«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Нурполатов Жахонгир
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Бейнелеу өнері» кафедрасының
меңгерушісі п. ғ. к., доцент м. а.
Е. Әуелбеков
«» 2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ»
«ОҚУ ҒИМАРАТЫ». 100Х80 Х40, пвх
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы
Орындаған
СБС-015 тобы студенті Нурполатов Ж.
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к., доцент м. а. Жолдасова Б.
Түркістан 2015
КІРІСПЕ
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларрында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген [1] .
Өркениетті дамушы елдер қатарына ену мақсатында жүргізілген іс-шараларға қатысты алғаш күннен бастап ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастарды өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Сондай-ақ мектепте оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлесін қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Оларға тоқталар болсақ, бірінші қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқытуда жалпы білім беру мақсатын көздейді. Орта және жоғары білім беретін оқу орындарында математиктер, дизайнерлер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді де дайындайды. Соған дейін мектептегі әрбір пән бірлесе отырып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды.
Екінші оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге, эстетикалық тәрбие беру үдерісінде адамдардың сезімін, талғамын, көзқарасы мен идеясын қалыптастыру. Мектептің міндеті эстетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер ету белсенділігі болып табылады [2] .
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси - экономикалық әлеуметтік жағдайының ерекшеліктеріне қарай - бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырайды. Еліміз тәуелсіздік алды. Соның арқасында халыққа білім саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда, ел Конститутциясынан бастау алған: «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептерден білім мазмұнының тұжырымдары» сияқты құжаттар дүниеге келді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі - сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үдеріс күрделі әрі көпқырлы үдеріс. Оқыту және сыныптан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз байланысы осы үдерістің деңгейін көтеруде маңызды орындардың біріне ие болады.
Оқу тәрбие үдерісіндегі сыныптан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарлайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттары жүзеге асырушы осы сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі сан қилы әрі күрделі. Атап өтсек:
Табиғат пен қоғам арасындағы байланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалыптасады.
Теориялық білімдерін өмір көріністері мен ұштастыруына себепші бола алады.
Оқушылардың мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушылардың бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық дамытуға жұмылдырады.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың деңгейін көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта халықтың өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады. Бұл орайда эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі - адамның тарихи мұраты халық өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.
Бейнелеу өнері шығармаларын сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру жұмыстарында қолдану мәселелері Қ. Ералин, Ж. Балкеновтың, И. Смановтың, Р. Мизамбаевтың және т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Бейнелеу өнерін оқыту ғалымдар С. Аманжолов, Б. Әлмұханбетов, Д. А. Кемешов, А. Қамақов, Б. Оспанов, М. Абдрасилов еңбектерінде негізделген.
Өнер мектеп өмiрiнiң алғашқы күнiнен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретiнде, әлемдi бiртұтас эстетикалық жағымды мәнiмен қабылдауға, бағалауға және ассоциациялауға, яғни оймен байланыстыруға, бейнелi ойлауға үйретiп, көркемдік білім, біліктілігін дамытады. Әсемдікке баулып, өнер шығармаларын әсерлі сезініп, түсінуін және оны толқыныспен қабылдауын қалыптастырады. Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігі өрісі ашылмай-ақ жедел қабылдау нәтежиесі ғана көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеге өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында жас жеткіншек қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады [3] .
Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін мектеп оқушыларына көркем білім беру бағытында зерттеу жұмысын жүргізу үшін тақырыпты «Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды макет жасауға үйрету» - деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнері пәнінен мектепте сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды макет жасауға үйрету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі : жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларына көркем білім беру үдерісі.
Зерттеу пәні: бейнелеу өнері сабақтарының тиімді жүргізу әдістері мен формаларын айқындау
Зерттеу міндеттері :
- айтылған мәселелер бойынша арнайы, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды макет жасауға үйрету жолдарын анықтау;
- мектеп оқушыларына сыныптан тыс сабақта көркем білім беру әдістері мен формаларын сипаттау, сабақ үлгісін жасау;
- оқушыларға макет үйрету мақсатында «Біздің университет» тақырыбында кескіндемесін орындау жолдарын мазмұндау.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді оқу және оларға талдау жасау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін бақылау;
- мектепте іс-тәжірибе барысында озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және талдау, салыстыру
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА КӨРКЕМ ОБРАЗДА ТАНУ ІСКЕРЛІКТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қазақ бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, сәулет, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т. б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі” т. б. ) . Шоқан қазақ бейнелеу өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”) [4] .
Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.
XX ғасырдың 20 - 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т. б. ) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ашылды. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә. Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ бейнелеу өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә. Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады.
1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К. Я. Баранов, Риттих, А. И. Черкасский, И. Я. Иткинд, М. С. Лизогуб және т. б. табысты еңбек етті [5] .
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер - қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О. Н. Таңсықбаев Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т. б. ) . Қазақ бейнелеу өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ бейнелеу өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А. А. Дячкин, Е. Г. Сидоркин, Н. С. Гаев, Ш. Б. Кенжебаев, И. Г. Квачко, т. б. ) өсіп жетілді.
Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі өнердің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, А. М. Степанов, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, т. б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 - 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Садыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.
Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі.
М. Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И. Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді.
20 ғасырдың 70 - 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 - 90-жылдары Қазақ бейнелеу өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А. А. Ақанаев, Е. Мергенов, Д. Әлиев, Е. Төлепбаев, Б. Түлкиев, Ж. Аралбаев, т. б. ) . Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М. Аманжолов, А. Нақысбеков, К. Каметов, Е. Сергебаев, А. Қорғанбаев, Т. Ордабеков, А. Дүзелханов, т. б. ) . Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М. Аманжолов, А. Губашев, Ә. Төлебиев, т. б. ) . Е. Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С. Дали атындағы алтын белгіге ие болды [6] .
Бейнелеу өнерінің бірнеше түрлері бар, олар:
1. Бейнелеу өнеріне түсініктеме беруде біз алдымен графика өнерінен бастаймыз. Бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі - графиканы көп жағдайда басқа өнер түрлерінің дайындық кезеңіне жатқызғанымызбен, ол өзінің мақсат- міндеттерімен және өзіне тән ерекше әдістерімен өз бетінше жеке дербес өнер туындысы бола алады.
«Графика» термині - грек тілінен; «graphein», тырнау, жазу деген мағынаны білдіреді. Графика - графикалық деп аталатын, өнер құрамының ерекше бір түріне негізделетін, бейнелеу өнері, бейнеленуші беті (көбінесе ақ қағаз), сызықтар, штрихтар, дақтар, нүктелер.
Өнердің графика түрі тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегінен сызылып пайда болатындықтан, графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты. ХІХ ғасырға дейін графика мен сурет түсініктері қатаң екіге
ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатын жұмыстарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, этюдты, наброскаларды жатқызды [7] .
2. Мүсін өнеріне табиғи материалдан ойылып, қашалып, құйылып жасалатын бұйымдарды, заттарды және т. б жатқызамыз. Мысалы, тас дәуірінен жеткен тастан қашалған кішкентай құдай ана мүсіні немесе саз балшықтан жасалған жануар мүсіні, темірден құйылған адамның мүсіндері, т. б.
Мүсін - үш өлшемді өнер түріне жатады. Оны көру нүктесі жан-жақтан болғандықтан оны айналып жүріп көруге болады. Мүсін көбіне сәулет өнерімен тығыз байланыста дамиды. Сондықтан да болар, мүсін сәулет өнерінде тірек қызметін атқарып, құрылыс конструкциясына қатысты дамыды (кариатида, атланттар, капительдер, консондар) . Нарюрморт, пейзаж тақырыптары мүсінге үйлесе бермейтін болғандықтан, көбіне гүлдер мен өсімдіктер мүсін өнерінің тек сәндік қызметін атқарып, олар жазық бетте рельефті бедерленеді.
Мүсіншінің материалдары - саз балшық, ағаш, темір, гипс, тас, мәрмәр т. б.
3. Кескіндеме өнері көпшілік қауым ұнататын өнер түрі. Өйткені кескіндеменің тіліне ұшқыр қиял, мәңгі идеялар, бір сәттік мезет пен мінез-құлықтың нәзік құбылыстары мен дүниенің барлық құбылыстарын, сезімдерін, мінез-құлқын, күйзелістерін, нұсқаның нәзік қатынастырын бейнелеп көрсету тән. Кескіндеме - бір ғана көру нүктесі бар және кеңістік пен бейнелеушінің жұмыр көлемі тек иллюзиялы өмір сүретін жазық бетте орындалатын өнер түрі. Бұл кеңістік кескіндеменің негізгі «шарттылығын» құрады. Батыс Еуропалық кескіндемеде үшінші өлшемнен бас тарту деген жоқ, ал көрермендер кескіндеменің екі өлшемді екендігін ұмытып та кетеді. Әрбір картинаның орындайтын екі функциясы бар - бейнелеуші және экспрессивті-сәнді. Кенеп (картина) кеңістігіндегі декоративті-ритмді кім түсінетін болса, сол адам кескіндемешінің тілін де түсіне алады [8] .
4. Сәулет өнері дегеніміз (лат. агсһіtectura, грек. агсһіtеctіоn - құрылысшы) - құрылысты жобалау, тұрғызу мен салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Сәулет өнері туындылары адамның күнделікті тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әртүрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, коғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.
Сәулет өнері, графика, кескіндеме өнерлерімен туысқан, өйткені ол да сызықтар мен жазық беттерге жүгінеді. Сәулет және мүсін өнерлері туыстастықта, екі өнер де масса мен көлемге бағынады. Олардағы тереңдік кеңістікке сүйенеді. Сәулет өнерінде барлық өнер түрлері бірігіп жинақталған синтезді өнер. Сәулет өнері мен мүсін өнерінің синонимдік атауы - пластика.
5. Ең көне адамзат жаратылғаннан бері пайда болып, дамып адамның күнделікті өмірінде, тұрмысында ажырамастай бірге келе жатқан өнердің түрі - қол өнері. Қол өнерінің атқаратын негізгі екі функциясы бар: бұйым және көркем өнер туындысы. Қол өнеріне қолдан жасап шығарған өнер туындыларын жатқызамыз. Қол өнері қайталанып жасалып шығарылғанымен, оны жасаушының эмоционалды күйі (халі) ешқашан да қайталанбайтын болғандықтан, жасалған бұйым да ешқандай қайталанбайтын сонылыққа ие болады. Қол өнері ұлттық өнермен тікелей байланысты, сондықтан да онда ұлттық дүниетаным, ұлттық түсініктер мен ұлттық тәжірибелер жемісінің нәтижесі байқалады .
6. Дизайн өнері - құрастырамын, ойлап табамын деген мағыналарды береді. Дизайн өнері көбіне сәулет өнерімен байланысты. Сондықтан ғимараттың ішкі интеръерінің және сыртқы эстеръерінің дизайны деген түсініктер бар.
Дизайн өнері әсіресе ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып қарқынды дами бастайды. Ол өнерде осы кездегі жаңа формаларды іздестіру құбылысы дамыған тұста пайда бола бастайды [9] .
Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?
Адам еңбек үдеріснде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету үдеріснде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары - күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды тәрбиелеу.
Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы.
Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.
Өнер дүниені адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді.
Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz