Саясаттану пәні және оны оқып-үйрену әдістері


1 САЯСАТТАНУ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУ
ӘДІСТЕРІ
Саясаттану - саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағдарысы, т. с. с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдардарын түсіндіретін саясаттану пәні болып табылады.
Марксистік саяси ғылым туралы пікір таласы ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе саясаттанудың қажеттілігі жайлы емес, керісінше, оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойылды. Аталған кезеңде Г. Шахназаров, Ф. Бурлацкий, Ю. Красин, А. Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болсама да кеңес қоғамының тоқырау кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінже саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса бастағаны белгілі.
Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер - дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізер едік.
Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, саясаттану политология - грек сөзі «политика» - мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» - ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері жатады. Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрамдарының өзара қарым-қатынастары болып келетін - мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынстарды реттеу; демократия деген ұғымды құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясатты да, халықаралық қатынастарды да оқып-үйретеді.
Саясаттануды балық жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқыту туралы 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі қабылданған болатын. Саясаттану қазір көптеген елдерде қоғамдық пәндер қатарынан жетекші орын алып отыр.
Бұрынғы КСРО-да 1995 жылы саяси ғылымдардың кеңестік ассоциациясы құрылып, 80- жылдардың аяғына дейін саясаттануды ғылым ретінде тек КСРО-ның халық депутаттары ғана оқып келді. Қазір жоғарғы оқу орындарының барлығында оқытылады. Саясаттанудың негіздері кейбір жалпы орта білім беретін оқу орындарында да арнайы курс немесе факультатив түрінде оқытыла бастағанын көреміз.
Сонымен, саясаттану - мемлекетті басқру механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Себебі тоталитарлық, диктаторлық жүйенің әкімдері қол астындағы халықтың көзі ашық болғанын қайдан қаласын? Соның кесірінен бүгін жапа шегудеміз. Халықтың саяси сауаты өте төмен. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.
«Саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес.
Саясат ең ауыр, сонымен бірге, ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті меңгеруге тиіс. Оны «былғаныш» саясатқа айналдыратын да өзіміз, ішкі мәдениеті жоқ жан мінбеге көтерілгенде де, қолына қалам алғанда да таз қалпында қалады. Ондай адамның іс-қимылына қарап бүгінгі саясат пен демократияға баға беру үлкен қателік.
Қазақтың ортағасырлық ірі тарихи тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұн саясаттың маңызы туралы былай деген екен:
Саясатпен жұртың заңын түзетер,
Саясатпен елін-жерін күзетер,
Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,
Саясатпен бектер елін жөндейді,
Ел былығы саясатпен арылар,
Алаяқтар есебінен жаңылар.
Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлардан басқа да үш қасиет керек. Қаһарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, күң ді тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі, ойлы «даңқы өсіп, төрден орын тиеді», дейді тағы да сол бабамыз.
Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерлеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз, рухани тығырықтан жол тауып, шыға аларымыз хақ.
Қазір барлық қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп дәлелденетіндігі белгілі. Рас, экономикалық саясат, демографиялық саясат, экологиялық, жағрапиялық, энергетикалық т. с. с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын саясаттану шешуге жәрдемдеседі.
Саясатта екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платонның «Диалог» деген еңбегінде саясатты екі тұрғыда қарастырылады:
1) Саясат - билік, билікті жүргізу.
2) Саясат - жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді.
Саясаттың қиындығы оның көптеген адамдардың тобын қамтитындығында жатыр. Мысалы, дүкенде нан болмай қалды делік. Осыдан барып әртүрлі түсініктер мен өсек-аяңдар таратылуы мүмкін. Ол бара-бара саяси мәселеге де айналып кетуі ықтимал. Бүгінгі таңда нарықтық экономика да сондай саясат туғызып отыр. Саясатқа жеке адамдар ғана емес мемлекеттік құрылымдар да қатысады.
Черчилль айтқандай, саясат әлемінде мәңгі дос та, мәңгі жау да жоқ, мәңгі ұлт мүддесі ғана бар. Мемлекет тағдырының қашанда саясат арқылы реттелетіндігі содан болса керек. Алайда саясаттың да әр түрі бар. Мәселен, стратегиялық тұрғыдағы үлкен саясат болады, сонымен бірге кезеңдік шешімдерге негізделген тактикалық саясаттар болады. Айталық, Қазақстан бұрын мұнайды Ресей арқылы сыртқа шығарып жүрді. Оның толып жатқан күрделі жақтары бар. Іргедегі үлкен ел, біздің даму жолымызға әлі де ықпалы мол, сол себепті мүмкіндігінше оларды ренжітпеуге тырысамыз. Алайда тағы бір тиімді жобаның реті келіп тұр. Ол - мұнайымызды Иран арқылы сыртқа шығару. Не істеу керек? Ресей ренжиді деп отыра береміз бе, әлде тиімді деген ұғымнан келіп шешім қабылдаймыз ба? Жалпы экономикалық мүдденің тактикалық саясаттан биік тұрғаны абзал ғой.
Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық билікте тұр. Саяси билік қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.
Саясаттың басты элементі - саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі. Дегенмен саясаттануда негізгісі саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъекті саясаттанудың пәні болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz