Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы
Кіріспе
1.Балаларды жан.жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы.
2.Балаларға дидактикалық ойындарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын түсінуге үйрету.
3.Мектепке даярлық топ балаларын дидактикалық ойын арқылы сөйлей білуге үйрету.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстан Республикасының Президентті Н. Ә. Назарбаевтің әр жылдардағы халыққа жолдауы әр адамның жан- жақты дамуында мол мүмкіндік жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүесін халықаралық деңгейде көтеру, әлемдік кеңестігіне толығымен кіруге және қоғамымыздың басты байлығы жас ұрпақты дамыту ушін қажетті жағдай жасау жонымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту туралы мәселелер қойылып отыр.[ 1 ]
Қазақстан республикасы Білім туралы занның 23 -бабына және 1999 жылы 22 қарашада 1762 бұйрығына сәйкес «Балаларды міндетті мектепалды дайарлау мәселелері» туралы ұсынылуы; балларды мектепке дайарлау бүгінгі тадағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Отбасында және балабақшада, мектеп жасына дейінггі баланы мектепке даярлау бағдарламаларының оқу-әдістемелік құралдарының жарық көруі тәрбиеші- педагог мамандарын даярлау мәселені қарауды талап етіп отыр.[2]
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жас шамасына және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып есептеледі. [3 ]
Дидактикалық ойындар. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи заттары (жеміс-жидектер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалымен немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың сезімдік жағынан тәрбиелеуде танымдық іс-әрекеттің дамуында негізгі тәсіл болып табылады. Ойындар сабақтарға, экскурцияларға, серуендеулерге арнайы бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған елестетулерін анықтай түсуіне көмектеседі. [ 4]

1.ҚР-ң «Білім туралы заңы», «Халық тәлімі» үнқағазы. 1999ж
2. Қазақстан -2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. «Білім» 1997ж
3. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. РГЖИ «Дәуір» Алматы 1992ж
4. Г.Хайбулдаева , М.Жаздықбаева , С.Әлімбекова «Ойын технолоиясы» Түркістан Тұран баспасы 2007 жыл 25-34 бет
5. С. А. Веретеникова. «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру».Алматы, «Мектеп»1983ж 58-59бет
6.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2000ж 200-201бет.
7.Э. Аглакова «Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы» //Бастауыш мектеп 2008ж-№1 12-13 бет.
8.Қ. Мұқышева «Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытудағы ойынның маңызы».//Өзіндік таным 2005ж-№2 16-18бет.
9.З. Көкшеева «Ойын арқылы психикалық ерекшеліктерді қалыптастыру».//Отбасы және балабақша 2009ж -№9 23-24 бет
10. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика Астана 91-99бет 2007ж

1.Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы.
2.Балаларға дидактикалық ойындарды табиғат пен қоғам дамуының
заңдылықтарын түсінуге үйрету.
3.Мектепке даярлық топ балаларын дидактикалық ойын арқылы сөйлей білуге
үйрету.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Президентті Н. Ә. Назарбаевтің әр
жылдардағы халыққа жолдауы әр адамның жан- жақты дамуында мол мүмкіндік
жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі жолдаудың негізіне түрлі реформалармен
қатар білім беру жүесін халықаралық деңгейде көтеру, әлемдік кеңестігіне
толығымен кіруге және қоғамымыздың басты байлығы жас ұрпақты дамыту ушін
қажетті жағдай жасау жонымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту
туралы мәселелер қойылып отыр.[ 1 ]
Қазақстан республикасы Білім туралы занның 23 -бабына және 1999
жылы 22 қарашада 1762 бұйрығына сәйкес Балаларды міндетті мектепалды
дайарлау мәселелері туралы ұсынылуы; балларды мектепке дайарлау бүгінгі
тадағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Отбасында және балабақшада,
мектеп жасына дейінггі баланы мектепке даярлау бағдарламаларының оқу-
әдістемелік құралдарының жарық көруі тәрбиеші- педагог мамандарын даярлау
мәселені қарауды талап етіп отыр.[2]
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жас шамасына және өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына
жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің
бірінші деңгейі болып есептеледі. [3 ]
Дидактикалық ойындар. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи заттары (жеміс-
жидектер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен
хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде ойналатын ойындар
мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалымен немесе
оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың сезімдік
жағынан тәрбиелеуде танымдық іс-әрекеттің дамуында негізгі тәсіл болып
табылады. Ойындар сабақтарға, экскурцияларға, серуендеулерге арнайы
бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың
қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған елестетулерін анықтай
түсуіне көмектеседі. [ 4]
1. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы.
Ойын- мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол
бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған
ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар
арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге
асады. Баланың таным түсінігі іс-әрекет ойынынан бастау алады да болашақ
өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды,
адамдармен қарым-қатынасты, әрекеті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы
тәжірибесін алатынығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стхиялы, бірақ
ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп
есептейді.
Кеңестік педагог А. С. Макаренко Баланың ойынға деген құмарлығы
бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана
уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере
және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады,-деген
пікірін өз еңбектерінде атап өткен.
Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы
мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның
мазмұны да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін,
әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет
екендігін ескере кеткен жоқ. Егер тәрбиеші алынған тәжірибенің
белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік
тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатқа жете
қоймайды.
Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңінде ойын
әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске
асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертуін және ең
алдымен бала тұлғасының барлық жағынан фундаментт болып табылатын оның
инттелектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау,
ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады.
Баланың кез келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге
бағытталғанын педагог- тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта
өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа
жетуді жеңілдету аралықтарын алды. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер
оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен,
білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген
нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді. Әр түрлі білімдер,
әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс
береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін
шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын
оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына
алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейінде ойын міндетін
шешкенін көрсетеді. Іс-жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін, тәрбиеші
жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша
тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл
біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын
ойынға енгізсе, онда оның ең негізгі ерекшелігі- қиялдауы жойылып кететінін
ескергеніміз жөн.
Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда
аз жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала
күнделікті өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз,
жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім
екенін біледі, бірақ оның қандай іспен айналысатындығын білмеуі мүмкін.
өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар
арқылы, айқын білімін толықтырып отырады.
Ойынның ұзақ болуын эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын
міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа
бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте – бірте шартты ойын
жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі
балаларды шынайылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету
қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай
жасайды, әр баланың жан-дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз
кезегінде балаардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу
қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады. [ 5. 58-59бет. ]
Ойынның шығу тарихы және оны зерттеген ғұлама ғалымдар.
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және
карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл
әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен
стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның
таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері
(ладья) және жаяу әскерлер бір-біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі
шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден-бір құрал ретінде саналып келді.
Тек ХҮІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкіл халықтық сипат алып, өзінің
бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын
түріне айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл
кесіп айталмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен
педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер
қайраткерлері мен басқа саладағы ғалымдарда шұғылданады. Көптеген
жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді
көркем бейнелер арқылы ашып береді. Ойын жөнінде айтылған философиялық
көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы римдік
халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде- ақ ойынды балаларды тәрбиелеу
құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар
арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен. Ойындардың жастарды тәрбиелеу
мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, ойын сол дәуірде өмір сүрген
грек ойшылдары Героклит пен Платон ойынның философиялық жақтарын ашқан және
олардың көзқарастары бір-біріне толықтырған. Героклит ойынды шексіз әлемге
теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскіге өмірлік қажет іс-
әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге жалпы ғаламдық
әлемге теңеген.
ХҮІІ-ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа
көзқарастар, пайымдаулар орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың
ойындарын олардың бойында ген арқылы қаланған инстинктің әсері деп
түсіндіре келе, олар келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде
меңгереді деп пайымдаса, Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы артық
энергияның әсерінен, күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.
Көрнекті кеңес педагогі В. Сухомлинский Егер балаға
қуаныш пен бақыт бере берсек, ол бала дәл солай бола алады дейді. Демек
шәкіртке жан-жақты терең білім беріп оның жүрегіне адамдық асыл қасиеттерді
үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат тағдырының біз ойлаған деңгейде
болатыны сөзсіз.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге
Л.С.Выготский, С.Л.Рубенштейн, Д.В.Эльконин секілді ғалымдар ат салысты.
С.Л.Рубенштейннің пікірінше Ойын негізінде адамның барлық психикалық
қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дарлайды. Ойын арқылы бала
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. Ал заманымыздың талантты педагогі
В.А.Сухомлинский ойынсыз, музикасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық
мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды-деп санайды. Сол сияқты заманымыздың
заңғар жазушысы, ұлы ойшылдардың бірі М.Әуезов ұлттық ойындарға зор көңіл
бөле отырып, мынадай пікір айтқан Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған.
Халықтық ойындар арқылы ұлттық сана-сезімдегі
қасикттерді қалыптастырып, жетілдіру мәселесін қарастырған материалдарда
ғылыми қорда баршылық. Бұл арнадағы К.Ушинский, А.Мокаренко, П.Каптереп,
т.б еңбектерін келтіруге болады. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин,
М.Жұмабаев сынды ұлы ғұлама педагогтар халық мұрасының ұлттық құндылықтарын
қайталанбайтын өзгешелігін, тілдің, оның формалары мен мазмұнының
ерекшелігін өсіп келе жатқан ұрпақтың танып білуіне халықтық ойын арқылы
жағдай жасау қажеттігін жазып қалдырған. Мысалы, А. Макаренко халық
ойындарының қай түрін болсын тәрбие құралы ретінде қолдану қажкттігі
жайында айтса, Д. Эльконин өз еңбектерінде балалар ойынының әлеуметтік
табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді. Ы. Алтынсарин қазақ
балаларына мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер,
танымдық қызығушылық тудыратын жайыттар адамгершілікке, ақыл-ойды
тәрбиелеудн аса тиімді болады деп санаса, А. Құнанбаев бала психологиясының
ерекшелігі білуге құштарлық деп есептеледі.[ 6.200-201бет]
2. Балаларға дидактикалық ойындарды табиғат пен қоғам дамуының
заңдылықтарын түсінуге үйрету.
Ойын- тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның
көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып
саналады. Балалар неғұрлым аз болған сайын олармен жүргізілетін білімдік-
тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын да соғұрлым жиірек қолданылады.
Дидактикалық ойындар. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи
заттары (жеміс-жидектер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар),
өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде
ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи
материалымен немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар
балалардың сезімдік жағынан тәрбиелеуде танымдық іс-әрекеттің дамуында
негізгі тәсіл болып табылады. Ойындар сабақтарға, экскурцияларға,
серуендеулерге арнайы бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар
балаларға заттардың қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған
елестетулерін анықтай түсуіне көмектеседі.
Балалардың сәби топтарында ойын әдетте барлық
сабақта тұтастай өткізіледі, естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық
топтарында көбінесе сабақтың бір бөлігін қамтиды да, 5 минуттан 20 минутқа
созылады.
Сәбилер топтарында заттарды бала сыртқы түріне
қарап айыра білуге үйрететін ойындар ойналады. Тәрбиеші мұндай ойынды
ұйымдастыра отырып, балаларға жапырақ, гүл, сәбіз, қызылша, картоп және
т.б. алып келуді тапсырады.
Естиярлар тобында, балалар заттарды ұстап тани
алатын болады. Мұндай ойындарға Дорбадағы не нәрсе екенін тап, Қолдағы
затты тап ойындары жатады. Осы ойындардың алғашқысын ойнатарда тәрбиеші
алдын ала дорба әзірлеп, оған жеміс- жидектерді салады. Балалар кезекпен
дорбаға қолдарын сұғып, заттарды алады да сипалап ұстап, атын атайды, одан
соң дорбадан алып шығып, топтағы барлық балаға көрсетеді.
Балаларда өсімдіктер (даладағы, бөлмедегі,
ормандағы және т.б.) жөнінде айқын елестетулер жинақталған соң барлық
ересек балалар тобындағыларға заттарды салыстыра және олардың бөлшектерін
(гүлдерін, жапырақтарын) тани білуге арналған дидактикалық ойындарды
ойнатуға болады. Мысалы, Ненің жапырағы екенін тап ойынын ойнағанда
балалар берілген жапырақты ьбарлық өсімдіктің жапырақтарымен салыстырады.
Мектепке даярлық тобында өсімдіктердің немесе жануарлардың
кейбір белгілерін таба білу және оларды сипаттап, қорытындылай білу
талаптары бар ойындар ойналады.
Сөз арқылы ойналатын дидактикалық ойындарды, мысалы, Затты
сипату арқылы тану, Мынаның не екенін тап немесе Мынау не? ойындары
таныс материал арқылы ұйымдастырылады, олардың көмегімен балалардың ойлау
белсенділігі артады, тілі ұшталады.[7.12-13бет]
Өсімдіктердің негізгі белгілерін ерекшелеу және оларды сипаттай
білу жаттығулары.
Өсімдіктерді немесе балаларға белгілі өсімдіктер бейнеленген
карточкаларды балалардың бәрі көретіндей етіп жайып қояды. Тәрбиеші
балалардың бірін сатушы, қалғандарын сатып алушылар етіп тағайындайды.
Өсімдік сатып алу үшін, оның атын атамай-ақ, сипаттап беруі, ал сатушы
өсімдікті сипатталуы бойынша тауып беруі керек.
Сатып алушы өсімдікті толық суреттей алмаса, сатушының қосымша
сұрақтар беруіне болады. Егер сатушы өсімдікті таба алмаса, оның орнын сол
өсімдікті танитын бала алады да, өзі сатып алғысы келген өсімдікті тауып
береді. Өсімдікті кім көбірек сатса немесе сатып алса сол ұтқан болып
есептеледі.
Егер бұл ойын балалармен бірнеше рет өткізіліп тұрса, онда
сатушының немесе сатып алушының ролін тәрбиеші алдымен өзі атқарады.
Бұрыннан белгілі нақты елестеулердің негізінде балалардың
объектілерді жіктей білуін қорытындылауда дидактикалық ойындардың көмегі
мол, мұнда заттарды жалпы белгілері бойынша біріктіруге болады: орманда
немесе бау-бақшада өсетін өсімдіктердің атын атау жылдың қандайда болсын
бір мезгілін бейнелейтін картинкаларды таңдап алу: ағаштардың, балықтардың,
құстардың, аңдардың бейнелнрі бар картинкаларды жинап алу.
Дидактикалық ойындарды бірте-бірте күрделендіру қажет. Мысалы,
заттарды ең алдымен сыртқы түрі бойынша, содан соң ұстап көру, одан әрі
сипаттамасы бойынша, ал ең соңында, жұмбақты шешуге берілген сұрақтар
жөніндегі жауаптар бойынша тану. Ең қиыны- заттардың жалпы белгілері
бойынша объектілерді жалпылау және берілген сұрақтарға жауаптар бойынша
заттарды тани білу.
Өсімдіктер арқылы ойналатын дидактикалық ойындар кезінде
балалардың оларға мұқұиятты түрде қараушылығын тәрбиелеу керек.
Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар. Серуендеулер
кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады.
Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен түрлі ойындар
ойнаған кезде, табиғи материалдың сапасымен және қасиеттерімен танысады,
сезіну тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы
болатынын, оның төгілетінін, оған тастың бататынын, жаңқалар мен жеңіл
ойыншықтардың қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан
домалатып әр түрлі ойыншық және т.б. жасауға болатынын біледі.
Табиғи материалмен (қармен, сумен, құммен) ойнаған кезде
тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып, оларға материалдың кейбір қасиетін
танып білуіне көмектеседі, мысалы: Коля құрғақ құмды алады, ол шашылады
немесе Тоня балшықты кішкене қалыпқа салады, онда тамаша самса шықты.
Зырылдауық, жебе, тиермен сияқты ойыншықтармен ойнау арқылы
балалар желдің, судың әрекетімен танысады, алдағы уақытта фишканың
қарапайым заңдарын (заттардың суда жүзуі, ауадағы қозғалыс және т.б.)
түсінуіне септігін тигізетін бірнеше фактілерді меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар
қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық еекшеліктерін
қалаптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен,
кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп
ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар
үшін айналадағыларды танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік
маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: Бала ойында
қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан
келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның
негізгі ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс-
әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын
бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны
да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде
сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар
пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті
немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар
жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай
ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшақтар,
Отбасы, Балабақшасы және т.с.с. болып ойнайды.
Ойының сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және
реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды
ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші
балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.
Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып,
ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың
өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады.
Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар,
ғимараттар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер
болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты.
Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты
өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық құрылыс ойыны- балалар әрекетінің бір түрі. Оның
негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға
байланысты іс-әркеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан
сюжетті-рөлді ойынға ұқсас келеді және сонң бір түрі деп қаралады. Олардың
қайнар көзі біреу- қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер,
стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.
Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін
жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық
ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы
болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.
Мысалы, Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойында ересек топтарда
тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу
қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті- қалпақтың астында не
бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес,
балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас
жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да
балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін
назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен
өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.
Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын
қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар
айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат
ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ
бөлмесінде, аулада, залда, орманда өтізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы
ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті
тұтынуына керекті барлқ заттардың копілектілері болуы керек. Стол үсті
ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар (Қайда не өседі? Бұл қай
кезде болады? Бұл кімге керек? т.б.), пазылдар, леголар, қимыл
белсенділігін ептілікті талап ететін ойындр (Ұшатн қалпақтар, Қаздың
балапаны, Нысанаға тигіз т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек
топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын қызықты
ойындар болады. Оларда табиғат құбылыстары, трнспорттың алуан түрлері (кім
не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген,
ертегілердің кейіпкерлері көрсетіледі.[8. 16-18бет]
Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.
Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп
жасына дейінгілнрдің әрекеті болып табылады. Мұнда жаңа прогрессивті
әрекеттің түрлері туады және мінез-құлқын еркінше басқаруын үжымдық,
шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастырумен байланысты. Ал, екінші
жағанан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және баланың
үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.
Ойында баланың дамуы ең алдымен, оның мазмұнымен әр түрлі
бағытталығына байланысты өтеді. Дене қозғалмалы, эстетикалық ән-күй, ақын-
ой дидактикалық, сюжетті- ролдік тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері
бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және баланың
белсенділігін түрлі формасымен үлкен топқа бөлуге болады.
Бірінші топ- бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама
түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі
бір деңгейде қалыптастыру жағдайында инисиативті, шығармашылық сипатқа ие,
балалар өз беттерінше ойын мақсатын қойюға қабілетті, ойынды дамытуға және
міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерін табады. Бұл топқа әсіресе өзінің даму
қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие
танымдық және сюжетті ойындарды енгізуге болады.
Екінші топ- бұл әр түрлі үйрететін ойындар. Ересектер ойынының
ережесін айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір
нәтижеге жету үшін әрекететудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл
ойында тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген
бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді, меңгеруге бағытталған. Оқыту
ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік- эстетикалық тәрбие
бергуде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен
репродуктивті сипатқа ие олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның
міндеттерін шешуде тек қана оларды жаңаан өндіреді. Балалардың құрастыруы
мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтнрі ткөп кездесетін өздік
ойындарды ойлап шығарады.[5. 63-64
Дидактикалық ойындардың түрлері және олардың бала психологиясына ықпалы.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан- жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
мектепке дейінгі мекемеден, басауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны
білім алуға, оқуа қызықыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой
белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың
бағдарлама материалының негізгі тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдете
түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойында балалардың сабақ үстіндегі
жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас
қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. өмір
тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдыртады.
Балалардың ойындары әртүрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы,
тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларды әртүрлі ойындарға деген
іскерлікті қалыптастыруға: сюжеттік-рөлдік, дидактикалық, қозғалмалы
мүмкіндік береді. Балалар мінезіндегі өзгешеліктрді ажырата бастайды және
өзінің іс-әркеттерінде ойындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.
Баланың ойыннан толық мәнді дамуы тек тәрбиешінің мақсатты бағдарлы іс-
әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылаайша, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz