«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)



1.тарау. Жалпы ережелер
2.тарау. Өзара іс.қимыл жасасу және ынтымақтастық
3.тарау. Жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін шараларды жүзеге асыру
4.тарау. Ішкі істер органдарының жүйесі және олардың қызметін ұйымдастыру
5.тарау. Ішкі істер органдарының міндеттері мен құқықтары
6.тарау. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің құқықтық жағдайы
7.тарау. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен зейнеткерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
8.тарау. Ішкі істер органдарын қаржымен және материалдық.техникалық қамтамасыз ету
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (полициясының) құқықтық негіздері мен оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, адам мен азаматтың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау негізі болып табылатын қызметтің мақсаттары мен принциптерін айқындайды. Заң жариялылық, ашықтық негізінде азаматтық қоғам институттарымен, мемлекеттік және халықаралық органдармен өзара іс-қимыл жасасу және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (полициясының) қызметін қоғамдық бақылау принциптерін белгілейді. Заң қылмыстылыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, халықтың көші-қоны, есірткі құралдарының айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, азаматтық және қызметтік қару айналымын реттеу, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет бағыттарын айқындайды, сондай-ақ жедел-іздестіру және өзге де қызмет мәселелерін реттейді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоба

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
(жаңа редакция)

Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (полициясының)
құқықтық негіздері мен оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, адам мен
азаматтың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам
мен мемлекеттің мүдделерін қорғау негізі болып табылатын қызметтің
мақсаттары мен принциптерін айқындайды. Заң жариялылық, ашықтық негізінде
азаматтық қоғам институттарымен, мемлекеттік және халықаралық органдармен
өзара іс-қимыл жасасу және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
(полициясының) қызметін қоғамдық бақылау принциптерін белгілейді. Заң
қылмыстылыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті
сақтау, халықтың көші-қоны, есірткі құралдарының айналымы және олардың
заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, азаматтық және қызметтік қару айналымын
реттеу, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру бойынша қызмет бағыттарын айқындайды, сондай-ақ жедел-іздестіру және
өзге де қызмет мәселелерін реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және оның
қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (полициясы) (бұдан
әрі – ішкі істер органдары) Қазақстанның халқына қызмет етуге, жеке және
заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан
қорғауға арналған құқық қорғау органы болып табылады.
Ішкі істер органдарындағы қызмет – Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес полициядағы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Ішкі әскерлері (бұдан әрі – Ішкі әскерлер) лауазымдарындағы
мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
2. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері
болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
Полиция бөліністерінің кадрында немесе әскери қызметте тұрған, арнаулы
немесе әскери атақ берілген, Қазақстан Республикасының азаматы ғана ішкі
істер органының қызметкері бола алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге
асыру кезінде ішкі істер органдарының қызметіне араласуға, сондай-ақ оларды
тән емес функцияларды орындауға тартуға тыйым салынады.
Мемлекет ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік және
құқықтық қорғауға кепілдік береді, қызметтің ерекше сипатын ескере отырып,
өз функцияларын толық және тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті болатын
тиісті қызмет жағдайларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігіне қол қоюға,
мәтіндерді қабылдауға және халықаралық шарттарға қол қоюға өкілеттік беруге
құқылы.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі
істер министрлігі) өз құзыреті шегінде заңнаманы қолдану мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, сондай-ақ ішкі істер органдарына
қатысты қарым-қатынастарды реттейтін заңнама нормаларын жетілдіру және
заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға
сәйкес келтіру мақсатында заңдардың жобаларын әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрін (бұдан әрі – Министр) лауазымға тағайындайды және
лауазымнан босатады.
4. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және республика
астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Ішкі істер
министрлігі Ішкі әскерлерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі білім беру
ұйымдарының тулары болады.
Ішкі істер министрлігі, оған бағынысты органдар жалауының, туының және
рәмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Конституция, осы Заң
және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.

