“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”



1 Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы
2 Ана туралы жыр
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,
қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен
балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың
нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл
өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол
ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны
байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп,
сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп
сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да
кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі
жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі
адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
деп өз ойымды білдіргім келеді.

Өмірдегі тірегім
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге
жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап
өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ
та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе
осыған дәләл болса керек.
Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ
маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық
етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ
етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес,
сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның
бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім,
ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу
парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық
жаса” делінген онда.
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап
бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап
барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын
алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың
көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл
ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп,
еңбегін бағалап өтейікші!
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл
заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз –
сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла,
ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға
қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды
ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби
үшін ең жылы ұя.
В.Гюго
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге
көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
О.Бальзак

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов

1) Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
Жақсы қыз – жағадағы құндыз
2) Жарлы білегіне сенеді
Жігіт жүрегіне сенеді
3) Жеті жоқтың бірі
Таста тамыр жоқ
4) Тіліңмен жүгірме
Біліммен жүгір
5) Құстың күші қанатында
Адамның күші достықта
6) Өмірдегі тірегің – анаң
7) Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз
8) Үш қуаттың бірі – тіл
9) Махамбет ақынның көп өлеңдерінің қаһарманы – Исатай
10) Үш арсыздың бірі – ұйқы
11) Дерт көп, денсаулық біреу
12) Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа
13) Баланың жақсысы – қызық
Жаманы – күйік

“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”, – депті бұрынғы
өткен оқымысты кісілер. Сондықтан да, әр пенденің өзін дүниеге келтірген
анасы жайлы тебіренбеуі, толғанбауы мүмкін емес. Ана бейнесі бәрінен де
асқақ та, қастерлі екені ақиқат.
Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі, өмірдің үлгісі болып, Алланың хақ
діні исламды уағыздаған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға сахабалары келіп:
— Алланың елшісі, бұл әлемдегі қадірлі кім? – деп сұрағанда: “Ол — анаң”, —
депті. Екінші рет тағы қайталап сұрағанда, тағы да “Анаң”, — депті. Үшінші
жолы да осылай депті. Тек төртінші рет сұрағанда барып “Әкең” деген екен.
Міне, бұл тек аналарға ғана лайық құрмет. Осындай хақ діннің заңына
бағынып, халқының қасиетті салтын қадірлеген адам анасын аялауы тиіс. Сол
себепті де, анам Ләйлә жайлы жүрекжарды сөзімді ақ қағаздың бетіне түсіріп
отырмын.
Уақыт деген ұлы төреші бар. Адам пендесі оны бағындырған емес. Бағынбайды
да! Кейде өткенге ой жүгіртіп отырып, өнегелі кездерін еске түсіреміз. Сол
сияқты менің анамның да біздің шаңыраққа келін болып келуі қызық оқиға.
Менің әкем Әбдіхайым Алматыда оқуда жүреді. Атамыз Сұлтан ауыл-аймаққа сөзі
өтімді, ел жұртына беделді адам еді. Абайдың ұлағатты даналығына сүйсініп,
өмірінің өзегіне айналдырған, өзі де ақынжанды Сұлтан атам Бөржар ауылына
соғыстың алдында мектеп салдырып, Абай әлемі қазаққа толық мойындалмаған
тұста білім ошағына ұлы ақынның есімін бергізген екен. Ұлы Отан соғысының
ардагері атамыз тек сол кездегі Кеңес оқуы мен саясатына байланып қалмай,
ұлтының дәстүрін қадірлейтін, жөн-жосық, жол-жобаны білетін, кішіге ізетті,
үлкенге құрметті адам. Сондықтан да шығар, жалғыз ұлына жар таңдағанды
өзіне парыз санап, ұлы алыста оқуда жүргенде, өзінің қайын жұрты, қазіргі
Төлеби ауданы “Қазақстан” ауылына барып, Жолшы ақсақалдың үлбіреп отырған
қызына құда түсіп алып келіпті. Сол қыз менің анам Ләйлә екен.
Әкеміз өзі жоқта үйдің босағасын аттаған келіншегіне үйленіп, әкесінің
ақылымен шаңырақ көтеріпті. Ләйлә келін болып түскенде, бетін ашып
тәрбиелеген Тынтай әжем бүгінде тоқсанды еңсеріп, аман-есен отыр. Ләйлә
атасы мен енесінің қолына түскендіктен, о дүниеге аттанғанға дейін келін
болып кетті. Ата-енесінің бетіне қарсы келген емес. Таңның атысы мен күннің
батысына дейін тыным таппайтын.
Есейіп ес білген тұста, ауылдас ағайындардан, жеңгелеріміздің өзара
әңгімелерінен естуші едім, Ләйлә сол 16 жасында алғаш келін болып келгенде,
қап-қара бұйра шашы болыпты. Бұратылып өрілген қос бұрымы тілерсегін соғып,
даланың боз селеуіндей тербеліп тұрады екен. Айналайын анам ауылдың көркі,
біздің шаңырақтың сәні болған ғой. Оның үстіне атамыз Сұлтанның қас-
қабағына қарап, ізеттіліктің үлгісін көрсете білген.
Ауылымыздың сыртындағы бұлақтан бастау алған Бөржар атты өзен бар. Көктемде
суы тасып, шілде кезінде саябырсып ағатын. Бұрындары барлық ауыл суды осы
жерден алатын. Оның мөлдірлігін кезінде Қосжан ақын жырлап өткен. Біздің
үйдің суын Ләйлә тасиды. Күндегі әдеті, екі шелегін көтеріп суға барады.
Суға бара жатқанда ауыл ақсақалдары келе жатса, солардың алдын кесіп
өтпейін деп, қашан өтіп кеткеніне дейін күтіп тұратын. Осы әдеті артынан
ауылға үлгі болды. Ауылдастары өзгелерге өнеге етіп айтып та жүретін.
Анамыз босаға аттағаннан кейін арада алты жылға жуық уақыт салып барып
құрсақ көтеріпті. Сондағы туған бала мына мен едім. Қазақтың қашанғы әдеті
емес пе, тұңғыш немересін ата-әжесі өз қолына алатын.
Мені де осы дәстүр бойынша ата-енесінің бауырына тапсырған Ләйлә, тұңғыш
ұлым деп емес, туған қайнысындай қадірлеп өтті. Жеңгесіндей сезіндіріп, ол
менің атымды атамай, өле-өлгенше “атасының баласы” “үлкен бала” деп атап
кетті. Ата дәстүрін берік ұстап, ата-енесіне адалдық танытып, шаңырақтың
берекесін бұзған емес. Кішіпейіл де өте қарапайым еді. “Қарапайымдылық –
өзіндік қадір-қасиетіңді түсіну” – деген екен бір ғұлама. Оның ізгілігі
қарапайым да абзал мінезімен астасып, адамдық мәртебесін биіктете түсетін.
Осындай ізгі жүректі, мейірім-ықыласы мол жақсы адам еді. Алла жанын
жәннатта болдырғай!
Атамыз қайтыс болған соң, кейбір абысындары мені меңзеп: “Өз балаңыз емес
пе, атын атай бермейсіз бе?” — дегенде:
— Атамның аманатына қиянат жасай алмаймын, — дегенін де талай рет
естігенмін.
Менің әрбір қадамыма іштей қуанып, бақыт тілеп отыратын адам еді. Оны кейін
білдім емес пе.
Бала кезде ғой, Ләйләнің буы бұрқырап пісетін тандыр нанындай дәмді тағамды
өз басым еш жерден кездестірмедім. Апамыз ыстық нанға майды араластырып
бергенде, біздер балалар таласып-тармасып жататынбыз. Ал оның дәмі
таңдайдан кеткен емес. Жұрттың бәрі үлбіреп піскен Ләйләнің нанына
қызығатын, арнайы сұрап алдыратын. Менің інім Қасым кеңес армиясында жүріп,
сонау Чехословакиядан “Ләйләнің тандыр нанын қатты сағынып жүрмін”, — деп
хат жазушы еді.
“Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі” атанған жұртқа аты мәлім Сұлтан атам
оңтүстік өңіріне қадірлі адам еді. Алыс-жақыннан келетін таныс-туыстары,
жора-жолдастары, тілеулестері де көп еді. Үйден қонақ үзілмейтін. Қонақ
келген соң, оның асы, суы, шайы барлығы Ләйләнің мойнында. Ләйлә өмірі
шаршауды білмейтін адам. Таңнан тұрып сиыр мен бие сауады. Сиырдың сүтін
пісіріп, балаларға береді. Күбі пісіп, қымызды баптайды. Одан қалса ата-
енесіне қарайласады, балаларын бағады, күйеуінің жұмысына көмектеседі, айта
берсең, таусылмайтын тірліктің көбі Ләйләнің арқасында бітіп жататын. Шын
мәнінде үйдің ғана емес, әулеттің алтын діңгегі еді!
Осыдан бес-алты жыл бұрын, өмірінде алғаш рет 63 жасында Ләйләнің туған
күнін атап өтіп едік. Иә, тұңғыш рет! Мұндайға мән де бермейтін. Өзіне
ештеңе сұрамайтын, өзгеде болғанын қалайтын адам еді ғой. Бұл жолы
балаларының қолқалауының арқасында, құда-жекжаттарының тілеуімен өтті.
Сонда ғой: “Мені емес, апамды құттықтасаңыздаршы. Бәрі апамның арқасы”, —
деп еді жарықтық.
Өзінен 7 ұл, 4 қыз туды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Қ. А. Ясауи хикметтерінің адамгершілік іліміне қатысы
Имандылық қастерлі қасиет
Концептуалды талдау жұмысы
Жақсы сөз – жан азығы
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Пәндер