, двигательдер
мен баска да механизмдердің жұмысын қамтамасыз ететін полимерлер,
бояулар, т.б. алынып жатыр. Органиқалық синтез өнімдері химия
мен биологияның мүдделері тоғысқан тұстарда: денсаулық сақтау
ісінде, тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында пайдаланылуда.
Қазіргі кезде жедел дамып келе жатқан ғылыми-техниқалық революция едәуір
дэрежеде органиқалық химияның дамуына байланысты болып отыр.
Органикхимиктердің табыстары нэтижесінде органиқалық заттар деген терминнің
мағынасы өзінің алғашқы мэнінен элдекайда кеңейе түсті. Қазір бұл атау,
ағзаның құрамына кіретін заттарды ғана емес, сонымен қатар ағзаға ешқандай
қатысы жоқ және синтездеп алуға болатын заттарды да қамтиды. Алайда
құрамында көміртегі болатын барлық заттардың тобын белгілеу үшін алынған
бұл атау тарихи қалыптаскан қалпында қалдырылды.
Органиқалық химия ғылымының атауы осыларға байланысты алғашкы мәнін
жоғалтып, біршама кең мағынаға ие болды. Қазіргі кездегі органиқалық
химияның жетекші танымдық міндеті — ағза жасушаларында өтетін процестерді
молекулалық деңгейде тереңірек зерттеу және тіршілік құбылыстарының
материалдық негізі болып табылатын өте нәзік механизмін айқындау
болғандықтан, оның бұлайша аталуы тағы да дәлелденді деуге болады.
Органиқалық заттар химиясын оқып-үйрену сендердің табиғат жөніндегі
білімдеріңді кеңейтеді. Заттардың өзара байланысын айқындап, олардың жай —
бейорганиқалық заттардан ағзаны құрайтын күрделі заттарға айналу процесін
қадағалай отырып, бұл ғылым сендсрге табиғаттың даму жолын ашып, табиғатта
болып жатқан процестерді және олардың негізін құрайтын заңдылықтарды терең
түсінуге мүмкіндік береді. Органиқалық химия, сонымен бірге, біздің
дүниетанымдык көзқарасымызға маңызды үлес қосады.

Органиқалық химия ғылым ретінде өткен ғасырдың бірінші жартысында
қалыптасты. Ол кездегі зерттеушілсрдің негізгі міндеті табиғи қосылыстардың
құрамы мен қасиеттерін зерттеп, оларды күнделікті тұрмыста тиімді пайдалану
әдістерін табу болды. Ғалымдардың ашкан жаңалықтары фабрикаларда
қолданылып, ауыл-шаруашылық өнімдерін өндеуге, дәрі-дәрмектер мен бояулар
дайындауға, т.б. пайдаланылды.
Алайда органиқалық химияның теориялық түсініктері артта қалып
койғандыктан, оның одан әрі дамуы баяулай берді. Кейбір белгілі ғылыми
фактілерді жинақтап, жүйеге келтіріп, оларды біртұтас көзқараспсн
түсіндіруді қажет ететін, соның негізінде жаңа фактілер ашуға мүмкіндік
беретін болжамның мәні өте зор болды. (Периодтық занды басшылыққа алып,
маңызды болжамдар жасауға болатынын еске түсіріндер.)
Ғалымдарды толғандырған бірнеше ғылыми мәселелерді атайық. Басқа
элементтерге карағанда көміртегі элементінің ғана көптеген химиялық
қосылыстар тұзетінін түсіндіру керек болды.
Заттардың құрамын зерттеу негізінде валенттілік ұғымы (1853)
енгізілді де, көміртегінің төрт валентті скені айқындалды. Бірақ ол кезеңде
кейбір органиқалық заттарда көміртегінің төрт валентті болмайтыны да
байқалды. Оны табиғи газдардың құрамына кіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨМІРТЕКТІ БОЛАТТАР
Агроэкология. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы
Селен топшасына жалпы сипаттама. Селен, телур және полонийдің оттекті қосылыстары
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Қоршаған ортаның радиоактивті ластанудың көздері
Жүйе. Жүйе туралы ұғым .Жүйе түрлері
Биологиялық белсенді заттар
Атмосфераның экологиялық мәселелері
Клетканың химиялық құрамы туралы түсінік
Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде
Пәндер