3-бап. Ішкі істер органдарының мақсаты
1. Ішкі істер органдарының мақсаты:
1) адам мен азаматты, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын,
сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау;
2) құқық бұзушылықтардың алдын алу;
3) қылмыстылыққа қарсы күрес;
4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс;
6) жеке және заңды тұлғалардың қылмыстар туралы арыздары мен
хабарламаларын қарау және олар бойынша процессуалдық шешімдер қабылдау,
сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс;
7) жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
8) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, халықтың көші-қоны
саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
9) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары
мен прекурсорларының айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру,
олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл
жасау;
10) азаматтық, қызметтік қару мен олардың оқ-дәрілерінің, жарылғыш,
азаматтық пиротехникалық заттар мен құралдардың айналымын бақылау;
11) күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің қызметін бақылау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
қызметтерді көрсету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі бойынша ішкі істер
органдарының қызметкерлері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
және қалпына келтіру жөніндегі қызметке тартылуы мүмкін.
3. Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек Қазақстан Республикасының
заңдарымен ғана жүктелуі мүмкін.

4-бап. Ішкі істер органдары қызметінің принциптері
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және құқық қорғау қызметтерінің принциптеріне және ішкі істер органдарының
арнайы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдары қызметінің арнайы принциптері: жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды
мүдделерін құрметтеу және оларды құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
заңдылық; халықпен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық,
жариялылық; ашықтық пен жариялылық; ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі,
дара басшылық, субординация (бағыныстылық) болып табылады; саяси партиялар
мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіздік.

5-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам
мен мемлекеттің заңды мүдделерін құрметтеу және қорғау
1. Ішкі істер органдары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына
тұрғылықты тұратын жеріне немесе өзге де белгілеріне қарамастан, кез келген
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
құрметтейді және қорғайды.
2. Ішкі істер органдары заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанына қарамастан, өз құзыреті шегінде олардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
3. Ішкі істер органдары жеке тұлғаларға білікті құқықтық көмекке
құқығын іске асыру, адамның ұсталғаны туралы туыстарына хабарлау, қажет
болған жағдайда ұсталған адамдарға медициналық және өзге де көмек көрсету
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
4. Ішкі істер органының қызметкеріне азаптаулар, зорлық, қатыгез,
адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер жасауға,
қасақана тән зардабын, жан азабын келтіруге тыйым салынады, оларды
қолданған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік қарастырылады.
5. Ішкі істер органының қызметкеріне азаматтардың жеке өміріне қол
сұғылмаушылықты, жеке және отбасы құпиясын қозғайтын мәліметтерді, сондай-
ақ мемлекеттік және өзге де құпияларды жариялауға тыйым салынады.
Құпиялықты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

6-бап. Заңдылық
1. Ішкі істер органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан
Республикасы Конституциясының, осы Заңның, өзге де нормативтік құқықтық
актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде адам мен азаматтың
құқықтарын шектеуге тек заңдардың негізінде және адамның құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін,
конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы күрес мақсатында қажетті шамада
ғана жол беріледі.

7-бап. Халықпен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық,
жариялылық
1. Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына қайшы келмейтін шамада халық пен азаматтық қоғам институттары
үшін ашық болып табылады.
2. Ішкі істер органдары әрбір адам мен азаматқа оның құқықтарын,
бостандықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және
ақпарат көздерімен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Аумақтық ішкі істер органдарының уәкілетті басшылары азаматтық
қоғам институттары мен халықты құқықтық тәртіптің жай-күйі мен оны нығайту
жөніндегі шаралар туралы тоқсанына кем дегенде бір рет ұдайы
ақпараттандыруға, ол үшін кез келген жалпыға қол жетімді әдістерді
пайдаланып, оның ішінде халық алдында есеп беруге, ішкі істер органдары мен
жекелеген қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету бойынша
қажетті шаралар қабылдау үшін олардың кәсіби әл-ауқатын бағалау
мониторингін жүргізуге міндетті.

8-бап. Ашықтық пен жариялылық
1. Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына қайшы келмейтін шамада қоғам үшін ашық болып табылады.
2. Жеке және заңды тұлғалар ішкі істер органдарынан олардың құқықтары
мен мүдделерін тікелей қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен алуға құқылы.
3. Ішкі істер органдары бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да
жалпыға қол жетімді тәсілдер арқылы қоғам мен мемлекеттік органдарды өзінің
қызметі туралы ұдайы хабардар етеді.

9-бап. Ішкі істер органдары жүйесінің біртұтастығы, дара басшылық,
субординация (бағыныстылық)
1. Ішкі істер органдары төмен тұрған басшылардың жоғары тұрған
басшыларға және Министрге бағынатын органдар мен мекемелердің бірыңғай
орталықтандырылған жүйесін құрайды.
2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін
Ішкі істер министрлігі, аумақтық органдар, Ішкі әскерлер, өзге де
мамандандырылған органдар мен ішкі істер ұйымдары құрайды. Ішкі істер
министрлігінің білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары ішкі істер
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
3. Ішкі істер органдарының қызметкері өзіне жүктелген міндеттерді
орындау кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынады.

10-бап. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің
қызметінен тәуелсіздік
Ішкі істер органдары бөліністерінде саяси партиялардың, қозғалыстардың
және саяси мақсатты ұстанатын өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне
жол берілмейді. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ішкі істер
органдарының қызметкерлері кез келген саяси және қоғамдық бірлестіктердің
ықпалынан тәуелсіз.

2-тарау. Өзара іс-қимыл жасасу және ынтымақтастық

11-бап. Құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимыл жасасу
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген негізде және тәртіппен құқық қорғау, арнайы және өзге де
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады.
2. Барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары ішкі
істер органдарының талабы бойынша ішкі істер органдарына жүктелген
функцияларды орындау кезінде оларға көмек көрсетуге міндетті.

12-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасу
1. Ішкі істер органдары адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті
сақтау мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
2. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару
органдары:
1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық
қауіпсіздікті сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыруды
қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде
облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері
есебінен қаржыландырылатын Министрліктің және оның аумақтық органдарының
қарамағындағы ұйымдардың штаттық санын ұстауды қамтамасыз етеді;
4) учаскелік инспекторларды жиһазбен, ұйымдық техника және байланыс
құралдарымен жабдықталған үй-жайлармен, сондай-ақ көлік құралдарымен
қамтамасыз етеді;
5) өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мүддесінде құқықтық тәртіп
пен заңдылық саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті
мемлекеттік басқару органдарына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
6) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi
iстер органдарының коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу
беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда,
аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге
жұмсалатын шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлары мен көлiк құралдарын
ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi;
3. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару
органдары ішкі істер органдарының жергілікті маңыздағы мәселелерді шешу
кезінде өз функцияларын орындауы үшін оларға көмек көрсетеді.

13-бап. Халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл
жасасу
1. Ішкі істер министрлігі мен басқа мемлекеттердің тиісті органдары,
халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасасу мемлекетаралық немесе
үкіметаралық келісімдердің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен осы
органдардың және ұйымдардың арасындағы келісімдердің негізінде құрылады.
2. Ішкі істер министрлігі ұлттық заңнаманы ратификацияланған
халықаралық шарттарға сәйкес келтіру мақсатында нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын әзірлейді.

14-бап. Ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимыл жасасуы
1. Ішкі істер органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде олардың
қызметін ресми бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатын
өздеріне деген қоғамдық сенім мен азаматтардың қолдауын қамтамасыз етуге
тырысады.
2. Азаматтар қылмыстардың алдын алуда, ашуда және тергеуде көмек
көрсету мақсатында:
1) құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметіне қатысу
үшін ерікті түрде;
2) құпия түрде, оның ішінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын
органмен келісім-шарт жасасу арқылы ынтымақтастық туралы өтінішпен ішкі
істер органдарына жүгінуге құқылы.
3. Азаматтарды ішкі істер органдарымен ынтымақтастыққа мәжбүрлі түрде
тартуға тыйым салынады.
4. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қатысатын, қылмыстардың алдын алуға, оларды ашуға, тергеуге ықпал
ететін азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын
тәртіппен көтермеленеді.

15-бап. Ішкі істер органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара
іс-қимыл жасасуы
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
сақтай отырып, ресми сұрау салулар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына,
сондай-ақ баспасөз-конференцияларын, брифингтер өткізу арқылы өз қызметі
туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Ақпараттық хабарламалар Министрліктің және ішкі істер органдары
бөліністерінің ресми сайтында орналастырылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат
құралдары ішкі істер органдарымен келісім бойынша олардың жанында өз
журналистерін аккредиттей алады.
4. Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қызметін жариялау
үшін мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарын құруға құқылы.

3-тарау. Жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін
шараларды жүзеге асыру

16-бап. Ішкі істер органы қызметкерінің жеке тұлғалардың құқықтары мен
бостандықтарын шектейтін шараларды қолдану кезіндегі іс-әрекеттері
1. Ішкі істер органы қызметкерінің жеке тұлғалармен өзара қарым-
қатынас жасаған кездегі іс-әрекеттері әдепті және сыпайы болуы тиіс.
2. Жеке тұлғаны ұстау, сондай-ақ бостандығын шектеудің өзге де
жағдайлары Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік
заңнамасының нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жеке тұлғаны ұстауды ішкі істер органдарының қызметкері Заң
атынан деген сөздермен жүзеге асырады. Бұл ретте ішкі істер органының
қызметкері өзінің лауазымын, атағын, тегін атайды және осы Заңның
17-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік
куәлігін көрсетеді.
4. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің әрбір
жағдайында ішкі істер органдарының қызметкері негіздері мен себептерін
хабарлауға, оның іс-әрекетіне шағымдану, қорғаушы келгенге дейін
түсініктеме немесе жауап беруден бас тарту, аудармашының қызметіне,
ұсталғаны мен ұсталған жерін хабарлау үшін телефоннан тегін қоңырау соғу
құқығын түсіндіруге міндетті.
5. Ұсталған жеке тұлғаны, оның заттары мен құжаттарын қарау, сондай-ақ
көлік құралын тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Ішкі істер органдары ұсталған жеке тұлғаларды арнайы бөлінген үй-
жайларда, күзетпен және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін
жағдайларда ұстайды.

17-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын қолдану және атыс
қаруын қолданудың ерекше жағдайлары
1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдар
мен атыс қаруын қолдану жағдайлары мен шектері Құқық қорғау қызметі
туралы Қазақстан Республикасының Заңымен анықталады.
2. Полиция қызметкері дене күшін, арнайы құралдарды немесе атыс қаруын
қолданар алдында полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындауға мүмкіндік
және оларды орындауға уақыт бере отырып, дене күшін, арнайы құралдарды
немесе атыс қаруын қолдану көзделіп отырған адамдарды оларды қолдану ниеті
туралы ескертуге міндетті.
3. Қол сұғушылық жеке тұлғаның немесе қызметкердің өзінің өмірі мен
денсаулығына тікелей қауіп төндіретін не болмаса өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соғатын болса, ішкі істер органдарының қызметкері атыс қаруын тигізе
ескертусіз қолдануға құқылы.

18-бап. Тұрғын үйге, өзге де үй-жайларға және жер учаскелеріне кіру
Тұрғын үйге, өзге де үй-жайларға және жер учаскелеріне (дипломатиялық
иммунитеті бар үй-жайларды қоспағанда) қарау мақсатында кіру оның иесінің,
меншік иесінің келісімімен немесе прокурордың санкциясымен ғана жүзеге
асырылады, ал кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларда жүргізілген қарау
туралы жиырма төрт сағат ішінде міндетті түрде прокурорды хабарландыра
отырып, санкциясыз жүзеге асырылады.
Тұрғын үй-жайға полиция қызметкерінің әрбір кіргені туралы сол үй-
жайдың меншік иесіне және (немесе) онда тұратын азаматтар барынша қысқа
мерзімде, ал осындай кіру олар жоқ кезде жүзеге асырылған болса, жиырма
төрт сағаттан кешіктірмей хабардар етіледі.
Кіру:
1) қылмыс, құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті немесе іздестіру
жарияланған адамдарды тікелей қудалау кезінде;
2) қылмыс, құқық бұзушылық жасауға дайындалу, оқталу немесе жасау,
жазатайым оқиға орын алған не болмаса дәрменсіз жағдайдағы адам болған
кезде;
3) қылмыс жасау мән-жайларын анықтау үшін;
3) табиғи зілзала, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар,
жаппай тәртіпсіздіктер мен азаматтардың өмірі мен денсаулығына немесе
меншік объектілеріне тікелей қауіп төндіретін өзге де төтенше жағдайлар
кезінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін жүргізіледі.
2. Жеке тұлғалардың тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық құқықтарын
шектеумен байланысты өкілеттіктер міндетті түрде:
1) ол жердегі азаматтарға кіру негіздері туралы хабарлауды;
2) кірудің қауіпсіз тәсілдері мен құралдарын пайдалануды, қажет
болмаған жағдайда мүліктік зиян келтіруді болдырмауды;
3) жеке тұлғалардың жеке өмірінің мәлім болған фактілерін
жарияламауды;
4) кіру фактісі туралы тікелей бастыққа хабарлауды және жиырма төрт
сағат ішінде баянат ұсынуды болжайды.

19-бап. Жергілікті жерлердің учаскелерін, тұрғын үй-жайларды,
құрылыстар мен басқа да объектілерді қоршау (блоктау)
1. Ішкі істер органдары:
1) табиғи зілзала, авариялар, апаттар, эпидемиялар эпизоотиялар
салдарын жою, карантиндік іс-шараларды жүргізу;
2) қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, сондай-ақ елді
мекен инфрақұрылымы объектілерінің тіршілік әрекетін бұзатын жаппай
тәртіпсіздіктер мен топтасқан іс-әрекеттердің жолын кесу;
3) іздестірудегі адамды ұстау;
4) кепілге алынған адамдарды босату;
5) қылмыс, құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті адамдарды қудалау;
6) терроризмге қарсы операциялар жүргізу, жарылғыш заттар мен жарғыш
құрылғыларды, улы және радиоактивті заттарды анықтау туралы мәліметтерді
тексеру;
7) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу
кезінде жергілікті жерлердің учаскелерін қоршауды (блоктауды) жүзеге
асырады.
2. Егер бұл қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, тергеу амалдарын жүргізу, оқиға орнын күзету, жедел-іздестіру іс-
шараларын жүргізу, сондай-ақ жеке меншік объектілерін қорғау үшін қажет
болған жағдайда, жергілікті жерлердің учаскелерін қоршау (блоктау) кезінде
көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеу қойылады немесе тыйым
салынады.
3. Егер бұл жазатайым оқиғаларды, қандай да бір өзгеше тәсілмен
қорғана алмайтын сол жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген
қауіпті болдырмау үшін қажет болса, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі
тұрғын үй-жайлар, өзге де құрылыстар, жер учаскелері, көлік құралдары
қоршауға (блоктауға) алынуы мүмкін.

20-бап. Залалдың орнын толтыру
Ішкі істер органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін орындау
кезінде оларға қатысты құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) жасаған жеке
және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен материалдық және моральдық залалды өндіріп алуға құқылы.

4-тарау. Ішкі істер органдарының жүйесі және олардың қызметін
ұйымдастыру

21-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі
1. Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін Ішкі істер министрлігі,
оның құрамына кіретін комитеттер, департаменттер, дербес басқармалар, білім
беру және денсаулық сақтау ұйымдары, Ішкі әскерлер, әскери-тергеу
органдары, аумақтық және көліктегі ішкі істер органдары мен олардың
қарамағындағы өзге де ұйымдар, мекемелер құрайды.
2. Ішкі істер органдары штаттық санының лимитін Министрдің ұсынымхаты
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика
астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық,
қалалардағы аудандық, желілік ішкі істер органдары Ішкі істер
министрлігінің аумақтық органдары болып табылады.

22-бап. Ішкі істер министрлігі
1. Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына
кіретін, Республика Премьер-Министрінің ұсынымхаты бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын
орталық атқарушы орган болып табылады.

23-бап. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Ішкі істер министрі:
1) ішкі істер органдарына басшылық етуді жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штаттық сан лимиті
шегінде Ішкі істер министрлігінің, оның ведомстволарының, бөліністерінің,
қарамағындағы аумақтық органдар мен құрылымдардың ұйымдастырушылық құрылымы
мен штаттық санын бекітеді, құрылымдық бөліністерді құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады;
3) лауазымдарға тағайындайды, көтермелейді, тәртіптік жазаға тартады,
лауазымдардан босатады және ішкі істер органдарынан қызметтен босатады;
4) ішкі істер органдары жүйесінің лауазымды адамдарын лауазымдарға
тағайындау, лауазымнан және ішкі істер органдарынан қызметтен босату
тәртібін белгілейді;
5) Ішкі әскерлер қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрдің орынбасарлары,
Ішкі әскерлер қолбасшысы лауазымдарына тағайындау үшін үміткерлерді
ұсынады;
7) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының, Ішкі
әскерлердің орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, сондай-ақ өз құзыреті
шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
8) жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылатын ішкі істер
органдарының, аумақтық органдардың штаттық саны лимитін өзгерту туралы
ұсыныстарды Республика Үкіметінің қарауына енгізеді;
9) өз орынбасарларына, министрліктің орталық аппараты бөліністерінің
және ішкі істер органдары аумақтық бөліністерінің басшыларына өкілеттіктер
береді;
10) ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерін
мемлекеттік наградалармен наградтауға, құрметті атақтар беруге ұсынады,
ведомстволық наградалармен наградтайды;
11) халықаралық, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда министрліктің
мүддесін білдіреді;
12) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
халықаралық шарттарға қол қояды;
13) полицияның барлау қызметін жүзеге асыратын бөліністердің тізбесін
бекітеді;
14) елдегі заңдылықтың жай-күйі мен ішкі істер органдарының қызметі
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады;
16) заңнаманы жетілдіру және ішкі істер органдарының қызметін
ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
17) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен
жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

24-бап. Қылмыстарды тергеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру
Тергеу бөліністері мен әскери-тергеу органдары өкілеттігі шегінде
қылмыстардың алдын алуды, жылдам және толық ашуды және тергеуді, алдын ала
тергеу, анықтау, сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс және жедел-іздестіру
қызметі барысында оларды жасаған адамдарды анықтауды және қылмыстық
жауапкершілікке тартуды жүзеге асырады.

25-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру
Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, құқық бұзушылықтардың алдын алуды, күзет
қызметіне, қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды, кәмелетке
толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу
қызметін үйлестіреді, аса маңызды стратегиялық объектілерді күзетуді жүзеге
асырады.

26-бап. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті
ұйымдастыру
Ішкі істер органдары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласында мемлекеттік бақылауды және оның қызметін үйлестіруді жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құрылымдық бөлінісінің басшысы
лауазымы бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас
мемлекеттік инспектор болып табылады.

27-бап. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткінің айналымын
бақылау саласындағы қызметті ұйымдастыру
Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен
прекурсорларының айналымы саласындағы ішкі істер органдарының қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау,
үйлестіру, реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына
қарсы іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

28-бап. Ішкі әскерлердің қызметін ұйымдастыру
Ішкі әскерлердің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген міндеттерді орындауға бағытталған.

29-бап. Көші-қон саласындағы қызметті ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының көші-қон саласындағы қызметі өкілеттігі
шегінде үйлестіру және көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды
жүзеге асыруға; заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға, визалық жұмысты,
Қазақстан Республикасының халқын тіркеуді және құжаттандыруды, баспана мен
азаматтық беруге байланысты мәселелерді қарауды жүзеге асыруға бағытталған.

30-бап. Ұйымдастырушылық-аналитикалық қызмет
Ұйымдастырушылық-аналитикалық қызметке қылмысқа қарсы күрестің
жалпыжүйелік міндеттерін шешу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық
тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі істер
органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерін
ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару бойынша ішкі істер органдарының
қызметін кешенді талдау мен жоспарлау, үйлестіру кіреді.

31-бап. Арнайы мақсаттағы бөліністердің қызметін ұйымдастыру
Арнайы мақсаттағы бөліністердің қызметі кепілге алынған адамдарды
босатуға, жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға және олардың жолын кесуге;
жарылғыш қондырғыларды залалсыздандыруға; террористік, ұйымдасқан қылмыстық
топтар мен қауымдастықтарды жоюға, ұстау орындары мен қылмыстық атқару
жүйесінің мекемелерінен қашқан адамдарды ұстауға, сондай-ақ мемлекеттер мен
үкіметтер басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға бағытталған.

32-бап. Құқықтық қызметті ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының құқықтық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастыру
заң шығару жұмысын үйлестіруге, соттарда және өзге де мемлекеттік
органдарда ішкі істер органдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,
бөліністерге құқықтық және әдістемелік көмек көрсетуге, құқықтық қызметті
жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге, заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға, өз құзыреті шегінде
оларға құқықтық сараптама мен мониторинг жүргізуге бағытталған.

33-бап. Жедел-криминалистикалық қызметті ұйымдастыру
Ішкі істер органдары қылмыстық сот өндірісін техникалық-
криминалистикалық қамтамасыз ету, жедел-криминалистикалық есептерді
қалыптастыру және жүргізу, қылмыстық және әкімшілік істер, сондай-ақ жедел-
іздестіру қызметінің материалдары бойынша криминалистикалық зерттеулерді
қалыптастыру және жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондарына сынақ жүргізу
бойынша жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асырады.

34-бап. Қызметті ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
жаңа ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын
пайдалана отырып, ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық-
телекоммуникациялық кеңістігін құру және дамыту арқылы жүзеге асырылады.

35-бап. Кадр қызметін ұйымдастыру
Ішкі істер органдары бірыңғай кадр саясатын қамтамасыз етуге кадрларды
іріктеуге, даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, оңтайлы
жүйелер мен штаттар құруға, тәрбиелеу процесін, кәсіби, жауынгерлік
даярлықты ұйымдастыруға, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, ішкі істер
органдары қызметкерлерінің жедел-қызметтік жұмысын психологиялық
сүйемелдеуді жүзеге асыруға бағытталған кадр қызметін жүзеге асырады.

36-бап. Өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
Өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметі жеке және заңды тұлғалардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ішкі істер органдарының және
олардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерінен қорғауға,
қызметкерлер жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға,
анықтауға, жолын кесуге, тергеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске,
сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуын
бақылауға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы
мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

37-бап. Білім беру және ғылыми қызметті ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары патриоттық ниеттегі және
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің
мүдделерін қорғауға бағыт алған жаңа көзқарастағы кадрларды дайындауды
қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдары өз қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу
жұмысын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге
қатысуды, өкілеттігі шегінде мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

38-бап. Қаржы қызметі мен ішкі бақылауды ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының қызметін қаржымен қамтамасыз ету қаржы
қызметін үйлестіру, республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын тиісті
бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлау, қаржыландыру мен орындау,
бухгалтерлік есеп жүргізу және ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атыс қаруын, арнайы құралдарды және күш қолдану жағдайларының нормативтік-құқықтық реттелімі
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) - Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет
БАҚ туралы заң
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Сөз бостандығы және оның келешегі
Құжаттар құндылығына сараптама жасаудың нормативтік-әдістемелік негізі
Қылмыстық іс қозғау
Нарық субъектісін дискредитациялау
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Пәндер